Асқарқызы Лаура. Жетістіктері » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Асқарқызы Лаура. Жетістіктері
01
февраль
2022

Асқарқызы Лаура. Жетістіктері

Асқарқызы Лаура көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-логопед.


ӨМІРБАЯНЫ.

Асқарқызы Лаура Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында 27.06.1986 жылы дүниеге келген. 1993 жылы Қарабұлақ орта мектебіне 1-сыыпқа қабылданып, 2004 жылы аталған мектепті тамамдайды. 2004  жылы Қазақ ұлттық педагогика институтына оқуға түсіп, 2008 жылы «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша диплом алып шығады. 2008 жылы «Сымбат» сән академиясына 6N0726 ТТИТЛП-мамандығына магистратураға қабылданады. 2010 жылы отбасылық жағдайына байланысты магистратураны қорғай алмайды. 2009-2010 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикасында оқумен қатар жұмыс атқарады. 2011 жылы Дзержинск орта мектебіне технология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданады. Сол жылы тұрмысқа шығады. 2012 жылдың наурыз айынан бастап М.Әубәкіров атындағы орта мектебіне технология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа ауысады. 2019 Тараз мемлекеттік педагогика университетіне түсіп, 2021 жылы «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Логопедия» мамандығы бойынша бітіреді. Қазіргі таңда аталған мектептің көкем еңбек пәні мұғалімі, педагог-логопед маманығын қоса атқарып жүр. Еңбек өтілі 10 жыл. Үйленген, 3 баласы бар. 


Мұғалімнің жетістігі: 

2015-жыл: Аудандық «Үздік сынып жетекші-2015» 3-орын.

2018-жыл: Аудандық «Парктер шеруі-2018» «Құрмет грамотасы»

2018-жыл: «Platon» Халықаралық білім дамыту орталығы «Қазақ қолөнері-асыл қазына» Мадақтама 


Оқушылар жетістігі: 

2017-жыл: Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік-тапсырыс аясында «Бүгінгі дені сау ұрпақ-елдің ертеңгі жалғасы» сурет байқауы Мұратқызы Мәншүк «Алғыс хат»

2018-жыл: Аудандық «Зерде» ғылыми жоба Жұмеке Мұнара 3-орын 

2018-жыл: Аудандық «Парктер шеруі-2018» мектеп аралық командалар арасында 1-орын.

2018-жыл: Аудандық «Парктер шеруі-2018» «Креатив» номинациясы бойынша Алпысбаева Айжан 1- орын

2018-жыл:Республикалық «Парктер шеруі-2018» «Таңдаулы суреттер» номинациясы Мұратқызы Мәншүк 3-орын 

2018-жыл:Республикалық «Парктер шеруі-2018» «қол өнер» номинациясы 3-орын

 Курстар: 

«Көркем еңбек» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат. 05.07.2018 жыл  ПШО Талдықорған

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша педагогикалық кадрларды қайта даярлау курсының білім беру бағдарламасы бойынша 108 академиялық сағат. 2021 жыл. Атамекен. 


Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru