Азаматтық - патриоттық тәрбие іс-шаралары » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ноябрь
2022

Азаматтық - патриоттық тәрбие іс-шаралары

І. Бағыты: Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
І.  Бағыты: Қазақстандық  патриотизм     мен азаматтықты  тәрбиелеу, құқықтық  тәрбие 
 Мақсаты:  білім     алушылардың  бойында  қазақстандық  патриотизм сезімін, құқықтық  және     азаматтық  сана-сезімді, жеке  бас бостандығы  мен     ар-намысының  құндылығын, парасаттылық  пен  адалдықты, толеранттылықты, еңбекке  деген     құрметті, «толық адам» қасиеттерін     қалыптастыру, зорлық-зомбылық  пен  агрессиялық     ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі     кемсітушіліктің  алдын  алуды     қарастыру 
Іс шараларЖауаптыларОрындау мерзімдері
11-қыркүйек Білім күні және жаңа 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шараны өткізу:
  1. 1-сынып оқушылары үшін, «1 қыркүйек – Білім күніне» арналған  салтанатты жиын өткізу;
  2. Сынып сағаттары: 1-11сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында республикалық сынып сағаты.
  3. Әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» республикалық онлайн акциясын өткізу
- барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»; 
- Бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы күнім»; 
- 2-4 сынып оқушыларына арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым»; 
- 5-8 сынып оқушылары үшін – «Менің саяхатым»; 
- 9-11 сынып оқушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім»; 
- Ата-аналар, 1 сынып оқушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып-өмірдің жаңа кезеңі»; 
- Сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!».
ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев, 
педагог ұйымдастырушы 
Ш.Б.Оралханов
 сынып жетекшілер
 
 
Қыркүйек
01.09.2022ж
 
 
2Оқушының оқыту кезіндегі міндеті, құқығы, жауапкершілігі,  оқушы  ережесі, жаднамасы, көшеде жүру  ережесімен таныстыруДТІЖО Е.Ш.Окпебаев, 
педагог ұйымдастырушы 
Ш.Б.Оралханов
Қыркүйек
02.09.2022ж
3«Психологиялық қызметті және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру» жобасын іске асыру. «Тәуекел тобындағы» балаларды анықтауға және оларға уақытылы көмек көрсету. (https://www.nao.kz.).ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов,
Мектеп психологы
Жыл бойы. 
4«Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында  «Адалдық сағаттары» өткізу. Білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған жоба.Жетекшісі:
Ш.Б.Оралханов 
сынып жетекшілер
Қыркүйек
05.09.2022ж
5«Мектептің өзін-өзі басқаруы» жобасы
Мектепте «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымының  оқушылармен жиналыс өткізу. 
«Жас қыран» (1-4-сыныптар), 
«Жасұлан» (5-10-сыныптар), 
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары, балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің     жұмысы. (Жеке жоспар)
https://www.ziyatker.org/schoolparliament.
Жетекшісі:
Ш.Б.Оралханов 
Педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов,
Сынып жетекшілер
Қыркүйек
08.09.2022
625 қазан—Республика күніне орай апталық өткізу (жеке жоспар негізінде)Педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов,
Қазан
24.10-28.10.2022
7Азаматтық- қорғаныс  бойынша дайындық   іс- шараларын ұйымдастыру, эвакуация ережелерімен мектеп оқушыларын таныстыру АӘД пән мұғалімі Т.Ж.Қасымбеков,
Сынып жетекшілер
Қыркүйек      22.09.2022;
Қаңтар           19.01.2023;
Сәуір              20.04.2023
8Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын іске асыруда Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай Ахмет Байтұрсынұлы Ұлт ұстазы»
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай онкүндік ұйымдастыру /жеке жоспар/
ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігі мүшелері, жетекшісі Г.Е.Шинадилова
сынып жетекшілер
29.08-12.09
онкүндік
9Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу . «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында айлық өткізу(жеке жоспар негізінде)ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов,
сынып жетекшілер
19.09-14.10
айлық
10«Ұлы дала мұрагерлері» жобасын іске асыру.
  1. Жоба «Тарих тағылымы».6-7 сыныптар;
  2. Жоба «Қазақ мәдениетінің антологиясы».8-9 сыныптар;
  3. Жоба«Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның киелі географиясы») 10-11 сыныптар 
(https://www.nao.kz).
Жетекшілері: тарих  пәнінің мұғалімдері: 
Ә.Қ.Тоқтахметова
Г.Қ.Байкелова
Ш.Б.Оралханов
Жыл бойы.Әр айдың сонында мәлімет беру.
11«1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай мектепішілік іс-шара өткізу /жеке жоспар/ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов,
сынып жетекшілер
28-02.12.2022
12ҚР Тәуелсіздігінің  31 жылдығына  орай іс- шаралар өткізу.
 «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» /жеке жоспар/
ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов,
сынып жетекшілер
Желтоқсан
12.12-15.12.2022
13«Адал ұрпақ» клубының жұмысы/жеке жоспар бойынша/Педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов,клуб мүшелері
Желтоқсан
20.12.2022
14ИНКЛЮЗИВТІ МӘДЕНИЕТ.
«100 жаңа есімі» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі табысты адамдардың өмір жолы мен еңбегін      7-11 сыныптардың оқушыларына таныстыру
Жетекшісі: мектеп психологы Н.Н.БайбатшановаҚантар
17.01. - 21.01. 2023
15«Тәртіпсіздіктің алдын-алу» онкүндігін өткізу. /Жеке жоспар бойынша /ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов,
сынып жетекшілер
Ақпан
16 «Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғысының аяқталуына 32 жыл толуына орай мерекелік шара  /Жеке жоспар бойынша /ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев,
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, 
АӘД пәнінің мұғалімі Т.Ж.Қасымбеков,
Ақпан
13.02.2023
17«Әскери-патриоттық» айлық  /Жеке жоспар бойынша /
а) «Үздік Ұлан басы» байқауы
ә) «Жыл оқушысы» байқауы
ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев,
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, 
АӘД пәнінің мұғалімі Т.Ж.Қасымбеков
24.04.-19.05.2023
айлық
181 мамыр «Қазақстан халқының бірлігі» мерекелік іс-шара   /Жеке жоспар бойынша /ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев,
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов
Сәуір
28.04.2023
197 мамыр «Отан қорғаушылар» күніне орай мерекелік іс-шара өткізу. /Жеке жоспар бойынша / 
«Саптық байқау» 
ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев,
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, 
АӘД пәнінің мұғалімі Т.Ж.Қасымбеков
Мамыр
05.05.2023
209 мамыр «Ұлы жеңіске 77 жыл»  мерекелік іс-шара (жеке жоспар)ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев,
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, 
АӘД пәнінің мұғалімі Т.Ж.Қасымбеков 
сынып жетекшілер
Мамыр
08.05.2023
21Қазақстан Республикасының мемлекеттік  рәміздер күнін атап өту   (4 маусым)ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев,
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, 
АӘД пәнінің мұғалімі Т.Ж.Қасымбеков
02.06.2023

      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің 25.08.2022 жылғы №18-4/2814-И хаты,  2022-2023 оқу жылының басталуына арналған   1 қыркүйек Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізу тұжырымдамасы негізінде М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.  
Салтанатты жиынға аудандық өкіл, Екпінді ауылдық округінің әкімі Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы , мектепте жеткіншек жастарға тәлім тәрбие беріп, еңбегімен көп жылдар бойы еленіп, зейнеткерлік жасқа жеткен ардагер ұстаз аналарымыз және  ата-аналар  қатынасты.  
Жиын  мектеп директоры Нусупова Гүлнар Қасымбайқызының құттықтау лебізімен басталды. Өз сөзінде ата-аналар, мектеп оқушыларын және ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, өткен оқу жылының қорытындысына шолу жасады. 
 
Келесі құттықтау сөзді Екпінді ауылдық округінің әкімі Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, өзінің тілегін айтты. 
 2022-2023 оқу жылы мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1- сынып оқушылары өздерінің жыр шумақтарын айтып, Білім күнінің алғашқы қоңырауын соғу құрметі Жеңісқызы Айдай мен Сердалы Ернарға тапсырылды. 
 Жиынның соңында мемлекеттік гимн ойналып, аяқталды. 
Мерекенің ІІ бөлімі 1-11 сыныптарда «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары  өткізілді. 
 
1 қыркүйек Білім күніне байланысты атқарылған шаралар туралы мәлімет инстограмм 
(https://www.instagram.com/p/Ch9g-iXgFvR/?igshid=YmMyMTA2M2Y=) және фейсбук (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02tapNypK6hCoqmfTc2aPsDdp8zj9jwPXJ2UxhwraXsLKzYknoFZBEtaSM7Lfd4oWcl&id=100014675710459 )  желілеріне жүктелінді. 
Әлеуметтік желілерде әр сынып төмендегі тақырыпта 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру жоспарланды. Жоспар бойынша (
  • 1 сынып білім алушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы күнім»;
  • 2-4 сынып білім алушыларына арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым», «Білім саған жол ашады»;
  • 5-8 сынып білім алушылары үшін –«Менің саяхатым»;
  • 9 сынып  «Менің үлкен сыныптастарым»,
  • 10 сынып «Менің ойларым, армандарым, үміттерім»,
11 сынып «Білімнің адам өміріндегі рөлі»; тақырыптарында бейнероликтер жасалды. 
1 қыркүйек Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» республикалық онлайн-акциясы аясынды 10б сынып жетекшісі А.Умиралиеваның жетекшілігімен білім алушылар Байбатшанова Мейірім мен Белгібек Даналардың арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық «Менің ойларым, армандарым, үміттерім» тақырыбында   бейнероликтер түсірілді.
https://www.instagram.com/p/Ch9h3J1A-SF/?igshid=MDJmNzVkMjY=
     Сағат 810-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің   Жетісу облысы бойынша департаментінің 18.08.2022 жылғы №134 хаты негізінде  5 қыркүйек күні 1-11 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында  «Адалдық сағаттары» өткізіледі. 
Адалдық сағаттарын өткізудің мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жолдарын оқушылар бойына сіңіру, түсіндіру.


2022-2023 оқу  жылында «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ-де 
17-22 қазан күндері аралығында 25-қазан Республика күніне орай апталығын 
өткізуге арналған іс-шара жоспары
Іс-шара атауыкүніЖауапты
1Республика күніне арналған  іс-шара     жұмыс жоспарын бекіту10.10ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов
2Бірыңғай Республикалық диктант өткізу күні
1-4 сыныптар «Атамекен» тақырыбындағы жалпы республикалық патриоттық диктант байқауы
5-11 сыныптар «Менің арманымдағы Қазақстан» атты жалпы республикалық эссе байқауы
19.10Бастауыш сынып мұғалімдері
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
3«Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты патриоттық челленджі 10-25.10Сынып жетекшілер 
4Мектеп суретшілері арасында «Ұлттың ұлы ұстаздары» шығармашылық байқауы. 17-22.10Технология пәні мұғалімдері
5«Мен Отанның бақытты ұланымын» челлендж. 1-11 сыныптар19.10АӘД пәнінің мұғалімі Т.Ж.Қасымбеков
Сынып жетекшілер
6«Қазақстан–менің Отаным» тақырыбында  мерекелік салтанатты жиын өткізу. Мерекелік концерт20.10Мектеп әкімшілігі, 
сынып жетекшілер
7«Қыран елім – Қазақстан!» жалпы патриоттық акциясы аясында мектеп кітапханасында оқырмандар байқауын өткізу20.10Мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова
825-қазан Республика күнін мерекелеуге  арналған спорт мекемелер арасында «Әкем, анам және мен – біз спорттық отбасы» тақырыбында спорттық іс-шара20.10Денешынықтыру пәні мұғалімдері 
С.Е.Бекбосынов
Е,М,Ахатаев
Е.Ө.Нусипов
9«Патриотизм дауысы» мемлекеттік Гимнді жаппай орындау байқауы21.10ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов 
10«25 қазан – Республика күні» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу22.10Сынып жетекшілер
11Өткізілген     іс-шараларды әлеуметтік     желілерге жүктеу.17-22.10ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов
12Аудандық білім бөліміне жоспардың  орындалуы бойынша ақпарат қорытындысын жіберу.22.10ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімдері Шинадилова Гүлнұр, Абилкаир Лаззат және Айдаболова Маржандар мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мүшелері бірлесе отырып, 2022 жыл Балалар жылы және Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына және 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген апталықтың аясында 7.09 күні мектептің 5-9 сыныптар арасында «Тілім барда-тірімін мен, мәңгімін…» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. 
Ондағы мақсат: оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту, қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Эссе қорытындысы бойынша жақсы жазылған эссе мектеп директорының мақтау қағазы және бағалы силықтармен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/CiP7OE5sWzl/?utm_source=ig_web_copy_link
    
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мүшелері бірлесе отырып, 2022 жыл Балалар жылы және Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына және 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында «Тіл-әр халықтың байлығы» тақырыбында мектептің кіре беріс залында кітап және сурет көрмесін ұйымдастырды.
-шара барысында оқушылар Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбек жолы және ақын-жазушылардың тілге байланысты нақыл сөздерімен, кітаптарымен танысты.https://www.instagram.com/p/CiPEwHHAnLu/?utm_source=ig_web_copy_link
   
Балалар ұйымы және сынып жетекшілердің бірлескен мереке күндері қабырға газеттері уақытында шығарылып, қадағалау жұмыстары жүргізіліп отырылды.

2022 жылдың  кыркүйек айының 19-нан қазан айының 19 күндері аралығында  «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз » тақырбында өткізілетін айлықтың 
іс-шара жопары
Іс-шара тақырыбыМерзіміЖауапты адамдар
1«Мемлекеттік рәміздер-ұлттың тарихы» тақырыбында өткізілетін айлықтың іс-шаралар жоспарын бекіту, айлықтың жоспарымен таныстыру.19.09.
2022 жыл
ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Педагог – ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов
21. 1-4 сынып аралығында «Рәміздерім – айбыным»
2. 5-9 сынып аралығында «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оны құрметтеу»
3.   10-11 сынып аралығында «Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізу 
19.09
10.10
Сынып жетекшілер
3Мектептегі мемлекеттік рәміздерге арналған стендтерды стандарт талаптарына сай ретке келтіру, жаңарту және мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын сынып бұрыштарын жасау 19.09-22.09Бақылау комиссиясы мүшелері, сынып жетекшілер, кабинет меңгерушілері: тарих, қазақ тілі, АӘД, кітапхана
4«Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Президентінің жарлығымен таныстыру сынып сағаттарында 19.09.2022жСынып жетекшілер
5Сынып сағаттарында ҚР мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихын оқып үйрену 1-4 сынып оқушылар19-10.10Бастауыш сынып мұғалімдері
6«Мемлекеттік Рәміздерге 30 жыл»  тақырыбында 8-9 сынып оқушыларының арасында сырттай шығарма байқауын ұйымдастыру /мектепішілік/10.10Қазақ тілі  пәні бірлестігінің жетекшісі Г.Е.Шинадилова, қазақ тілі пәні мұғалімдері
7Мектеп кітапханасында мемлекеттік рәміздерге арналған «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық борыш» атты тақырыптық көрме ұйымдастыру19.09-14.10
айлықта
Мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова
8«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» Сауалнама, тестілеу жүргізу.11.10-14.10Сынып жетекшілер
9«Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындау» мектепішілік байқау ұйымдастыру /1-11 сынып/АйлықтаДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Педагог – ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов
Сынып жетекшілер
10Айлықты қортындылайтын мектепішілік іс-шара ұйымдастыру13.10.
2022 жыл
ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Педагог – ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов
11БАҚ, әлеуметтік желілерге мақала жариялауАйлықтаДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Педагог – ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов
12Атқарылған іс-шарала туралы ақпаратты білім бөліміне өткізу19.10.
2022 жылға дейін
ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Педагог – ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов

2022-2023 оқу жылындағы 10-20 қараша аралығында өтетін
«Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбындағы онкүндіктің
Ж О С П А Р Ы
Іс-шаралар мазмұныЖұмыс түріМерзіміЖауапты
1«Бала құқығы-адам құқығы» атты онкүндіктің іс-шаралар жоспарын құрып, бекітуТаныстыру, бекіттіру10.11.2022Е.Ш.Окпебаев
Ш.Б.Оралханов
2«Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел»   балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен кездесулер ұйымдастыру Кездесу Онкүндікте Е.Ш.Окпебаев
Ш.Б.Оралханов
Сынып жетекшілер
3«Құқығым бар» эссе байқауын өткізуЭссе жазуОнкүндікте Г.Е.Шинадилова
Л.А.Абилкаир
М.Айдаболова
4«Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында балалардың жеке жетітіктері туралы, «Бала құқығы туралы» заңдармен таныстыру   /1-11 сынып/Түсіндіру жұмысыТәртіп жиынында Е.Ш.Окпебаев
Ш.Б.Оралханов
Сынып жетекшілер
5Заңгер, ЮПТ инспекторлары және т.б шақырумен оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары» кездесуКездесу Онкүндікте Е.Ш.Окпебаев
Ш.Б.Оралханов
Сынып жетекшілер
6«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық акциясын ұйымдастыруАқпараттық науқанОнкүндікте Е.Ш.Окпебаев
Ш.Б.Оралханов Сынып жетекшілер
7Құқық қорғау органдарымен бірлескен «Түңгі ауылдағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» Рейдтік іс-шараларОнкүндікте «Жедел жастар» тобы Т.Ж.Қасымбеков
8

«Әр баланың құқығы бар», «Балалықтың бал шағы»  тақырыбында сурет байқауы

Қабырға газеттері Онкүндікте Технология пәні мұғалімдері
Сынып жетекшілер
9

«Жыл оқушысы-2022»

Республикалық байқауУақытында Е.Ш.Окпебаев
Ш.Б.Оралханов Сынып жетекшілер
10БАҚ  мақала жариялау, әлеуметтік желілерге жүктеуФото мәліметОнкүндікте Е.Ш.Окпебаев
Ш.Б.Оралханов
11Атқарылған іс-шараларды білім бөліміне өткізуФото мәлімет20.11.2022Е.Ш.Окпебаев
Ш.Б.Оралханов
Директордың   тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары                        Е.Ш.Окпебаев
М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша
2022-2023 оқу жылындағы 10-20 қараша аралығында өткен
«Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбындағы онкүндіктің
қорытындысы
Облыстық білім басқармасының 04.11.2022 жылғы №42-42/273 бұйрығы, Алакөл аудандық білім бөлімінің 07.11.2022 жылғы №726 бұйрығы негізінде М.Әубәкіров  атындағы орта мектебінде «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында онкүндік өткізу туралы 07.11.2022 жылғы №251/1-ө мектеп бұйрығы шығарылып, 10.11 күні онкүндіктің іс-шаралар жоспары жасалып, мектеп директорының мөрімен және қолымен бекітілді. Сондай-ақ, сынып жетекшілер мен оқушыларға таныстырылды. 
Онкүндікте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев және сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел»  тақырыбында  ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылып, бала құқықтары жайлы таныстырылып, өтілді. 
Сонымен қатар, онкүндік барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Е.Шинадилова,  Л.А.Абилкаир,  М.Айдаболовалар 9-10 сыныптар арысында «Құқығым бар» тақырыбында эссе байқауы өткізді.
Онкүндік жоспар аясында «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында балалардың жеке жетістіктері туралы, әрбір дүйсенбі күнгі тәртіп жиынында тарих-құқық пәні мұғалімдері Ш.Б.Оралханов, Г.К.Байкелова, Ә.Қ.Тоқтақметовалар «Бала құқығы туралы» заңдармен таныстыру жұмыстары жүргізіп отырылды. Сонымен қатар, мектебіміздің алғашқы әскери дайындық мұғалімі Т.Ж.Қасымбеков тәртіп жиындарында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын уақтылы түсіндіріліп отырды.  
Онкүндік жоспар аясында Екпінді ауылдық округіне қарасты учаскелік инспекторы, полиция капитаны Алдабергенов Шалқар Алдабергенұлы және Ақжар ауылдық кругіне қарасты учаскелік инспекторы, полиция капитаны Дюсенбинов Жеңіс Қайратұлы 8-11 сынып оқушыларымен олардың құқықтары мен міндеттері туралы «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары» кездесу жұмыстары ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
10-20 қараша аралығында өткен «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбындағы онкүндіктің аясында «Жедел жастар» ұйымының жетекшісі Т.Ж.Қасымбеков түнгі кезекшіліктің   кестесі жасалып, бөлінген адамдар түнгі кезекшіліктерін атқарды. Рейд барысында ешқандай  келеңсіздік жағдайлар орын алмады. 

Атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желіге жүктелініп отырылды.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru