V. Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2023

V. Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

V. Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

V.     Бағыты: Еңбек, экономикалық  және     экологиялық  тәрбие
 Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту.
Іс шараларЖауаптыларОрындау мерзімдері
1 Мектеп     ауласын,  сынып  бөлмелерін     көгалдандыру  жұмыстары.   ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев,
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, 
Әлеуметтік педагог А.М.Мұсанов
Жыл бойы
2«Еңбек – елдің мұраты» жобасы. 
 Бұл жоба аясында ауылдан шыққан айтарлықтай нәтижеге жеткен табысты адамдармен кездесулер , таныстырылым, кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу,  оқушыларды еңбекке тәрбиелеу әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру 
Жетекші: Педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, 
көркем еңбек пәнінің мұғалімдері С.Қ.Байбатшанов О.О.Мұсанов, Л.Асқарқызы, 
        
Уақытында
Жыл бойы
3 «Күз-береке, молшылық» тақырыбында  алтын күз     мерекесін  өткізу. 
ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев,
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, 
Әлеуметтік педагог А.М.Мұсанов
17-21.10.2022ж
4«Өрт қауіпсіздігі» апталығыДТІЖО Е.Ш.Окпебаев,
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, 
АӘД пәні мұғалімі Т.Ж.Қасымбеков
Қазан
 24-28.10.2022
5«Мамандық таңдау уақыты» бейне блогерлер байқауы
(8-11 сыныптар арасында)
ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев,
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, 
Информатика пәнінің мұғалімдері, сынып жетекшілер
Ақпан
23.01. – 27.01.2023
6«Мен кәсіптер әлемінде» әдеби байқауы (эссе) (7-11 сыныптар арасында)Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, 
сынып жетекшілер.
Ақпан
 06.02.2023
7«Үнем – қоғам қуаты» жобасы
-«Іскерлік қарым-қатынас этикасы» сынып сағаттары;
- «Жарнама жасау өнері», «ХХІ ғасыр менеджері», 
«Көшбасшы нені білуі керек?», «Кәсіпорындардағы қақтығыс жағдайларын шешу» рөлдік ойындары, кәсіпорындарға бейне-роликтер арқылы экскурсияларды ұйымдастыру. (7-11сыныптар арасында)
Жетекші: әлеуметтік педагог А.М.Мұсанов 
Сынып жетекшілер
Қазан 24.10. – 28.10.2022
8Жастардың экологиялық санасын қалыптастыру мақсатында жоспарлы түрде  «Қоқыссыз әлем», «Біз табиғатты қорғаймыз» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізу.(1-11сыныптар арасында)Сынып жетекшілерҚараша
10.04. – 17.04.2023
9«Өрт қауіпсіздігі» 
Тәрбие сағаты,инструктаждар
АӘД пәнінің мұғалімі Т.Ж.Қасымбеков,
сынып жетекшілер.
Сәуір
03.04.2023
10 Оқушылардың     жазғы    демалысын,  еңбекпен     қамтылуын  ұйымдастыру. 
а/көгалдандыру  бригадасы
ә/құрылыс жөндеу  бригадасы
б/өндірістік  бригадалар     құру
ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев,
педагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, 
Мамыр

М.Әубәкіров атындағы орта мектебін бойынша 
2022-2023 оқу жылының 18-20.10  күндері аралығында 
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспары негізінде 
атқарылған «Алтын күз» мерекесінің өтілуі туралы 
қорытынды мәлімет
М.Әубәкіров атындағы орта мектебі 2022 жыл «Балалар жылына» орай мектебіміздің «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мен 5-8 сынып жетекшілері 19.10 күні бірлескен «Аяулы күз, Алтын күз» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында мерекелік сайыс ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты: Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
 Мерекелік шара барысында мектебіміздің басшысы  Байбатшанов Сырым Құсайынұлы  күздің кереметі мен байлығына тоқтала отырып, оқушылар мен ата-аналарға өзінің жылы лебізін білдірді.
 «Аяулы күз, Алтын күз» тақырыбындағы сайысымыз 5 кезеңнен тұрды:
1)«Таныстыру»
          2)«Үздік өнер»
         3)«Ханзада мен Ханшайым» өнері
         4)«Күзгі сән үлгісі-2022»
         5)«Үздік ойын» — кезеңдері арқылы бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша 8а сынып «Алтын дән» тобы «Үздік таныстыру»,«Үздік Ханзада мен Ханшайым», 7б сынып «Қызанақ» тобы «Үздік өнер», 7а сынып «Үздік сән үлгісі-2022», 8б сынып «Күзгі жапырақ» тобы «Үздік ойын» номинацияларын жеңіп алып, мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.
Кеш барысында күзге байланысты әндер айтылып, билер биленіп, ойындар ойнатылды. Тамашалауға келген ата-аналар сынып жетекшілері мен ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді.
   


   https://www.instagram.com/p/Cj9vrhoM064/?utm_source=ig_web_copy_link




2022-2023 оқу жылының 18-20.10  күндері аралығында 
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспары негізінде 
атқарылған «Алтын күз» мерекесінің өтілуі туралы 
қорытынды мәлімет
М.Әубәкіров атындағы орта мектебі 2022 жыл «Балалар жылына» орай мектебіміздің «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мен бастауыш 1-4 сынып жетекшілері 18.10 күні бірлескен «Берекелі, мерекелі алтын күз» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында ертеңгілік ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты: Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың қызығушылығын, ынтасын арттыру. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Мерекелік шара барысында мектебіміздің басшысы  Байбатшанов Сырым Құсайынұлы  күздің кереметі мен байлығына тоқтала отырып, оқушылар мен ата-аналарға өзінің жылы лебізін білдірді.
Ертеңгілік барысында күзге байланысты әндер айтылып, билер биленіп, ойындар ойнатылды. Ертеңгілікті тамашалауға келген ата-аналар сынып жетекшілері мен ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді.
   
  https://www.instagram.com/p/Cj8MB4kMV4O/?utm_source=ig_web_copy_link

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru