VІІІ. Бағыты: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ноябрь
2022

VІІІ. Бағыты: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

VІІІ. Бағыты: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

VІІІ.  Бағыты: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты 
Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру.
Іс шараларЖауаптыларОрындау мерзімдері
1«Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» атты «Денсаулық фестивалі-2021»  
1-11 сыныптар
а) «Балалардың жарақат алуының алдын алу» түсіндірме жұмыстары
Денешынықтыру пәні , АӘД пәні  мұғалімдері, мектеп медбикесі, сынып жетекшілер16.09.2022
2Мектепте бұқаралық спорт түрлері (футбол, волейбол, баскетбол, ұлттық спорт түрлері: асық ату, Тоғызқұмалақ, қазақ күресі) бойынша мектептік спорт лигалар желісі мен спорт секцияларын кеңейтуДенешынықтыру пәнінің мұғалімдеріҚыркүйек
3Мектеп оқушыларын спорттық үйірме, секцияларға тарту. Денешынықтыру пәні мұғалімдеріҚыркүйек
4Шағын футбол жарыс
5-11 сыныптар
Денешынықтыру пәні мұғалімдеріҚыркүйек айы
5Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің, АИТ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтының негіздері бойынша семинар-тренингтер өткізуДенешынықтыру пәнінің мұғалімдеріҚазан
6«Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу» мақсатында сауалнама алусынып жетекшілер11.10.2021 ж
7Волейбол жарысы (ұлдар, қыздар)
5-11 сыныптар
Денешынықтыру пәнінің мұғалімдеріУақытында 
8Күзгі, көктемгі, қысқы каникул күндерінде демалыстар ұйымдастыруПедагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, сынып жетекшілер
Қараша     31.10. - 05.11
Қаңтар       31.12. - 08.01
Наурыз      18.03. - 26.03.
9«ЖҚТБ-ның алдын алу мақсатында»  сынып сағаттарын өткізусынып жетекшілер06.12.-10.12.2021
10Тоғыз құмалақ ,шахмат, дойбы,асық ату ойындары.
5 -11 сыныптар
Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері10.12.2021
11Ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізуДенешынықтыру пәні мұғалімдеріНаурыз
13.03.2022
12Мектепішілік  «Әскери-патриоттық дайындығы» сайысын өткізуПедагог ұйымдастырушы
Ш.Б.Оралханов, сынып жетекшілер
Сәуір-мамыр
24.04. – 05.05.2022





      15.09.   Мектеп жанындағы интернат жатаханасында тәрбиеленуші ұл балалар арасында
«Спорт-денсаулық кепілі»  атты футбол ойынынан жарыс өткізілді.
     Тәрбиеленушілерге салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығын күте білуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу. Еліміздің болашағы жастардың қолында екендігін айта отырып болашақта салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу.
1.Ұйымдастыру
2.Төрт топқа бөлу
3.Жеңімпаз көманданы анықтау
4.Қорытынды.
Тәрбиеленуші ұлбалалар арасында футбол ойынынан жарыс  ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы қатынасқан тәрбиеленушілер саны – 23. Интернат тәрбиеленушілерімен өткізілген футбол ойынында тәрбиеленушілер төрт командаға бөлінді. Бірінші «Қайсар», екінші «Сұңқар», үшінші «Қыран», төртінші 
«Тарлан» командалары құрылды. Жарыс қорытындысы бойынша барлық командалар белсенді қатынасты. Командалар ішінен бірінші орынды «Қайсар» командасы иеленді.
 
М. Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша 2022 жыл «Балалар жылына» орай 29.09 күні сағат 15.00-де «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Ұстаз аты-мәңгілік» тақырыбы аясында мектеп «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы және мектеп спорт министрі Әшімхан Досымжанның ұйымдастырумен ұстаздар мен мектеп оқушылары арасында волеболдан жарыс өткізілді. Жарыстың алғашқы сөзі Сырым Құсайынұлы мен денешынықтыру бірлестік жетекшісі сөз алып, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, жарысқа сәттілік тіледі. Жарыс қорытынды бойынша мектеп оқушыларынан құрылған «Тұлпар» командасы І орын мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымының ауыспалы кубогін жеңіп алса, қалған ІІ-ІІІ орындарды «М.Әубәкіров», «Мектеп оқушылары», «Екпінді» командалары өзара бөлісті. Жеңімпаз командалар дүйсенбі күнгі тәртіп жиынында марапатталды.
https://www.instagram.com/p/CjQZQjYMgDT/?utm_source=ig_web_copy_link
  
    
 Есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген. Есірткінің қазір көп тарап отырғаны героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде   ләззат алады, сосын ағза тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады, буын-буыны сырқырыйды. Сөйтіп, бара-бара тек ауырмау үшін іздейді. Адамның өз-өзінен бұзылып кетпейтіні белгілі ғой. Біреуге әйтеуір ықпал етеді.   Жастардың арасында  «мода» деген түсінік бар. Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді. Қазір не көп түнгі клуб көп. Біреулерін пайдаланса, адамның көңілі көтеріледі, үнемі қолғалғысы келіп тұрады, біреуін ішіп алса шаршамайды, таңға дейін билегу бар. Әуелі осындай жеңіл түрінен бастайды, соңында  бірте – бірте ақ ұнтаққа көшеді.
Осыған орай қазан айының 3-7 аралығында технология пәнінің мұғалімі Л.Асқарқызы және сынып жетекшілердің ұйымдастырумен 1-11 сыныптар арасында «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында плакат және сурет байқаулары ұйымдастырылды және есірткіні өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
   
  
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru