2023 жылы «Жалпыға бірдей білім беру» айлығының құжаттары (15 қаңтар-15 ақпан) » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023 жылы «Жалпыға бірдей білім беру» айлығының құжаттары (15 қаңтар-15 ақпан)
20
февраль
2023

2023 жылы «Жалпыға бірдей білім беру» айлығының құжаттары (15 қаңтар-15 ақпан)


2023 жылдың 15 қаңтарынан 15 ақпанға  дейін жалпыға бірдей білім беру
 айлығының  іс-шара жоспары
Іс-шаралар Мерзімі Жауапты 
1Жалпыға бірдей білім     беру айлығы туралы бұйрық шығару, пед.ұжымға таныстыру, іс-шаралар жоспарын бекіту.15.08.2020С.Қ,Байбатшанов 
2Шағын аудандарды аралау, 0-18 жасқа дейінгі балалар тізімін алу. Ауыл әкімімен келісу. Шағын аудандар бойынша сандық есепті білім бөліміне өткізу. Айлықта ДОІЖО Б.С.Долдаханова
3«Мектепке жол» акциясын  өткізуАйлықта ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов 
Әлеуметтік педагог А.С.Әбдуғали
4Оқушыларды ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз  етуді сапалы ұйымдастыруды жалғастыруҮнемі ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
5Мектеп жасындағы балалардың нақты тізімін анықтау, денсаулығына байланысты оқушыны үнемі бақылауда ұстауҮнеміДОІЖО Б.С.Долдаханова
Педагог психолог Н.Н.Байбатшанова
Мектеп медбикесі  Т.Жумадил
69,11 сынып бітірген оқушыларды ерекше бақылауға алу және олардың еңбекке орналасу туралы болжамды есеп беруАйлықта ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
А.Хумархан
Л.С.Абзолдаева
А.Ә.Төреханова
7ЖОО, колледждер мен кәсіптік мектептерде оқып жатқан балаларды анықтап оқу орындарының анықтама құжаттарын алуАйлықта ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Сынып жетекшілер
8Учаскелік  инспектормен бірлесе отырып бақылау, рейд жұмыстарын жүргізуАйлықта ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов 
Әлеуметтік педагог А.С.Әбдуғали
9Оқумен қамтылмаған және оқуға жарамсыз балаларды анықтап, тізімін алуАйлықта ДОІЖО Б.С.Долдаханова
10Ата-ана қамқорлығынсыз қалған,  көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларын анықтау, рейд өткізу, тұрмыс жағдайын бақылауға алу.АйлықтаДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
Педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов 
Әлеуметтік педагог А.С.Әбдуғали
11Мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерінің үйлеріне барып, қайтуын қатаң қадағалау. Олардың жол қауіпсіздігін ұйымдастыруҮнемі А.М.Мұсанов интернат меңгерушісі


 «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 
15 қаңтар-15 ақпан күндері аралығында өткен «Жалпыға бірдей білім беру» айлығының өтілуі туралы мәлімет
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 11 шілдедегі №324 бұйрығы, мектеп директорының 04.01.2023 жылғы №9-ө бұйрығы негізінде  2023 жылдың 15 қаңтар-15 ақпанға дейін Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығының іс-шарасы жасалынып, жұмыстар атқарылуда. 
2023 оқу жылының ұйымдастырушылық - тәжірибелік шараларының кешенді жоспарына сәйкес, оқушылардың сабаққа толық қатысулары қамтамасыз ету, кәмелеттік жасы толмағандар ісі жөніндегі бөлімдермен бірлесіп оқушылардың оқудан бұлтару деректерінің алдын-алу жұмыстары жүргізілді.
Мектепке қарасты ауыл аумағындағы 0-18 жасқа дейінгі балалар есепке алынды. 
  •      - мектеп жасындағы оқушылардың сабаққа қатысуына күнделікті талдау жасалынды;
  •      -ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларын анықтау, рейд өткізу, тұрмыстық жағдайларын бақылау жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстар нәтижесінде мектептің әлеуметтік картасы жасалынды.
  •  Мектепте көп балалы отбасы 60, ондағы оқушылар саны – 123, аз қамтылған отбасы – 2, ондағы оқушылар саны – 3, жартылай асыраушысы жоқ отбасы – 12, ондағы оқушылар саны – 17, ата-апасының , туысқандарының тәрбиесіндегі отбасы – 10, ондағы  оқушылар саны – 13, өгей әке тәрбиесіндегі  отбасы – 5, ондағы оқушылар саны - 6  
  •      Жалпыға бірдей білім беру қоры қаржысын мақсатты жұмсау қамтамасыз етілді. Осы мақсатта мектептің әлеуметтік педагогы , сынып жетекшілермен бірлесе отырып, сыныптың әлеуметтік картасын талдай отырып , 22.02.2012 ж. №255 ҚРҮК (25.01.2008 ж. № 64) қаулысына сәйкес ыстық тамақпен, материалдық көмекпен қамтылатын әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушыларды анықтады. 
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы қаңтардағы 64 қаулысы негізінде қамтылған оқушылар 5 категорияға бөлінеді. Олар: 
  • 1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан (АӘК) 
  • 2. жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан 
(аз қамтылған) 
  • 3. жетім балалар және 
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар 
  • 4. Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар 
  • 5. білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындаған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары 
  • (көп балалы,  жартылай асыраушысы жоқ отбасылардан,  өгей әке, өгей шеше, жалғыз басты ана, жалғыз  басты әке, оралмандар, туб. және т. б.
  • Осы жоғарыдағы санаттарды ескере келе мектеп бойынша ыстық тамақпен тамақтануға 85 оқушы, материалдық көмекке 50 оқушының ата-аналарының ұсыныстары қабылданып,құжаттары жинақталынып жатыр. 85 оқушы жаңарған тізіммен тамақтануда. 
Цифрлы қазақстан жобасы елімізде жүріп жатыр білесіздер. Соған байланысты әр мектеп оқушылары мемлекеттік НОБД (ҰБДҚ-ұлттық бірыңғай деректер қоры) мәліметіне сүйеніп, ақпарат алынуда. Жаңа жылда мектеп бойынша көп балалы отбасы саны -60, ондағы оқушы саны -123 болса, бүгінгі күні ҰБДҚ негізінде көп балалы отбасы саны -38, ондағы оқушы саны -82 болды. 22 отбасы 41 оқушыға азайып отыр. Демек, мектептен киім 50 оқушы мен ыстық тамаққа іріктелініп алынған 85 оқушының тізімі алдымыздағы қыркүйек айында қайта өзгеруі мүмкін. Себебі, статусын анықтап отырған көп балалы отбасы балалары, ҰБДҚ базасында көп балалы болмай , әлеуметтік көмек берілетін отбасылар тізіміне іліне алмауы мүмкін. Осындай , болашақта өзгерістер болып қалуы мүмкін. 
  • Осы балалардың тамақтануына 1-4 сыныптың 36 оқушысына күніне 400 теңге, 5-11 сыныптың 49 оқушысына күніне 500 теңгеден қаражат бөлініп, мектеп арендаторы Назгүл Бақытқызы тарапынан тамақтандырылуда. 
  •  Оқушылардың тамақтану сапасын  мониторингілеу жөніндегі комиссияны құру (бракеражды комиссия) туралы мектеп директорының бұйрығы шығарылып, комиссия құрамына 
  1. С.Қ.Байбатшанов- мектеп директоры
  2. Е.Ш.Окпебаев – тәрбие жөніндегі орынбасары, мүшесі
  3. А.С.Әбдуғали – әлеуметтік педагог, мүшесі
  4. Т.С.Жұмадил – мектеп медбикесі, мүшесі
5.   Н.Қасенқызы – ата-аналар комитетінің төрайымы, мүшесі
6.   К.Сүлейменова - ата-аналар комитетінің мүшесі
7.   Қ.Төлеубаева - ата-аналар комитетінің мүшесі
8.   Қ.Б.Баяділов – қамқоршылық  кеңесінің төрағасы
9.   Н.Б.Жүнісова – арендаторы –енгізіліп, жұмыс жоспары жасалынды. 
Балалардың тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссия (брокеражды комиссиясы) сапалы, теңгерімді тамақтануды ұйымдастыруды, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, білім беру ұйымдарында тамақ өнімдерін дайындау және өткізу кезінде №76 санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.            Комиссияның міндеттері:    
1) ас блогында (асханада):  
  • жұмыстың ұйымдастырылуын;          
  • тамақ өнімдерінің сапасын, оны тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;         
  • тамақ өнімдерін дайындау технологиясын және оны орындау мерзімдерінің сақталуын;
  • балалардың негізгі қоректік заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне тағамның сәйкестігін;           
  • ас блогы қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауын бақылау;         
Аталған комиссия мүшелері айына бір рет мектеп асханасына кешенді тексеріс жүргізіп, тексеру қорытындысын шығарып, педагогикалық кеңесте  жылына 2 рет есеп беруге міндетті. 
Комиссия құрамындағы мектеп медбикесі күніне асхананың ас мәзірінің ас мәзіріне сәйкестігін тексеріп, күніне берілетін тағамның сынамасын алып, 48 сағат сақтауда ұстап, уақыты өткеннен кейін жаңартып отырады.  








Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru