2022-2023 оқу жылындағы "Қамқоршылық кеңесінің" отырыстарының хаттамалары » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылындағы "Қамқоршылық кеңесінің" отырыстарының хаттамалары
12
март
2023

2022-2023 оқу жылындағы "Қамқоршылық кеңесінің" отырыстарының хаттамалары

«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ-нің
Қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысының хаттамасы


«06» қазан 2022 жыл «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ

Қамқоршылық кеңесінің саны: 9 адам
Қатысқандар барлығы: 8 адам


«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ -нің директорының м.а С.Қ.Байбатшанов
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Баядилов Қазығұл Бекжанұлы
Қамқоршылық кеңесінің төрағасының
орынбасары Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы
Мүшелері: Омаров Мелс Әбілпейсұлы
Майқынов Ермек Серікбайұлы
Шариғатов Әділхан Досжанұлы
Байболатов Болат
Жақсылықова Қаламқас
Қасен Наршагүл
Қатыспағандар: Қарайтов Жеңіс
Хатшы: Окпебаев Ербол Шерниязович

Күн тәртібінде:
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» №57 бұйрығының 17-26 тармақшасына сәйкес қамқоршылық кеңесі отырысында Жетісу облысы, Алакөл аудандық білім бөлімінің «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ-нің мектеп директорының бос лауазымына орналасуға үміткердің лауазымдық жоспарын тыңдау.
Тыңдалды:
«Жетісу облысы Білім басқармасы Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ-сі Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы Баядилов Қазығұл Бекжанұлы бүгінгі жиынға қатысушылар саны - 11, оның ішіндегі қамқоршылық кеңес мүшелері – 8 адам. Яғни, қамқоршылық кеңес мүшелерінің 89 % қатысып отырғандарын айтып, жиналысты ашық деп жариялады.
Жетісу облысының білім басқармасы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау , лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесте қаралатын мектеп директордың лауазымына үміткерді жариялады.
«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ орта білім беру мекемелерінің басшыларының лауазымына үміткер Байбатшанов Сырым Құсайынұлы сөз алып, өзін таныстырып, еңбек өтілін атап өтті. Сонымен қатар болашақта «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ басшылыққа сайланса өзінің алдағы уақыттағы жүргізетін жұмыс жоспарын ауызша таныстырып, қандай іс-шаралар, жұмыстар жүргізетінін түсіндіріп өтті. Таныстыру барысында негізгі 6 бағытымен, мектеп дамуының басым бағыттарын, даму жоспарының мақсаты, міндеттерін қозғады.
Мектепті дамыту жоспары мен мақсатын, міндеті мен жұмысты жүргізудің негізгі 3 кезеңін таныстырып, түсіндіру жұмысын жүргізді. Сол жоспар бойынша мектептегі әлеуметтік мәртебесі төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылармен, көп балалы, толық емес отбасынан шыққан оқушыларға басты назар аударылатынын жеткізіп, даму бағдарламасын жүзеге асырудың 3 кезеңімен таныстырды және де 3 кезеңге жеке-жеке тоқталып өтті.
І кезең: Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
ІІ кезең: Оқушылардың жан-жақты дамуына, әлеуметтілігіне қолайлы жағдай жасау.
ІІІ кезең: Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына ерекше көңіл бөлу, қолайлы жағдай жасау арқылы арнайы сыныптардың білім беруін қалыптастыру;
ІV кезең: Оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу;
V кезең: Мектеп материалдық техникалық базасын нығайту;
Сонымен қатар «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ директордың міндетін атқарушы лауазымында қыркүйек айынан бастап отырып, сол аралықта негізгі атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтті.
Сөз сөйлеген: Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы Баядилов Қазығұл Бекжанұлы үміткердің перспективті жоспарының бағдарламасын тыңдай келе кеңес мүшелеріне өз пікірлерін айтуын ұсынды.
Сөз сөйлеген: Қамқоршылық Кеңестің мүшесі Шариғатов Әділхан Досжанұлы үміткердің ұсынған даму жоспарын тыңдай келе, осы мектепте істеген еңбегіңді бағалай келе, үлкен сенім артатынын айтып өтті.
Сөз сөйлеген: Қамқоршылық Кеңестің төрағасының орынбасары, Екпінді ауылдық округінің әкімі Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы өз сөзінде «мектепті дамыту бағдарламасымен таныстық, нормативтік құжаттарды негізге ала отырып жасалған. Мектептің материалдық техникалық базасын, мұғалімдер ұжымының әлеуетін ескере отырып болашаққа жоспар жасаған. Бағдарлама аясында балалардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, оқушыларды еңбекке баулу мәселесіне назар аудару, ауылдағы мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың , қарт азаматтардың тұрмысына қолдау көрсету, қамқорлық жасау жұмыстарына қолдау көрсету мәселелері даму жоспарына ұсыныс ретінде енгізілсе» деген ұсынысты айта келе, алдағы жұмыс барысында қолдау көрсетуге дайынбыз. Міндетіміз, мүддеміз ортақ.
Бағдарлама жақсы құрылған, осы мектепте істеген еңбегіңді білеміз, білікті маман , осы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры, мектеп жанындағы интернат меңгерушілігі
тарапынан үміткерге мектеп басқарудың өзіндік ерекшеліктері, тәртіп, талаптары бар екенін айтып, мектеп басқаруға қабілетін, біліктілігін ескеріп, өз пікірін білдірді.
Сөз сөйлеген: Қамқоршылық Кеңестің мүшесі Майқынов Ермек Серікбайұлы «бағдарламада көрсетілген жоспарларды орындауүшін ұжым мүшелерімен, жаныңдағы әкімшілік мүшелерімен бірлесе ұйымдастыра отырып жұмыс жасау керек. Өзің осы ауылдың азаматысың, мектептің қамын жер азаматысың. Саған алдағы уақытта жұмысыңа табыс тілеймін. Қолдауға қашанда дайынбыз» деді
Сөз сөйлеген: Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы Баядилов Қазығұл Бекжанұлы «Сырым Құсайынұлының еңбек жолын, қызметтегі жұмысын, жауапкершілігін барлығымыз білеміз. Қызметтің бүкіл сатысынан өткен мамансың. Жұмысына табыс, алдағы сындардан өтіп

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің күн тәртібіндегі мәселені қарастыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен төмендегідей шешім шығарды


Қаулы:
Жетісу облысы Алакөл ауданының білім бөлімінің , «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ директордың бос лауазымына орналасуға өтініш берген үміткер Байбатшанов Сырым Құсайынұлының кандидатурасын рәсімдеу келісілді.













































Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Баядилов Қазығұл Бекжанұлы
Қамқоршылық кеңесінің төрағасының
орынбасары Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы

Мүшелері: Омаров Мелс Әбілпейсұлы
Майқынов Ермек Серікбайұлы
Шариғатов Әділхан Досжанұлы Байболатов Болат
Жақсылықова Қаламқас
Қасен Наршагүл


Хатшы: Окпебаев Ербол Шерниязович

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru