2021-2022 оқу жылының Қамқоршылық кеңес жоспары » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

2021-2022 оқу жылының Қамқоршылық кеңес жоспары

Алматы облысы  Алакөл ауданы

«М.Әубәкіров  атындағы   орта  мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Қамқоршылық кеңесінің құжаттары























2021-2022 оқу жылы



БЕКІТЕМІН:_______________

Кеңес төрағасы   Қ.Б.Баядилов






М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2021-2022  оқу  жылындағы 

 «Қамқоршылық кеңесінің»  жұмыс жоспары


Атқарылатын іс-шаралар

Мерзімі

Орындаушы

І. Ұйымдастыру жұмыстары

1

Қамқоршылық кеңесін құру, мүшелерін бекіту, бұйрық шығару

Қыркүйек

Мектеп әкімшілігі, белсенді ата-аналар, демеушілер

2

Кеңес мүшелерінің атқаратын қызметтерін белгілеу

Кеңес төрағасы Қ.Б.Баядилов

3

Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайларын анықтау

Кеңес мүшелері

Мектептің әлеуметтік педагогы АК.М.Мұсанов

4

Көмекке мұқтаж жанұяларды анықтау, зерттеу жұмыстарын жүргізу

5

Мектептің  әлеуметтік картасымен танысу

6

Жетім, жартылай асыраушысынан айырылған отбасы, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған  отбасы балаларының үй – тұрмысы жағдайымен танысып, зерттеу актісін жасау

7

Мектептегі даму мүмкіндігі шектеулі , мүгедек және инклюзивтік бағдарламамен оқып отырған балалармен танысу 

Жоспар бойынша (анықталған жағдайда)

Кеңес мүшелері

8

Қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізу

Тоқсанына бір рет

Кеңес төрағасы Қ.Б.Баядилов

9

Мектепте өткізілетін қамқорлық акцияларына қатынасу, демеушілік көмектер ұйымдастыру


Жоспар бойынша 

жыл бойы

Кеңес мүшелері

ІІ.Бақылау, тәжірибе, рейд жасау

1

Полиция бөлімінде, наркология және психикалық аурулар диспансерінде есепте тұрған ата-аналары бар оқушылармен кеңестер өткізіп, бақылауда ұстау, үй тұрмыс жағдайына рейд жүргізу


Жоспар бойынша (анықталған жағдайда)

Кеңес мүшелері

2

«Сәтсіз отбасы», «қиын балалар» тізімін жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізу


Жыл бойы

Кеңес мүшелері

3

Сынып жетекшілері және ата-аналар комиттері төрағаларымен кеңес өткізу


Желтоқсан, мамыр

Кеғңес мүшелері

ІІІ. Тексеру, есеп беру жұмыстары

1

«Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру» (ЖБМОББ) қоры қаражаты есебінен мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуын және киімге бөлінген материалдық көмектің дұрыс жұмсалуын қадағалау

Жыл бойы

Кеңес мүшелері

2

Мектептің жалпы ата-аналар жиналысында:  

  1. «Қамқоршылық кеңесінің» 2020-2021 оқу жылына атқарған жұмыстарына есебі 
  2. «Қамқоршылық кеңесінің» өкілеттілік мерзімінің аяқталуына орай, жаңа оқу жылына кеңеске мүшелікке қабылдануға өтініш берген  үміткерлердің өтінішін қарап, мүшелікке сайлау

Қазан 



Кеңес төрағасы Қ.Б.Баядилов



Мектеп директоры Г.К.Нусупова

3

Қамқоршылық кеңес мүшелері үшін мектепте ашық есік күнін ұйымдастыру

Әр жарты жыл сайын

Мектеп әкімшілігі, 

кеңес мүшелері

4

Қамқорлықтағы , өгей әке, өгей шеше тәрбиесіндегі  балалардың ұй-тұрмысы жағдайларына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бала құқығының бұзылмауын қадағалау мақсатында рейдтер жүргізу. 

Әр тоқсан сайын және жазғы демалыс кезінде

Кеңес мүшелері

Әлеуметтік педагог А.М.Мұсанов

ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев

ІV. Қоғамдық жұмыстар

1

«Сенім телефоны» және «сенім жәшігі» жұмыстарын ұйымдастыру

Жыл бойы

Мектеп психологы Н.Н.Байбатшанова 

Кеңес мүшелері

2

Мектепішілік мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру,  қатынасу


Мектеп әкімшілігі, 

кеңес мүшелері

3

Мектепке демеушілік көмек көрсеткен азаматтардан түскен қаражатты  немесе мүлікті рәсімдеу, хаттамалау


Кеңес мүшелері, 

мектеп әкімшілігі




















БЕКІТЕМІН:_______________

Кеңес төрағасы   Қ.Б.Баядилов




«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ-де  2021-2022  оқу жылындағы

 «Қамқоршылық кеңесі» отырыстарының жұмыс 

ЖОСПАРЫ

Іс-шаралар

Мерзімі 

Жауапты адам

1

  1. Өткен 2020-2021 оқу жылындағы «Қамқоршылық кеңесінің» атқарылған жұмысына есеп беру, жаңа 2021-2022 оқу жылына арналған «Қамқоршылық кеңесінің» жұмыс жоспарын бекіту. 
  2. Мектептің 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие қызметін талдау
  3. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, карантин жағдайында  мектептің жаңа 2021-2022 оқу жылына дайындығы
  4. «Мектепке жол» акциясының барысы туралы ақпарат. Акция барысында көрсетілген қайырымдылық көмек туралы есеп. 

Қыркүйек 

Кеңес төрағасы Қ.Б.Баядилов




Мектеп директоры Г.К.Нусупова

Мектеп директоры Г.К.Нусупова


ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев


2

  1. Өткен отырыста қабылданған шешімдердің орындалуы жайлы мәлімет
  2. І жарты жылдықтағы 1-11 сынып оқушыларының білім сапасы туралы есебі
  3. Карантиндік шаралар кезінде оқушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау
  4. Интернат тәрбиеленушілерінің , оның ішінде аз қамтылған, көп балалы, жартылай асыраушысы жоқ отбасы балаларының жай күйі, оқуы, оқу құралдары, тамақтануы жайлы есебі. 

Қаңтар 

Кеңес төрағасы Қ.Б.Баядилов

ДОІЖО Б.С.Долдаханова

Әлеуметтік педагог А.М.Мұсанов

Интернат меңгерушісі С.Қ.Байбатшанов


3

  1. Өткен отырыста қабылданған шешімдердің орындалуы жайлы мәлімет
  2. Мектептегі жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралардың есебі. 
  3. Мектептің материалдық базасын дамыту үшін берілген қаражаттың білім беру мекемесінің пайдалануы туралы есебі
  4. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындысы

Наурыз 

Кеңес төрағасы Қ.Б.Баядилов

Педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов


Мектеп директоры Г.К.Нусупова


ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев

4

  1. Өткен отырыста қабылданған шешімдердің орындалуы жайлы мәлімет
  2. Мектеп бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттау, ҰБТ кезеңіне дайындықтарыжайында мәлімет
  3. Жазғы демалыста оқушылардың жазғы сауықтырылу  демалысын ұйымдастыру, 9-11 сыныптардың жұмыспен қамтылуын қадағалау барысы
  4. «Қамқоршылық кеңесінің» жылдық жұмысының қорытындысы

Мамыр 

Кеңес төрағасы Қ.Б.Баядилов

ДОІЖО Б.С.Долдаханова


ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев




Кеңес төрағасы Қ.Б.Баядилов

БЕКІТЕМІН:_______________

Кеңес төрағасы   Қ.Б.Баядилов




М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2021-2022  оқу жылындағы

 «Қамқоршылық кеңесі» мүшелерінің атқаратын қызметтері


І. Қ.Б.Баядилов-кеңес төрағасы

  1. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жүргізу
  2. «Қамқоршылық кеңестің» мүшелеріне атқаратын  тапсырмаларды анықтап бөлу және оны міндеттеу
  3. Кеңестің отырысын  белгілеу, өткізу.

ІІ. Ә.К.Қыстаубаев – Екпінді ауылдық округ әкімі, кеңес мүшесі

  1. Мектеп жұмысының  айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
  2. Мектептің материалдық- техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көркейту.
  3. Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру

ІІІ. Ә.Д.Шариғатов- Екпінді ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы, кеңес мүшесі

  1. Білім беру үрдісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету
  2. Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау

ІV. Байболатов Болат – зейнеткер, кеңес мүшесі

  1. Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлік әулетін  күшейту
  2. Мектептегі аз қамтылған, көп балалы, жетім, жартылай жетім отбасыларындағы оқушыларға материалдық көмек көрсету,  оқумен  қамтылуын   қадағалау.

V. М.Ә.Омаров – Жеке кәсіпкер, кеңес мүшесі

1. Мектептің мұғалімдерінің жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау

2. Мектепте ЖБМОББ айлығы, «Мектепке жол» акциясы кезінде қамқорлық жұмыстарын ұйымдастыру,  материалдық   көмек  көрсету.

VІ. Е.С.Майқынов-кеңес мүшесі, «Арқарлы-Майбүйрек» ЖШС-нің директоры

  1. Мектептің материалдық–техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру жұмыстарын жүргізу
  2. Мектеп, мектеп жанындағы интернат жұмыстарының айқындығын арттыруға және жетілдіруге  бағытталған бастамалар ұсыну оның орындалуына бақылау жасау

VІІ. Ж.Қарайтов- кеңес мүшесі, жеке кәсіпкер 

  1. Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау
  2. Мектептің материалдық–техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру жұмыстарын жүргізу
  3. Мектеп және мектеп жанындағы интернат жұмыстарының айқындығын арттыруға және жетілдіруге  бағытталған бастамалар ұсыну оның орындалуына бақылау жасау

VІІІ. Қ.Жақсылықова - кеңес мүшесі, жеке кәсіпкер

  1. Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау
  2. Мектептің материалдық–техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру жұмыстарын жүргізухщд
  3. Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру

ІХ. Қасенқызы Наршагүл - кеңес мүшесі, жеке кәсіпкер

  1. «Қамқорлық»        қайырымдылық акцияларын ұйымдастырылуына ата-аналар кеңесі мүшелерін жұмылдыру.
  2. Мектепте ЖБМОББ айлығы, «Мектепке жол» акциясы кезінде қамқорлық жұмыстарын ұйымдастыру,  материалдық  көмек        көрсету
  3. Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру


ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1 Қамқоршылық – білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін(білім беру, ғылым, мәдениет және өнер, спорт және денсаулық сақтау) қолдаумен  байланысқан әлеуметтік белсенділік саласы.

1.2 Қамқоршылар – қамқоршылық жұмысын атқаратын қоғамдық және заңды тұлға.

1.3 Қамқоршылық кеңесі- қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады.

1.4 Қамқоршылық қолдау алатындар  - қамқоршы бөлетін және тартатын қаржыға Қазақстан Республикасының жас ұрпағын дамытумен байланысқан білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін атқаратын қоғамдық және заңды  тұлғалар.

1.5.  Қамқоршылық кеңесі ҚР «Білім туралы» Заңының 44 бабының 9 тарауына сәйкес мектеп алқалық басқарудың түрі болып табылады.

1.6 Қамқоршылық кеңесі жалпы білім беру мекемесінің Жарғысы мен заңды тұлға статусынсыз осы Ереже негізінде әрекет жасайды.

1.7 Қамқоршылық кеңесінің мақсаты – білім беру мекемесінің дамуына қолдау жасау, қала аумағында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен оның байланысын нығайту,заттай  және ақшалай қаржыларды белсенді пайдалану.

1.8 Қамқоршылық кеңесі бюджеттен тыс қаржыларды  ерікті құрбандық жасау, жеке тұлға мен мекемелердің қайырымдылық және демеушілік жарнасы, «ТҰРАҚТЫЛЫҚ-БІЛІМ» қайырымдылық есеп шотына заңмен қарастылыған қаржы көздері есебінен тартады.

1.9 Қайырымдылық және демеушілік жарнасынан түскен және қайырымдылық көрсетушілер қосқан қаржы есебінен сатып алынған барлық мүлік мекеменің меншігі болып табылады және бекітілген тәртіпте балансына алынады.

1.10 Қайырымдылық қызметі ҚР МК (сыйлық мен құрбандық ҚР МК 506,516 баптар) реттейтін келісім шарт қатынасы негізінде жасалады.



2. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫ

2.1 Қамқоршылық кеңес құрамына кіреді:
 - әлеуметтік серіктестерінің өкілдері;
 - қоғамдық ұйымдардың өкілдері;
 - ата-аналар жұртшылығы мен педагогикалық кеңес өкілдері.

2.2 Қамқоршылық кеңесінің жеке  құрамы білім беру мекемесінің жалпы жиналысының ұсынысы ескеріліп, білім беру мекемесінің әкімшілігімен қалыптастырылады.

2.3 Қамқоршылық кеңесінің төрағасы  білім беру мекемесінің Қамқоршылық кеңесінің отырысында сайланады. Төрағасының өкілеттілік мерзімі Қамқоршылық кеңесіндегі оның басшылығы мерзімімен шектеледі.

2.4 Төрағасының орынбасары мен хатшысы Қамқоршылық кеңеспен сайланады.

2.5 Қамқоршылық кеңес мүшелерінің  арасында тапсырмаларды бөлу  кеңестің отырысында  белгіленеді.

2.6 Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз  тапсырмаларын өтеусіз негізде орындайды.

2.7 Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қамқоршылық Кеңесінің жалпы жиналысымен енгізіледі және оның отырысында бекітіледі.




3. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

3.1 Жалпы білім беру ұйымының жұмысының  айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.

3.2 Жалпы білім беру ұйымының материалдық- техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көркейту.

3.3 Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.

3.4 Мектеп органдарының  жұртшылықпен тиімді қарым –қатынасы үшін жағдай жасау.

3.5 Мектептің   білім берушілік,қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.

3.6 ҚМ берілген қаражаттай және заттай бюджеттік қаржыны  тиімді және анық пайдалану үшін механизм құру.

3.7 Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.

3.8 Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.


4. ҚОСЫМША БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚАРЖЫЛАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ЖҰМСАУ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘРТІБІ.

4.1 Қосымша бюджеттен тыс  қаржыларды тартуды Қамқоршылық кеңес ерікті құрбандық пен қоғамдық және заңды тұлғалардың мақсатты  жарналары түрінде жасайды.

4.2 Мақсатты  жарналарды тартудың өзіндік мақсаттары бола алады, мектепке қажетті мүлік сатып алу,мекеменің материалдық- техникалық базасын нығайту және дамыту, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін сақтау, тағы басқа қазіргі заңнамалар мен мекеменің жарғылық қызметіне қайшылық жасамайтын мақсаттар. Мақсатты жарналарды тарту бастамалары ҚМ басшыларынан, қамқоршылық кеңес немесе  мекеменің басқа өзін -өзі басқару органдарынан туындайды.

4.3 Мақсатты жарналар білім беру мекемесінің есеп шотына түсіріледі. Тартылған мақсатты жарналарға білім беру мекемесінің бастығы жарияланып тағайындалған мақсат бойынша қамқоршылық кеңеспен келісілген иелік жасайды.

4.4 Мектепте  құрбандықты ақшалай немесе заттай түрде ҚР МК бекіткен тәртіпте қоғамдық және заңды тұлғалар жасай алады.

4.5 Мақсатты жарналар мен құрбандықтар бойынша бухгалтерлік есеп және есеп берушілік қазіргі заңнамалар бекіткен ретте жасалады.


5. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

5.1 Қамқоршылық кеңесі жылына 4 мәртеден кем емес отырыс өткізеді.

5.2 Қаралған сұрақтар бойынша Қамқоршылық кеңесі шешім қабылдап, білім беру мекемесінің әкімшілігі мен Педагогикалық кеңес мәліметіне жеткізеді.

5.3 Қамқоршылық кеңесінің білім беру мекемесі материалдық-техникалық базасын дамыту үшін берген қаражат қаржыларын білім беру мекемесінің пайдалануы туралы жарты жылда бір рет директор есеп береді.

5.4 Білім беру мекемесін дамыту мүддесі үшін бюджеттен тыс қаржыны мақсатты және тиімді пайдалануы үшін жауапты.

5.5 Білім беру мекемесінің бюджеттен тыс қаржысының шығысын бақылайды.

5.6 Қамқоршылық кеңесінің барлық шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады.

5.7 Қамқоршылық кеңесі оқтын-оқтын мектеп ата-аналар комитеті алдында өз жұмысы туралы есеп береді.




6. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ІС ҚАҒАЗДАРЫ

6.1 Қамқоршылық кеңесінің отырысында кеңестің төрағасы мен хатшының қолы қойылған  хаттама жүргізіледі.

6.2 Хатшының міндеті мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі.

6.3 Құжаттары Қамқоршылық кеңесінің төрағасында 1 жылға сақталады.

 Ереженің нақтылы мерзімі:  білім беру мекемесінің үлгісі (немесе түрі) өзгергенге дейін.
 
 


7. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ.

Қамқоршылық кеңесінің жұмысы келесі қағидаларға негізделеді:
 - демократиялық;
 - алқалық;
 - ынтымақтастық ұзақтығы;
 - жұмысының жариялылығы пен ашықтығы.

Қамқоршылық кеңесіне қатысушылардың жұмысы келесі қағидаларға негізделеді:
 - еріктілік;
 - жұмыс заңдылығы және барлық қатысушылардың құқықтық теңдігі;
 - көмек алушылардың  таңдау еріктілігі;
 - қайғыға ортақтасу,мейрбандық,риясыздық рухани құндылықтары.


8. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын тоқтату

Қамқоршылық кеңесінің жұмысы тоқтатылады:
 - қамқоршылық кеңесінің  ынтасымен;
 - таратылу және қайта ұйымдастыру.

























Алакөл аудандық білім бөлімінің 

27.08.2021 жыл  № 340-Ө

 бұйрығына 1-қосымша 


Қамқоршылық кеңес құрамына  ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне бекітілсін: 

  1. Баядилов Қазығұл Бекжанұлы - Кеңестің төрағасы, зейнеткер, ардагер ұстаз
  2. Наршагүл Қасенқызы – мүшесі, мектептің ата-ана комитетінің төрайымы, шағын кәсіпкер 
  3. Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы –мүшесі, Екпінді ауылдық округінің әкімі
  4. Майқынов Ермек Серікбайұлы – мүшесі «Арқарлы-Майбүйрек» ЖШС-нің төрағасы
  5. Омаров Мелс Әбілпейісұлы –мүшесі, «Омаров» шаруа қожалығының төрағасы, кәсіпкер
  6. Байболатов Болат – мүшесі, зейнеткер, ардагер ұстаз
  7. Шариғатов Әділхан Досжанұлы –мүшесі,   Екпінді ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы
  8. Қарайтов Жеңіс – мүшесі, шағын кәсіпкер, «Ай-нұрлы» дүкені
  9. Жақсылықова Қаламқас  – мүшесі, шағын кәсіпкер, «Сабыржан» дүкені

























Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru