2021-2022 оқу жылындағы бастауыш 1-4 сынып және 5-11 сыныптар арасындағы 30.12-9.01 қысқы каникул күндері аралығындағы оқушылармен жүргізілетін іс-шаралардың жоспары » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылындағы бастауыш 1-4 сынып және 5-11 сыныптар арасындағы 30.12-9.01 қысқы каникул күндері аралығындағы оқушылармен жүргізілетін іс-шаралардың жоспары
28
декабрь
2021

2021-2022 оқу жылындағы бастауыш 1-4 сынып және 5-11 сыныптар арасындағы 30.12-9.01 қысқы каникул күндері аралығындағы оқушылармен жүргізілетін іс-шаралардың жоспары

2021-2022 оқу жылындағы бастауыш 1-4 сынып және 5-11 сыныптар арасындағы

30.12-9.01 қысқы каникул күндері аралығындағы оқушылармен жүргізілетін  

іс-шаралардың жоспары



Іс-шаралар

Түрі

Күні

Сынып

Жауапты


1

Қысқы каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарын құрып, бекіту

Іс-шаралар

27.12

1-11

Е.Ш.Окпебаев Ш.Б.Оралханов Ж.Х.Назарова

бастауыш сынып және дене шынықтыру пәні мұғалімдері

2

Қысқы каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты ата-аналармен байланыс дәптерлерін толтыру

Кауіпсіздік дәптерлерін толтыру

27-29.12

1-11

Сынып жетекшілер

3

Сынып бөлмелерін ретке келтіру

Пән кабинеттерін тазалау

29.12

1-11

Е.Ш.Окпебаев Ш.Б.Оралханов

Сынып жетекшілер

4

Танымдық мәдени және спорттық іс-шаралар

Іс-шаралар

30.12-9.01

1-11

Е.Ш.Окпебаев Ш.Б.Оралханов Ж.Х.Назарова

бастауыш сынып және дене шынықтыру пәні мұғалімдері

5

Каникул кезіндегі атқарылған іс-шаралар туралы АББ-не мәлімет беру

Мәлімет 

6.01.    2022


Е.Ш.Окпебаев Ш.Б.Оралханов


Танымдық мәдени іс-шаралар

1

«Қызықты домино»

Ойын 

5.01

1

Ж.Ж.Айдаболов

2

«Қыс» тақырыбында өлең жаттау

Мәнерлеп оқу

5.01

3

Д.Н.Бексолтанова

3

«Қыс кереметі» 

Сайыс 

5.01

2

Ә.М.Шерубекова

4

Сіріңкемен берілген логикалық есептер

Сұрақ-жауап

6.01

4

Б.Ж.Курманбекова 

5

«Менің сүйікті кітабым» мектеп кітапханасына саяхат

Үздік оқырман, саяхат


1-11

Кітапханашы Ж.Х.Назарова

Спорттық іс-шаралар

1

Волейбол   /қыздар/                          

жарыс

5.01

8-11 

Е.Ө.Нусипов

2

Волейбол  /ұлдар/                            

жарыс

6.01

8-11 

С.Е.Бекбосынов

Т.Ж.Қасымбеков

3

Дойбы 

жарыс

6.01

5-7 

Е.М.Ахатаев




Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                     Е.Ш.Окпебаев









2021-2022 оқу жылындағы бастауыш 1-4 сынып және 5-11 сыныптар арасындағы

30.12-9.01 қысқы каникул күндері аралығында оқушылармен жүргізілген 

іс –шаралар туралы мәлімет


Алматы облысының білім басқармасының 24.12.2021 жылғы №4.2-42/59511  хаты және Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылында қысқы каникул кезінде «Қазақстан балалары-қысқы ертегі» балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша қысқы демалыс кезеңіне ҰСЫНЫМДАРЫ» негізінде2021 жылдың 30 желтоқсанынан 2022 жылдың 09 қаңтар аралығында  «Қазақстан балалары-қысқы ертегі» атты іс-шара жоспарын орындау үшін  М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 30.12-9.01 қысқы каникул кезіне байланысты 1-11сынып оқушыларымен мектеп директорының 24.12.2021 ж №194-ө бұйрығына сәйкес танымдық мәдени және спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. 

Ұсынымдардың мақсаты-қысқы демалыс кезеңінде балалар уақытының тиімді қамтылуын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру.

  Міндеттері:

  1) қысқы каникул кезеңінде балалардың демалыс және уақытты тиімді қамту жүйесін сақтауға және тұрақтандыруға бағытталған жағдайлар жасау;

  2) қысқы каникул кезеңінде балалар уақытының тиімді қамтылуын, демалысын және сауықтырылуын әдістемелік қолдау;

  3) қашықтықтан, оның  ішінде қысқы каникул кезеңінде білім алушылардың іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету.

27-29 желтоқсан аралығында әр сыныптың сынып жетекшілері тарапынан сынып оқушыларын қысқы демалыс кезеңінде қауіпсіз жағдай жасау мақсатында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралароқушыларға автомобиль жолдарындағы тәртіп ережелерін, көшеде бей берекет құлаққаппен ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу туралы (жүріп келе жатқан көліктің сигналдарын естімей қалуы мүмкін) ескерту жұмыстары жүргізілді.

  Сондай-ақ оқушылармен сыныптарда, мұзда, жолдарда, қоғамдық орындарда, өрт кезінде, электр аспаптарын пайдалану, пеш пен жылыту жәнет. б. қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы профилактикалық әңгімелесулер өткізілді. 

Қысқы каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты 28-29 желтоқсан  күндері аралығында  ата-аналармен байланыс дәптерлері толтырылып, сынып бөлмелері ретке келтірілді.

30 желтоқсан күні мектептің ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ватсап чаты құрылып, ата-аналарға қысқы каникул кезіндегі ережелер түсіндірілді.

31.12-1.01 аралығында «Жаңа жылдық» мерекеге байланысты ата-аналар мен оқушылар ватсап чатында онлайн - шеберханасы «Өз қолыңызбен жасалған сыйлық – ең керемет сыйлық!» тақырыбында фото сыйлық және «Жаңа жылмен құттықтаймыз, отбасылық тілек сыйлаймыз!» құттықтау тілектері бейнеролиг түрінде жіберілді. 

2-4.01 қаңтар аралығында «Жаңа жыл-отбасылық мереке» тақырыбында фотоколлаж байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша Оралхановтар, Иманбековтар отбасының фотоколлажы үздік деп танылды.

5.01 күні бастауыш сыныптардың сынып жетекшілері сыныптарымен оқушылардың бос уақытттарын тиімді пайдалану мақсатында түстен кейінгі уақытта «Шынығып шымыр болайық» тақырыбындағы тауда шана тебу іс-шаралары өткізілді. Тауда шана тебу барысында оқушылар жақсы демалды.

5.01 күні Ж.Ж.Айдаболов 1 сыныбымен «Қызықты домино», Д.Н.Бексолтанова 3 сыныбымен «Қыс» тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқудан және 2 сыныптың сынып жетекшісі Ә.М.Шерубекова «Қыс кереметі» тақырыбында сайыс, 6.01 күні 4 сынып жетекшісі Б.Ж.Курманбекова «Сіріңкемен берілген логикалық есептер» сұрақ-жауап іс-шараларын қызықты және уақытында оқушыларымен өткізді.

Мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова 1-11 сынып «Менің сүйікті кітабым» мектеп кітапханасына саяхат, мәнерлеп оқу сайысы және үздік оқырман сайыстарын өткізді. 

5-6.01 күндері 8-11сыныптар арасында волейболдан, 5-7 сыныптар арасында дойбыдан спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жарыстарға сынып оқушыларынан командалар құрылып барлығы тегіс қатынасты. Волейболдан өткен жарысқа 4 команда қатынасты. Сонымен қатар, Ә.Әлімжанов атаныдағы орта мектебінен құрылған 1 команда келіп өзара бақ сынасты.  «Ұлар, қыздар» командалары барлық ойында жақсы ойын өрнегін көрсеткен 9а сынып оқушылары 1 орын алса, 2-3 орындарды 10 сынып және Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебінен құрылған командалары өзара бөлісті. Дойбыдан өткен жарыста 7 сынып оқушылары командалық есепе  І орын алса, ІІ орын 6 сынып командасы, ІІІ орынды 5 сынып оқушылары алды.  




Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары    Е.Ш.Окпебаев

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru