2021-2022 оқу жылында М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша тәрбие саласында ІІ оқу тоқсанының талдауы » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылында М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша тәрбие саласында ІІ оқу тоқсанының талдауы
30
декабрь
2021

2021-2022 оқу жылында М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша тәрбие саласында ІІ оқу тоқсанының талдауы

2021-2022 оқу жылында М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша 

тәрбие саласында ІІ оқу тоқсанының талдауы

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің тәрбие жұмысында ҚР Білім туралы Заңы, Қазақстан Балалары бағдарламасы, ҚР Бала құқықтары туралы Заңы, Білім және Ғылым Министрлігінің «Қазақстан  Республикасы  үздіксіз   білім  беру  жүйесіндегі   тәрбие  тұжырымдамасы» басшылыққа алынған.

Мектеп директорының  «Сынып жетекшілерін тағайындау туралы» 01.09.2021 жылғы    № 78-ө  бұйрығы негізінде   2021 жылдың   01  қыркүйегінен бастап  төмендегі мұғалімдер сынып жетекшілер  болып тағайындалды. 

Р/с

Сынып жетекші

Сын

Білімі

Мамандығы 

Санаты

1

Омаргазинова Б.У.

МАД

жоғары

Бастауыш сынып

-

2

Айдаболов Ж.Ж.

1

жоғары

Бастауыш сынып

-

3

Шерубекова А.М.

2

жоғары

Бастауыш сынып

І

4

Бексолтанова Д.Н.

3

Жоғары

Бастауыш сынып

ІІ

5

Құрманбекова Б.Ж

4

Жоғары

Бастауыш сынып

-

6

Абилкаир Л.А.

5

Жоғары

Қазақ тіл мен әдебиеті

ІІ

7

Мұсанов А.М.

Аяқ жоғары

Информатика

ІІ

8

Абзолдаева Л.С.

Жоғары

Информатика

І

9

Байкелова Г.Қ

жоғары

География 

І

10

Аубакирова А.Н

Жоғары

Химя

І 

11

Шынадилова Г.Е.

8

Жоғары

Қазақ тіл мен әдебиеті

І

12

Бекбосынов С.Е

Жоғары

Денешынықтыру

-

13

Умиралиева А.Ж

Жоғары

Шет тілі 

І

14

Қабдығалиева Н.Қ

10а

Жоғары

Қазақ тіл мен әдебиеті

-

15

Баукебаева Р.А.

10б

Жоғары

Орыс тілі мен әдебиеті

І

16

Тойшыбекова Ж.С

11а

Жоғары

Математика

жоғары

17

Төреханова А.А.

11б

Жоғары

Орыс тілі мен әдебиеті

І


2021-2022 оқу жылына тәрбие  жұмысының мақсаты:

  • Оқушылардың жалпы дамуын, мәдени  дағдыларын   игерту  нәтижесінде коммуникативті  мәдениетін қалыптастыру. Жеке  тұлғаны әлеуметтік  мәнді,   жеке  қасиеттерін  қалыптастыра   отырып,  нәтижеге  бағытталған   тәрбие  беру.

Келелі мәселесі:

  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында жеке тұлғаны әлеуметтік мәнді, жеке қасиеттерін жан-жақты қалыптастыра отырып, нәтижеге бағытталған тәрбие беру» 

Тәрбие саласының 2021-2022 оқу жылына міндеттері:

  • Тәрбие үрдісіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану және тарату, тәжірибе алмасу мақсатында мектепішілік сынып жетекшілердің апталығын   ұйымдастыру.
  • Сынып жетекшілер бірлестігі әдістемелік кеңес қызметінің мазмұнын жаңғырту. 
  • Жаңа жүйе бағдарламасы негізінде сынып жетекшілік курстан өтіп сертификатталған  мұғалімдердің теориялық және тәжірибелік түрде озат тәжірибелерін  жинақтау, насихаттау және тарату. 
  • Жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізілген біліктілікті арттыру курстарынан сынып жетекшілерді толықтай қамту
  • Педагогтарға курстан кейінгі қолдау көрсету бағытында мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, мектеп тәжірибесін жақсартуда әдістемелік қызметті белсендіру.
  • Жас маман мен тәлімгер жұмысын жандандыру.
  • Ата-аналар кеңесі, қамқоршылық кеңесімен біріккен тәрбиелілік   іс-шаралар ұйымдастыру (ашық есік   күні, әкелер мектебі, аналар мектебімен іс-шаралар)

Осы міндеттерді жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін негізге алына отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 10 қосымшасына сәйкес үлгіде мектептің тәрбие саласы бойынша жылдық тәрбие жоспары жасалды.  

2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жоспарының ерекшелігі «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілі енгізілді. Бұл бағдарлама білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, олардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге, экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Мектеп бойынша 16 сынып. Сынып жетекшілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 10 қосымшасына сәйкес үлгіде сыныппен атқарылатын жылдық тәрбие жоспарын   жасап, мектеп директорымен бекітіп, жүйелі жұмыс жүргізуде. Әр аптаның дүйсенбі күнгі 1 сабағында 1-4 сыныптар және 5-11 сыныптар тәрбие сағаттарын жылдық жоспарына сәйкес  өткізуде. 

ІІ оқу тоқсан  қараша айының 8-нен желтоқсан айының 29 күндері аралығында өтті. Сол аралықта 15 қараша  мен 15 желтоқсан  күндері аралығында  Аудандық білім бөлімінің хаты негізінде, мектеп директорының бұйрығы шығарылып, сол бұйрықтың негізінде  «30 жұлдызды күн» атты айлық өткізілді.

8-қараша күні айлықтың   іс-шара жоспары жасалынып, мектеп директорымен бекітіліп, іс-шара жоспары мектеп оқушыларына таныстырылды. 1-4 сыныптардың сынып жетекшілері  сыныптарымен «Алтын теңге: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу тарихы», «Теңге – Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің нышаны»,  «Қазақстан тарихындағы ақша белгілері» тақырыптары бойынша  сынып сағаттары өткізілді.

19 қараша күні Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебіміздің жас мамандарының ұйымдастырумен "Тұғыры биік Тәуелсіздік" жас мамандар челленджі өткізіліліп, құттықтау видеолары әлеуметтік желілерге жүктелінді. 

Жеке жоспар негізінде М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде қараша  айының 23-30  күндері аралығында Алакөл аудандық білім бөлімінің 19.11.2021 ж № 527-ө бұйрығы негізінде мектеп директорының  бұйрығы шығарылып  2021 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің күні Мемлекеттік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары  жасалынып бекітілді.

22 қараша күні мектепішілік жиын өткізіліп, 23-30 қараша күндері аралығында 1-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің күні Мемлекеттік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.

23-30-қараша күндері аралығында  М.Әубәкіров  мектебінде «1 желтоқсанында Қазақстан  Республикасы Президентінің күні» Мемлекеттік мерекесі қарсаңында мектеп ауласы мен мерекелік іс-шара өтілетін орындарда   безендіру жұмыстары талапқа сай жүргізілді.

29 қараша күні 1-11 сыныптар арасында «Менің тұңғыш Президентім» атты сынып сағаттары /1-4 сыныптар/, «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбындағы сынып сағаты /5-11 сыныптар/ арасында сыныптарында өткізілді. 

Сонымен қатар 29-30 қараша күндері  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Егемен елдің кемеңгер басшысы»  тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысы  1-4 сынып арасында және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысы  5-8 сынып арасында өткізілді. Жеңімпаздар мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бас жүлде: 6а сынып оқушысы Жабайхан Аружан

І орын: 6а сынып оқушысы Жарахмет Назым

ІІ орын: 7 сынып оқушылары: Сексенбек Жасұлан, Ахметхан Жанерке

                8 сынып оқушылары: Төлеуғажықызы Жанна, Мерекеқызы Альбина

ІІІ орын: 7 сынып оқушылары: Абдолда Ақерке, Манатқызы Айзада, Серік Камила

                 8 сынып оқушылары: Жүмеке Елнұр

30 қараша күні сағат 1230-да  Екпінді ауылдық округі бойынша ауылдық әкімшілікпен бірлескен «1 желтоқсан - Қазақстан   Республикасы   Тұңғыш Президенті  күні   Мемлекеттік  мерекесін»  мерекелеуге   арналған  «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты салтанатты  жиын өткізілді. Салтанатты жиынға Екпінді ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Г.Н.Аубакирова, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ә.Д.Шариғатов, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы    Баядилов Қазығұл Бекжанұлы қатынасты.    

Салтанатты жиын үш бөлімнен жоспарланды. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай атап өткелі отырған   салтанатты  жиында баяндама оқу  тарих  пәнінің мұғалімі Байкелова Гүлбану  Құрбанбекқызына берілді.

Екпінді ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Г.Н.Аубакирова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Долдаханова Бағила Серікқызы,  мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы   Баядилов Қазығұл Бекжанұлықұттықтау сөз сөйлеп, Н.Ә.Назарбаевтың Президенттікке сайланғалы бері өмір жолына тоқтала келіп, заманымыз тыныш, Елбасымыздың салған сара  жолымен жарқын болашаққа бет алайық» деп үндеу тастады.   

Екінші бөлімде бүгінгі күні мектебімізде де облыстық және аудандық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген, оқуда озат, мектептегі өткізіліп жатқан білім сайыстарының, іс-шаралардың ұйтқысы болып жүрген  5 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жас Ұлан» тобына, 1 сынып оқушыларын  «Жас Қыран» тобы қатарына қабылдау рәсімін өткізілді. 

Соңынан мектебіміздің жас ақындары аудандық жыр мүшайраларының жүлдегерлері  11 сынып оқушысы Серікбол Диана,  өзінің  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арнаған» арнау өлеңдерін оқыды.   Артынан мектеп оқушыларынан дайындалған «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты оқушылардың әндерімен жалғасты.

23-30-қараша күндері аралығында  мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова «Елбасы-кемеңгер көшбасшысы» атты  кітап көрмесін және  бастауыш сынып мұғалімдері сыныптарымен «Егемен ел және Елбасы» кітапханаға саяхат жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар, апталық барысында  мектепішілік 1-11 сыныптар арасында «Балалық шағымның  аспаны» сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауының  қорытындысы шығарылып, мектепішілік жиында І орын алған 4 -сынып, ІІ орын алған 10-сынып, ІІІ орын алған 7 сынып оқушылары марапатталды.   

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспары негізінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұлан басын-президентін» сайлау 26 қараша күні өтетіндігі туралы  8 қараша күні мектептің таңертеңгі тәртіп жиынында оқушыларға ескертілді. Мектеп президенттігіне 9 және 8 сыныптардан 6 үміткер өз бағдарламаларын дайындап, өздерін президенттікке үміткер ретінде ұсынды. Олар:

Әділханұлы Бірлән    9бсынып  

Меңғали Мақсат        9а сынып 

Әшімхан Досымжан  9а сынып  

Меңғали Азат              8 сынып 

Жүмеке Елнұр             8 сынып 

Мерекеқызы Альбина 8 сынып  

Мектептің кіре беріс залына үміткерлерге арналған стенд жасалынып, суреттері мен бағдарламалары   ілінді.

26 қараша күні « Жас Ұлан » балалар мен жасөспірімдер бірыңғай ұйымының  президентін сайлауға арналған салтанатты жиынның өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік ГИМН-мен басталып, Мемлекеттік ГИМН-мен аяқталды. Жиын барысында Тұңғыш президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « ... жас Қазақстандықтар арасында жұмыстарды жандандыру қажет.  «Жас Ұлан» ұйымын құрып, мемлекетіміздің жастарын біріктіру керек, сонымен қатар, балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру мәселесін қарастыруды партияға жүктеймін»,-деп балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына ерекше көңіл бөлуі біздің жұмысымызға жаңа серпіліс енгізілуі жайлы мағлұматтар берілді. 

Жиын барысында мектеп директоры Нусупова Гүлнар Қасымбайқызы үміткерлерге жақсы тілектері мен сайлаудың әділ өтетіндігіне тілегін білдірді. 

Сайлаудың дұрыс, әділ өтуін қадағалау мақсатында сайлау комиссиясы құрылды. Ол кісілер: Сайлау комиссиясының төрайымы мектеп директоры Нусупова Гүлнар Қасымбайқызы,  мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Окпебаев Ербол Шерниязұлы, ұйымдастырушы мұғалімі Оралханов Шалқар Базаргелдіұлы, дефектолог Кошкимбаев Мақсат Кемелханұлы, әлеуметтік педагог Мұсанов Айбек Манарбекұлы.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен ұстаздар арасынан сайлаудың дұрыс өтуін қадағалау мақсатында бақылаушылар тағайындалды. Олар: «Қызғалдақ» қыздар клубының жетекшісі Умиралиева Айда Жұмағалиқызы, мектеп психологі Байбатшанова Нургуль Наксбекқызы, мектебіміздің логопеді Лаура Асқарқызы.

Сайлау 26 күні таңертең 9.00-де басталып, 12.00-де аяқталды. Сайлау барысында келеңсіз оқиғалар болған жоқ. Барлығы бір қалыпты уақытылы өтті.

Сағат 12.00-де әр сыныптың белсенді оқушыларымен бірлесе отырып мектеп президенттігіне үміткерлерге берілген дауыстар саналынды.



Қорытындысы бойынша мектебімізде өткен жалпы президенттігі сайлауында  35 мұғалімнің 20-ы, 166 оқушының 147-сі барлығы 201  сайлаушының 167-сі з дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.

Сонымен, бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде әр кандидатқа берілген дауыс саны:

Әділханұлы Бірлән    9бсынып  .............43........ дауыс, ...............%

Меңғали Мақсат        9а сынып ............70......... дауыс, ...............%

Әшімхан Досымжан  9а сынып  ...........5.......... дауыс, ...............%

Меңғали Азат              8 сынып ............9......... дауыс, ...............% 

Жүмеке Елнұр             8 сынып ............14......... дауыс, ...............%

Мерекеқызы Альбина 8 сынып  ...........24.......... дауыс, ...............%

мектеп президенті лауазымына, атап айсақ 70пайыз дауыс жинаған 9а сынып оқушысы  Меңғали Мақсат Асланұлы сайланды.

Ал, сағат 12.30-да «Ұланбасын ұлықтау рәсімі» өткізілді.

Желтоқсан айында мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарованың   ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында «TarihLife" жобасы аясында "Тәуелсіздік белестері" - ҚР тұңғыш Президенті -Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қызметі туралы фотохроника мен көрме ұйымдастырды. 

6-14 желтоқсан аралығында жеке жоспар негізінде «Тәуелсіздік шежіресі» атты онкүндік өткізілді. Жоспар негізінде 6, 13 желтоқсан күндері  1-11 сыныптардың сынып жетекшілері сыныптарымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 

13 желтоқсан күні  І бөлім «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел – Қазақстан!» тақырыбында Тәуелсіздік мерекесіне арналған мерекелік салтанатты жиын мен ІІ бөлім  «Гүлдене бер , Тәуелсіз Қазақстан»  тақырыбындағы   концерт ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Екпінді ауылдық округіне қарасты ауыл әкімшілігі, «Әлем-Нұр» балабақшасы, Қарлығаш негізгі орта мектебі мен Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебінің ұжымдары шақырылды. 

Салтанатты жиын мемлекеттік Гимнмен басталып, алғашықылардың бірі болып Екпінді ауылдық округінің әкімі  Ә.К.Қыстаубаев, М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің директоры Г.К.Нусупова және Екпінді ауылдық округі жастарының атынан Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебінің, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдукаримова Мадина Кемелханқызы сөз алып Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығындағы қол жеткізген жетістіктері мен «Желтоқсан оқиғасына 35 жыл» толуы туралы айтып өтті. 

Сөз соңында Екпінді ауылдық округінің әкімі  Ә.К.Қыстаубаев бірнеше адамды мақтау қағаздары және алғыс хаттармен марапаттады.

Марапат соңынан Мәлгеждар Әубәкіров атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қабылхамитова Елназ өз жүрегінен шыққан «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» мерекесіне арналған жыр шашуын оқыды.   

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық  мерекесіне арналған мерекелік шараның   ІІ бөлімі  «Гүлдене бер, Тәуелсіз Қазақстан»  тақырыбындағы М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің оқушылары, Екпінді ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері, Екпінді ауылдық «Ақ әжелер» ансамблі және «Үшқайың» әжелер ансамблінің  дайындаған   мерекелік шағын концертіне ұласты.

15 желтоқсан күні сағат 11.00-де мектеп бітіруші түлектері 11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері Ж.Қ.Тойшыбекова мен А.А.Төрехановалардың жетекшілігімен «Тәуелсіздік-тарих тұлғасы»    тақырыбындағы желтоқсан оқиғасына қатысушы  Екпінді ауылдық округінің әкімі  Ә.К.Қыстаубаевпен және мектебіміздегі ұлағатты ұстаздары Г.Ж.Майқынова, Ж.С.Қоңырбаевалармен кездесу ұйымдастырып, кездесу жоғары деңгейде өткізілді.  

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде қараша  айының 23-30  күндері аралығында Алакөл аудандық білім бөлімінің 19.11.2021 ж № 527-ө бұйрығы негізінде мектеп директорының  бұйрығы шығарылып  2021 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің күні Мемлекеттік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары   жасалынып  бекітілді.

22 қараша күні мектепішілік жиын өткізіліп, 23-30 қараша күндері аралығында    1-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің күні Мемлекеттік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.

23-30-қараша күндері аралығында  М.Әубәкіров   мектебінде «1 желтоқсанында Қазақстан  Республикасы Президентінің күні» Мемлекеттік мерекесі қарсаңында мектеп ауласы мен мерекелік іс-шара өтілетін орындарда  безендіру жұмыстары талапқа сай жүргізілді.

29 қараша күні 1-11 сыныптар арасында «Менің тұңғыш Президентім» атты сынып сағаттары /1-4 сыныптар/, «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбындағы сынып сағаты /5-11 сыныптар/ арасында сыныптарында өткізілді. 

Сонымен қатар 29-30 қараша күндері  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Егемен елдің кемеңгер басшысы»  тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысы  1-4 сынып арасында және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысы  5-8 сынып арасында өткізілді. Жеңімпаздар мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бас жүлде: 6а сынып оқушысы Жабайхан Аружан

І орын: 6а сынып оқушысы Жарахмет Назым

ІІ орын: 7 сынып оқушылары: Сексенбек Жасұлан, Ахметхан Жанерке

                8 сынып оқушылары: Төлеуғажықызы Жанна, Мерекеқызы Альбина

ІІІ орын: 7 сынып оқушылары: Абдолда Ақерке, Манатқызы Айзада, Серік Камила

                 8 сынып оқушылары: Жүмеке Елнұр


30 қараша күні сағат 1230-да  Екпінді ауылдық округі бойынша ауылдық әкімшілікпен бірлескен «1 желтоқсан - Қазақстан   Республикасы   Тұңғыш Президенті  күні   Мемлекеттік  мерекесін»  мерекелеуге   арналған  «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты салтанатты  жиын өткізілді. Салтанатты жиынға Екпінді ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Г.Н.Аубакирова, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ә.Д.Шариғатов, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы   Баядилов Қазығұл Бекжанұлы қатынасты.   

Салтанатты жиын үш бөлімнен жоспарланды. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай атап өткелі отырған   салтанатты  жиында баяндама оқу  тарих  пәнінің мұғалімі Байкелова Гүлбану   Құрбанбекқызына берілді.

Екпінді ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Г.Н.Аубакирова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары   Долдаханова Бағила Серікқызы,  мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы   Баядилов Қазығұл Бекжанұлы  құттықтау сөз сөйлеп, Н.Ә.Назарбаевтың Президенттікке сайланғалы бері өмір жолына тоқтала келіп, заманымыз тыныш, Елбасымыздың салған сара  жолымен жарқын болашаққа бет алайық» деп үндеу тастады. 

Екінші бөлімде бүгінгі күні мектебімізде де облыстық және аудандық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген, оқуда озат, мектептегі өткізіліп жатқан білім сайыстарының, іс-шаралардың ұйтқысы болып жүрген  5 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жас Ұлан» тобына, 1 сынып оқушыларын  «Жас Қыран» тобы қатарына қабылдау рәсімін өткізілді. 

Соңынан мектебіміздің жас ақындары аудандық жыр мүшайраларының жүлдегерлері  11 сынып оқушысы Серікбол Диана,  өзінің  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арнаған» арнау өлеңдерін оқыды.   Артынан мектеп оқушыларынан дайындалған «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты оқушылардың әндерімен жалғасты.

23-30-қараша күндері аралығында  мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова «Елбасы-кемеңгер көшбасшысы» атты  кітап көрмесін және  бастауыш сынып мұғалімдері сыныптарымен «Егемен ел және Елбасы» кітапханаға саяхат жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар, апталық барысында  мектепішілік 1-11 сыныптар арасында «Балалық шағымның  аспаны» сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауының  қорытындысы шығарылып, мектепішілік жиында І орын алған 4 -сынып, ІІ орын алған 10-сынып, ІІІ орын алған 7 сынып оқушылары марапатталды.   

16-19 желтоқсан аралығында аудандық білім бөлімінің хаты және мектеп директорының 14.12.2021 ж Б№189-ө бұйрығы негізінде «16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мемлекеттік мерекесіне орай мектепте тәртіп пен жылу режимін дұрыс сақтау мақсатында кезекшілік кестесі ұйымдастырылып, күндізгі және түнгі кестесі құрылды.  

Күндізгі кезекшілік:

Күні 

Уақыты 

Жауапты кезекші

Кезекшілер 

16.12.2021



900-1100

Б.С.Долдаханова

А.Н.Аубакирова

1100-1300

Н.Н.Байбатшанова

Г.Қ.Бәйкелова 

1300-1500

А.А.Төреханова

Р.А.Баукебаева 

1500-1700

Н.С.Дүйсебаева 

А.Құмархан

17.12.2021

900-1100

Е.Ш.Окпебаев

Б.Ж.Құрманбекова 

1100-1300

А.Мұсанов

А.Б.Иманбекова

1300-1500

Т.Ж.Қасымбеков

Ә.Қ.Тоқтақметова

1500-1700

С.Т.Ибраев

О.О.Мұсанов 

18.12.2021

900-1100

Ш.Б.Оралханов

Ә.М.Шерубекова 

1100-1300

Л.Асқарқызы

А.Ж.Умиралиева

1300-1500

Ж.Х.Назарова 

Б.Омарғазинова 

1500-1700

М.К.Кошкимбаев

Н.Қабдығалиева

19.12.2021

900-1100

Л.А.Абилкаир

Д.Н.Бексолтанова

1100-1300

Ж.Ж.Айдаболов

Г.Е.Шинадилова 

1300-1500

Е.Ш.Окпебаев

А.Мұсанов

1500-1700

Ш.Б.Оралханов

С.Е.Бекбосынов

Түнгі кезекшілік:

Күні 

Уақыты 

Кезекшілер 

Кезекшілер 

Судың бергі жақ беті

Судың арғы жақ беті

16.12..2021 

2000-2300

Е.Ш.Окпебаев М.К.Кошкимбаев А.А.Төреханова Р.А.Баукебаева

Ш.Б.Оралханов Ж.Ж.Айдаболов Н.Қабдығалиева

17.12.2021

2000-2300

Т.Ж.Қасымбеков 

С.Е.Бекбосынов А.Ж.Умиралиева

А.М.Мұсанов О.О.Мұсанов 


18.12.2021

2000-2300

Е.Ш.Окпебаев М.К.Кошкимбаев А.А.Төреханова Р.А.Баукебаева

Ш.Б.Оралханов Ж.Ж.Айдаболов Н.Қабдығалиева

19.12.2021

2000-2300

Т.Ж.Қасымбеков 

С.Е.Бекбосынов А.Ж.Умиралиева

А.М.Мұсанов О.О.Мұсанов 


Күндізгі кезекшілік барысында мектепте тәртіп пен жылу режимін дұрыс сақтау мақсатында кезекші мұғалімдер кестеге сәйкес өз уақыттарында кезекшілік өткізді. Және әр екі сағат сайын ішкі-сыртқы жылу мен тәртіп жайында АББ-і мен Екпінді ауылдық әкімшілігіне ақпараттар беріліп отырды. Кезекшілік барысы күнделікті тіркеу журналына жазылды. Ешқандай  келеңсіздік жағдайлар орын алмады.

«Жедел жастар» ұйымының жетекшісі С.Бекбосынов мерекеге байланысты түнгі кезекшіліктің  кестесі жасалып, бөлінген адамдар түнгі кезекшіліктерін атқарды. Рейд барысында ешқандай  келеңсіздік жағдайлар орын алмады. Уақытында ақпараттар берілді. 

АББ-нің 21.12.2021 ж №593-ө «Жаңа жыл мерекесін өткізу» туралы бұйрығы негізінде мектеп директорының 24.12.2021 ж №193-ө бұйрығы шығарылып, жаңа жылдық жоспары жасалынып, мектеп оқушылары мен сынып жетекшілерге таныстырылды.

Істелінетін шаралар

Мерзімі

Жауапты   адамдар

1

«Қош келдің, Жаңа жыл-2022» мерекесінің өтілу жұмыс жоспарын жасап  бекіту.

23.12.2021ж

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов

2

Мектептің кіре берісін залын  безендіру. 

23-24.12.2021ж

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов Т.Ж.Қасымбеков

А.М.Мұсанов

Л.А.Абилкаир

С.Т.Ибраев

10а,10б, 9а, 9б сыныптар

3

Шыршаны орнату

23-24.12.2021ж

С.Т.Ибраев

4

Электрлік шамдарды , гирляндаларды жағу, орнату

23-24.12.2021ж

С.Т.Ибраев

5

Газет көрмесін ұйымдастыру 1-11 сыныптар

23-27.12.2021ж

Сынып жетекшілер

6

Пән кабинеттерін безендіру; 


23-24.12.2021ж

1-11 сыныптар және сынып жетекшілер

7

МАД, 1-11 сыныптардың     «Қош  келдің, Жаңа  Жыл -2022» мерекелік  тәрбие сағатын өткізу.

27.12.2021ж

1-11 сыныптар және сынып жетекшілер

8

Әр сыныптың Жаңа жылдық құттықтауларын жасау. /бейнеролик  2-3 минуттық/

27-29.12.2021ж

Сынып жетекшілер

9

Аудандық, облыстық     президенттік қашықтықтан өтетін онлайн шыршаға оқушыларды қатынастыру. 5 сынып оқушылары  Аблайханов Нұрсұлтан,  Азамат Ақбота

28.12.2021 ж

Сағ 1000-де

Сынып жетекшісі Л.Абилкаир

10

Мереке      күндеріне пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі тарапынан  кезекшілік кестесін жасау. 

23.12.2021

Ш.Б.Оралханов

11

Мереке күндері түнгі көшеге «Жедел жастар» тобы рейдінің  кезекшілік кестесін жасау

27.12.2021 жыл

Т.Ж.Қасымбеков

12

Жаңа жыл мерекесінің өтілуі туралы аудандық білім бөліміне ақпарат беру, әлеуметтік желілерге жүктеу

30.12.2021 жыл

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов

Жоспары бойынша мектептің кіре берісін залы мен сыртқы көрініс, сынып бөлмелерін безендіру жұмыстары толықтай «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және сынып жетекшілердің бақылауымен жүргізілді. 

Мәдениет министрі 8 сынып оқушысы Жүмеке Елнұрдың және сынып жетекшілердің жетекшілігімен 1-11 сыныптар арасында газет көрмесі ұйымдастырылды.

27.12.2021 күнгі сынып сағатарында МАД, 1-11 сыныптардың  «Қош  келдің, Жаңа   Жыл -2022» мерекелік  тәрбие сағаттарын жоғары деңгейде, сапалы түрде өткізді. Жаңа жылдық мерекеге орай мектеп директоры Г.К.Нусупова, «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және бітіруші түлектердің қатысуымен әр сыныптарға сынып сағатарына Аяз ата мен ақшақар және әртүрлі ертегі кейіпкерлері кіріп, құттықтауларын айтып, оқушылардың мерекелік көңілдерін көтеру жұмыстары жүргізілді. 

27-29.12.2021ж аралығында әр сыныптың оқушылары жаңа жылдық құттықтауларын жасап, онлайн форматында 2-3 минуттық бейнеролик  жасалынды.

28.12.2021 ж күні сағ 1000-де Аудандық, облыстық  президенттік қашықтықтан өтетін онлайн шыршаға 5 сынып оқушылары Аблайханов Нұрсұлтан, Азамат Ақбота қатынастырылды.

АББ-нің 21.12.2021 ж №594-ө «Мерекелік шаралар және қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, оқушылардың қысқы демалысы кезінде бос уақыттарын тиімді пайдалану туралы» бұйрығы негізінде мектеп директорының 24.12.2021 ж №194-ө бұйрығы шығарылып, қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында күндізгі және түнгі кезекшілік кестелері жасалып, құрылды.

Күндізгі кезекшілік:

Күні 

Уақыты 

Жауапты кезекші

Кезекшілер 

1.01.2021



900-1100

С.Е.Бекбосынов

Н.Н.Байбатшанова

1100-1300

Е.Ш.Окпебаев

Б.Ж.Құрманбекова 

1300-1500

А.А.Төреханова

Р.А.Баукебаева 

1500-1700

Ж.Ж.Айдаболов

А.Құмархан

2.01.2021

900-1100

Е.Ш.Окпебаев

Г.Қ.Бәйкелова

1100-1300

А.Мұсанов

А.Б.Иманбекова

1300-1500

Т.Ж.Қасымбеков

Л.Асқарқызы

1500-1700

С.Т.Ибраев

Ә.Қ.Тоқтақметова

3.01.2021

900-1100

Ш.Б.Оралханов

Ә.М.Шерубекова 

1100-1300

Ж.Ж.Айдаболов

А.Ж.Умиралиева

1300-1500

Ж.Х.Назарова 

Б.Омарғазинова 

1500-1700

Т.Ж.Қасымбеков

Н.Қабдығалиева

4.01.2021

900-1100

М.К.Кошкимбаев

Д.Н.Бексолтанова

1100-1300

О.О.Мұсанов

Г.Е.Шинадилова 

1300-1500

А.Мұсанов

А.Н.Аубакирова

1500-1700

Ш.Б.Оралханов

Л.А.Абилкаир

Түнгі кезекшілік:

Күні 

Уақыты 

Кезекшілер 

Кезекшілер 

Судың бергі жақ беті

Судың арғы жақ беті

28.12.2021


2000-2300

М.К.Кошкимбаев А.Ж.Умиралиева 

О.О.Мұсанов

Н.Қабдығалиева

29.12.2021

2000-2300

М.К.Кошкимбаев А.Ж.Умиралиева 

О.О.Мұсанов

Н.Қабдығалиева

30.12.2021

2000-2300

Е.Ш.Окпебаев 

А.Н.Аубакирова

Ш.Б.Оралханов 

Г.Е.Шинадилова

31.12.2021

2000-2300

Т.Ж.Қасымбеков 

Г.Қ.Байкелова

С.Е.Бекбосынов

Ә.Қ.Тоқтақметова

1.01.2022

2000-2300

Е.Ш.Окпебаев 

Т.Ж.Қасымбеков 

Ш.Б.Оралханов 

С.Е.Бекбосынов 

2.01.2022

2000-2300

А.Мұсанов А.А.Төреханова 

Ж.Ж.Айдаболов Р.А.Баукебаева 

3.01.2022

2000-2300

А.Мұсанов А.А.Төреханова 

Ж.Ж.Айдаболов Р.А.Баукебаева 

Күндізгі кезекшілік барысында мектепте тәртіп пен жылу режимін дұрыс сақтау мақсатында кезекші мұғалімдер кестеге сәйкес өз уақыттарында кезекшілік өткізді. Және әр екі сағат сайын ішкі-сыртқы жылу мен тәртіп жайында АББ-і мен Екпінді ауылдық әкімшілігіне ақпараттар беріліп отырды. Кезекшілік барысы күнделікті тіркеу журналына жазылды. Ешқандай  келеңсіздік жағдайлар орын алмады.

«Жедел жастар» ұйымының жетекшілігімен мерекеге байланысты түнгі кезекшіліктің   кестесі жасалып, бөлінген адамдар түнгі кезекшіліктерін атқарды. Рейд барысында ешқандай  келеңсіздік жағдайлар орын алмады. Уақытында ақпараттар берілді. 

Алматы облысының білім басқармасының 24.12.2021 жылғы №4.2-42/59511  хаты және Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылында қысқы каникул кезінде «Қазақстан балалары-қысқы ертегі» балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша қысқы демалыс кезеңіне ҰСЫНЫМДАРЫ» негізінде2021 жылдың 30 желтоқсанынан 2022 жылдың 09 қаңтар аралығында  «Қазақстан балалары-қысқы ертегі» атты іс-шара жоспарын орындау үшінМ.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 30.12-9.01 қысқы каникул кезіне байланысты 1-11сынып оқушыларымен мектеп директорының 24.12.2021 ж №194-ө бұйрығына сәйкес танымдық мәдени және спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. 

Ұсынымдардың мақсаты-қысқы демалыс кезеңінде балалар уақытының тиімді қамтылуын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру.

  Міндеттері:

  1) қысқы каникул кезеңінде балалардың демалыс және уақытты тиімді қамту жүйесін сақтауға және тұрақтандыруға бағытталған жағдайлар жасау;

  2) қысқы каникул кезеңінде балалар уақытының тиімді қамтылуын, демалысын және сауықтырылуын әдістемелік қолдау;

  3) қашықтықтан, оның  ішінде қысқы каникул кезеңінде білім алушылардың іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету.

27-29 желтоқсан аралығында әр сыныптың сынып жетекшілері тарапынан сынып оқушыларын қысқы демалыс кезеңінде қауіпсіз жағдай жасау мақсатында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар: оқушыларға автомобиль жолдарындағы тәртіп ережелерін, көшеде бей берекет құлаққаппен ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу туралы (жүріп келе жатқан көліктің сигналдарын естімей қалуы мүмкін) ескерту жұмыстары жүргізілді.

  Сондай-ақ оқушылармен сыныптарда, мұзда, жолдарда, қоғамдық орындарда, өрт кезінде, электр аспаптарын пайдалану, пеш пен жылыту жәнет. б. қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы профилактикалық әңгімелесулер өткізілді. 

Қысқы каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты 28-29 желтоқсан  күндері аралығында  ата-аналармен байланыс дәптерлері толтырылып, сынып бөлмелері ретке келтірілді.

30 желтоқсан күні мектептің ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ватсап чаты құрылып, ата-аналарға қысқы каникул кезіндегі ережелер түсіндірілді.

31.12-1.01 аралығында «Жаңа жылдық» мерекеге байланысты ата-аналар мен оқушылар ватсап чатында онлайн - шеберханасы «Өз қолыңызбен жасалған сыйлық – ең керемет сыйлық!» тақырыбында фото сыйлық және «Жаңа жылмен құттықтаймыз, отбасылық тілек сыйлаймыз!» құттықтау тілектері бейнеролиг түрінде жіберілді. 

2-4.01 қаңтар аралығында «Жаңа жыл-отбасылық мереке» тақырыбында фотоколлаж байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша Оралхановтар, Иманбековтар отбасының фотоколлажы үздік деп танылды.

5.01 күні бастауыш сыныптардың сынып жетекшілері сыныптарымен оқушылардың бос уақытттарын тиімді пайдалану мақсатында түстен кейінгі уақытта «Шынығып шымыр болайық» тақырыбындағы тауда шана тебу іс-шаралары өткізілді. Тауда шана тебу барысында оқушылар жақсы демалды.

5.01 күні Ж.Ж.Айдаболов 1 сыныбымен «Қызықты домино», Д.Н.Бексолтанова 3 сыныбымен «Қыс» тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқудан және 2 сыныптың сынып жетекшісі Ә.М.Шерубекова «Қыс кереметі» тақырыбында сайыс, 6.01 күні 4 сынып жетекшісі Б.Ж.Курманбекова «Сіріңкемен берілген логикалық есептер» сұрақ-жауап іс-шараларын қызықты және уақытында оқушыларымен өткізді.

Мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова 1-11 сынып «Менің сүйікті кітабым» мектеп кітапханасына саяхат, мәнерлеп оқу сайысы және үздік оқырман сайыстарын өткізді. 

5-6.01 күндері 8-11сыныптар арасында волейболдан, 5-7 сыныптар арасында дойбыдан спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жарыстарға сынып оқушыларынан командалар құрылып барлығы тегіс қатынасты. Волейболдан өткен жарысқа 4 команда қатынасты. Сонымен қатар, Ә.Әлімжанов атаныдағы орта мектебінен құрылған 1 команда келіп өзара бақ сынасты.  «Ұлар, қыздар» командалары барлық ойында жақсы ойын өрнегін көрсеткен 9а сынып оқушылары 1 орын алса, 2-3 орындарды 10 сынып және Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебінен құрылған командалары өзара бөлісті. Дойбыдан өткен жарыста 7 сынып оқушылары командалық есепе  І орын алса, ІІ орын 6 сынып командасы, ІІІ орынды 5 сынып оқушылары алды.  

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru