Тәуелсіздік күні мерекесі » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік күні мерекесі
09
январь
2018

Тәуелсіздік күні мерекесі

2017-2018 оқу жылында М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде
желтоқсан айының 7-15 күндері аралығында өтетін «Тәуелсіздік елімнің-еркін жолы» атты апталықтың іс-шараларының өтілуі туралы
М Ә Л І М Е Т

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде желтоқсан айының 7-15 күндері аралығында Аудандық білім бөлімінің 28.11.2017 жылғы №666-ө бұйрығы, мектеп директорының 29.11.2017 жылғы №306-ө бұйрығы негізінде «Тәуелсіздік елімнің-еркін жолы» атты апталық өткізілді.
4-желтоқсан күні «Тәуелсіздік елімнің-еркін жолы» атты апталықтың іс-шара жоспары жасалынып, мектеп директорымен бекітіліп, апталықтың іс-шара жоспары мектеп оқушыларына таныстырылды.
4-7 желтоқсан аралығында мектеп ауласының және мереке өтетін орынды безендіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сызыу-сурет пәнінің мұғалімі А.М.Мұсановтың ұйымдастыруымен 1-11 сыныптар арасында 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздік елімнің-еркін жолы» тақырыптық қабырға газеттері шығарылды.
Апталық барысында мектеп кітапханашысы Ұ.Ө.Нүсіпова «Тәуелсіз елім Қазақстан» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрме барысында мектеп кітапханашысы Қазақстанның 26 жыл ішіндегі жетістіктерімен оқушыларды таныстырып өтті.



7-желтоқсан күні «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тақырыбында 5-10 сынып оқушылары арасында Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебінде өткен округтік шығарма байқауына мектебімізден 8-9 сыныптар бойынша Жармұхамбет Сағым, Жобайханова Айым, Амангелдинова Мөлдір, Болатжанқызы Аружандар қатынасып, 8 сынып оқушысы Жармұхамбет Сағым жүлделі І орынди иеленіп, Екпінді ауылдық округі әкімінің мадақтамасымен марапатталды.


8 желтоқсан күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналған мектеп оқушылар мен округ жастары арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа «Ауыл жастары», «Үшқайың» құрамасы, «Қарлығаш» құрамасы, «Ақжар» ауылы құрамасы, ауыл ұстаздарынан құралған «Ауыл ақсақалдары» құрамасы және 9-10-11 сыныптардан құралған «Мектеп оқушылары» құрамалары қатынасты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды 9-10-11 сыныптардан құралған «Мектеп оқушылары» құрамалары, ІІ орынды ауыл ұстаздарынан құралған «Ауыл ақсақалдары» құрамасы, ІІІ орынды «Ауыл жастары» иеленіп, Екпінді ауылдық округі әкімінің мадақтамасымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.






11 желтоқсан күні мектеп әкімшілігі және 10 сынып оқушыларының сынып жетекшісі Ж.Қ.Тойшыбекованың ұйымдастыруымен Екпінді ауылдық округіне қарасты екі мектеп Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі, Қарлығаш негізгі мектептерінің оқушыларын шақыра отырып, «Қазақстанның ең қастерлі құндылығы-Ел Тәуелсіздігі» тақырыбында мектепішілік пікірталас өткізілді. Желтоқсан оқуғасына қатынасушы, мектебіміздің ұстаздары Гүлмира Тарасқызы Әлімбаева, Жанат Сәрсенқызы Қоңырбаева және Гүлнар Жаңбырбайқызы Майқыновалар мерекелік пікірталастың қонағы ретінде шақырылып, өз ойларымен бөлісті.
Апталық барысында 1-11 сынып бойынша әр сынып жетекшілер «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» тақырыптарында сыныптарымен ашық тәрбие сағаттарын және дөңгелек столдар өткізді. Ашық тәрбие сағаттарына мектеп мұғалімдері, ата-аналар және желтоқсан оқиғасына қатынасқан, ұстаздар Г.Т.Әлімбаева, Ж.С.Қоңырбаева және Г.Ж.Майқыновалар қатынасты.



14 желтоқсан күні сағат 1100-де «Тәуелсіздік елімнің-еркін жолы» тақырыбында мектепішілік мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға Екпінді ауылдық округінің әкімі Ә.К.Қыстаубаев, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ә.Д.Шариғатов, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Макева, «Ерке нұр» балабақшасының ұжымы, ауылымыздың қариялары, зейнеткер ұстаздар және желтоқсан оқиғасына қатынасқан Г.Т.Әлімбаева, Ж.С.Қоңырбаева және Г.Ж.Майқыновалар, Екпінді ауылдық округіне қарасты екі мектеп Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі, Қарлығаш негізгі мектептерінің ұстаздары мен ауыл тұрғындары, ауылдық емхана ұжымы қонаққа шақырылып, қатынасты. Жиынға сонымен қатар ата-аналарда қатынасты. Салтанатты жиын 3 бөлімнен тұрды.
І бөлімінде мерекелік жиын, құттықтаулар айтылып, облыстық және аудандық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген, оқуда озат, мектептегі өткізіліп жатқан білім сайыстарының, іс-шаралардың ұйтқысы болып жүрген оқушылар «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды.




ІІ бөлімде «Азаттықтың нақ тұғыры-Желтоқсан» тақырыбындағы 8 сынып оқушыларының сынып жетекшілері Г.Т.Әлімбаев мен А.М.Мұсановтардың дайындаған мерекелік әдеби қойылымы көрсетілді.



ІІІ бөлімінде «Гүлдене бер, Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы мектеп оқушылары мен «Ерке нұр» балабақшасының және Екпінді ауылдық мәдениет үйімен бірлескен мерекелік концерт өтті.




Желтоқсан айының 16-19 күндері аралығындағы мерекелік демалыс күндері оқушылардың өмір қауіпсіздігі ережелері, түнгі көшеге мектебіміздің «Жедел жастар» тобының ауылдық учаскелік инспекторы Т.Жұмахановпен бірлескен рейді жүргізілетіндігі, кешкі сағат1900-ден кейін көшеге шығуға болмайтындығы ескертілді.
16-19 желтоқсан күндері мектеп ұстаздарынан жасақталған « Жедел жастар» тобының түнгі көшеге рейді жұмысы ұйымдастырылды және мектепте мереке күндері және мектептің жылу жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін қадағалау мақсатында мектеп әкімшілігі мен ұстаздарының бірлескен сағат 900-ден 1700-ге дейінгі аралықта кезекшілік жұмысы ұйымдастырылды.

Желтоқсан айының 7-15 күндері аралығында жоспарланған «Тәуелсіздік елімнің-еркін жолы» атты апталықтың іс-шаралары толықтай өткізіліп, қорытындысы шығарылды.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru