2021-2022 оқу жылында М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде «Болашақ» мектеп парламенті өзін-өзі басқарудың І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы мәлімет » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылында М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде «Болашақ» мектеп парламенті өзін-өзі басқарудың І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы мәлімет
17
январь
2022

2021-2022 оқу жылында М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде «Болашақ» мектеп парламенті өзін-өзі басқарудың І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы мәлімет

2021-2022 оқу жылында М.Әубәкіров атындағы орта  мектебінде

«Болашақ» мектеп парламенті өзін-өзі басқарудың 

І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы мәлімет


Парламент мақсаты:

Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.

Парламент міндеттері:

1) білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;

2) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық    және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады;

3) білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;

4) білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;

5) білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;

6) білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету;

7) қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысу;

8) балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады.

9. Білім беру ұйымдарында Парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.

М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша  «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымын құру туралы мектеп директорының  01.09.2021 ж күні №129-ө шығарылып, «Болашақ» мектеп парламенті өзін-өзі басқарудың жылдық жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітіліп, оқушыларға таныстырылды. 

Қыркүйек:

2021 жыл 1.09.2021 ж күні «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымын құру туралы» мектеп директорының № 129-ө бұйрығы шығарылып, жылдық жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді.

2021 жыл 2 қыркүйек күні «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымының ұланбасы, ұйым мүшелерін сайлау №І жиыны онлайн форматында өтті. Жиын барысында 2020-2021 оқу жылында онлайн форматында сайланған оқушылар бір ауыздан сайланып, өз жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болды. 

Мектеп президенті

Мектеп парламентінің құрамы

Сынып 


Атқаратын қызметі

1

Амангелді Төлеухан  


11б

Мектеп президенті

2


Ахмет Дарын

11а

Ұлдар бастығы

3


Қабылхамит Елназ 

11а

Қыздар бастығы

4


Мықтыбек Ақмаржан

10б

Білім министрі

5


Қалиахмет Айзат

11б

Тәртіп министрі

6


Саметай Айаужан 

10а

Тазалық министрі

7


Бисеит Аршагүл 

10а

Мәдениет министрі

8


Базрғажы Дарын 

11а

Спорт министрі

9


Тоғанбай Данияр

10б

Экология министрі

20 қыркүйек күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйысмдастырушы мұғалім Ш.Б.Оралханов және АІІБ ЖПК-нің ЮПТ-ның инспекторы полиция капитаны А.Кульбековпен бірлесе отырып, онлайн форматында 1-11 сынып оқушыларымен ҚР «Білім туралы», «Мемлекеттік Жастар саясаты туралы» Заңдарын, ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілері мен мектепішілік Ережемен таныстыру мен кездесу жұмыстары жүргізілді.

27 қыркүйек күні М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде  1-11 сынып оқушыларының мектеп формасы, оқулықтарының таза ұстауы, кабинеттерінің тазалығын тексеру жұмыстары жүргізілді. 

Тексеру мақсаты: оқушылардың мектеп формасы сақтауы, оқулықтарының таза ұсталуын, кабинеттерінің тазалығын бақылау

Тексеру обектісі: жалпы бақылау

Тексеру комиссиясының мүшелері:

  • Е.Ш.Окпебаев – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  • Ш.Б.Оралханов – педагог-ұйымдастырушы
  • К.М.Искакова – мектеп медбике
  • Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері

ҚорытындысыМектеп оқушыларының мектеп формасы сақтауы, оқулықтарының таза ұсталуын, кабинеттерінің тазалығын бақылау (әр аптаның бірінші күні тексеріледі) қорытындысы төмендегідей: 

Оқушы мектепке келер кезде қауіпті жерлер, құрылыс алаңдары, қауіпті бұрылыстармен жүрмей, жан-жақты бақылап, қауіпсіз маршрутты таңдауы тиіс.  

Бірыңғай мектеп формасын кию: ұлдар мен қыздардың сыртқы келбеті- қара көк шалбар, юбка, бір түсті ақ немесе көк көйлек. Оқушылардың сыртқы келбетін кезекші мұғалімдер мен әкімшілік бақылап, негізгі тәртіп бойынша киінуін ескертіп отырады. 

Дене тәрбиесі мен технология сабақтарында арнайы киімді (технология сабағында- фартук, дене тәрбиесі сабағында- спорттық киім, аяқ киім) кию керектігі және мектеп ішінде сыртқы киіммен жүруге болмайтындығы, оны арнайы киім ілетін орынға шешіп кетуі керектігіде уақытылы ескертіліп отырды. Оқушы мектепке ұқыпты, таза келуі керек. 

Сонымен қатар оқушыларға мектепке әкелуге тыйым салынады:

· Мектепте ішімдіктер, шылым, наркотиктік заттар әкелуге, таратуға, қолдануға болмайды; 

· Жанатын және атылғыш кез-келген заттарды қолдануға болмайды; 

· Қарым-қатынастарын шешу кезінде бір-біріне қол көтеруге, күш көрсетуге, қажетсіз талаптар қоюға, айқай-шу көтеруге; 

· Қоршаған айналаға қауіп әкелетін кез-келген істерге; 

· Мектеп қызметкерлеріне және басқа оқушыларға дөрекі сөйлеуге;

·  Мектепке сабаққа қатысы жоқ заттар әкелуге; 

· Ойын карталарын, сіріңке, кесетін және қадалатын заттар әкелуге; 

· Мектеп мүлкіне зақым келтіретін және өзіне, айналасына қауіп әкелетін істермен шұғылдануға; 

· Мектеп және кабинет мүліктеріне, қабырғаларына жазуға, сызуға, оларды сындыруға; 

· Мектепке қатысты кітаптарға жазуға, оларды жыртуға; 

· Мектеп ішінде және айналасына қоқысты шашуға, қоқыстарды кез-келген жерлерге тастауға; 

· Сабақ уақытында ұялы телефондарды, электронды ойындарды қолдануға;

· Оқу сабақтары кезінде дәлізде бос жүруге; 

· Жүгіруге, терезеге жақын аралық ойықтарда тұруға, ойнауға болмайтын орындарда ойнауға; 

· Өз беттерімен рұқсатсыз сабақтан немесе мектептен кетуге; 

· Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинеттің кілтін алып ашуға, сыныптың есігін іш жағынан жабуға, терезені ашуға т.б. болмайтындығы ескертілді.

Қыркүйек айында штаттық кестеге сәйкес мектепке кіру барсында санитарлық-эпидемиологиялық   талаптар мен тәртіптік шаралар толықтай қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етіліп, сыныптардың құжаттары толықтай талапқа сай ретке келтірілген.

Сыныптардың сабақтар арасындағы әр сыныптарға әртүрлі үзілістерге арналған сабақ кестелері, оқу бөлмелеріне қажетті құрал жабдықтармен /антисептик, бетперделер, түсіндірме материалдары жаднамалар т.б/ толық қамтылған.

Пән кабинеттеріне уақытылы, әр ауысым сайын дезинфекциялық жұмыстар мен тазалық жұмыстары бөлмені жиі желдетіп отыру, ылғалды тазалық жүргізу жұмыстары жүргізіліп отырды. Сынып оқушыларының санитарлық гигиеналық талаптарды орындауы мақсатында оқушыларға мектеп медбикесінің бақылауымен күнделікті тексеру жұмыстары жүргізіледі. 

Ал, ата-аналарға күнделікті бала мектептен және қоғамдық орындардан үйге қайтып келгенде, қолын сабынмен әбден жуу немесе антисептикпен тазалау, балалармен бірге сауда нысандарына, туған-туыс, дос-жарандармен өткізілетін іс-шараларға барудан бас тару, бала жүрген бөлмені жиі желдетіп отыру, күніне екі реттен кем емес ылғалды тазалық жүргізу  керектігі толықтай ескертілген.

Оқушылар оқулықпен толық қамтылған, оқулықтар мен оқу кітаптары түгел, таза және ұқыпты пайдалануда. 

Жалпы күнделік тексеру барысында сынып жетекшілерге кеткен қателіктер туралы, күнделікті таза ұстау, күнделікті уақытылы толтыру керектігі ескертілді.

Қазан:

2021 жыл 2 қыркүйек күні «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымының №ІІ отырыс өткізілді. 

Күн тәртібінде:

  1. Мектептегі тәртіпті қадағалау
  2. Сабақтан кешіккен, сабақтан себепсіз қалған оқушылар 

Тыңдалды:

  1. Мектеп президенті 11 сынып оқушысы Амангелді Төлеухан М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша мектеп тәртібін қадағалау жұмыстарын жүргізді. Қазан айы бойынша мектеп оқушыларының киім үлгісі талапқа сай. Мектеп дәлізінде оқушыларды өзін-өзі ұстауына байланысты ескертулер беріліп, жұмыстар жүргізілді. 
  2. Тәртіп министрі сабаққа кешігіп келген, сабақтан себепсіз қалған оқушыларды қадағалау жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында сабаққа кешігіп немесе сабақтан себепсіз жиі қалған  7а, 7б, 9а, 10а сынып оқушыларына ескерту беріп, сынып жетекшісі бақылауға алды.

Қабылданған шешім:

  1. Мектептегі тәртіп қатаң бақылауға алынсын.
  2. Оқушылардың сабақты себепсіз қалдырмауы, кешігіп келмеуі қатаң бақылауға алынсын.

Сонымен қатар М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша өзін-өзі басқару ұйымының қатысуымен және мектептің оқу тәрбие жоспарына сәйкес 28.09-5.10 аралығында «Ұстаз аты-мәңгілік» тақырыбындағы мектепішілік апталықты ұйымдастыру үшін мектепішілік мектеп директорының бұйрығы шығарылып, іс-шаралар  жоспары құрылып, бекітілді. Іс-шара жоспары сынып жетекшілер мен оқушыларға  таныстырылды.   

Жоспарға сәйкес апталық барысында ұстаздар мерекесіне арналған құттықтау қабырға газеттері шығарылып ілінді. Апталық аясында ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстаз аты-мәңгілік» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, «Жас Ұлан ББҰ-ның» мүшелері мектептегі ұстаздар қауымын өз қолдарымен жасаған түрлі-түсті гүлдер мен құттықтау қағаздарымен құттықтады. Сынып сағаттары барысында түсірілген видео сабақтар мен құттықтаулар әлеуметтік желілерге жүктелінді.
Апталық барысында мектебіміздің жас ұстаздары тарапынан «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында мерекелік челленджін ұйымдастырып, челлендж барысында түсірілген құттықтау видеолар әлеуметтік желілерге жүктелінді және «Алакөл тәрбие» ортақ ватсабына жіберілді.
Сондай-ақ, 11 сынып бітіруші түлектер мен 1-10 сынып оқушыларының және сынып жетекшілерінің ұйымдастырумен «Ұстаз аты-мәңгілік» және «Ұстазым-ұлағатым, үлгі өнегем» тақырыбтарында мектеп ұстаздары мен зейнеткер ұстаздарды құттықтау мақсатында интернет желілері арқылы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған концерт мектеп ұстаздарының ортақ ватсабына және зейнеткер ұстаздардың да жеке ватсаптарына жүктелінді. Қарт ұстаздар оқушылардың ұйымдастырған құттықтауларына алғыстарын білдірді.  
М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша мектептің оқу тәрбие жоспарына сәйкес 28.09-5.10 аралығында ұйымдастырылған «Ұстаз аты-мәңгілік» тақырыбындағы мектепішілік апталық уақытында және өз дәрежесінде өткізілді.   

Қараша: 

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 1-6.11.2021 ж  күзгі каникул кезіне байланысты 1-11сынып оқушыларының бос уақытттарын тиімді пайдалану мақсатында мектеп директорының 27.10.2021 ж №161-ө бұйрығына сәйкес танымдық мәдени және спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. 

Күзгі каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты ата-аналармен байланыс дәптерлері толтырылып, оқушылардан қауіпсіздік парақшалары таныстырылып, қолдары қойылды, сынып бөлмелері ретке келтірілді

3.11 күні Бексолтанова Д.Н 3 сыныбымен «Күзгі композиция» жасау, 5.11 күні Ж.Ж.Айдаболов 1 сыныбымен «Қызықты тапсырма» математикалық интеллектуалды тапсырма, 5.11 күні 2 сыныбымен   Ә.М.Шерубекова «Күз кереметі» сурет сайысы, және мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова 1-11 сынып оқушыларымен   «Бәріміз кітап оқимыз» үздік оқырман сайысы,  «Рухани жаңғыру: кітапханалық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру» тақырыптарында көрме, кітапханаға саяхат сабақтарын өткізді.

2-5.11 күндері 5-11сыныптар арасында волейболдан, 5-11 сыныптар арасында дойбы және баскетболдан спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жарыстарға сынып оқушыларынан командалар құрылып барлығы тегіс қатынасты. Волейболдан өткен жарысқа 4 команда қатынасты. «Ұлар, қыздар» командалары барлық ойында жақсы ойын өрнегін көрсеткен 10 сынып оқушылары 1 орын алса, 2-3 орындарды 9 сынып және 11 сынып командалары өзара бөлісті. Дойбыдан өткен жарыста 7 сынып оқушылары командалық есепе  І орын алса, ІІ орын 6 сынып командасы, ІІІ орынды 5 сынып оқушылары алды.  

8-12.11 күні аралығында «Денсаулық-бұл спорт» стендін безендіру жұмыстары дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен бірлесе жүргізіліп, айына 1 рет «Мектеп Лигасы» спорттық   іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. 

15-19.11 аралығында мектеп медбике Р.Е.Әбілқасымова және мектеп президенті Амангелді Төлеухан және сынып жетекшілердің қатысуымен «Нашақорлықтың, маскүнемдіктің және шылым шегу-бүкіл қоғамның қасіреті» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ләззат алу үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Демек, алғашқыда ляззат алу үшін күніне 0,1 грамм кететін болса, кейін 0,2 грамм қолдануы керек болады. Сөйтіп, дозаны бірден өсіріп алады да, денелерін улап тастайды нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды. Марихуана – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі. Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.

Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған. Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кете.ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексі: аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген. Есірткінің қазір көп тарап отырғаны героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде  ләззат алады, сосын ағза тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады, буын-буыны сырқырыйды. Сөйтіп, бара-бара тек ауырмау үшін іздейді. Адамның өз-өзінен бұзылып кетпейтіні белгілі ғой. Біреуге әйтеуір ықпал етеді.   Жастардың арасында  «мода» деген түсінік бар. Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді. Қазір не көп түнгі клуб көп. Бірулерін пайдаланса, адамның көңілі көтеріледі, үнемі қоғалғысы келіп тұрады, біреін ішіп алса шаршамайды, таңға дейін билегу бар. Әуелі осындай жеңіл түрінен бастайды, соңында  бірте – бірте ақ ұнтаққа көшеді.

Сондай-ақ, «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында плакат және сурет байқаулары ұйымдастырылды. 

Есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген. Есірткінің қазір көп тарап отырғаны героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде   ләззат алады, сосын ағза тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады, буын-буыны сырқырыйды. Сөйтіп, бара-бара тек ауырмау үшін іздейді. Адамның өз-өзінен бұзылып кетпейтіні белгілі ғой. Біреуге әйтеуір ықпал етеді.   Жастардың арасында  «мода» деген түсінік бар. Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді. Қазір не көп түнгі клуб көп. Бірулерін пайдаланса, адамның көңілі көтеріледі, үнемі қолғалғысы келіп тұрады, біреуін ішіп алса шаршамайды, таңға дейін билегу бар. Әуелі осындай жеңіл түрінен бастайды, соңында  бірте – бірте ақ ұнтаққа көшеді.

Осыған орай технология пәнінің мұғалімдері О.О.Мұсанов Л.Асқарқызы және сынып жетекшілердің ұйымдастырумен 1-11 сыныптар арасында «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында плакат және сурет байқаулары ұйымдастырылды және есірткіні өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  

Аптасына 1 рет педагог-ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов, сынып жетекшілер, мектеп медбикесі Р.Е.Әбілқасымова және фракция мүшелерімен бірлескен «Таза мектеп – таза сынып» сынып бөлмелерін тазалығын бақылау жұмыстары уақытылы жүргізіліп отырды.

Желтоқсан:

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспары негізінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланбасын-президентін» сайлау 26 қараша күні өтетіндігі туралы   8 қараша күні мектептің таңертеңгі тәртіп жиынында оқушыларға ескертілді. Мектеп президенттігіне 9 және 8 сыныптардан 6 үміткер өз бағдарламаларын дайындап, өздерін президенттікке үміткер ретінде ұсынды. Олар:

  1. Әділханұлы Бірлән    9бсынып  
  2. Меңғали Мақсат        9а сынып 
  3. Әшімхан Досымжан  9а сынып  
  4. Меңғали Азат             8 сынып 
  5. Жүмеке Елнұр            8 сынып 
  6. Мерекеқызы Альбина 8 сынып  

Мектептің кіре беріс залына үміткерлерге арналған стенд жасалынып, суреттері мен бағдарламалары  ілінді.

26 қараша күні « Жас Ұлан » балалар мен жасөспірімдер бірыңғай ұйымының  президентін сайлауға арналған салтанатты жиынның өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік ГИМН-мен басталып, Мемлекеттік ГИМН-мен аяқталды. Жиын барысында Тұңғыш президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « ... жас Қазақстандықтар арасында жұмыстарды жандандыру қажет.  «Жас Ұлан» ұйымын құрып, мемлекетіміздің жастарын біріктіру керек, сонымен қатар, балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру мәселесін қарастыруды партияға жүктеймін»,-деп балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына ерекше көңіл бөлуі біздің жұмысымызға жаңа серпіліс енгізілуі жайлы мағлұматтар берілді. 

Жиын барысында мектеп директоры Нусупова Гүлнар Қасымбайқызы үміткерлерге жақсы тілектері мен сайлаудың әділ өтетіндігіне тілегін білдірді. 

Сайлаудың дұрыс, әділ өтуін қадағалау мақсатында сайлау комиссиясы құрылды. Ол кісілер: Сайлау комиссиясының төрайымы мектеп директоры Нусупова Гүлнар Қасымбайқызы,  мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Окпебаев Ербол Шерниязұлы, ұйымдастырушы мұғалімі Оралханов Шалқар Базаргелдіұлы, дефектолог Кошкимбаев Мақсат Кемелханұлы, әлеуметтік педагог Мұсанов Айбек Манарбекұлы.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен ұстаздар арасынан сайлаудың дұрыс өтуін қадағалау мақсатында бақылаушылар тағайындалды. Олар: «Қызғалдақ» қыздар клубының жетекшісі Умиралиева Айда Жұмағалиқызы, мектеп психологі Байбатшанова Нургуль Наксбекқызы, мектебіміздің логопеді Лаура Асқарқызы.

Сайлау 26 күні таңертең 9.00-де басталып, 12.00-де аяқталды. Сайлау барысында келеңсіз оқиғалар болған жоқ. Барлығы бір қалыпты уақытылы өтті.

Сағат 12.00-де әр сыныптың белсенді оқушыларымен бірлесе отырып мектеп президенттігіне үміткерлерге берілген дауыстар саналынды.

Қорытындысы бойынша мектебімізде өткен жалпы президенттігі сайлауында  35 мұғалімнің 20-ы, 166 оқушының 147-сі барлығы 201  сайлаушының 167-сі з дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.

Сонымен, бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде әр кандидатқа берілген дауыс саны:

  1. Әділханұлы Бірлән    9бсынып  .............43........ дауыс, ...............%
  2. Меңғали Мақсат        9а сынып ............70......... дауыс, ...............%
  3. Әшімхан Досымжан  9а сынып  ...........5.......... дауыс, ...............%
  4. Меңғали Азат             8 сынып ............9......... дауыс, ...............% 
  5. Жүмеке Елнұр            8 сынып ............14......... дауыс, ...............%
  6. Мерекеқызы Альбина 8 сынып  ...........24.......... дауыс, ...............%
мектеп президенті лауазымына, атап айсақ 70 пайыз дауыс жинаған 9а сынып оқушысы Меңғали Мақсат Асланұлы сайланды.

Ал, сағат 12.30-да «Ұланбасын ұлықтау рәсімі» өткізілді.

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде қараша  айының 23-30   күндері аралығында Алакөл аудандық білім бөлімінің 19.11.2021 ж № 527-ө бұйрығы негізінде мектеп директорының   бұйрығы шығарылып  2021 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің күні Мемлекеттік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары   жасалынып бекітілді.

22 қараша күні мектепішілік жиын өткізіліп, 23-30 қараша күндері аралығында   1-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің күні Мемлекеттік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.

23-30-қараша күндері аралығында  М.Әубәкіров   мектебінде «1 желтоқсанында Қазақстан  Республикасы Президентінің күні» Мемлекеттік мерекесі қарсаңында мектеп ауласы мен мерекелік іс-шара өтілетін орындарда  безендіру жұмыстары талапқа сай жүргізілді.

29 қараша күні 1-11 сыныптар арасында «Менің тұңғыш Президентім» атты сынып сағаттары /1-4 сыныптар/, «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбындағы сынып сағаты /5-11 сыныптар/ арасында сыныптарында өткізілді. 

Сонымен қатар 29-30 қараша күндері  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Егемен елдің кемеңгер басшысы»   тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысы   1-4 сынып арасында және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысы  5-8 сынып арасында өткізілді. Жеңімпаздар мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бас жүлде: 6а сынып оқушысы Жабайхан Аружан

І орын: 6а сынып оқушысы Жарахмет Назым

ІІ орын: 7 сынып оқушылары: Сексенбек Жасұлан, Ахметхан Жанерке

                8 сынып оқушылары: Төлеуғажықызы Жанна, Мерекеқызы Альбина

ІІІ орын: 7 сынып оқушылары: Абдолда Ақерке, Манатқызы Айзада, Серік Камила

                 8 сынып оқушылары: Жүмеке Елнұр

30 қараша күні сағат 1230-да  Екпінді ауылдық округі бойынша ауылдық әкімшілікпен бірлескен «1 желтоқсан - Қазақстан   Республикасы   Тұңғыш Президенті  күні   Мемлекеттік  мерекесін»  мерекелеуге   арналған  «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты салтанатты  жиын өткізілді. Салтанатты жиынға Екпінді ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Г.Н.Аубакирова, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ә.Д.Шариғатов, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы    Баядилов Қазығұл Бекжанұлы қатынасты.    

Салтанатты жиын үш бөлімнен жоспарланды. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай атап өткелі отырған   салтанатты  жиында баяндама оқу  тарих  пәнінің мұғалімі Байкелова Гүлбану  Құрбанбекқызына берілді.

Екпінді ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Г.Н.Аубакирова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Долдаханова Бағила Серікқызы,  мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы   Баядилов Қазығұл Бекжанұлы  құттықтау сөз сөйлеп, Н.Ә.Назарбаевтың Президенттікке сайланғалы бері өмір жолына тоқтала келіп, заманымыз тыныш, Елбасымыздың салған сара  жолымен жарқын болашаққа бет алайық» деп үндеу тастады. 

Екінші бөлімде бүгінгі күні мектебімізде де облыстық және аудандық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген, оқуда озат, мектептегі өткізіліп жатқан білім сайыстарының, іс-шаралардың ұйтқысы болып жүрген  5 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жас Ұлан» тобына, 1 сынып оқушыларын  «Жас Қыран» тобы қатарына қабылдау рәсімін өткізілді. 

Соңынан мектебіміздің жас ақындары аудандық жыр мүшайраларының жүлдегерлері  11 сынып оқушысы Серікбол Диана,  өзінің  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арнаған» арнау өлеңдерін оқыды.   Артынан мектеп оқушыларынан дайындалған «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты оқушылардың әндерімен жалғасты.

                 

23-30-қараша күндері аралығында  мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова «Елбасы-кемеңгер көшбасшысы» атты  кітап көрмесін және  бастауыш сынып мұғалімдері сыныптарымен «Егемен ел және Елбасы» кітапханаға саяхат жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар, апталық барысында  мектепішілік 1-11 сыныптар арасында «Балалық шағымның  аспаны» сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауының  қорытындысы шығарылып, мектепішілік жиында І орын алған 4 -сынып, ІІ орын алған 10-сынып, ІІІ орын алған 7 сынып оқушылары марапатталды.  

АББ-нің 21.12.2021 ж №593-ө «Жаңа жыл мерекесін өткізу» туралы бұйрығы негізінде мектеп директорының бұйрығы шығарылып, жаңа жылдық жоспары жасалынып, мектеп оқушылары мен сынып жетекшілерге таныстырылды.

Істелінетін шаралар

Мерзімі

Жауапты   адамдар

1

«Қош келдің, Жаңа жыл-2022» мерекесінің өтілу жұмыс жоспарын жасап  бекіту.

23.12.2021ж

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов

2

Мектептің кіре берісін залын  безендіру. 

23-24.12.2021ж

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов Т.Ж.Қасымбеков

А.М.Мұсанов

Л.А.Абилкаир

С.Т.Ибраев

10а,10б, 9а, 9б сыныптар

3

Шыршаны орнату

23-24.12.2021ж

С.Т.Ибраев

4

Электрлік шамдарды , гирляндаларды жағу, орнату

23-24.12.2021ж

С.Т.Ибраев

5

Газет көрмесін ұйымдастыру 1-11 сыныптар

23-27.12.2021ж

Сынып жетекшілер

6

Пән кабинеттерін безендіру; 


23-24.12.2021ж

1-11 сыныптар және сынып жетекшілер

7

МАД, 1-11 сыныптардың     «Қош  келдің, Жаңа  Жыл -2022» мерекелік  тәрбие сағатын өткізу.

27.12.2021ж

1-11 сыныптар және сынып жетекшілер

8

Әр сыныптың Жаңа жылдық құттықтауларын жасау. /бейнеролик  2-3 минуттық/

27-29.12.2021ж

Сынып жетекшілер

9

Аудандық, облыстық     президенттік қашықтықтан өтетін онлайн шыршаға оқушыларды қатынастыру. 5 сынып оқушылары  Аблайханов Нұрсұлтан,  Азамат Ақбота

28.12.2021 ж

Сағ 1000-де

Сынып жетекшісі Л.Абилкаир

10

Мереке      күндеріне пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі тарапынан  кезекшілік кестесін жасау. 

23.12.2021

Ш.Б.Оралханов

11

Мереке күндері түнгі көшеге «Жедел жастар» тобы рейдінің  кезекшілік кестесін жасау

27.12.2021 жыл

Т.Ж.Қасымбеков

12

Жаңа жыл мерекесінің өтілуі туралы аудандық білім бөліміне ақпарат беру, әлеуметтік желілерге жүктеу

30.12.2021 жыл

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов

Жоспары бойынша мектептің кіре берісін залын мен сынып бөлмелерін безендіру жұмыстары толықтай «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және сынып жетекшілердің бақылауымен жүргізілді. 

Мәдениет министрі 8 сынып оқушысы Жүмеке Елнұрдың және сынып жетекшілердің жетекшілігімен 1-11 сыныптар арасында газет көрмесі ұйымдастырылды.

27.12.2021 күнгі сынып сағатарында МАД, 1-11 сыныптардың  «Қош  келдің, Жаңа   Жыл -2022» мерекелік  тәрбие сағаттарын жоғары деңгейде, сапалы түрде өткізді. Жаңа жылдық мерекеге орай мектеп директоры Г.К.Нусупова, «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және бітіруші түлектердің қатысуымен әр сыныптарға сынып сағатарына Аяз ата мен ақшақар және әртүрлі ертегі кейіпкерлері кіріп, құттықтауларын айтып, оқушылардың мерекелік көңілдерін көтеру жұмыстары жүргізілді. 

Ұйымдастырушы мұғалім    Ш.Б.Оралханов

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru