2021-2022 оқу жылында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының өткізген іс-шараларының І жартыжылдық қорытындысы » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының өткізген іс-шараларының І жартыжылдық қорытындысы
17
январь
2022

2021-2022 оқу жылында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының өткізген іс-шараларының І жартыжылдық қорытындысы

2021-2022 оқу жылында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының  

өткізген іс-шараларының І жартыжылдық

қорытындысы


2020-2021 оқу жылына арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәдениетін қалыптастыру» бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы Алакөл аудандық білім бөлімінің хаты негізінде мектеп директорының 1.09.2021 ж №93-ө бұйрығы шығарылып, мектепте «Адал Ұрпақ» және «Парасатты азамат» бұрышы құрылып, рухани адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспары мектеп директорымен бекітіліп, ұйымдастырылды. 

Сыбайлас  жемқорлықпен  күрестің мақсаттары мен міндеттері:

  • Азаматтардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету.
  • Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативтік –құқықтық базаны жетілдіру.
  • Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-әрекеттердің формаларын, әдістері мен құралдарын  оңтайландыру.
  • Қазақстанның  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастығын кеңейту  және жандандыру.

Қыркүйек айының басында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысын сайлау жиыны 5-11 сыныптар (онлайн) өткізіліп, мектепте «Адал ұрпаақ»  ерікті  мектеп  клубының  мүшелері 7 адамнан құралды:

Аты-жөні

Атқаратын міндеттері

1

Амангелді Төлеухан

Клуб  басшысы

2

Қалидолда Балым

Мүшесі

3

Мықтыбек Ақмаржан

Мүшесі

4

Қалиахмет Айзат

Мүшесі

5

Саметай Айаужан

Мүшесі 

6

Меңғали Мақсат

Мүшесі 

7

Мықтыбек Ақсұнқар

Мүшесі

Қыркүйек айында  ұйымға жауапты қызметкерлермен бірлесе отырып, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жылдық жоспары құрылды.

Модернация бойынша Ұлттық коммиссия отырысында мақұлданған «100 нақты қадам- Ұлт жоспарының»   қадамдарын практикалық тұрғыдан іске   асыру жөніндегі  іс шаралар жоспарының 13-қадамының 9 тармағын орындау шеберінде рухани – адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контексінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты  клубтың  жұмыс жоспары   жасалды. 

Жоспарларда іс-шаралардың атаулары, олардың орындалуына жауаптылары, қатысушылары, орындалу мерзімдері болуы  ескерілді. Ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Патриотизм, отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, құқықтық негіздерді білу және құрметтеу сияқты жеке тұлғаның қасиеттерін дәріптеу ұсынылады. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті-құқықтық сананы қалыптастыру Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істегенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымда қалыптастыру болып табылады. 

Іс-шараның атауы

Мерзімі

Жауапты


1

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жылдық жоспарын құру, бекіту

Қыркүйек

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов

2

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысын сайлау жиыны 5-11 сыныптар (қашықтықтан)

Қыркүйек 

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов Клуб  мүшелері

3

«Парасатты  азамат»  бұрышын ұйымдастыру

Қыркүйек

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов Клуб  мүшелері

4

«Құқық әлемінде» тақырыбында айлық өткізу, атсалысу /фото, видеолар жасау/

1-30.10

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов Г.Қ.Байкелова

5

Аудандық ІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның қызметкерлерімен түнгі кезекшілік рейдтар ұйымдастыру

Қазан 

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов 

6

«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі»  онлайн сурет байқауын ұйымдастыру

Қараша

Сынып жетекшілер
Клуб  мүшелері

7

Оқушылардың адамгершілігі мен құқықтық мәдениетін жоғарылатуға бағытталған тақырыптық «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын» сынып сағаттарын өткізу

Қараша 

Сынып жетекшілер

8

9-11 сынып оқушылары арасында «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді»  шығарма байқауын ұйымдастыру

Желтоқсан

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Сынып жетекшілер

9

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты тақырыбында онлайн ата-аналар жиналысы

Қаңтар 

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов 
Сынып жетекшілер

10

«Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным»  тақырыбында мемлекеттік қызметкерлермен кездесу

Ақпан

Сынып жетекшілер

11

«Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз» сынып сағаты 8-9 сыныптар

Наурыз

Сынып жетекшілер
Клуб  мүшелері

12

«Жемқорлыққа қарсы күрес-бала көзімен» әңгіме жүргізу.     5-6 сыныптар

Сәуір 

Сынып жетекшілер
Клуб  мүшелері

13

«Корупцияға жол жоқ» флеш-моб 

Сәуір

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері

14

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрайық» сурет байқауы

Маусым 

Сынып жетекшілер
Клуб  мүшелері

 Сонымен қатар, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының «Парасатты  азамат»  бұрышы ұйымдастырылып, оқушыларға халыққа әділетті, қоғамға тең қарайтын ұрпақ, парасатты азаматтар тәрбиелеу деген мақсатта мектебіміздің кіре берісіндегі стенд үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» атты бұрыш бойынша білім алушыларға түсіндіру жүмыстары жүргізілді.

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылының 1.10-1.11   күндері аралығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерімен бірлесе өткен «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбындағы айлығының өтілуіне атсалысты.

Алакөл аудандық білім бөлімінің 1.10.2021 ж №419-ө бұйрығы негізінде М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 1.10-.1.11 аралығында мектеп директорының 1.10.2021 ж №149-1-ө бұйрығы шығарылып «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында құқық айлығы өтті. М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде мектеп директорының 1.10.2021 ж №149-1-ө бұйрығы негізінде   «Құқық әлемінде» тақырыбында құқық айлығының іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Әр сыныптың сынып жетекшілері құқық айлығына байланысты іс-шараларды жоспарлап, бекіттіріп, 1-4 сыныптар аралығында «Баланың құқықтары мен міндеттері», 5-9 сыныптарда «Балам бол, басқа бол бәріңе заң ортақ», 10-11 сыныптар бойынша «Құқық және міндет» тақырыбында сынып және тәрбие сағаттарын өткізді. 

Айлық барысында тарих және құқық пәні мұғалімі Ә.Қ.Тоқтақметова 5-8 сынып оқушылары арасында «Біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді толықтай білеміз бе? дөңгелек үстел өткізді. Әр сыныптан 5 оқушы қатысты, барлық оқушы сұрақтарға белсене қатысып өз ойымен бөлісті. Тақырыпқа байланысты белсене қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Олар: 

5 сыныптан-Урозбай Шапағат, Серікқызы Аяна

6а сыныптан- Жабайхан Аружан, Асуланқызы Әлия

6б сыныптан- Серкибай Балжан, Қасан Аружан

7а сыныптан - Асуланқызы Бұрым

7б сыныптан- Манатқызы Айзада

8 сыныптан- Базаргелдинова Салтанат, Жұмеке Ажар

19.10 күні Әлеуметтік педагог А.Мұсанов «Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу және  оқушылардың мінез-құлқы мен тәртібін қадағалау» мақсатында ата-аналармен, оқушылармен дөңгелек үстел өткізді.

Айлық барысында кәмелетке жасы толмағанда арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілер 7-11 сынып оқушыларымен АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан және Екпінді ауылдық округінің жастар нұсқаушысы Ибраймов Нұрландардың қатысуымен «Мен және менің полицейім» «Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?» тақырыбында онлайн кездесулер ұйымдастырылып, өз деңгейінде өтті. Онлайн кездесу арқылы оқушыларға қылмыстың жасалу себептерін өмірмен байланыстыра отырып және зиянды заттардың адам ағзасына кері әсерлері туралы оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек тұлғаларды анықтау  мақсатында   оқушылардан сауалнама алынды.

Сауалнама қорытындысы туралы мәлімет

22-қазанда педагог- психолог оқушылар арасында тәртіпсіздіктің, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнамада  оқушылардың   сынып оқушыларымен, басқа сынып оқушыларымен қарым-қатынастары туралы сонымен қатар оқушылардан моральдық тұрғыдан немесе күш арқылы қысым көрсетулердің болуы туралы, бопсалау әрекеттері, бұзақылық жасауға ниеттілер туралы сұрақтар қарастырылды. Сауалнама жасырын болғандықтан, оқушылардың аты-жөндері жазылмады. Сауалнама оқушылардан бір мезетте алынып, нәтижелері шығарылды.                     

                                                    Сауалнамаға қатынасқан оқушы саны:

8

10а

10б

11а

11б

20

20

15

9

6

5

6

                                                                    Сауалнама нәтижесі:

Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың  өзінің және басқа сынып оқушыларымен қарым-қатынастары жақсы, толық түсінущілік қарым-қатынаста,  ешкімнің тарапынан күш арқылы және моральдық тұрғыдан қысым көрсетушілік болмағандығын көрсетіп сонымен қатар бопсалау әрекеттері  жоқ екендігін көрсетті.

Айлық барысында мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова «Конституция кемел-келешектің негізі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Конституция туралы әр оқушы білуі керек, әр оқушының міндеті. Ата Заңымызға байланысты түрлі кітаптарды қоя отырып, 1-11 сыныптар аралығында шағын көрме ұйымдастырды. Оқушыларға өздерінің құқықтары туралы мәліметтер айтылды. Қатысқан оқушылар өз сұрақтарын қойып, кітаптарды көру арқылы өз жауаптарын толықтыра түсті. Көрме өз дәрежесінде өтті. Оқушылар белсенділік танытты, ойларын қосты.

15.10 күні тарих және құқық пәні мұғалімі Ә.Қ.Тоқтақметова 7-8 сынып оқушылары арасында «Құқық әліппесі» викториналық сайыс өткізілді. Әр топта 3 оқушы қатынасты. Сайыста әр топ алған ұпайларының қорытындысы бойынша әділқазы алқаларының шешімі бойынша 8 сынып 1-орын 26ұпаймен жеңіске жетті. 7а- сынып 14-ұпаймен  2- орын алды. 7б сынып 10 -ұпай  3-орын алды. Мақтау қағазымен марапатталды.

Айлық барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев пен ұйымдастырушы - мұғалім  Ш.Б.Оралханов АІІБ-нің ЮПТ-ның қызметкерлерімен және учаскелік инспектор Т.Жұмахановпен бірлесе отырып, кешкі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Рейд барысында ешқандай келеңсіз оқиғалар болған жоқ.

«Құқық әлемінде» тақырыбында құқық айлығының қорытындысы шығарылып әлеуметтік желілерге уақытында әлеуметтік желіге уақытында жүктелінді.

01 қазан мен 01 қараша ақпан аралығында «Жедел жастар» ұйымының жетекшісі С.Бекбосынов айлыққа байланысты түнгі кезекшіліктің  кестесі жасалып, бөлінген адамдар түнгі кезекшіліктерін атқарды, рейд барысы күнделікті тіркеу журналына жазылды. Рейд барысында ешқандай   келеңсіздік жағдайлар орын алмады. Уақытында ақпараттар берілді. 

Қараша айында  «Алакөл-адалдық алаңы» тақырыбында адалдық алаңдарын құрылып, 8.11 күні «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында онлайн сурет байқауы өткізілді. Сурет, плакат байқауы өз дәрежесінде өткізіліп жақсы салынған суреттер мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.

Желтоқсан айында онлайн форматында оқушылардың адамгершілігі мен құқықтық мәдениетін жоғарылатуға бағытталған тақырыптық «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын» сынып сағаттарын өткізіліп, «Адал  ұрпақ» еріктілер  клубының  жылдық  жұмыс жоспары негізінде  желтоқсан   айының 23 күні мектептің  9-11 сынып оқушылары арасында мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен «Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді» тақырыбында сырттай шығарма байқаулары   өткізілді. 


Ұйымдастырушы мұғалім:                   Ш.Б.Оралханов

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru