М.Әубәкіров атындағы орта мектебіндегі 2021-2022 оқу жылындағы «Жас полиция көмекшісі» тобы » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » М.Әубәкіров атындағы орта мектебіндегі 2021-2022 оқу жылындағы «Жас полиция көмекшісі» тобы
17
январь
2022

М.Әубәкіров атындағы орта мектебіндегі 2021-2022 оқу жылындағы «Жас полиция көмекшісі» тобы

М.Әубәкіров атындағы орта мектебіндегі 2021-2022 оқу жылындағы

«Жас полиция көмекшісі» тобының І жартыжылдықта

атқарған іс-шаралар есебі

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 01.09.2021 ж мектеп директорының №104-ө бұйрығы шығарылып,   бұйрық негізі бойынша «Жас полиция көмекшілері» тобы құрылып,   жалпы  ережелерімен таныстырылып, жылдық жұмыс жоспары  жасалынып мектеп директорының және Алакөл АІІБ-нің ЖПК бастығы полиция майоры Е.Ж.Маржимбаевпен бекітілді.   «Жас полиция көмекшісі»  тобының   басшысы 10б сынып оқушысы Рамазан Нұржан, топ мүшелері болып төмендегі оқушылар бекітілді:

Аты-жөні

Сыныбы

1

Базаргелді Айбын

10б

2

Тоғанбай Данияр

10б

3

Әбдуғали Ерасыл

10б

4

Жүмекен Бақберген

10а

5

Хасен Айман

10а

6

Умбетова Сабина

10а

«Жас  полиция   көмекшілері»   тобының жалпы  ережелері:

1.«Жас   полиция көмекшілері»  тобы  мектеп   директоры  бұйрығымен  құрылады. 

2.«Жас   полиция көмекшісі»  тобы  мүшелерінің   төсбелгісі  болады. 

3.Топтың   алға  қойған  мақсаты жасөспірімдер  арасында   құқық  бұзушылықтың  алдын- алу, құқықтық  мәдениетін   көтеру, оқушыларға тәртіп пен   әдептілікті сақтау   қажеттігін  түсіндіру.

4.Ата-ана  комитеті   мүшелерімен, оқушылар   ұйымымен  бірлесе  құқық бұзушылыққа  қарсы   жұмыстарды  үйлестіру. 

5.Мектеп   оқушыларына  мектеп  ережесін, тәртіп  пен   әдептілікті  сақтау қажеттігін   ұғындыру.

6.Тәртіп   бұзушылықтың,  сабақтан  себепсіз   қалушылықтың  алдын- алу. 

7.«Жас   полиция көмекшілері» тобы   мүшелері  кешкі  кезекшіліктер   ұйымдастыруға  құқылы.

 /Арнайы кестеге сай, мереке  күндері «Жас   полиция  көмекшілері»  /ЖПК/  

 тобының   мүшелері:

Сонымен қатар 1-4 сынып оқушыларына күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы демалыс кезіндегі   оқушылардың өмір қауіпсіздігі жөніндегі қауіпсіздік ережелері уақытылы таныстырылып отырады. Оқушылардың қауіпсіздік ережелерімен танысқандығы жөніндегі мәліметті білдіретін әр сыныпта дәптер басталып, қолдары қойылып алынған, ата-ананың қауіпсіздік ережелерімен танысқандығын білдіретін  қатынас дәптерлері бар.  

2021-2022 оқу жылының қыркүйек айы бойынша «Жолда жүру ережесі» сынып жетекшілермен мектеп оқушыларына таныстырылды. Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 23.09.2021 ж күні АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан, АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция майоры Н.В.Менжулина, және Екпінді ауылдық округінің участкелік инспекторы Жұмаханов Талғат бастауыш 1-4 сыныптармен сынып жетекшілері «Жолда жүру ережесі» тақырыбында  тәрбие сағаттарын өткізіп, жолда жүру қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Оқушылардың күнделіктеріне «Мектептен – үйге» схемасы сызылып,  жолда жүру ережесімен таныстырылды. Сонымен қатар 14 жасқа толмаған   оқушыларға жол бойында велосипед, мотоцикл, мопед көліктерімен   жүруге қатаң тыйым салынатындығы жөнінде ескертілді.  

Алакөл аудандық білім бөлімінің 1.10.2021 ж №419-ө бұйрығы негізінде М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 1.10-.1.11 аралығында мектеп директорының 1.10.2021 ж №149-1-ө бұйрығы шығарылып «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында құқық айлығы өтті. М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде мектеп директорының 1.10.2021 ж №149-1-ө бұйрығы негізінде  «Құқық әлемінде» тақырыбында құқық айлығының іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Әр сыныптың сынып жетекшілері құқық айлығына байланысты іс-шараларды жоспарлап, бекіттіріп, 1-4 сыныптар аралығында «Баланың құқықтары мен міндеттері», 5-9 сыныптарда «Балам бол, басқа бол бәріңе заң ортақ», 10-11 сыныптар бойынша «Құқық және міндет» тақырыбында сынып және тәрбие сағаттарын өткізді. 

Айлық барысында тарих және құқық пәні мұғалімі Ә.Қ.Тоқтақметова 5-8 сынып оқушылары арасында «Біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді толықтай білеміз бе? дөңгелек үстел өткізді. Әр сыныптан 5 оқушы қатысты, барлық оқушы сұрақтарға белсене қатысып өз ойымен бөлісті. Тақырыпқа байланысты белсене қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Олар: 

5 сыныптан-Урозбай Шапағат, Серікқызы Аяна

6а сыныптан- Жабайхан Аружан, Асуланқызы Әлия

6б сыныптан- Серкибай Балжан, Қасан Аружан

7а сыныптан - Асуланқызы Бұрым

7б сыныптан- Манатқызы Айзада

8 сыныптан- Базаргелдинова Салтанат, Жұмеке Ажар

19.10 күні Әлеуметтік педагог А.Мұсанов «Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу және   оқушылардың мінез-құлқы мен тәртібін қадағалау» мақсатында ата-аналармен, оқушылармен дөңгелек үстел өткізді.

Айлық барысында кәмелетке жасы толмағанда арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілер 7-11 сынып оқушыларымен АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан және Екпінді ауылдық округінің жастар нұсқаушысы Ибраймов Нұрландардың қатысуымен «Мен және менің полицейім» «Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?» тақырыбында онлайн кездесулер ұйымдастырылып, өз деңгейінде өтті. Онлайн кездесу арқылы оқушыларға қылмыстың жасалу себептерін өмірмен байланыстыра отырып және зиянды заттардың адам ағзасына кері әсерлері туралы оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек тұлғаларды анықтау   мақсатында  оқушылардан сауалнама алынды.

Сауалнама қорытындысы туралы мәлімет

22-қазанда педагог- психолог оқушылар арасында тәртіпсіздіктің, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнамада   оқушылардың  сынып оқушыларымен, басқа сынып оқушыларымен қарым-қатынастары туралы сонымен қатар оқушылардан моральдық тұрғыдан немесе күш арқылы қысым көрсетулердің болуы туралы, бопсалау әрекеттері, бұзақылық жасауға ниеттілер туралы сұрақтар қарастырылды. Сауалнама жасырын болғандықтан, оқушылардың аты-жөндері жазылмады. Сауалнама оқушылардан бір мезетте алынып, нәтижелері шығарылды.      


Сауалнамаға қатынасқан оқушы саны:

8

10а

10б

11а

11б

20

20

15

9

6

5

6

Сауалнама нәтижесі:

Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың  өзінің және басқа сынып оқушыларымен қарым-қатынастары жақсы, толық түсінущілік қарым-қатынаста,  ешкімнің тарапынан күш арқылы және моральдық тұрғыдан қысым көрсетушілік болмағандығын көрсетіп сонымен қатар бопсалау әрекеттері  жоқ екендігін көрсетті.

Айлық барысында мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова «Конституция кемел-келешектің негізі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Конституция туралы әр оқушы білуі керек, әр оқушының міндеті. Ата Заңымызға байланысты түрлі кітаптарды қоя отырып, 1-11 сыныптар аралығында шағын көрме ұйымдастырды. Оқушыларға өздерінің құқықтары туралы мәліметтер айтылды. Қатысқан оқушылар өз сұрақтарын қойып, кітаптарды көру арқылы өз жауаптарын толықтыра түсті. Көрме өз дәрежесінде өтті. Оқушылар белсенділік танытты, ойларын қосты.

15.10 күні тарих және құқық пәні мұғалімі Ә.Қ.Тоқтақметова 7-8 сынып оқушылары арасында «Құқық әліппесі» викториналық сайыс өткізілді. Әр топта 3 оқушы қатынасты. Сайыста әр топ алған ұпайларының қорытындысы бойынша әділқазы алқаларының шешімі бойынша 8 сынып 1-орын 26ұпаймен жеңіске жетті. 7а- сынып 14-ұпаймен  2- орын алды. 7б сынып 10 -ұпай  3-орын алды. Мақтау қағазымен марапатталды.

Айлық барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев пен ұйымдастырушы - мұғалім  Ш.Б.Оралханов АІІБ-нің ЮПТ-ның қызметкерлерімен және учаскелік инспектор Т.Жұмахановпен бірлесе отырып, кешкі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Рейд барысында ешқандай келеңсіз оқиғалар болған жоқ.

«Құқық әлемінде» тақырыбында құқық айлығының қорытындысы шығарылып әлеуметтік желілерге уақытында әлеуметтік желіге уақытында жүктелінді.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларының сабаққа қатынасуын қадағалау мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан, ата-аналар комитетінің араласуымен және  «Жас  полиция   көмекшілері» тобының  мүшелерінің қатысуымен «Бірде бір сабақтан қалушы болмасын»,  «Сабақ» рейдтары жүргізілді. 

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru