2022-2023 оқу жылы бойынша "Жас Ұлан" бастауыш балалар ұйымының І жартыжылдықта атқарылған іс-шаралардың қорытындысы » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылы бойынша "Жас Ұлан" бастауыш балалар ұйымының І жартыжылдықта атқарылған іс-шаралардың қорытындысы
09
январь
2023

2022-2023 оқу жылы бойынша "Жас Ұлан" бастауыш балалар ұйымының І жартыжылдықта атқарылған іс-шаралардың қорытындысы

«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөпірімдер 
ұйымының 7 бағыт бойынша жұмыс жоспарының 
І жартыжылдық қорытынды мәліметі
1. «Жас Ұланның»  мақсаты:
  • өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. 
2.«Жас Ұланның»  міндеттері: 
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;   
- танымдық жұмыстарды ынталандыру; 
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
3. Басымдықтары: 
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;   
- танымдық жұмыстарды ынталандыру; 
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
1. «Зерде» (танымдық) бағыты
«Зерде» (танымдық) бағыты- өзін-өзі тану, отбасы және қоршаған орта туралы толық білу, осы заманға ғылыми және мәдени біліммен қарулану, өз елінде және өзге елде болып жатқан жаңалықтармен танысу. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың зияткерлік деңгейінің көтерілуін жан-жақты көзқарасының кеңейуін жетілдіруге, үнемі ізденіс пен білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ететін шараларды қамтиды.
2022-2023 оқу жылы барысында мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы С.Қ.Байбатшановтың 1.09.2022ж Б№219-ө бұйрығы негізінде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспар құрылып, мектеп мөрімен бекітілді. Осы бұйрықтың орындалуына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаевпен ұйымдастырушы педагог Ш.Б.Оралхановқа жүктелінді.
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөпірімдер ұйымының 7 бағыты активтерін анықтап, міндеттері түсіндірілді.
«Жас ұлан» ұйымының бағыттарыАты-жөніСыныбы
1«Зерде»  (танымдық) бағытыМерекеқызы Альбина 9 сынып
2«Руханият» (адамгершілік, адалдық) бағытыЖүмеке Елнұр9 сынып
3«Отан» (патриоттық) бағытыӘділханұлы Бірлән10б сынып
4«Салауат» (салауатты өмір салты) бағытыӘшімхан Досымжан10б сынып
5«Еңбек» (еңбексүйгіштік, іскерлік) бағытыМеңғали Азат9 сынып
6«Экоәлем» (экологиялық) бағытыХасен Ажар10б сынып
7«Жеті жарғы» (құқықтық) бағытыМықтыбек Ақсұңқар10б сынып
«Жас Ұлан» ұйымы  мен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері бірлескен 5 қыркүйек  - ҚР   халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай апталық жоспар ұйымдастырылып, іс-шаралар уақытында орындалынып отырылды. 
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімдері мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мүшелері бірлесе отырып, 2022 жыл Балалар жылы және Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына және 5-қыркүйек “Қазақстан халқы тілдері күні” мерекесіне орай өткізілген апталықтың аясында 08.09 күні мектептің 5-10 сыныптар арасында “Ұлтымның Ұлы ұстазы” тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыста 16 бала қатысып, нәтижесінде 8 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. 
Атап айтсақ:
Байбатшанова М- 1-орын;
 Жабайхан А-1- орын;
 Абдолда А-2- орын;
 Мерекеқызы А-2-орын;
 Рахым А-2-орын;
 Әшімхан А-2-орын;
 Жарахмет Н-3-орын;
 Төлеуғажықызы Ж- 3- жүлделі орындармен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/CiemLtiARlj/?utm_source=ig_web_copy_link
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімдері Шинадилова Гүлнұр, Абилкаир Лаззат және Айдаболова Маржандар мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мүшелері бірлесе отырып, 2022 жыл Балалар жылы және Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына және 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген апталықтың аясында 7.09 күні мектептің 5-9 сыныптар арасында «Тілім барда-тірімін мен, мәңгімін…» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. 
Ондағы мақсат: оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту, қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Эссе қорытындысы бойынша жақсы жазылған эссе мектеп директорының мақтау қағазы және бағалы силықтармен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/CiP7OE5sWzl/?utm_source=ig_web_copy_link
   М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мүшелері бірлесе отырып, 2022 жыл Балалар жылы және Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына және 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында «Тіл-әр халықтың байлығы» тақырыбында мектептің кіре беріс залында кітап және сурет көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбек жолы және ақын-жазушылардың тілге байланысты нақыл сөздерімен, кітаптарымен танысты.
https://www.instagram.com/p/CiPEwHHAnLu/?utm_source=ig_web_copy_link
    М.Әубәкіров атындағы орта мектебі 2022 жыл «Балалар жылына» орай 20.10 күні мектебімізде- Еліміздің ең атаулы мерекелерінің бірі болған 25 қазан-Республика күніне арналған «Қазақстан-менің Отаным!» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға мектеп ұстаздары мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы, Екпінді ауылына қарасты округ тұрғындары және Үшарал қаласы Зейнеп Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінің әншілері шақырылды. Салтанатты жиында алғашқылардың бірі болып округ әкімі Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы сөз алып округ жұртшылығын мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдіре отырып, бірнеше тұлғаларды марапаттады. Келесі кезекте Тәуелсіздігіміздің туын биік ұстайтын болашақ жастарымыз сөз алып, жүректен шыққан жыр шумақтары мен арнауларын оқыды.
Мерекелік шараның ІІ-ші бөлімінде Үшарал қаласы Зейнеп Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінің директоры Отан Жұмабекұлы бастаған, әншілері-Назия Исаева, Күлімхан Кәкімсейітова, Саят Амандықов пен Дидар Кішікбаевтардың «Гүлдене бер, Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы концертіне ұласты.
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің ұжымы мереке қарсаңында тамаша әндерімен жақсы көңіл-күй сыйлаған Зейнеп Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінің қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
2. «Руханият» (адамгершілік, адалдық) бағыты
«Руханият» (адамгершілік, адалдық) бағыты-балалар мен жас жеткіншектерді жалпы адамгершілік қасиеттерге ие болуға және Отанға, еңбекке, жалпы қоршаған ортаға, өзінің жеке тұлғасына деген сезімін тәрбиелеу. Даму және дамыту, ізгілік пен парасаттылық қасиеттерін сіңдірту. Жақсылық атаулыға деген арттырып, жамандыққа жол бермейтін ата-ана, туыс, достар, ұжым, халқы, Отан алдындағы парызды сезінетін, адалдық, адамгершілік ұстанымдарды берік сақтауға үйрететін шараларды қамтиды.
Мектеп ұстаздары мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы бірлескен түрде 1-Қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынның өтуіне атсалысты.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің 25.08.2022 жылғы №18-4/2814-И хаты,  2022-2023 оқу жылының басталуына арналған   1 қыркүйек Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізу тұжырымдамасы негізінде М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.  
Салтанатты жиынға аудандық өкіл, Екпінді ауылдық округінің әкімі Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы, мектепте жеткіншек жастарға тәлім тәрбие беріп, еңбегімен көп жылдар бойы еленіп, зейнеткерлік жасқа жеткен ардагер ұстаз аналарымыз және  ата-аналар   қатынасты.
Жиын  мектеп директоры Нусупова Гүлнар Қасымбайқызының құттықтау лебізімен басталды. Өз сөзінде ата-аналар, мектеп оқушыларын және ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, өткен оқу жылының қорытындысына шолу жасады. 
Келесі құттықтау сөзді Екпінді ауылдық округінің әкімі Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, өзінің тілегін айтты. 
2022-2023 оқу жылы мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1- сынып оқушылары өздерінің жыр шумақтарын айтып, Білім күнінің алғашқы қоңырауын соғу құрметі Жеңісқызы Айдай мен Сердалы Ернарға тапсырылды. 
Жиынның соңында мемлекеттік гимн ойналып, аяқталды. 
Мерекенің ІІ бөлімі 1-11 сыныптарда «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары  өткізілді. 
1 қыркүйек Білім күніне байланысты атқарылған шаралар туралы мәлімет инстограмм 
(https://www.instagram.com/p/Ch9g-iXgFvR/?igshid=YmMyMTA2M2Y=) және фейсбук (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02tapNypK6hCoqmfTc2aPsDdp8zj9jwPXJ2UxhwraXsLKzYknoFZBEtaSM7Lfd4oWcl&id=100014675710459 )  желілеріне жүктелінді. 
Әлеуметтік желілерде әр сынып төмендегі тақырыпта 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру жоспарланды. Жоспар бойынша (
  • 1 сынып білім алушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы күнім»;
  • 2-4 сынып білім алушыларына арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым», «Білім саған жол ашады»;
  • 5-8 сынып білім алушылары үшін –«Менің саяхатым»;
  • 9 сынып  «Менің үлкен сыныптастарым»,
  • 10 сынып «Менің ойларым, армандарым, үміттерім»,
11 сынып «Білімнің адам өміріндегі рөлі»; тақырыптарында бейнероликтер жасалды. 
1 қыркүйек Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» республикалық онлайн-акциясы аясынды 10б сынып жетекшісі А.Умиралиеваның жетекшілігімен білім алушылар Байбатшанова Мейірім мен Белгібек Даналардың арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық «Менің ойларым, армандарым, үміттерім» тақырыбында  бейнероликтер түсірілді.
https://www.instagram.com/p/Ch9h3J1A-SF/?igshid=MDJmNzVkMjY=
«М. Әубәкіров атындағы орта мектебі" КММ-де қыркүйек айының 29 күні «Қарттар күні мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күніне» орай өткізілген апталық аясында Екпінді ауылында тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қариялардың үй шаруашылығы жұмыстарына 8-9 сыныптардың ұлдары жіберіліп, «Өз жүрегіңмен жылыту» "қайырымдылық көмек" акциясы жүргізілді. 
https://www.instagram.com/p/CjOEVqfMnYp/?utm_source=ig_web_copy_link
Сондай-ақ, М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша 2022 жыл «Балалар жылына» орай 26-30.09 күні «Ұстаз аты-мәңгілік» тақырыбындағы апталық аясында сынып жетекшілер сыныптарымен әртүрлі тақырыптарда сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарына мектеп ұстаздары мен бірге зейнеткер ұстаздар да қонаққа шақырылды. Әр бір оқушы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын білдірді.
https://www.instagram.com/p/CjQSwVpsh96/?utm_source=ig_web_copy_link
«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылы бойынша   «Қош келдің, Жаңа Жыл-2023» мерекесі жоспар негізінде өз деңгейінде атқарылды.
27.12.2022 ж күні сағат 11.00-13.00 аралығында «Қош келдің, Жаңа Жыл-2023» мерекесі «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйымдастырушы педагог Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілердің жетекшілігімен МАД, 1 сынып және кәсіподақ балаларына және сағат 14.00-17.00 аралығында 7а,б -8 а,б сынып оқушылары арасында минибалмаскарад ұйымдастырылып өткізілді. Шара барысында Аяз ата-Ақша қар мен қатар бірнеше кейіпкерлер оқушылардың көңілдерін көтерді.
 29 желтоқсан күні сағат 10-00-де 5-6 сынып оқушыларымен "Қош келдің, Жаңа жыл-2023" жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. "Жас Ұлан" бастауыш балалар ұйымының өнерлі жастарының дайындаған ертегі кейіпкерлерінің қойылымы, мерекелік концерті көрсетіліп, әр сыныптың дайындаған мерекелік шашуларымен жалғасын тапты. Мектеп директоры Сырым Құсайынұлы және ата-аналар атынан Ахатова Жақсыбала оқушыларға жаңа жылдық құттықтау тілектерін арнап, батасын берді.
Желтоқсан айының 28-і күні 2-4 бастауыш сыныптар мен мектептің «Жасұлан» Бастауыш балалар ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің жаңа жыл-2023» жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Шырша мерекесінде мектеп директоры Байбатшанов Сырым Құсайынұлы құттықтау сөз сөйлеп, І жарты жылдық қорытындысы бойынша өнерімен көзге түскен аудандық байқауларға қатынасып, жүлделі орын алған оқушыларды мақтау қағаздарымен марапатады. Ата-аналар кеңесі мүшелерінің атынан Есенбаева Лора Өмірзаққызы құттықтау тілегін айтып өтті. Жаңа жылдық шырша мерекесі 2, 3,4а,және 4б сыныптарының дайындаған ертегі көріністері, ән шашулары мен билері қойылып, ата-аналардың, кеш қонақтарының ризашылығына бөленді.
29 желтоқсан күні сағат 15-00-ден 18-00 аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында «Қош келдің, Жаңа жыл-2023» жаңа жылдық бал кеші өткізілді.«Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілген кеш қызықты өтті. Кеште ән, би, түрлі ойындар ойналып, мектептің жайдарманшы «BRAND» тобының жаңа жылдық әзілдері көрсетілді. Кеш соңында мектеп директоры Байбатшанов Сырым Құсайынұлы оқушыларға жаңа жылдық құттықтау тілегін арнап, оқу жылының 1 жарты жылдығындағы «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымының атқарған жұмысына мектеп әкімшілігі атынан ризашылығын білдіріп, балалар ұйымының жұмыс бөлмесіне компьютер сыйға тартты. Кештің қорытындысы бойынша «ҮЗДІК КЕЙІПКЕР», «ҮЗДІК ӨНЕР» номинациясы бойынша көптің көзайымы болып, иеленген оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады.
  
3. «Отан» (патриоттық) бағыты
«Отан» (патриоттық) бағыты – Отанымыз Қазақстанның өткен тарихы мен оның қалыптасу, даму, нығайу жолдарымен таныстыратын, халық тарихына қатысты ұлы тұлғалар жөнінде білім беретін, әдеби және мәдени құндылықтарды насихаттайтын, шетелде тұратын қазақ балаларымен байланыс орнатуға ықпал жасайтын, жалпы халықтық мейрам - мерекелерді өткізуді, мемлекеттік тілді меңгертіп, оның қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қамтиды.
30 тамыз  күні «Конституция-негізгі заң» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. оған Екпінді ауылдық әкімшілігі, мектеп ұжымы, ауыл халқы және «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы толықтай қатынасты. Ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б.Оралханов тақырыпқа сай өзінің баяндамасын оқыды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің 25.08.2022 жылғы №18-4/2814-И хаты,  2022-2023 оқу жылының басталуына арналған   1 қыркүйек Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізу тұжырымдамасы негізінде М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.  
Салтанатты жиынға аудандық өкіл, Екпінді ауылдық округінің әкімі Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы, мектепте жеткіншек жастарға тәлім тәрбие беріп, еңбегімен көп жылдар бойы еленіп, зейнеткерлік жасқа жеткен ардагер ұстаз аналарымыз және  ата-аналар   қатынасты.
«Жас Ұлан» ұйымының мүшелерін тағайындау мақсатында отырыс өткізілді. отырс нәтижесінде «Жас Ұлан» ұйымының өткен оқу жылындағы ұлан басы мен мектеп тәлімгері мектеп комитеті мүшелерін өз орындарына сайлап, әр бағыт бойынша жауапты тұлғаларды тағайындады
«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылы бойынша мектептің апталық жоспарына орай "1986 жыл- Желтоқсан оқиғасының 36 жылдығы", "Тәуелсіздіктің 31 жылдығы" мерекесіне байланысты 15 желтоқсан күні «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы және ұйымдастырушы педагог Ш.Б.Оралхановтың ұйымдастыруымен 1 сынып оқушыларын «Жас Қыран», 5-9 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымына ант қабылдау, жиын рәсімі өткізілді. Жиын барысында 2022 жылы жетістікке жеткен оқушылар мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.
 4. «Салауат» (салауатты өмір салты) бағыты
«Салауат» (салауатты өмір салты) бағыты - ағзаны шынықтыратын, дененің дұрыс қалыптасуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ететін, гигиеналық дағдыларға баулитын, ұлттық ойындарды меңгертетін, олардың пайда болу және даму тарихымен таныстыратын, салауатты өмір салтын насхаттайтын, ірі спорттық жетістіктерге ынталадыратын, әр кезеңдегі спорт саңлақтарының өмірі мен спорттағы жетістіктерімен таныстыратын іс-шараларды қамтиды.
М. Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша 2022 жыл «Балалар жылына» орай 29.09 күні сағат 15.00-де «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Ұстаз аты-мәңгілік» тақырыбы аясында мектеп «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы және мектеп спорт министрі Әшімхан Досымжанның ұйымдастырумен ұстаздар мен мектеп оқушылары арасында волеболдан жарыс өткізілді. Жарыстың алғашқы сөзі Сырым Құсайынұлы мен денешынықтыру бірлестік жетекшісі сөз алып, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, жарысқа сәттілік тіледі. Жарыс қорытынды бойынша мектеп оқушыларынан құрылған «Тұлпар» командасы І орын мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымының ауыспалы кубогін жеңіп алса, қалған ІІ-ІІІ орындарды «М.Әубәкіров», «Мектеп оқушылары», «Екпінді» командалары өзара бөлісті. Жеңімпаз командалар дүйсенбі күнгі тәртіп жиынында марапатталды.
https://www.instagram.com/p/CjQZQjYMgDT/?utm_source=ig_web_copy_link
 Жасөспірімдерге интернет-тәуелділіктен арылту мақсатында «Кибербуллинг туралы әңгімелесейік» тақырыбында Педагог-психолог Н.Н.Байбатшанова мен «Жас Ұлан» ұйымы бірлескен іс шара ұйымдастырды.
Жұмысты жүргізу уақыты:  20.10.2022 жыл
Қатынасқан :  5-11-сынып
Жұмыстың тақырыбы: «Кибербуллинг туралы әңгімелесейік»
Жұмыстың мақсаты:  Оқушылардың желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оқушыларға кибербуллинг туралы мағлұмат беру. Кибербуллинге тап болған жағдайда неістеу керек, егер оқушының өзінің басқа біреуді кибербуллинге ұшыратқан жағдай орын алған кезде неістеу керек екендігі туралы ақпарат, кеңестер беру.
Жұмысты кім жүргізеді: педагог-психолог
Жұмыс түрі: слайд, дәріс
Жұмыстың барысы:  Оқушыларға  «Кибербуллинг туралы әңгімелесейік» тақырыбында қашықтықтан слайдтар, видеороликтер, кеңестер жіберіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстың нәтижесі:
Оқушылардың желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оқушыларға кибербуллинг туралы мағлұмат беру. Кибербуллинге тап болған жағдайда неістеу керек, егер оқушының өзінің басқа біреуді кибербуллинге ұшыратқан жағдай орын алған кезде неістеу керек екендігі туралы ақпарат, кеңестер беру, оқушылардың арасында кибербуллингтің алдын –алу мақсатында оқушыларға видеороликтер, слайдтар жіберіліп, кеңестер берілді.
«Кибербуллинг туралы әңгімелесейік»
Кибербуллинг дегеніміз не? 
Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желілерде   яғни электоронды желі арқылы   вконтакт, ватсап, инстаграмм, фейсбук арқылы жасалған агрессивті қасақана әрекет қорлау немесе қудалау. Ол бірнеше рет қайталанатын байланыс нысандары. Егерде:
Саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электорнды хаттар (еmfil) жазса 
Сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
Әлеуметтік желілерде сенің атыңнанжалған аккаунттар құрып, онда ерсі фотосуреттерді орналастырса
Сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
Саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
Жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
Сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.
  Кез келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егерде сенімен мұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.
 Неліктен адамдар бұлай істейді? 
Адамдар неліктен басқа біреуді ренжіткісі келетінін айту қиын. Кейде өзіміз қаламасақта, біреудің көңіліне келетін қылық жасап, сөздер айтып жатамыз. 
Телефон арқылы немесе интернетте адамды әдейі ренжіту, қорлау оңай болып көрінеді. Ренішті хабарлама жіберу сондай оңай ғой! Бұны істеген адам басқаның жанын ауыртқанын сезбейді.
Егерде сен интернет технологияларды біреуді әдейі ренжіту, қорлау немесе ызасын келтіру үшін пайдалансаң, онда бұл  - кибербуллинг. Тіпті сен біреу туралы ренішті постқа лайк бассаң да, немесе ренішті постты жіберсең, бұл да кибербуллинг. Біреудің сені қорлауы немесе сенің біреуді қорлауыңа құқығың жоқ.
Егер сен кибербуллинге тап болсаң, не істеу керек?
Кибербуллингке тап болған жағдайда сен қорқып, абыржып қалуың мүмкін. 
Ондай кезде мынадай әрекеттер жаса:
әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта 
әлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір (әдетте ол үшін «report» батырмасын басу жеткілікті)
ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ұшығуы мүмкін 
осы хабарламаларды/посттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса 
бұл жағдайда сені қолдап, не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын ересектерге – ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе,   мектепке айт 
біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс (велосипед теп, қыдыр, кино көр, кітап оқы, достарыңмен, ұстаздармен, мектеп психологімен әңгімелес). 
      Сен өзің басқа біреуді онлайн қорласаң ше?
Не істеп жүргенің жайлы ойлан.  Сен туралы біреу ренішті сөздер жазса, сенің қандай күйде болатының жайлы ойландың ба? Алғашқы қадам – ол сенің буллинге жол бергеніңді мойындау. Бәріміз де кейде қателесіп жатамыз, дегенмен бұл сенің жаман адам екеніңді білдірмейді.
Біреумен ақылдас. Өзің сенетін ересек адаммен – анаңмен, әкеңмен, қамқоршыңмен, мұғаліміңмен, психологпен сол жайында бөліс. Олар саған қандай әрекет жасауға болатыны жайлы кеңес бере алады.
Жазған/жариялаған нәрсені жой. Барлық ренішті, қорлаушы посттарды, твиттерді және сын сөздерді жойып таста.
Басқаларды тоқтауға көндір. Буллинге қатысы бар басқа адамдармен сөйлес, одан бас тартуға көндір. Бір адам көп нәрсені өзгерте алады.
Кешірім сұра. Ренжіткен адамнан кешірім сұра, көмек ұсын. Бұл ол адам үшін өте маңызды болуы мүмкін.
Бұдан өзің үшін сабақ ал. Кейде біз ойланбастан бір әрекетке барамыз. Болашақта ондай жағдай қайталанбас үшін біз болған оқиғадан сабақ алуымыз керек.
  Егер басқа біреу кибербуллинге ұшыраса ше?
-  Біреуді онлайн қорлаған жағдайға куә болсаң, бұны тоқтатуға көмектес.
- Ондайда жасауға болатын әрекеттер:
 осы ренішті суреттерді, фотосуреттерді, хабарламаларды, посттарды біреуге жіберіп, ары қарай таратпа
 -  қорлауды қолдама және оған қатыспа.
 -  ол топтан/чаттан шығып кет
 -сол адамға жәбірлеушіні бұғаттауда көмектес және әкімшіге постқа шағымдан
 -сол адамға қолдау көрсет: жылы сөз айтып, көмегіңді ұсынды.
М.Әубәкіров атындағы орта мектебіндегі 2022-2023 оқу жылының қазан айы барысында мектеп оқушыларына мектеп медбикесі Т.Жұмадил «Дұрыс тамақтану-болашақ ұлт денсаулығын сақтау» тақырыбында дәрісін оқып, артық тамақ, фаст-фуд тағы басқа тамақтардың адам денсаулығына зиян екендігі туралы айтып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
М. Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша Тәуелсіздік 31 жылдығына «Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын» тақырыбы аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдері, «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы, мектеп спорт министрі Әшімхан Досымжан және Екпінді ауылдық округінің спорт жетекшісі Дархан Шариғатовтың ұйымдастырумен ұстаздар мен мектеп оқушылары, сонымен қата, көрші Ақжар, Қабанбай, Жыланды, Үшқайың ауылдары арасында волеболдан жарыс өткізілді. Жарыстың алғашқы сөзі Сырым Құсайынұлы мен Екпінді ауылдық округінің спорт жетекшісі Дархан Шариғатов сөз алып, жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, жарысқа сәттілік тіледі. Жарыс соңында үздік ойын көрсеткен спортшылар мен  жеңімпаз командалар Екпінді ауылдық округінің әкімі мен М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің директор мақтау қағаздарымен марапатталды.
 5. «Еңбек» (еңбексүйгіштік, іскерлік) бағыты
«Еңбек» (еңбексүйгіштік, іскерлік) бағыты - жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал ететін, қоғамдық негізде ұйымдастырылған жұмыстарға қатысу, өзі тұратын өңірде кең таралған еңбек түрлерімен танысу арқылы қажетті еңбек дағдыларын үйрену. Туған өңірінде әр кезеңде еңбегімен танымал болған, атақты тұлғалардың өмірі мен еңбектегі жетістіктерімен таныстырып, оны мақтаныш етуге, өнер түрлері (архитектура, қолөнер, құрылысшы, сурет, мүсінші) туралы түсініктерін кеңейтуге, еңбек рахатын, сұлулығын сезіне білуге ықпал ететін шараларды қамтиды.
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қасымбеков Төлеген Жәлелханұлы мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мүшелері бірлесе отырып, мектеп ұстаздары, оқушылары мен жұмысшыларына «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының нормалары,  төтенше жағдайлардағы әрекеттер туралы нұсқау жұмысын жүргізіп, мектеп оқушыларымен «Өрттің және жер сілкінісінің алдын алу» төтенше жағдай кезіндегі практикалық оқу жаттығуы жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мектепте, мектеп территориясында   жарылғыш затқа ұқсас бөгде зат табылған жағдайда, бірден қол сұқпауға және сол жерден алыстап кетіп, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, күдікті адамдарды көрсе, бірден телефон шалуды да айтып кетті.
 М.Әубәкіров атындағы орта мектебі 2022 жыл «Балалар жылына» орай мектебіміздің «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мен бастауыш 1-4 сынып жетекшілері 18.10 күні бірлескен «Берекелі, мерекелі алтын күз» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында ертеңгілік ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты: Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың қызығушылығын, ынтасын арттыру. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Мерекелік шара барысында мектебіміздің басшысы  Байбатшанов Сырым Құсайынұлы  күздің кереметі мен байлығына тоқтала отырып, оқушылар мен ата-аналарға өзінің жылы лебізін білдірді.
Ертеңгілік барысында күзге байланысты әндер айтылып, билер биленіп, ойындар ойнатылды. Ертеңгілікті тамашалауға келген ата-аналар сынып жетекшілері мен ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді.
   https://www.instagram.com/p/Cj8MB4kMV4O/?utm_source=ig_web_copy_link
М.Әубәкіров атындағы орта мектебі 2022 жыл «Балалар жылына» орай мектебіміздің «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мен 5-8 сынып жетекшілері 19.10 күні бірлескен «Аяулы күз, Алтын күз» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында мерекелік сайыс ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты: Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
 Мерекелік шара барысында мектебіміздің басшысы  Байбатшанов Сырым Құсайынұлы  күздің кереметі мен байлығына тоқтала отырып, оқушылар мен ата-аналарға өзінің жылы лебізін білдірді.
 «Аяулы күз, Алтын күз» тақырыбындағы сайысымыз 5 кезеңнен тұрды:
1)«Таныстыру»
          2)«Үздік өнер»
         3)«Ханзада мен Ханшайым» өнері
         4)«Күзгі сән үлгісі-2022»
         5)«Үздік ойын» — кезеңдері арқылы бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша 8а сынып «Алтын дән» тобы «Үздік таныстыру»,«Үздік Ханзада мен Ханшайым», 7б сынып «Қызанақ» тобы «Үздік өнер», 7а сынып «Үздік сән үлгісі-2022», 8б сынып «Күзгі жапырақ» тобы «Үздік ойын» номинацияларын жеңіп алып, мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.
Кеш барысында күзге байланысты әндер айтылып, билер биленіп, ойындар ойнатылды. Тамашалауға келген ата-аналар сынып жетекшілері мен ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді.
  https://www.instagram.com/p/Cj9vrhoM064/?utm_source=ig_web_copy_link
М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша 2022 жыл «Балалар жылына» орай 26-30.09 күні «Ұстаз аты-мәңгілік» тақырыбындағы апталық аясында «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы және сынып жетекшілердің бірлескен мереке күндері қабырға газеттері уақытында шығарылып, қадағалау жұмыстары жүргізіліп отырылды.
«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылы бойынша «Біз Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбында 13.12.2022ж күні мектебіміздің «Қызғалдақ қыздар» ұйымының жетекшісі А.Ж.Умиралиеваның жетекшілігімен 16 желтоқсан- Тәуелсіздіктің 31 жылдығы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 36 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 
Мақсаты: оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарасын қалыптастыру,
 еліміздің тәуелсіздік жолындағы ата бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандары мен желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ерлігін көрсету . Оқушылардың елімізге, тәуелсіздікке деген сүйінпеншілігін , патриоттық сезімдерін арттыру .
Сонымен қатар, желтоқсан оқиғасына қатынасқан әріптестерімізге арналған «Қазақ елінің-Тәуелсіз Қырандары» және желтоқсан оқиғасына барысында қайтыс болған Қайрат Рысқұлбеков т.б аға-әпкелерімізге арналған «Желтоқсан құрбандарына мың тағзым» тақырыбында бұрыштар ұйымдастырылды.
   6. «Жеті жарғы» (құқықтық) бағыты
Жеті жарғы» (құқықтық) бағыты- мектеп Жарғысын, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелерін білуге, оны сақтауға, мемлекет пен оның заңдарын құрметпен қарауға, жеткіншектердің күнделікті өмірде өздерінің жүріс тұрысына басшылық жасай білуіне ықпал ететін, өз мемлекетінің азаматтарына қамқорлықпен қарап, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысатын оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға, заң бұзушылыққа қарсы күресуге ықпал ететін шараларды, жастар арасында әр түрлі жүргізілетін әлеуметтік-құқықтық маңызы бар шараларды қамтиды.
2022-2023 оқу жылы бойынша апта сайынғы «Тәртіп» жиыны барысы уақытылы аптаның 1 күнгі сабағы алдында Мемлекеттік Гимнімен басталып, уақытылы өткізіліп отырылады.  
Сонымен қатар, әрбір дүйсенбі күнгі тәрбие сағаттары барысында мектеп әкімшілігімен бірлескен дәптер, кітап, күнделік рейдтері және сынып бөлмелерінің санитарлық жағдайын тексеру жұмыстары да жүргізіліп отырады.
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде қыркүйек айы барысында 1-4 сынып және 5-11 сынып оқушыларына әрбір сынып сағаттары барысында оқушыларды «үйден мектепке дейінгі және мектептен үйге дейінгі жол қауіпсіздік ережесімен таныстыру» жұмыстары жүргізіліп отырылды. Осы жұмыс барысында оқушылардың күнделіктерінің бірінші беттеріне «Мектептен – үйге» схемасы сызылып,  жолда жүру ережесімен таныстырылды. 
 2022-2023 оқу жылының қыркүйек айы бойынша «Жолда жүру ережесі» сынып жетекшілермен мектеп оқушыларына таныстырылды. Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 19.09.2022ж күні АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан, АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция майоры Н.В.Менжулина, бастауыш 1-4 сыныптармен сынып жетекшілері «Жолда жүру ережесі» тақырыбында  тәрбие сағаттарын өткізіп, жолда жүру қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті.
Сонымен қатар 14 жасқа толмаған оқушыларға жол бойында велосипед, мотоцикл, мопед көліктерімен   жүруге қатаң тыйым салынатындығы жөнінде ескертілді.  
  7. «Экоәлем» (экологиялық) бағыты
 «Экоәлем» (экологиялық) бағыты-табиғат туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат пен адамзат арасындағы байланысты сезінуге, қоршаған орта сұлулығын сезінуге және көре білуге, оны қорғауға, туған өлке табиғатын танып білуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, экологиялық зардаптардың себебін түсініп, оны жоюға ұмтылатын, жалпы экологиялық мәселенің адамзат тіршілігіне тікелей байланысын сезінуге ықпал ететін шараларды қамтиды.
М.Әубәкіров атындағы орта мектебіндегі 2022-2023 оқу жылында «Жас Ұлан» балалар мен жасөпірімдер ұйымының «Экоәлем» (экологиялық) бағыты бойынша жылдық жұмыс жоспары негізінде және «19 қыркүйек-Халықаралық тазалық күні» қарсаңында 17 қыркүйек күні мектеп ұжымы арасында тазалық жұмысы мен 19 қыркүйек күні сынып сағаттарында «Эко-квест» 5-9 сыныптар арасындағы қалдықтарды бөлек жинау акциясы өткізілді. Мектеп ұжымы мен мектеп ауласы қоқыстан тазартылса, 5-9 сыныптар арасында қалдық заттардан /түрлі түсті қағаз, пласмас ыдыстар, т.б/ қолдан әртүрлі заттар жасалынды.
   М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша аудандық білім бөлімінің 30.09.2022 ж №603-ө бұйрығы негізінде мектеп директорының 3.10.2022 ж №235/1-ө бұйрығы шығарылып, бұйрықтың негізінде «Бала құқығы-асыл қазына» айлық жоспар құрылып, мектеп директорының мөрімен бекітілді. Сол жоспар аясында өткен «Құқық-әділет пен парасат жолы», «Ата-ананың құқығы мен міндеті» тақырыбындағы стендтерді толықтыру жұмыстары уақытылы жүргізілді.
Сондай-ақ, айлық барысында «Бала құқығы-адам құқығы», «Құқық әлемі» тақырыптарында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.
Айлық барысында кәмелетке жасы толмағанда арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілер 7-11 сынып оқушыларымен АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан және Екпінді ауылдық округінің жастар нұсқаушысы Ибраймов Нұрландардың қатысуымен «Мен және менің полицейім», «Менің құқығым-менің бағдарым»  тақырыбында онлайн кездесулер ұйымдастырылып, өз деңгейінде өтті. Онлайн кездесу арқылы оқушыларға құқықбұзушылық кодексінің баптанымен танысу және сондай-ақ, қылмыстың жасалу себептерін өмірмен байланыстыра отырып және зиянды заттардың адам ағзасына кері әсерлері туралы оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  Айлық барысында жоспарға сәйкес 1-11 сынып оқушылары «Заң зердесі» тақырыбында қабырға газеттері шығарылып барлық қабырға газеті үздік деп танылды. 
    «Бала құқығы-асыл қазына» айлық жоспар аясында әрбір дүйсенбі күнгі тәртіп жиынында тарих-құқық пәні мұғалімдері Ш.Б.Оралханов,   Г.К.Байкелова, Ә.Қ.Тоқтақметовалар «Бала құқығы туралы»,  БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдармен таныстыру жұмыстары жүргізіп отырылды.
 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
 Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Заңы (2022.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттік саясаттың мақсаттары
7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөніндегi өкiлеттiктерi
7-1-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институты
7-2-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл
3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
9-бап. Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету
15-бап. Баланың білім алуға құқығы
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы
17-бап. Баланың мемлекеттік көмекке құқығы
18-бап. Мемлекеттік ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу
19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
20-бап. Баланың мiндеттерi
4-тарау. Бала және отбасы
3-31 қазан аралығында «Жедел жастар» ұйымының жетекшісі Т.Ж.Қасымбеков түнгі кезекшіліктің  кестесі жасалып, бөлінген адамдар түнгі кезекшіліктерін атқарды, рейд барысы күнделікті тіркеу журналына жазылды. Рейд барысында ешқандай  келеңсіздік жағдайлар орын алмады. Уақытында ақпараттар берілді. 
3-31 қазан аралығында «Бала құқығы-асыл қазына» айлық жоспар аясында «Бала құқығы неге бұзылады?»   «Ұшқыр оймен шешен тіл» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті клубы мүшелері және «Жерұйық» дебат клубы мүшелерімен дебат өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатырған игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту және құқық бұзушылықтан бойларын аулақ ұстауға баулу
Дебат барысында командалар жолдастарының пікірлерін сыйлауды ұмытқан жоқ. Оқушылар тақырыптарды бұдан да жан-жақты қарастыруға болатындығын ескерді.
 Атқарылған іс-шаралар толықтай әлеуметтік желілерге уақытылы жүктелініп отырылды.
Әдістеме атауы: Оқушылар арасында буллинг жағдайын анықтау сауалнамасы.
Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың буллинг жағдайы туралы мағлұматтылықтарын анықтау. Буллингкке  ұшыраған және өзі біреуге қысым көрсетіп жүрген оқушыларды анықтау, буллинг жағдайында не істеу керектігі туралы бағыт –бағдар, кеңестер беру.
Зерттеу әдісі:       Сауалнама
Зерттелушілер:     5-11   сынып
Зерттелушілер саны:   5-19,6-14, 7а-16, 7б-12, 8а-18, 8б-15, 9-17, 10а-7,10б-16,11а-5, 11б- 6.
Жұмыстың нәтижесі:
5-11 сынып оқушыларынан - буллинг жағдайына   ұшыраған және өзі біреуге қысым көрсетіп жүрген тәрбиеленушілерді анықтау, буллинг жағдайында не істеу керектігі туралы бағыт –бағдар беру мақсатында сауалнама алынды. 
Сауалнама  қорытындысының көрсеткіші:
1.Буллинг туралы білесізбе?    а) білемін        
2.Буллинг жиі қайда болады? Оқушылар буллингтің қайда болатындығы туралы біледі.
3. Сен буллинг (қорқыту, кемсіту,қорлау) жағдайына   ұшырадыңба?      б) жоқ
4.Буллинг жағдайына ұшырасаң кімдер тарапынан?   д)ондай жағдай орын алмады 
5. Ондай жағдайда не істеу керек?     а) қажетті мамандарға айтамын            в) ата-анама айтамын
6.Сенің  өзің біреуге қысым көрсетіп, мазалап, қорлап жүрген жоқсыңба?   а) жоқ              
7. Сіз бір адамның басқаға мазақ болғанын кездестірдіңіз бе? б)ешқашан кездестірмедім   
8. Егер кездестірген болсаңыз, онда қандай түрде: Кездестірмедім, ондай жағдай болмады.
9. Сіз өзіңіз айдап салудың қатысушысы болдыңыз ба? г) жоқ (болған емес)
9-сынып бойынша сауалнама  қорытындысының көрсеткіші:
1.Буллинг туралы білесізбе? а) білемін
2.Буллинг жиі қайда болады? Оқушылар буллингтің қайда болатындығы туралы біледі.
3. Сен буллинг (қорқыту, кемсіту,қорлау) жағдайына  ұшырадыңба?   а) иә      б) жоқ
4. .Буллинг жағдайына ұшырасаң кімдер тарапынан?  а) отбасы   б)мұғалімдер
   в)сыныптастар, құрбы-құрдастар  г) өзінен үлкендер  д)ондай жағдай орын алмады 
5. Ондай жағдайда не істеу керек?      а) қажетті мамандарға айтамын            в) ата-анама айтамын
6.Сенің  өзің біреуге қысым көрсетіп, мазалап, қорлап жүрген жоқсыңба?       
7. Сіз бір адамның басқаға мазақ болғанын кездестірдіңіз бе? 
8.Егер кездестірген болсаңыз, онда қандай түрде: а) кемсіту б) қорлау (ауызша агрессия)
 в) физикалық зорлық-зомбылық г)қорлауды телефонға түсіру д) кибербуллинг (қауіптер,
 қорлау және интернетте кемсіту) е)  кездестірмедім, ондай жағдай болмады.
 9. Сіз өзіңіз айдап салудың қатысушысы болдыңыз ба? а) иә, бақылаушы ретінде;
            б) иә, құрбаны ретінде; в) иә, қорлаудың бастамашысы ретінде); г) жоқ (болған емес)
 Қорытынды: Зерттелушілердің 5,6,7а,7б,8а,8б,10а,10б, 11а, 11б -сынып оқушыларының буллинг туралы, булинг жағдайларының қайда болатындығы туралы мағлұматтары бар, бұл сынып оқушылары буллинг жағдайына ұшырамаған, ондай жағдайлар орын алмағандығын,  буллинг орын алған жағдайда қажетті мамандарға, ата-аналарына айтатындықтарын көрсетіп отыр. Оқушылар өздері тарапынан ешкімге қысым көрсетіп, мазалап, қорлап жүрмегендіктері анықталды. Жалпы оқушылардың буллинг жағдайы туралы толық мағлұматтары бар, ондай жағдай орын алған жағдайда не істеу қажет екендігі туралы біледі. 
9-сынып оқушыларынан алған сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың 100% -ыныңда буллинг туралы, булинг жағдайларының қайда болатындығы туралы мағлұматтары бар, 94%-ы буллинг жағдайына ұшырамағандығын көрсетсе,  6%-ы буллинг жағдайына ұшырағандығын көрсетіп отыр. Буллинг жағдайына ұшырасаң кімдер тарапынан деген сұраққа  94%-ы ондай жағдай орын алмады деп жауап берсе, 6%-ы мұғалімдер тарапынан, 6%-ы сыныптастар тарапынан, 6%-ы өзінен үлкендер тарапынан деп жауап беріп отыр. Оқушылардың 100%-ыда буллинг орын алған жағдайда қажетті мамандарға, ата-аналарына  айтатындығын көрсетті. Оқушылар өздері тарапынан ешкімге қысым көрсетіп, мазалап, қорлап жүрмегендіктері анықталды. Сіз бір адамның басқаға мазақ болғанын кездестірдіңізбе деген сұраққа 29%-ы иә,тап болдым деп,  71%-ы ешқашан кездестірмедім деп жауап берді.   Егер кездестірген болсаңыз, онда қандай түрде деген сұраққа  47%-ы кемсіту, 18%-ы қорлау (ауызша агрессия),  6%-ы қорлауды телефонға түсіру, 41%-ы кездестірмедім, ондай жағдай болмады деп жауап берді.
Ұсыныс:  
Сынып жетекшілері: 5-11–сынып жетекшілері оқушылар арасында  буллинг жағдайының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізу. Оқушылардың күнделікті  психоэмоциональді жай күйін бақылау мақсатында әр сыныпқа бақылау картасын жасау, бақылау картасы арқылы барлық оқушылардың психоэмоциональді жай күйін назарда ұстау. Сынып жетекшілері мен педагог-психолог, әлеуметтік педагог апта сайын қорытындысын шығарып қажетті бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіп отыру. 
Педагог-психолог: Сауалнама қорытындысымен пән мұғалімдерін, сынып жетекшілерді, мектеп әкімшілігін таныстыру, қажетті ұсыныстар беру. Әр сыныптың бақылау картасы бойынша сынып жетекшілермен бірлескен жұмыстар жүргізу. Сауалнама қорытындысы бойынша алдын алу, ағартушылық, кеңес беру  жұмыстарын жүргізу. 9-сынып оқушыларымен түзету-дамыту жұмысының бағдарламасын құру және жүйелі жұмыстар жүргізу.
Әлеуметтік педагог, ДТЖО: Сауалнама қорытындысы бойынша 5-11 сынып оқушыларымен буллингтің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жұмыстарын және  9-сынып оқушыларымен түзету жұмыстарын жүйелі жүргізу.
Пән мұғалімдері: 9-сынып бойынша пән мұғалімдері педагог-психологтің кеңестерін, ұсыныстарын басшылыққа алу. Пән мұғалімдері оқушылармен қарым-қатынастарын оңтайландыру.
Мектеп әкімшілігі: 9-сыныпта орын алған мәселелер бойынша жұмытардың атқарылуын назарда ұстау. 
Зерттеу жүргізушінің аты-жөні:   педагог-психолог Н.Н.Байбатшанова
Қорытынды: Зерттелушілердің буллинг туралы мағлұматтары бар, буллинг жағдайына ұшырамаған, ондай жағдайлар орын алмағандығын көрсетіп отыр,  буллинг жағдайы кезінде қажетті мамандарға, ата-аналарына айтатындықтарын көрсетіп отыр. Оқушылар өздері тарапынан ешкімге қысым көрсетіп, мазалап, қорлап жүрмегендіктері анықталды. Жалпы оқушылардың буллинг жағдайы туралы толық мағлұматтары бар, ондай жағдай орын алған жағдайда не істеу қажет екендігі туралы біледі. 
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru