"М.Әубәкіров атындағы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы құқықтық білім беру жұмысының І жартыжылдық есебі » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "М.Әубәкіров атындағы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы құқықтық білім беру жұмысының І жартыжылдық есебі
17
январь
2022

"М.Әубәкіров атындағы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы құқықтық білім беру жұмысының І жартыжылдық есебі

"М.Әубәкіров атындағы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  

2021-2022 оқу жылындағы құқықтық білім беру жұмысының 

І жартыжылдық есебі


2021-2022 оқу жылы бойынша мектеп директорының 1.09.2021 ж №90-ө «Құқықтық білім беру мектебін құру туралы» бұйрығы негізінде құқықтық білім беру мектебінің құрылысы, жылдық жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорының мөрімен бекітілді. 

Құқықтық білім беру кеңесі:

Мүшелері:

  1. Г.Қ.Нусупова -кеңес төрағасы, мектеп директоры
  2. Б.С.Долдаханова - кеңес  мүшесі,   директордың  оқу- тәрбие  жөніндегі   орынбасары
  3. Е.Ш.Окпебаев – директордың тәрбие жөніндегі орынбасары
  4. Ш.Б.Оралханов –ұйымдастырушы мұғалім
  5. С.Қ.Байбатшанов –интернат меңгерушісі
  6. Н.Н.Байбатшанова-  мектеп психологы  
  7. Н.Қасен–ата-аналар комитетінің төрағасы
  8. Т.Жұмаханов–учаскелік инспектор

Дәріскелер тобы

Мүшелері:

1. Г.Қ.Нусупова - кеңес төрағасы

2. Е.Ш.Окпебаев- директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

3. Ш.Оралханов -ұйымдастырушы мұғалім

4. С.Қ.Байбатшанов-мектеп жанындағы интернат меңгерушісі

5. Н.Н.Байбатшанова мектеп психологі

6. Г.Қ.Байкелова-құқық-тарих пәні мұғалімі

Мектеп оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін көптеген  іс- шаралар жүргізілді:

Атап айтқанда, қыркүйек айында тарих пәні мұғалімі  Ш.Б.Оралханов 1-4 сынып оқушыларына дүйсенбі күнгі 1 сабақ кезіндегі сынып сағаттарында «ҚР мемлекеттік рәміздері» тақырыбындағы 1-4 сыныптарға арналған дәріс оқыды, мемлекеттік рәміздер тарихымен таныстыру жұмыстарын жүргізді. 

«Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы  Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: 

Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар «ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеу» тақырыбындағы 10-11 сыныптарға арналған дәріс, сынып сағаттарында таныстыру жұмыстары жүргізілді.

 «ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеу» бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық заңының 1-4 тараулары мен 1-16 баптарына таныстыру жұмыстарын жүргізіп өтті.

1-тарау. ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

  • 1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы
  • 3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бекіту

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

  • 4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі

·5-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын және басқа да туларды Қазақстан Республикасының аумағында бір мезгілде пайдалану

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

  • 6-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану тәртібі
  • 7-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын және басқа да елтаңбаларды Қазақстан Республикасының аумағында бір мезгілде пайдалану

4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ

  • 8-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану тәртібі

·9-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау тәртібі

·10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

·11-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері саласындағы уәкілетті органдардың құзыреті

·12-бап. Жергілікті атқарушы органның құзыреті

·13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру

·14-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау

·15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

·16-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі бойынша білім алушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ,  қыркүйек айындағы жалпы ата-аналар жиналысында  /онлайн/ «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас құқықтары» тақырыбында ұйымдастырушы және тарих пәні мұғалімі  Ш.Б.Оралханов ата-аналарға арналған дәріс жүргізілді.

Дәріс барысында:

  • Жалпы  ата-аналармен балалардың құқықтары  мен міндеттері;   
  • Баланың отбасында  өмір сүру және тәрбиелену құқығы;
  • Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас құқықтары;
  • Ата-ананы құқықтарынан айыру және оларды   шектеу;
  • Өз балаларының не жұбайының  өміріне немесе денсаулығына  қарсы қасқана қылмыс жасаған  жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
  • Ата-ана  құқығынан айыру тәртібі туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алакөл аудандық білім бөлімінің 1.10.2021 ж №419-ө бұйрығы негізінде М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 1.10-.1.11 аралығында мектеп директорының 1.10.2021 ж №149-1-ө бұйрығы шығарылып «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында құқық айлығы өтті. М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде мектеп директорының 1.10.2021 ж №149-1-ө бұйрығы негізінде  «Құқық әлемінде» тақырыбында құқық айлығының іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Әр сыныптың сынып жетекшілері құқық айлығына байланысты іс-шараларды жоспарлап, бекіттіріп, 1-4 сыныптар аралығында «Баланың құқықтары мен міндеттері», 5-9 сыныптарда «Балам бол, басқа бол бәріңе заң ортақ», 10-11 сыныптар бойынша «Құқық және міндет» тақырыбында сынып және тәрбие сағаттарын өткізді. 

Айлық барысында тарих және құқық пәні мұғалімі Ә.Қ.Тоқтақметова 5-8 сынып оқушылары арасында «Біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді толықтай білеміз бе? дөңгелек үстел өткізді. Әр сыныптан 5 оқушы қатысты, барлық оқушы сұрақтарға белсене қатысып өз ойымен бөлісті. Тақырыпқа байланысты белсене қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Олар: 

5 сыныптан-Урозбай Шапағат, Серікқызы Аяна

6а сыныптан- Жабайхан Аружан, Асуланқызы Әлия

6б сыныптан- Серкибай Балжан, Қасан Аружан

7а сыныптан - Асуланқызы Бұрым

7б сыныптан- Манатқызы Айзада

8 сыныптан- Базаргелдинова Салтанат, Жұмеке Ажар

19.10 күні Әлеуметтік педагог А.Мұсанов «Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу және   оқушылардың мінез-құлқы мен тәртібін қадағалау» мақсатында ата-аналармен, оқушылармен дөңгелек үстел өткізді.

Айлық барысында кәмелетке жасы толмағанда арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілер 7-11 сынып оқушыларымен АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан және Екпінді ауылдық округінің жастар нұсқаушысы Ибраймов Нұрландардың қатысуымен «Мен және менің полицейім» «Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?» тақырыбында онлайн кездесулер ұйымдастырылып, өз деңгейінде өтті. Онлайн кездесу арқылы оқушыларға қылмыстың жасалу себептерін өмірмен байланыстыра отырып және зиянды заттардың адам ағзасына кері әсерлері туралы оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек тұлғаларды анықтау   мақсатында  оқушылардан сауалнама алынды.

Сауалнама қорытындысы туралы мәлімет

22-қазанда педагог- психолог оқушылар арасында тәртіпсіздіктің, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнамада   оқушылардың  сынып оқушыларымен, басқа сынып оқушыларымен қарым-қатынастары туралы сонымен қатар оқушылардан моральдық тұрғыдан немесе күш арқылы қысым көрсетулердің болуы туралы, бопсалау әрекеттері, бұзақылық жасауға ниеттілер туралы сұрақтар қарастырылды. Сауалнама жасырын болғандықтан, оқушылардың аты-жөндері жазылмады. Сауалнама оқушылардан бір мезетте алынып, нәтижелері шығарылды.                     

                                                    Сауалнамаға қатынасқан оқушы саны:

8

10а

10б

11а

11б

20

20

15

9

6

5

6


                                                                    Сауалнама нәтижесі:

Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың  өзінің және басқа сынып оқушыларымен қарым-қатынастары жақсы, толық түсінущілік қарым-қатынаста,  ешкімнің тарапынан күш арқылы және моральдық тұрғыдан қысым көрсетушілік болмағандығын көрсетіп сонымен қатар бопсалау әрекеттері  жоқ екендігін көрсетті.

Айлық барысында мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова «Конституция кемел-келешектің негізі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Конституция туралы әр оқушы білуі керек, әр оқушының міндеті. Ата Заңымызға байланысты түрлі кітаптарды қоя отырып, 1-11 сыныптар аралығында шағын көрме ұйымдастырды. Оқушыларға өздерінің құқықтары туралы мәліметтер айтылды. Қатысқан оқушылар өз сұрақтарын қойып, кітаптарды көру арқылы өз жауаптарын толықтыра түсті. Көрме өз дәрежесінде өтті. Оқушылар белсенділік танытты, ойларын қосты.

15.10 күні тарих және құқық пәні мұғалімі Ә.Қ.Тоқтақметова 7-8 сынып оқушылары арасында «Құқық әліппесі» викториналық сайыс өткізілді. Әр топта 3 оқушы қатынасты. Сайыста әр топ алған ұпайларының қорытындысы бойынша әділқазы алқаларының шешімі бойынша 8 сынып 1-орын 26ұпаймен жеңіске жетті. 7а- сынып 14-ұпаймен  2- орын алды. 7б сынып 10 -ұпай  3-орын алды. Мақтау қағазымен марапатталды.

Айлық барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев пен ұйымдастырушы - мұғалім  Ш.Б.Оралханов АІІБ-нің ЮПТ-ның қызметкерлерімен және учаскелік инспектор Т.Жұмахановпен бірлесе отырып, кешкі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Рейд барысында ешқандай келеңсіз оқиғалар болған жоқ.

«Құқық әлемінде» тақырыбында құқық айлығының қорытындысы шығарылып әлеуметтік желілерге уақытында әлеуметтік желіге уақытында жүктелінді.

М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша 2021-2022 оқу жылындағы «Құқықтық білім беру мектебінің» жұмыс жоспары негізінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың   Қазақстан халқына Жолдауы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Е.Ш.Окпебаев 10-11 сынып оқушыларымен 2021 жылғы 1 қыркүйектегі ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ  тақырыбындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын таныстырып, талдау жұмыстарын жүргізді. 

Жолдауда талдау барысында әр оқушы өз пікірлерін білдіріп өтті.

Мықтыбек Ақмаржан, 11а сынып оқушысы: - Президент айтқан және қабылдаған шаралар шетінен жүзеге асып жатыр. Сонымен бірге алға қойылған міндеттер соңына дейін іске асуы тиіс. Солардың қатарында 1 мың мектеп салу керек деген тапсырмасы көңілден шықты. 

Базаргелді Айбын, 10а сынып оқушысы:  - Иә, жалақы өседі дегенді естідім. Қуантады. Әсіресе, өрт сөндіруші секілді жұмысы ауыр мамандық иелерінің еңбегі еленсе деген өтініш бар. Жалақы өсумен қатар баға тұрақталса игі. Әйтпесе жалақы өседі, ізінше азық-түлік, басқа да заттардың бағасы көтеріліп кетеді. Президент айтып, нақты жүзеге асып жатқан істің бірі - мемлекеттік қызметтерді цифрландыру. Оның әсері байқалып жатыр. Бүгінде біраз қызметті үйде отырып-ақ алып отырмыз. 

Тоғанбай Данияр, 10б сынып оқушысы: - Халықты жиі мазалайтын сұрақ - біз көп тұтынатын заттардың бағасы. Билік бағаның өспеуін қадағалауы тиіс. Оны Президенттің өзі де жиі айтады. Басқа сала бойынша мені ел азаматы ретінде мазалайтын сұрақ жоқ. 

Қалиахмет Айзат, 11б сынып оқушысы - Бүгін Президенттің Жолдауын теледидар арқылы тыңдадым. Содан ұққаным, ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтерілетіні. Бұл әсіресе аз қамтылған және әлеуметтік осал отбасылар үшін едәуір қолдау. Одан бөлек, 800 мектептің орнына 1 мың мектеп салу керектігі айтылды. Қоғам үшін тағы бір маңызды мәселе – тіл. Халық тұтастығын ойласақ, менің, сенің тілің деп таразыға салмағанымыз абзал. 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев - Мемлекет соңғы уақытта әлеуметтік мәселелерге жиі көңіл аударып жатыр. Оның ішінде зейнетақы, жалақы мен түрлі жәрдемақы да бар. Президент көтерген тағы бір маңызды мәселе - зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсай алу мүмкіндігі. Өте жақсы бастама, оның үстіне үлкен қалаларда тұрғын үй мәселесі өткір. Осы орайда үйдің бағасы өспесе екен деген тілек бар. Өйткені зейнетақы жинағы әркімде әрқалай, бәрінікі бірдей пәтер алуға жете бермейді. Қарапайым халықты толғандыратын басты мәселе - азық-түлік бағасы. Иә, биліктің бағаны өсірмеу жолында жұмыс істеп жатқанын білеміз, дегенмен кей жағдайда мәселе Президент араласқаннан соң ғана шешіліп жатады. Өз басым Президент Жолдауын жыл сайын жібермей қараймын-деп, айтып өтті.

Желтоқсан айында «Азамат ұлдар» және «Қызғалдақ қыздар ұйымы мүшелерімен «Оқушылардың өзара қарым қатынасы», «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында 8-11 сынып ұлдары мен қыздарына дәріс оқылып, кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстың мақсаты: «Оқушылардың өзара қарым қатынасы», «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» жастардың болашақ өміріне тигізер қауіп-қатерлері туралы мағлұмат беру, жағымсыз әрекеттер мен мінез-құлықтың алдын-алу.  

Жиналысқа үлкен ұстаздар, мектеп әкімшілігі, педагог-психолог, дефектолог, сынып жетекшілер, мектеп жанындағы интернат және мектеп медбикелері қатынасып, өздерінің ақыл-кеңестерін айтты. Оқушылар өздеріның пікірлерін –ойларын ортаға салып, өздерінің сұрақтарын қойды. 



                                 Құқықтық тәрбие жұмысын атқарушы                                     

 ұйымдастырушы мұғалімі:                           Ш.Б.Оралханов

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru