"Жас полиция көмекшісі" тобының І жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жас полиция көмекшісі" тобының І жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы
09
январь
2023

"Жас полиция көмекшісі" тобының І жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы

М.Әубәкіров атындағы орта мектебіндегі 2022-2023 оқу жылындағы
«Жас полиция көмекшісі» тобының І жартыжылдықта
атқарған іс-шаралар есебі
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 01.09.2022 ж мектеп директорының №201-ө бұйрығы шығарылып,   бұйрық негізі бойынша «Жас полиция көмекшілері» тобы құрылып,   жалпы  ережелерімен таныстырылып, жылдық жұмыс жоспары  жасалынып мектеп директорының және Алакөл АІІБ-нің ЖПК бастығы полиция подполковнигі К.О.Кожекеновпен бекітілді.   «Жас полиция көмекшісі»  тобының   басшысы 10б сынып оқушысы Әшімхан Досымжан, топ мүшелері болып төмендегі оқушылар бекітілді:
Аты-жөніСыныбы
1Амангелді Еркебұлан10 б
2Мықтыбек Ақсұңқар10 б
3Алпысбай Дияс10 а
4Әбілқамит Мақпал10 б
5Жүмеке Мұнара10 а
6Хасен Ажар10 б
 «Жас   полиция  көмекшілері»   тобының жалпы  ережелері:
1.«Жас   полиция көмекшілері»  тобы  мектеп   директоры  бұйрығымен  құрылады. 
2.«Жас   полиция көмекшісі»  тобы  мүшелерінің   төсбелгісі  болады. 
3.Топтың   алға  қойған  мақсаты жасөспірімдер  арасында   құқық  бұзушылықтың  алдын- алу, құқықтық  мәдениетін   көтеру, оқушыларға тәртіп пен   әдептілікті сақтау   қажеттігін  түсіндіру.
4.Ата-ана  комитеті   мүшелерімен, оқушылар   ұйымымен  бірлесе  құқық бұзушылыққа  қарсы   жұмыстарды  үйлестіру. 
5.Мектеп   оқушыларына  мектеп  ережесін, тәртіп  пен   әдептілікті  сақтау қажеттігін   ұғындыру.
6.Тәртіп   бұзушылықтың,  сабақтан  себепсіз   қалушылықтың  алдын- алу. 
7.«Жас   полиция көмекшілері» тобы   мүшелері  кешкі  кезекшіліктер   ұйымдастыруға  құқылы.
   Сонымен қатар 1-4 сынып оқушыларына күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы демалыс кезіндегі   оқушылардың өмір қауіпсіздігі жөніндегі қапсіздік ережелері уақытылы таныстырылып отырады. Оқушылардың қауіпсіздік ережелерімен танысқандығы жөніндегі мәліметті білдіретін әр сыныпта дәптер басталып, қолдары қойылып алынған, ата-ананың қауіпсіздік ережелерімен танысқандығын білдіретін  қатынас дәптерлері бар.  
2022-2023 оқу жылының қыркүйек айы бойынша «Жолда жүру ережесі» сынып жетекшілермен мектеп оқушыларына таныстырылды. Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 19.09.2022 ж күні АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан, АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция майоры Н.В.Менжулина, және Екпінді ауылдық округінің участкелік инспекторы Жұмаханов Талғат бастауыш 1-4 сыныптармен сынып жетекшілері «Жолда жүру ережесі» тақырыбында  тәрбие сағаттарын өткізіп, жолда жүру қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Оқушылардың күнделіктеріне «Мектептен – үйге» схемасы сызылып,  жолда жүру ережесімен таныстырылды. Сонымен қатар 14 жасқа толмаған   оқушыларға жол бойында велосипед, мотоцикл, мопед көліктерімен   жүруге қатаң тыйым салынатындығы жөнінде ескертілді. 
2022-2023 оқу жылының қыркүйек айы бойынша  «Жас полиция   көмекшісі»  тобы  мүшелері мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымының бірлескен апта сайынғы «Тәртіп» жиынын өтілуі, сынып бөлмелерінің санитарлық жағдайын тексеру, мереке күндері қабырға газеттерінің шығарылуын қадағалау, оқушылардың спорттық іс шараларға тартылуын қадағалау және дәптер, кітап, күнделік рейдтерін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.
Апта сайынғы «Тәртіп» жиыны барысы уақытылы аптаның 1 күнгі сабағы алдында Мемлекеттік Гимнімен басталып, уақытылы өткізіліп отырылды. Тәртіп бұзған оқушылар /су-орамалдары жоқ, сабақтан кешіккен, шаштары алынбаған/ «Кірпі» қабырға газеттеріне шығарылып, ескерту жұмыстары жүргізіліп отырылды. Сонымен қатар, әрбір дүйсенбі күнгі тәрбие сағаттары барысында мектеп әкімшілігімен бірлескен дәптер, кітап, күнделік рейдтері және сынып бөлмелерінің санитарлық жағдайын тексеру жұмыстары да жүргізіліп отырады.
«Жас полиция  көмекшісі»  тобы   мүшелері мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы және сынып жетекшілердің бірлескен мереке күндері қабырға газеттері уақытында шығарылып, қадағалау жұмыстары жүргізіліп отырылды.Сонымен қатар, оқушылардың спорттық іс шараларға тартылуын қадағалау жұмыстары да уақытыл жүргізіліп отырылды.
М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша аудандық білім бөлімінің 30.09.2022 ж №603-ө бұйрығы негізінде мектеп директорының 3.10.2022 ж №235/1-ө бұйрығы шығарылып, бұйрықтың негізінде «Бала құқығы-асыл қазына» айлық жоспар құрылып, мектеп директорының мөрімен бекітілді. Сол жоспар аясында өткен «Құқық-әділет пен парасат жолы», «Ата-ананың құқығы мен міндеті» тақырыбындағы стендтерді толықтыру жұмыстары уақытылы жүргізілді.
Сондай-ақ, айлық барысында «Бала құқығы-адам құқығы», «Құқық әлемі» тақырыптарында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.
Айлық барысында кәмелетке жасы толмағанда арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілер 7-11 сынып оқушыларымен АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан және Екпінді ауылдық округінің жастар нұсқаушысы Ибраймов Нұрландардың қатысуымен «Мен және менің полицейім», «Менің құқығым-менің бағдарым»  тақырыбында онлайн кездесулер ұйымдастырылып, өз деңгейінде өтті. Онлайн кездесу арқылы оқушыларға құқықбұзушылық кодексінің баптанымен танысу және сондай-ақ, қылмыстың жасалу себептерін өмірмен байланыстыра отырып және зиянды заттардың адам ағзасына кері әсерлері туралы оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 Айлық барысында жоспарға сәйкес 1-11 сынып оқушылары «Заң зердесі» тақырыбында қабырға газеттері шығарылып барлық қабырға газеті үздік деп танылды.  «Бала құқығы-асыл қазына» айлық жоспар аясында әрбір дүйсенбі күнгі тәртіп жиынында тарих-құқық пәні мұғалімдері Ш.Б.Оралханов,   Г.К.Байкелова, Ә.Қ.Тоқтақметовалар «Бала құқығы туралы»,  БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдармен таныстыру жұмыстары жүргізіп отырылды.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
 Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Заңы (2022.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттік саясаттың мақсаттары
7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөніндегi өкiлеттiктерi
7-1-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институты
7-2-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл
3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
9-бап. Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету
15-бап. Баланың білім алуға құқығы
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы
17-бап. Баланың мемлекеттік көмекке құқығы
18-бап. Мемлекеттік ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу
19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
20-бап. Баланың мiндеттерi
4-тарау. Бала және отбасы
3-31 қазан аралығында «Жедел жастар» ұйымының жетекшісі Т.Ж.Қасымбеков түнгі кезекшіліктің  кестесі жасалып, бөлінген адамдар түнгі кезекшіліктерін атқарды, рейд барысы күнделікті тіркеу журналына жазылды. Рейд барысында ешқандай   келеңсіздік жағдайлар орын алмады. Уақытында ақпараттар берілді. 
3-31 қазан аралығында «Бала құқығы-асыл қазына» айлық жоспар аясында «Бала құқығы неге бұзылады?»   «Ұшқыр оймен шешен тіл» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті клубы мүшелері және «Жерұйық» дебат клубы мүшелерімен дебат өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатырған игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту және құқық бұзушылықтан бойларын аулақ ұстауға баулу
Дебат барысында командалар жолдастарының пікірлерін сыйлауды ұмытқан жоқ. Оқушылар тақырыптарды бұдан да жан-жақты қарастыруға болатындығын ескерді.
Атқарылған іс-шаралар толықтай әлеуметтік желілерге уақытылы жүктелініп отырылды.
Оқушылар арасында тәртіпсіздіктің, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 8- 11- сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнамада  оқушылардың  сынып оқушыларымен, басқа сынып оқушыларымен қарым-қатынастары туралы сонымен қатар оқушылардан моральдық тұрғыдан немесе күш арқылы қысым көрсетулердің болуы туралы, бопсалау әрекеттері, бұзақылық жасауға ниеттілер туралы сұрақтар қарастырылды. Сауалнама жасырын болғандықтан, оқушылардың аты-жөндері жазылмады. Сауалнама оқушылардан бір мезетте алынып, нәтижелері шығарылды.                      
 Сауалнама нәтижесі:
Мектепте бопсалау әрекеті бар ма? Кімдер тарапынан?           б)жоқ
Бұзақылық жасауға ниеттілер бар ма ?           д ) жоқ
Соңғы уақытта сіздің намысыңызға қатты тиіп немесе ұрып, қорқытқан адамдар барма, кімдер?  Жоқ.
Сізге моральдық тұрғыдан, күш арқылы қысым көрсету болды ма? Жоқ  
Сізге кімдер тарапынан күш көрсетушілік жағдайлар болды? Болған жоқ
Мектепте насыбай, темекі, ішімдік пайдаланатындар барма, кімдер?  Ондай жоқ.
Сауалнама қорытындысы бойынша оқушыларда ешкімнің тарапынан күш арқылы және моральдық тұрғыдан қысым көрсетушілік болмағандығын және сонымен қатар бопсалау әрекеттерінің жоқ екендігі және мектепте насыбай, темекі, ішімдік пайдаланатын оқушылардың жоқ екендігі  анықталды.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының сабаққа қатынасуын қадағалау мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан, ата-аналар комитетінің араласуымен және  «Жас  полиция   көмекшілері» тобының  мүшелерінің қатысуымен «Бірде бір сабақтан қалушы болмасын»,  «Сабақ» рейдтары жүргізілді. 
Жетісу облысы, Алакөл ауданы М.Әубәкіров атындағы орта мектебі 2022 жыл Балалар жылына орай мектебіміздің «Жас полиция көмекшілері» тобының жылдық жұмыс жоспары негізінде төменгі сыныптарға жолда жүру, қауіпсіздік ережесі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл шараға «Жас полиция көмекшілері» тобы мүшелері мен сынып жетекшілер бірлескен түрде атсалысты.
Атқарылған іс-шаралар уақытында әлеуметтік желілерге жүктелініп отырылды.
https://www.instagram.com/p/CksHlGUo03D/?utm_source=ig_web_copy_link
2022-2023 оқу жылының қазан  айындағы 1-11 сынып оқушыларының сабаққа қатысуын /күнделікті/, тазалықтарын /әр аптада 1 рет/, пән кабинеттерінің тазалығын /әр аптада 1 рет/тексерудің қорытындысы.
Тексеру мақсаты: оқушылардың сабаққа қатысуын, тазалығын, пән кабинеттерінің тазалықтарын бақылау
Тексеру уақыты: 3-28.10.2022
Тексеру обектісі: жалпы бақылау, шолу
Тексеру комиссиясының мүшелері:
  • Е.Ш.Окпебаев – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  • Ш.Б.Оралханов – педагог-ұйымдастырушы
  • Т.Жумадил – мектеп медбике
Қорытындысы: Мектеп оқушыларының сабаққа қатысу деңгейін тексеру (күнделікті бірінші сабақта тексеріледі) қорытындысы төмендегідей;
Жалпы қазан айында мектеп бойынша 91 оқушы сабақтан қалды. 91 оқушы да денсаулықтарына байланысты қалды, соның ішінде ұзақ ауырғандар /5 күннен жоғары/ 10 оқушы. /бастауыш сынып бойынша – оқушы 14, 5-11 сынып бойынша-77 оқушы/
Сабақтан  қалған 91 оқушының анықтамалары бар. Олар:
1 сынып-1 оқушы, 3 сыныпта- 6 оқушы, 4а сынып-5 оқушы, 4б сынып-2 оқушы, 5 сынып-7 оқушы, 6 сыныпта-9 оқушы,  7а сынып-10 оқушы, 7б сынып-6 оқушы, 8а сынып-8 оқушы, 8б сынып-7 оқушы, 9 сынып-9 оқушы, 10а сынып-5 оқушы, 10б сынып-7 оқушы, 11а сынып-4 оқушы, 11б сынып-5 оқушы.
1 сынып-Әділбекова Әлия    /6 күн/
3 сынып-Жүмеке Айару /5 күн/
4а сынып –Жексембекұлы Еркебұлан /20 күн/
                   -Төлеуғажықызы Аяулым  /5 күн/
5 сынып –Жұмахан Жанасыл   /7 күн/
                  -Баяхмет Диляра  /6 күн/
6 сынып-Серік Бекнұр    /6 күн/
7б сынып –Байбазаров Ерболат   /6 күн/
9 сынып-Әділбек Қайсар /12 күн/
10а сынып-Қайырхан Бекзат   /5 күн/
Пән кабинеттеріне уақытылы, әр ауысым сайын тазалық жұмыстары бөлмені жиі желдетіп отыру, ылғалды тазалық жүргізу жұмыстары жүргізіліп отырды. Қазан айында барлық кабинеттер таза болды. Сынып оқушыларының санитарлық гигиеналық талаптарды орындауы мақсатында оқушыларға мектеп медбикесінің бақылауымен күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілді. 
Ұйымдастырушы мұғалім:   Ш.Б.Оралханов
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru