Нусупова Гүлнар Қасымбайқызы » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Нусупова Гүлнар Қасымбайқызы
01
сентябрь
2021

Нусупова Гүлнар Қасымбайқызы


Нусупова  Гүлнар Қасымбайқызы 1962  жылы Екпінді    ауылында  дүниеге  келген.1968   жылы Екпінді  орта  мектебінің 1- ші  сыныбына   қабылданып, 1978  жылы  мектепті   үздік   бітіріп  шықты. 1978 жылы Қазақтың  Абай   атындағы  педагогикалық  институтының    физика  бөліміне  оқуға   түсіп, 1982  жылы  жоғарғы  оқу   орнын  бітіріп, еңбек  жолын     өзінің  туған  Екпінді   ауылындағы Екпінді орта мектебінен бастады,  бүгінгі   таңда Мәлгеждар Әубәкіров   атындағы  орта  мектебінде 40 жылға  жуық    уақыт ұстаздық қызметк етіп   келеді.1982-2000 жылдары осы   мектепте физика  пәнінің мұғалімі, 2000-2010  жылдары директордың тәрбие жөніндегі  орынбасары  қызметін   атқарды. 2012 жылдан   бастап   мектеп   директоры  қызметін  атқарып   келеді. Гүлнар  Қасымбайқызының ұстаздық  жолында   шығармашылық   және  білім  беру   жүйесін  жетілдіру  аясында жеткен  жетістіктері   орасан   зор.  2016 жылы Қазақстан Республикасы  жалпы   білім  беру   ұйымдары   басшыларының   біліктілігін  арттыру    бағдарламасы  бойынша 9 айлық  курсты   аяқтаған.

Гүлнар Қасымбайқызы   басқарып  отырған  М.Әубәкіров   мектебі   болашақ  ұрпақты    тәрбиелеуде  үлкен жетістіктерге  қол жеткізді.Мектептің  мектеп   жанындағы  интернаттың  материалдық- техникалық  базасы    жаңартылып , жаңа модификациялық STEM    кабинеттермен  жабдықталып,  жаңа үлгідегі   кітапханамен  толықтырылды.Мектеп  басшысы   ретінде Республикалық   басылымдарда   бірнеше  мақалалары   жарық  көрген    Елеулі   еңбегінің  нәтижесінде  Қазақстан   Республикасы  Білім  және   Ғылым министірінің  құрмет  грамотасымен     "Алматы  облысының   кәсіподақтар   орталығы"   аумағының   кәсіподақтар  бірлестігінің  Құрмет   грамотасымен  марапатталған.

М.Әубәкіров   мектебі "         Үздік  ауыл   мектебі"  байқауында   жүлделі   орын  иеленіп, 2020-2021  оқу   жылының  рейтинігінің  қорытындысы   бойынша  жоғары  көрсеткішке   жетіп,  жүлделі  ІІІ орын   алып,  Алғыс хатпен  марапатталды.

2020-2021  оқу  жылында   мектеп  бітіруші 28 түлектердің алтауы "Алтын белгі" иегері   атанды.

Гүлнар   Қасымбайқызы 2021 жылы  білім  саласындағы   көп  жылғы   еңбегі    бағаланып, "Ерен  еңбегі"     медалінің  иегері    атанды. 

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru