Назарова Жулдыз Халыковна » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Назарова Жулдыз Халыковна

Кітапхана туралы

   М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің  1-11   сынып оқушылары толық 100 пайыз оқулықпен  қамтылды.

    Мектеп кітапханасының қорында жалпы: 13559 дана қазақ тіліндегі кітап саны. Соның ішінде Оқулықтар саны – 7708 дана, әдістемелер саны – 1615, электронды оқулықтар саны – 149, дидактикалық материалдар саны – 1595, көркем әдебиет саны – 2492 дана кітаптар бар. Кітапхана іші кітаптармен қоса түрлі-түрлі көрмелермен безендірілген. 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды. Біз қазіргі таңда осы «Оқуға құштар мектеп» жобасымен қарқынды жұмыс жасап келеміз, соның нәтижесінде мектеп оқущыларының кітап оқуға деген қызығушылығы арта түсті. «Оқуға құштар мектеп» жобасы алдағы уақытта кітап оқуға құмар ұлт деген мәртебелі атымызды қайтаруға септігін тигізетін маңызды бастама, сонымен қатар кітапханалардың жұмысын дамытып,  қазақ тілінде түрлі жанрда көркем әдебиет, шетел әдебиеті сияқты жас жеткіншектер қызығып оқитын  ақын-жазушылардың аңыз-әңгіме және ертелгілері басылымда көптеп шығып жатыр.  Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.

06.09.2021-2022 жылғы «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл!» көрмесінің мәліметі

Мақсаты: 

  1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
        2) Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
        3) Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
     
    Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы


  Өзіндік жұмыс: Сұрақтарға жазбаша жауап беру:

1. Қазақстанда Мемлекеттік тіл қай тіл?

2. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? 1989 ж)

3. Тіл туралы Заң қай жылы қабылданды? (1997 ж)

4. Заң неше тараудан, неше баптан турады? (6 тарау, 27 бап)

5. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл деп нешінші тарауда, нешінші бапта айтылған? (1 тарауда, 4 бабында)

 

Қорытынды: Іс-шара 1-9 сынып аралығында өтті.   Біздің мақсатымыз оқушыларды туған елін, тілін, жерін сүюге баулу, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру.Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, туған тіл –рухани байлық екенін ұғындыру.Мемлекеттік тілді құрметтеу, оны үйрену әр азаматтың парызы екендігін түсіндіру.

“Қазақстанның болашағы- мемлекеттік тілінде”( Н.Назарбаев )


10.09.2021-2022 жылғы «Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу»  мәліметі

 Мақсаты

І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Өткізу түрі: презентация, ролик.

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, мақал-мәтелдер, Отанын, жер туралы нақыл сөздер.

   Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
 2. Кітапханашының кіріспесі.
 
3. Рәміздер туралы топтық жұмыс.
 4. Қорытынды.

    Кіріспе бөлім:

   Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)

   Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?

 Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.

   Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.

    Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.

    Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.

     1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.

  1-4 сынып оқушылармен жұмыс. Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:

1. Отан отбасынан (басталады)
 2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
 3. Отан - елдің анасы,  (Ел - ердің анасы)
 4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас).
 
5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
 6. Отан оттан да (ыстық)
 7. Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл)
 8. Отан үшін күрес (Ерге тиген үлес)
 9. Ел іші - (алтын бесік)
 10. Тіл- тәуелсіздік  (тірегі)
 Отан – жерім, Отан - суым,
 Отан қуат, нәр береді..
 Отан - ұран, Отан - туым
 Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады
.

   Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде мектеп кітапханасында 04.10.2021-2022 жылғы «Құқығыңды білесің бе»  тақырыбы бойынша мәлімет

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету.

Білімділік:Оқушылардың заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу; Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлап,тыңдау ,өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту,шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.

Тәрбиелік:Құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге ,құрметтей білуге үйрету,адамгершілікке ,елжандылыққа ,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:слайд,плакаттар,әр түрлі карточкалар. тәртіп туралы нақыл сөздер, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы,мадақтамалар.

Өткізілу түрі: сұрақ-жауап .

     «Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны

- сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;

- кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;

- кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.

Терминдермен жұмыс

Құқық-мемлекет орнатқан және оның күшімен бірдей қорғалатын заңдар жиынтығы.

Бала-жасы 18-ге толмаған адам.

Президент-мемлекеттің жоғары басшысы.

Заң-ҚР үкімдері.Қоғамның негізгі тірегі.

Тәрбие-аға ұрпақтың жас ұрпаққа берген тәрбиесі.

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»

    Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

- Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

- Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

- Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

- Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.

- Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

- Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

- Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

- Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

-Әрбір баланың білім алуға толықтай құқығы бар.


   Қорытынды:  Құқығынды білесің бе атты тақырыбындағы іс-шара өз мәресіне жетті. Іс-шарада 1-11 сынып аралығында  бала құқығы жайлы конвенцияны түсіндіру жұмыстары жүрді. Сөз соңын Елбасының керемет мына бір сөзімен тақырыпты қорытындыласам, «Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.

Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.

Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың!»-(Н.Ә.Назарбаев)

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде мектеп кітапханасында 18.10.2021-2022 жылғы «Ата-Заң»  тақырыбы бойынша мәліметі

Мақсаты: Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді жастардың бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ата заң – елдігіміздің еңсесі» тақырыбы бойынша бейнеролик, слайд - шоу. ҚР Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба.

Барысы: Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көпұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экономикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артып, дамудың даңғыл жолын таңдадық. Қыруар қайратты, еңселі еңбекті қажет етер күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды, биік белестерді бағындырдық. Елбасымыздың салихалы саясатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық. 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады.

Қорытынды:

Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.

«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

20.10.2021-2022 жылғы      «Бір ел, бір кітап» акциясының биылғы кітабы тақырыбы бойынша мәліметі

    Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бері Қазақстан  Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығы  бастамасымен  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 15 жыл бойы өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени  және  рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.

     Жыл сайын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында еліміздің барлық кітапханаларында көптеген іс-шаралар мен кітап көрмелері ұйымдастырылып, акция мен таңдаулы авторлар, олардың кітаптары туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті жазушыларының шығармалары оқырмандар назарына ұсынылады.

      Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.Мектеп кітапханасында поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы авторлардың 30 ең үздік жұмыстары  қойылып,  жұмыс   жоспары бекітілді.        Сонымен  қатар  Ж.Нәжімеденов «Менің Қазақстаным», Б.Соқпақбаев «Жекпе-жек», Ы.Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар», Даурен Куат «Бөрісоқпақ» - кітаптарына библиографиялық шолу жасалынды.

18.01.2022 жылғы «Дінмұхамед Қонаев 110 жыл»  тақырыбы бойынша мәлімет


Сабақтың  мақсаты:  
                       
                    Білімділік:        Қонаевтың  қайраткерлік  өмірінен    
                                                 мағлұмат  беру.  Өмірде  ұлы  тұлға          
                                                 болып       қалыптасқан  атамызбен             
                                                балаларды  жақын    таныстыру.
         
              Дамытушылық:
     Қонаев  туралы  ой-пікірлерін          
                                                арттыру, ойларын  еркін  жеткізе                      
                                               білуге  дағдыландыру.

                     Тәрбиелік:       «Ұлы  тұлға»  туралы  әңгімелей       
                                               отырып,  балаларды  адамгершілікке,                    
                                               отансүйгіштікке  тәрбиелеу.

Барысы:
                           
                                       1. Ұйымдастыру  кезеңі:

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сұңғақ бойлы,ақсары өңді,жылы жүзді,нар тұлғалы кісі болатын.
         Дінмұхамед  атамызды  ел  көзі  тірісінде – ақ  құрмет  тұтып, Димаш  атап  кеткен.  Димаш  атамыз  1912 жылы  12  қаңтарда  Алматы  қаласында  дүниеге  келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін,1931 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу түсті металлургия институтына оқуға жібереді.1936 жылы институтты ойдағыдай бітіріп,тау кен  инженері мамандығын алған  Д.. А.. Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып,онда бұрғылау станогының машинисі ,цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болады.   
Он  бес  одақтастас  республиканы  Мәскеу  басқарып  тұрған  қиын  да  күрделі  заманда, Қонаев  атамыз  Қазақстанды  жиырма  жеті  жыл  бойы  басқарған.  Әділетті,  турашыл,  қарапайым  басшы  болды.  Ол  кісінің  алдына  елдің  бәрі  кіріп,  жұмысын  айтып  шыға  алатын. Қонаев  басқарып  тұрған  кезде  Қазақстан  он  бес  одақтас  республиканың  ішінде  екінші  орында  тұрды.  Бірінші – Ресей, екінші Украина  мен  Қазақстан  қатар  тұрды.  Бұл  Қонаевтың  Қазақстан  үшін  қаншалықты  еңбек  сіңіргенін  көрсетеді.  
      Ел  ең  алдымен  Қонаевтың  кішіпейілдігі,  мәдениеттілігі  жайлы  тамсана  әңгімелейді.  Димаш  атамыз  Академик  болған.  Академик  дегеніміз – жан-жақты  білімді,  өте  сауатты, бәрін  білетін  адам.  Академиктерге  сол  кезде  ай  сайын  үш  жүз  сомнан  артық  ақша  төленетін  болған. Сол  ақшаны  Қонаев  атамыз  ай  сайын  балалар  үйіне  беріп  отырған.  Бұл  да  Дінмұхамед  атамыздың  Ұлылығының  бір  белгісі.
  Д.А.Қонаев –Ұлы отан соғысынан әбден күйзеліп артта қалған Қазақстанды толассыз көркейтіп дамытқан,оны алдыңғы қатарлы индустриялы – аграрлық республика дәрежесіне жеткізген –xx ғасырдағы қазақ халқының дара перзенті,қазақ мемлекетінің ұлы қайраткері.
      Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев  ел  басқарып  тұрған  кезде  Қазақстанда  қырықтан  аса  қала  салынды.  Ол  қалалардың  бәрінде  атамыздың  айрықша  еңбегі  болды. Міне,  осы  істердің  бәрі  Қонаев  атамыздың  «Ұлы  тұлға»  екеніне  жеткілікті  дәлел  бола  алады.
 Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылы тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.



9-сынып оқушысы Мықтыбек Ақсұнқар

 Дінмұхамед-Ұлы тұлға ардақты,
              Дінмұхамед-бар асылдан салмақты.
              Дінмұхамед-күллі әлемге танылған,
             Кісіліктің шамшырағы жан-жақты.

            Дінмұхамед заманадан биік тұр,
             Даналығы мәңгілікке сыйып тұр.
            Қасиетті ұл,қабырғалы еліне,
            Шыққан күнмен шапағатын құйып тұр.  

9-сынып оқушысы Менғали Мақсат

 Димаш – аға ардақты әке,ұлы ата,
          Ұлылығын ұлықтаймыз ұната.
          Дінмұхамед Қонаевты біледі,
       «Туысым» деп,бар қазақтан сұраса.

Қорытынды:   

Өткендерін ескерген,
   өскендіктің белгісі.
  Өткендерін ұмытқан,
  Өшкендіктің белгісі»,-демекші,өмірден өткен ұлы тұлғаларды ескеріп,еске алу кейінгі ұрпақтардың парызы.Ұлыларымызды ұмытпайық! Ендеше, балалар,қоғам қайраткері аталарың – Дінмұхамед Қонаевтың тұла бойы тұнған талант,қайтпас қачармандығын өмірлеріңе шырақ ете біліңдер.      

қараша айында «Иманды адам-ибалы адам»  тақырыбы бойынша мәліметі

Тәрбиелік шараның мақсаты:

а) білімділігі:     Оқушыларға қазіргі кездегі діни ахуалдың қалыптасуы және  дін мен салт-дәстүрдің ара қатынасы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы түсіндіру;

ә) дамытушылығы:   діни наным-сенімдерді ажырата білуге,жат діни  ағымдардан аулақ жүруге үйрету,әлемдік діндер туралы  түсініктерін кеңейту,өзіндік көзқарастарын  қалыптастыру;

б) тәрбиелілігі:  оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілкке,тілі мен

дінін, салт-дәстүрін құрметтеуге, ұйымшылдыққа

тәрбиелеу

Тәрбиелік шараның міндеті:

тілі мен дінін құрметтейтін,санасы терең,көкірегі ояу, ұлттық қасиеттерін бағалай білетін,ертеңіне сеніммен қарайтын ұлтжанды, парасатты тұлғаларды тәрбиелеу.

Тәрбиелік шараның түрі: пікіралысу  (ойталқы)

Тәрбиелік шараның көрнекілігі:  Дін туралы  мақалалар,кітаптар, өлеңдер,

    Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Біз тегіміз–түрік,дініміз-ислам  екенін ұмытпауымыз керек», — деп дінімізді берік сақтауымыз қажет  екендігіне  айрықша  назар  аударған. Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным-сеніміне,нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабыр- лылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні. Алайда, қазіргі кезде Ислам мен қазақы салт-дәстүрлеріміздің ара жігін ажырату,олардың арасындағы қарам-қайшылықтарды  толық танып білу  қиындай түсуде, Олай дейтініміз, соңғы кездері әр түрлі уағыздар айтып, елді алдап жүрген топтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.

Экстремизм дегеніміз – латын сөзі. Ол «шеттеу», «өз пікірімен  әрекет жасау» дегенді білдіреді.Олар өздерін таза, дұрыс санап, өзгелерді адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді  мойындамайды.

— Олар  Ислам  дінінің  талаптарына үстірт қарайды

— Көпшіліктің жүйкесіне тиіп, алаңдату, күмән келтіру арқылы пікір

қайшылықтарына барады

— Көп ілім үйрену зиян деп есептейді

— Ата Заңымыз бен өзге де заңдарды  мойындамайды

Оқушылардың пікірі:

10- Сынып оқушысы Әбдуғали Ерасыл

     Еліміздегі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да «басқа діни бірлестіктер өз діндерін насихаттаса насихаттай берсін, ал біздің дінде зорлық жоқ» деп өздерін «салқынқанды» ұстауда. Сонда дәстүрлі емес діндердің іріткі ісіне тосқауылды кім қоюы керек?! Айтпақшы, «біздің дінде зорлық жоқ» деп Мұсылмандар діни басқармасы қол қусырып отырғанда, еліміздегі провослав дінінің өкілдері құлшылық ететін сөздерін мемлекеттік тілге аударуға кірісе бастапты. Олар бұл әрекетін христиан дінін қабылдаған кей қазақтар үшін қажет деп түсіндіруде.

9-сынып оқушысы Хасен Ажар 

    Ағымға ерген азаматтардың тиісті медициналық тіркеуден, тіпті екпе егуден бас тартуы, басқа ағымға ерген жасөспірімдердің мектептегі оқуларын тастап кетуі, мектеп жасындағы ұл-қыздардың музыка тыңдау – харам, мемлекеттік Әнұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау, туға құрмет көрсетпеу, «жер бетінде шекара болмауы керек» деп, Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеу дұрыс деген бағыттағы уағыздар жүргізуі түрлі діннің ағымында кеткендердің ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананы естен шығаруының айғағы болса керек. Айта кетерлік нәрсе, жат пиғылды ағымдардың жетегінде кеткен жастардың, жалпы адамдардың қоғамға қайта оралуы өте қиын, тіпті кейде мүмкін де емес.

Өйткені оларды Отан, отбасы, бірлік сынды қасиетті ұғымдар толғандырмайды.

10-сынып оқушысы Рамазан Нұржан

     Санасы уланғандар тек көсемдері айтқанды екі айтпай орындайтын сарбаздарға айналғанын өздері де түсінбейді. Бұған дәлел соңғы кездері радикалды ағым мүшелерінің бірнеше рет қылмысты оқиғалардың ұйым­дастырушылары ретінде аталуы. Ал бұл қоғам үшін қорқыныш ты емес пе?! Сондай-ақ түрлі діннің ағымында кеткен әке мен баланың бір дастарқаннан ас ішпек түгіл, бірін-бірі жау көруі, әке-шешесін тыңдамай,балалары басқа діннің ағымында кеткен ата-аналардың  шарасыз күйге түсуі бүгінгі қазақ қоғамын ойландыруы тиіс.

9-сынып оқушысы Қамет Гүлназ

     Жат діни ағымға ерген азаматтар медициналық тіркеуден бас тартып, Әнұранды тыңдау, Туға  құрмет көрсету – дұрыс емес, әскери  борышты да  өтемеу  керек деп есептейді, ата-ананың айтқанына құлақ аспайды. Жат пиғылдың жетегінде кеткен   адамдардың  қоғамға қайта оралуы қиын, тіпті мүмкін емес.

Қорытынды:

 Бүгінгі тәрбиелік  шараның  негізгі  мақсаты  иманды  қоғамның

ибалы  адамдарын  тәрбиелеу  болатын.

Иман-сенім,наным деген мағынаны біліреді.Иман-Исламның тірегі.Сондықтан ең  бірінші  иманымыз  һәм  берік  болуы  керек.

«Ұлттың өзін-өзі сақтайтын бірнеше факторлары бар. Олар – тілі,діні, тарихы,атамекені,дәстүрі. Соның ішінде айрықшасы: тілі мен діні.

Кез-келген халықты құрту үшін оның  дінін құртса, ол халықтың тұтастығы кетеді. Дініне мықты болған халықтың санасы сергек,

іргесі тұтас болады.»

22.11.2021-2022 жылғы «Исатай Тайманұлы 230 жылдығы»  тақырыбы бойынша мәліметі

Мақсаты: Оқушыларға қазақтың біртуар ұлы Исатай Тайманұлының өмірі, ерлік жолы туралы мол мағлұмат беру.
 Кешегі өткен ұлы батырлардың істерін бүгінгі ұрпаққа үлгі - өнеге ете отырып, оқушылардың бойына ұлтжандылық, адамгершілік, батылдық сынды ізгі қасиеттерді дарыту.

І. Исатайдың балалық шағы.
     Исатай 1791 жылы Тайсойған құмы, Тайман жалы бұйратында туған. Әкесі – Тайман, шешесінің есімі – Нағибала. Беріш тайпасының жайық руына жататын бұл әулет Ағатай батырдан бастап өздерін Жайықтың бетке ұстар бір атасы санайды.
 Бірде атақты Саржала батыр сарбаздарымен жол жүріп келе жатып Тайман аулының үстінен түсіпті. Ойнап жатқан өзге балалар тұра қашқанда, 5 - 6 жасар Исатай бұқа боп өкіріп, әлгілердің өзіне топырақ боратады. Саржала Тайманға « Мына балаңнан үміт күтуге болар. Ғұмырыма жетіп ерлігін көре қалсам, үстімдегі сауыт - сайманымды сыйлармын», - дейді. 
Бірақ Саржала батыр Исатайдың ерлігін көре алған жоқ. 

ІІ. «Досы жақсының, өзі де жақсы»
     Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Достық пен сертке беріктік – нар тұлғалы жау жүрек батырларға тән қасиет. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. 
Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Махамбет бастан - аяқ қасында жүрген, жауымен жауласып, дауымен дауласып өлімге басын қиған Исатайдың қанды көйлек жолдасы. Бастарын ел үшін өлімге бірге байлап аттанған сарбаздардың достығы бұрын соңды болмаған достық еді. Исатайға сеніп, оны пір, әулие тұтпаса өлеңдердегі Исатай бейнесі осыншама күшті шықпас еді.

ІІІ. «Ер қанаты – ат».
    Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік.
      Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қаһарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс - айласы, кездігі — сұсы. 
Жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Ұлттық мифологиядағы иесі қысылғанда тіл бітіп, ақыл айтатын тұлпарлар, батырлық жырлардағы Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқа аты, бергі заман батырлары Амангелдінің Шалқасқасы, Исатайдың Ақтабаны иелерімен бірге жыр - аңызға айналып, ел құрметіне бөленген.
 
     Ақтабан – азаттық жолында құрбан болған және тарихқа есімі жазылған тұлпар. Ақтабан ұшқан құсқа жеткізбес жүйрік болған. Исатай оны соғысқа арнайы жаратқан. Жұрттың көзіне түспесін деп бәйгеге де қоспаған көрінеді. Демек, ол – азаттық үшін туып, соның жолында құрбан болған тұлпар.» 

    Қорытынды: Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Батыр бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлтарақтай жер үшін шайқасты, сол бабаларымыздың аманатын іске асыратын – сендер. Исатай мен Махамбеттің Жәңгір ханға қарсы болуы, жауласуы, Хан ордасын шаппақ болған әрекеті - тарихи шындық. Көтерілістің шығуы да, жеңілуі де шындық және заңды. Тәуелсіз қазақ елінің мәңгілік болашағы тұрғысынан қолға ұстар ұранымыз – Исатай мен Махамбеттің жанкешті батырлық рухы. Қазақ ұлтының ұлтсыздануына жол бермеген ерен ерліктері ұлт есінен мәңгі өшпейді.
 «Ел намысын ер қорғайды, Ер ерлігін ел қорғайды» деген мақал әрбір қазақ баласына айтылған бойтұмары болуы тиіс.

11.10.2021-2022 жылғы «Қасым Аманжолов 110 жылдығы»  тақырыбы бойынша мәліметі

Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмір жолы, шығармашылығы жайлы мәлімет беру; өлеңдерімен таныстыру;
 Оқушыларды көркем әдебиетке баулу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
 Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, тақырыптық слайд.

   Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген.
 
    1923 жылы Қасымды ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектеп - интернатқа түсіреді. Мектептен кейін Қасым Семей мал - дәрігерлік техникумында оқиды.
    Қасым Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. 
Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр группасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл группа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы Қасымның еңбегі өте зор еді. Осы кездері
 
Қасымның ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды. 1936 - 1941 жылдары Қасым Аманжолов Алматыға барып, "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады.

Оқушылар осы Қасым Аманжоловтың өлеңдерін оқиды:

8-сынып оқушысы Мереке Албина

Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,

Қараймын елесіңе мен таңырқап.

Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,

Көрпемді мен жатырмын қырда қымтап

9-сынып оқушысы Қамет Гүлназ

Сүйем сені туған ел – атамекен.
 Абзал анам сенсің ғой құшағы кең.
 Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,
 Сенен артық не табам, қайда кетем.
 Асан қайғы емеспін, Қасыммын мен,
 Қобызымен сырласып, күңіренген.
 Іздеймін мен «Жерұйық» көр басында,
 Ерке жанмын, өмірде өстім еркін.
 «Еркелеме, ей жігіт, еспе» дер кім?!
 Өз елімде өзендей гүрілдеймін,
 Тасып, шалқып өтемін, осы сертім.

10-Сынып оқушысы Рамазан Нұржан

Сарыарқа сап - сары алтын жүзген нұрға,
 Қоналқы мекен болған сан ғасырға.
 Сайран тау, самал жайлау, сырайлы өзен
 Лебімен алар тартып, шықсаң қырға.
 Көтеріп ән мен жырдың күй қанаты,
 Жүрегің ұшар құс боп аспаныңда.
 Әлемнің саған ауып махаббаты,
 Сарыарқа орнар сенің жас жаныңда.
 Жұбанып сол Сарыарқа құшағында,
 Есімде ойнағаным жас шағымда.
 Жетімдік жалбыр тонын жерге соғып,
 Құмартып ауған бұлтқа, алыс шыңға.
 Арқа ару, ашып нұрлы кү бетіңді,
 Ойнатып, еркелетіп мен жетімді.
 Аулақтап сұр бейіттен әкетуші ең,
 Не дермін, сенің сол бір құдіретіңді?
 Сарыарқа сағындырдың атамекен,
 Сардала анам едің, құшағың кең.
 Тұсыңнан тоқтай алмай бара өтіп,
 Артта – сен, алда – майдан қайтсем екен?


Қорытынды: «Ақынның орындай алмай кеткен армандары көп еді. Мәселең, Сырбай Мәулен Қасым ақынды былай еске алады:

«...Ол арманшыл жан еді. Қайтыс боларынан жиырма күндей бұрын бір кіріп шыққанымда Қасым:

- Енді менің дәмімнің таусылатын уақыты жақындап қалған сияқты. Қанша өлмейін деп құлшынсам да ауру, шіркін, күннен – күнге жанға батып, меңдетіп барады. Өлім үшін өкінбеймін. Өйткені, екінің бірі өледі ғой. Бірақ, кеудемде орындалмаған ойым, жүзеге аспаған қиялдарым бірге кетіп бара жатқанына өкінемін. Үш нәрсені армандап бұл дүниеден мәңгілік аттанып бара жатырмын. Оның біріншісі – Абайдан асамын ба деп едім, аса алмай бара жатырмын. Екіншісі – қазақтың «Евгений Онегинін» жазамын ба деп едім, оған да ажал шіркін жеткізбейтін түрі бар... Үшіншісі – көшеге шыққанын бүкіл Париж аңдып тұратын Виктор Гюгоның құрметтелгеніндей қошеметке бөленсем бе деп едім, бұл да арман болып қара жерге менімен бірге көмілетін болды, - деді. Міне, Қасым осындай армандарын тірлігінде орындай алмай қырықтан жаңа ғана қылтиып аса бергенінде қыршын кетті».

қаңтар айында «Мен таңдаған мамандық»   тақырыбы бойынша мәліметі


Мақсаты:1.Білімділік: Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру.

2. Дамытушылық : әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Шығармашылық белсенділіктерін дамыту.

3. Тәрбиелік : әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.

 барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1. Бүгін біз үшін ерекше тақырыпта дөңгелек үстелді бастаймыз.


    «Ойлан тап» ойыны

Қимылмен мамандықты көрсетеді. Топ мамандықтың атын атау керек.

Биші,әнші,құрылысшы,ұстаз, спортшы,

   «Кім болам?» тақырыбына пікіралмасу

1. Ана-анамның мамандықтары

2.Ұнатқан мамандықтары туралы әңгімелеу

3.Мамандықты сәйкес орынға орналстырсаң баланың қандай мамандық таңдағанын табылады..

Қорытынды: Ж. Аймауытов айтқандай«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!


қаңтар

 айында «Менің сүйікті кітабым»  тақырыбы бойынша мәліметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Менің сүйікті кітабым» тақырыбы бойынша ойларын жеткізуге үйрету.
 Дамутушылық: ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру, сөйлемдерде баяндауышты табуға жаттықтыру.
 Тәрбиелік: окушыларды әдептілікке, әсемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап ,тіл дамыту.

Сабақтың барысы:
 1. Кіріспе. Жасымда білім бар деп ескермедім,
 Пайдасын көре тұра тексермедім.
 Ержеткен соң түспеді уысыма,
 Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
 Бұл мақұрым қалмағыма кім жазалы,
 Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?- деп Ұлы Абай атамыз өзінің білім дариясына кешірек қол сермеп қалғанын өкінішпен айтады. 
Бұнда ақын: Білім алуға бала кезіңнен ден қойсаңдар, өкінбейсіңдер, балғын шақта алған білімдерің, оқыған кітаптарың мәңгі бақи естеріңде қалады дегенді меңзейді.

9-сынып оқушысы Қамет Гүлназ

Осы уаққа шейін мен бірнеше кітап бастарын қайырдым. Сол кітаптардың арасынан " сүйікті кітабым"  атауына ие болған -Мархабат Байғұт ағамыздың " Ауыл әңгімелері" атты шығармасы. Бұл кітаптың жүрегіме жақын тиуінің   себептері де жоқ емес.


   Себебі: Мархабат ағамыздың тікелей өзіне байланысты. Мархабат аға-Оңтүстіктің тумасы. Ол кісі шығармаларын оқыған сәтімде, туған мекенімнің төрінде еркін самғанымды сезінемін, өзіміздің Оңтүстік жұртына тән менталитентті, сыпайылық пенен жылы сөзділік айқын байқалады. Екіншіден: ауыл-қашанда аяулы мекен... Бәрімізде ауылдан өсіп-өндік емес пе? Үшіншіден: шығарма мазмұны, шығарма барысындағы оқиғалар қызықтылығы және де сөйлем арасындағы керемет байланыстар. Бұл кітап мен үшін " Қазына толы қамбадан" қымбат, өйткені қазынаның қамба қоры, кітап қоры деп санаймын, осы кітапты оқыған сайын, таусылмайтын баға жетпес асыл дүниеге қарқ боласың . 

   Бастауыш сынып оқушылары өздерінің ертегілерімен бөлісті.  Ертегілерін әңгімелеп, тіпті кейіпкерлерінде сипаттап бере алды.

9 сынып оқушысы Әділхан Бірлан 

     Менің сүйікті кітабым –« Менің атым Қожа». Бұл кітап маған қатты ұнайды. Мектеп оқушыларына осы кітапты оқуға кеңес беремін. Осы кітаптан аларымыз көп. Кино мен кітаптың арасында біршама айырмашылық барын байқадым. Көргеннен көрі кітабын оқыған өте қызығырақ болады.

 Басқада оқушылар өздеріне ұнайтын  кітаптарды электронды түрде оқуға болатын сілтемелерді қалдырды.


«Кім тапқыр?» ойыны. Берілген сөздерден кітап туралы мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер құрастыру.
 1. Кітап, білім, бұлақ, өмір, шырақ....................... (Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы.)
 2. Ақыл, білім. азбайды, тозбайды.................... (Ақыл азбайды, білім тозбайды)
 3. Надан, дос, кітап............................ (Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол)
 4. Артық. ғылым, кітап, оқы................................... (Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге)
 5. Білім, қайнар, көз, кітап.................................. 
(Білімнің қайнар көзі - кітап)
 6. Кітап, ғалым, тіл, мұғалім.........................(Кітап - ғылым, тілсіз мұғалім)
 7. Кітап, ұстаз, ұстаз........................... (өмір ұстазы)

Оқушылар өздеріне ұнайтын кітаптарды онлайн-тақтаға орналастырып, көрсетілген кітапты электронды түрде оқуға болатын сілтемелерді қалдырды.

Қорытындылау
 Кітап - жан азығың» деп тегін айтылмаса керек. Жаныңды нұрландырып, көкірегіңді оятатын не екен? Әрине, кітап. Ендеше ақын аталарымыздың кітап туралы айтқан өлеңдерімен бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
 А: Құнанбаев: Талап қыл артық білуге,
 Артық ғылым кітапта,
 Ерінбей оқып көруге.
 С. Сейфуллин: Оқу білім қазығы,
 Адамның азығы,
 Оқу өмірдің сәні,
 Тіршіліктің шамы.


 
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru