«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы
11
март
2023

«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы

«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы


Өткізілген күні 12.10.2022 жыл Қатынасқандар: 73


Күн тәртібі:
1. Өткен 2021-2022 оқу жылында ата-аналар комитетінің атқарған жұмысы жайлы есебі, жаңа 2022-2023 оқу жылына ата-аналар комитетінің құрамын бекіту.
Ата-аналар комитетінің төрағасы болып Қасен Наршагүл
2.Оқу процесіндегі жаңа оқу жылының ерекшеліктері. «Мектепке жол» акциясының өтілу барысы.
Мектеп директоры С.Қ.Байбатшанов
3. «Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігі білім кепілі»
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қ.Б.Баядилов
4. ИДН қызметкерлерінің баяндамасы
ИДН Кульбеков Асан
5. ЖБМОББ қоры қаражатының игерілуі жайлы мәлімет.
ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев
6. «Буллинг және кибербулинг (дәріс) Мектеп формасының сақталуы және байланыс құралдары смартфон, телефон құрылғыларының қолданылуы жайлы ескерту
Мектеп психологы Н.Н.Байбатшанова

1.Тыңдалды:
Өткен 2021-2022 оқу жылында ата-аналар комитетінің атқарған жұмысы жайлы есебі, жаңа 2022-2023 оқу жылына ата-аналар комитетінің құрамын бекіту.
Бірінші мәселе бойынша, ата-аналар комитетінің төрайымы Қасен Наршагүл өткен 2021-2022 оқу жылында ата-аналар комитетінің атқарған жұмысы жайлы есебін беріп өтті.
«2021-2022 оқу жылында әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымдары анықталынып, мектеп директорының 02.09.2021 ж №-ө бұйрығы негізінде бекітілді. Мектептің ата-аналар комитетінің жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары мен отырыстары және «Ата-аналар кеңесінің» жылдық жұмыс жоспарлары бекітілді.
Әр сыныптың тағайындалған ата-аналар комитеті төрайымдарынан мектептің АТА-АНАЛАР КЕҢЕСІ құрылып, кеңес мүшелері мектепте өткен «мектепке жол», «Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы» аясында қор қаражатының дұрыс игерілуіне, әр сыныптың көмек қажет ететін оқушыларының материалдық көмекпен қыстық киіммен , ыстық тамақпен қамтылуына әр сыныптың ата-аналар комитеті төрайымдары араласып, мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайларын зерттеуге, мектеп әкімшілігінен көмекпен қамтылуына сұраныс беруіне сынып жетекшілермен бірлесіп жұмыстар атқарды.
Тоқсан сайын сыныптың ата-аналар жиналысы өтілді.
Мектепте өткен жылы 5 жалпы ата-аналар жиналысы жоспарланғанымен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шаралардың әсерімен тыйым салынғандықтан 2 жиналысы ғана өтті.
28 тамыз күні сағат 10.00-де жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысы ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылып,онлайн түрде өткізілді. Жиналысқа 72 ата-ана ғана қатынаса алды.
Мектептің жалпы ата аналарының ватсап чаты құрылып, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер тарапынан хабарламалар , ескертулер уақытылы жүргізіліп тұрды.
2-ші жиналыс 29 қазан күні өтілді. Жиналысқа 34 ата-ана қатынасты. Қараша айынан карантиндік шаралардың күшеюі, мектепке бөгде адамның кіруіне, мәдени іс-шаралардың өтілуіне тыйым салынғандықтан , жоспарланған 3 жалпы ата-аналар жиналысы өткізілмеді. Онлайн ватсап желілері арқылы сыныптың ата-аналар жиналысы уақытылы өткізіліп тұрды
Ата-ана комитетінің төрайымы ретінде мектеп жанындағы асхананың жұмысының дұрыс жүргізілуіне, Жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры қаражатынан тамақтанатын оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалау мақсатында мектеппен тығыз байланыста болып, асхананың жұмысын бақылау комиссиясы қызметін атқардым.
Мектептегі көп балалы, тұрмыс жағдайы аз қамтылған, жартылай асыраушысы жоқ жетім балалардан 2020-2021 жылы 55 бала тамақтанса, 2022 жылдың наурыз айынан бастап 85 бала тамақтанды. Тамақтанатын оқушылардың саны 30 балаға көбейді. 85 оқушының тамақтануына жағдай жасап, ризашылығына бөленген Осы мектептің асханасын жалға алушы Жүнісова Назгүл Бақытқызының қызметіне ата-ана ретінде ризашылығымды білдіріп, алғысымды айтамын.
Биылғы жаңа 2022-2023 оқу жылында соңғы екі-үш жылда елімізді жайлаған індеттің жойылып, ата-аналарымыздың мектеппен байланысы , қарым–қатынасы нығаяды деген сенімдемін.
Өткен 2021-2022 оқу жылындағы ата-аналар комитетінің атқарған жұмысына қысқаша тоқталып өттім. Тыңдағандарыңызға рахмет! Сұрақтарыңыз болса , қойсаңыздар болады.
Сұрақтарыңыз болмаса, күн тәртібіндегі мәселенің бірі 2022-2023 оқу жылында қызмет атқаратын АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ҚҰРАМЫН бекітіп алсақ.
Ата-аналар комитетінің құрамына әр сыныптан тағайындалған ата-ана комитетінің төрайымдары тағайындалады. Олар:
Аты-жөніТуған жылыБіліміМамандығыҚай сынып 
ата - анасы
Атқарып жүрген қызметтегі стажы
1Қасен Наршагүл27.03.1978ортаЖеке кәсіпкерАта-ана комитетінің төрайымы5
2Айманова Әсемгүл Жақсылыққызы25.02.1993ортаҮй шаруасындаМАД1
3Қарайтова Жансая Садыкаевна02.09.1976ортаЖеке кәсіпкер16
4Есенбаева Мадина Шаймуратовна28.04.1991жоғарыТарих пәні мұғалімі23
5Нұрсапанова Сәуле Амангельдыевна30.12.1961ортаЗейнеткер 33
6Тұмарбаева Ләтипа Шарипхановна11.04.1977ортаКіші қызметкер 7
7Сүлейменова Кенжетай28.06.1976ортаҮй шаруасында5
8Төлеубаева Қаламқас26.10.1982ортаҮй шаруасында53
9Сагимова Жанар Айдашевна01.01.1972ортаКіші қызметкер63
10Есіркепова Зәуре Султанғазиевна18.04.1981жоғарыПедагог 10
11Бекбосынова Назила Ерсериковна09.10.1981жоғары«Жоңғар Алатау МҰПТ» РММ экологиялық ағарту маманы5
12Қазығұлқызы Аида19.01.1984жоғарыАру ана мейрамханасында администратор2
13Мұқанова Майгүл1977ортаҮй шаруасында1
14Тоғанбаева Ақнұр Пердебаевна12.12.1985Аяқталмаған жоғарыБалабақшада бала күтуші92
15Назарова Жұлдыз28.06.1982Арнаулы ортаКітапханашы10а9
16Қазнабаева Айгүл Сайынқызы03.01.1971жоғарыТехнология пәні мұғалімі10б6
17Төлеубаева Қаламқас26.10.1982ортаҮй шаруасында11а7
18Аубакирова Арай Ниязқызы08.02.1977жоғарыХимия пәнінің мұғалімі11б3

Барлығы жоғарыда есімдері аталған 17 ата-ана .
Осы әр сыныптан тағайындалған ата-аналар комитетінің төрайымдары мектептің ата-аналар комитетінің құрамына бекітілсін дегендеріңіз   қолдарыңызды көтеріп , дауысқа салсақ. 
Жарыс сөзге шыққан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Окпебаев Ербол Шерниязұлы ата-аналар комитетінің төрайымына Қасен Наршагүлдің тағайындалуын , ары қарай жаңа оқу жылындада қызметін жалғастырсын дегендеріңіз қолдарыңызды көтеріп, дауысқа салсақ деген ұсыныс берді. Үсыныс негізінде дауысқа салынып, дауыс берушілер тарапынан қарсы қалыс қалғандар болған  жоқ. 
ҚАУЛЫ:
1. Ата-аналар комитетінің өткен оқу жылындағы атқарған жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын. 
2. Жоғарыда аттары аталған әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымдары мектептің ата-аналар кеңесі құрамына бекітілсін. 
3. Ата-аналар комитетінің төрайымына Қасен Наршагүл тағайындалсын. 
  1. Тыңдалды: 
Екінші мәселе бойынша, мектеп директорының міндетін атқарушы Байбатшанов Сырым Құсайынұлы «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы». Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған әдістемелік нұсқау хатпен биылғы оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктерімен таныстырды. Ол биылғы оқу жылындағы  1 сынып оқушыларына «Әліппе», «Цифрлық сауаттылық» пәндерінің енгізілуі, оқушылардың оқу жүктемесінің төмендетілді, сабақ ұзақтығы 45 минутқа қайтарылды, 5-11 сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсының енгізілуі, «Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзінөзі басқару» жобасы, «Мектеп театры» және т.б. барлығы 13 жоба енгізілгені жайлы хабардар етті. Жыл сайын жазғы мектеп барлық білім алушылар үшін оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарта отырып жұмыс істейтін болады. 2021-2022 оқу жылында жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды. 
Қаулы:
Жаңа оқу жылында  оқытуды ұйымдастыру бойынша түсіндіру  жұмыстары жүргізілсін. Ары қарай тиімді жұмыстар қарастырылсын.
3. Тыңдалды:
Үшінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Баядилов Қазығұл Бекжанұлы сөз алып,  «Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігі білім кепілі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамасында «ата-аналардың негізгі  мақсаты: Әр баланың мектепте мектептен тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында , алуан түрлі бірлескен іс-шаралар барысында оқушы, ұстаз ата-ана арасындағы  ынтымақтастықты қалыптастыру. Осы мақсатқа жету барысында алдымызға атқарылуға тиіс негізгі іс-шараларды міндеттеуіміз керек». 
  • ата-аналардың өзін-өзі басқару жұмысының қалыптасуын ұйымдастыру  мен ұстаздық көмек көрсету қажет. 
  • «Мектеп және отбасының біріккен тәрбиелік қызметін жоспарлау» керектігін мектеп директоры Сырым Құсайынұлынан сұраймын. 
  • «Ата-аналарға педагогикалық рефлексияны қалыптастыруда, отбасында тәрбие технологиясын және әдістемесін таңдауда және қолдануда» мектеп психологы Нұргүл Нақысбекқызы көмек  көрсетуі   тиісті  деп ойлаймын. 
Осы міндеттерді шешу барысында мектепте жоспарлы түрде ата-аналар апталығы , «ата-ана , ұстаз, оқушы» атты айлықтар жүргізілсе құба құп болар еді. 
Мектепте мектеп өміріне белсене араласып, көпке үлгі болар ата-аналар оқу жылында екі рет І және ІІ жарты жылдықта марапатталып, арнайы құттықтауға ие болып жатса – бұл да тәрбиенің бір көзі болар еді »-деп түйіндеді.
Қаулы:
1. Ата-ана, мектеп және оқушы үштік одағының жұмысын жандандыру
2. Айтылған ұсыныстар назарға алынсын
4. Тыңдалды:
Төртінші мәселе бойынша АПБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан ата-аналарға құқықбұзушылық кодексінің баптарымен таныстырып   және сондай-ақ, қылмыстың жасалу себептерін өмірмен байланыстыра отырып және зиянды заттардың адам ағзасына кері әсерлері туралы ата-аналарға кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қаулы:
1.   Айтылған ескертулер, ұсыныстар назарға алынсын
5. Тыңдалды:
Бесінші мәселе бойынша, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Окпебаев Ербол Шерниязұлы сөз алып, 2022 жылғы ЖБМОББ қоры қаражатының игерілуі туралы есебін берді.  
Жалпыға бірдей білім беру қоры қаражатынан материалдық көмекке (қыстық киім мен аяқ киімге) 50 оқушы  2022 жылдың қаңтар айында анықталынып, ата-аналары тарапынан аудандық ББ-не өтініштері өткізілген. 50 оқушыға әр қайсысына 37 мың теңгенің көлемінде материалдық көмектер көрсетілген. Атап айтсақ, 12500 теңге ата-аналардың есеп счеттарына ақшалай түсірілген. 25 000 теңгенің көлемінде киімдей қыстық куртка мен қыстық аяқ киімге тендер ойнатылып киімдей әкелініп, берілген. 
Қыркүйек айынан Жалпыға бірдей білім беру қоры қаражатынан ыстық тамақпен 85 оқушы , оның ішінде 1-4 сыныпта оқитын 30 оқушы, 5-10 сыныптарда оқитын 55 оқушы қамтылып, қазіргі күні тамақтануда. 
Қаулы:
2022 жылдың ЖБМОББ қоры қаражатының игерілуі қанағаттанарлық деп танылсын. 
6. Тыңдалды:
Алтыншы мәселе бойынша, педагог психолог Байбатшанова Нұргүл Нақысбекқызы «Буллинг және кибербулинг  тақырыбында ата-аналарға дәріс ұйымдастырып, презентация көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мектеп формасының  сақталуы және байланыс құралдары смартфон, телефон құрылғыларының   қолданылуы жайлы ескерту жасалып, оның баланың психологиясына әсері жайлы айтып өтті. Мектепте оқушыларға смартфондар ұстауға тыйым салу , мектеп формасын сақтау жайлы ұсыныстар берілді. Ата-аналар бұл ұсынысты толықтай қалдайтынын айтты. 
Соңынан «Біз біргеміз» тақырыбында ата-аналармен  тренинг өткізді. Ата-аналар өз балаларының қасиеттері, қызығушылықтары жайлы айтып, баланың көңіл күйін, олардың бос уақытында немен айналысатынын, не мазалайтынынынан үнемі хабардар болуы керектігі пмектеп психологы Нұргүл Нақысбекқызы тарапынан түсіндірілді. 
Қаулы:
1. Мектепте смартфон , телефон құрылғыларын ұстауға тыйым салынсын.
2. Мектеп формасы қатаң сақталынып, мектеп формасына:
Ұлдар қара, қара-көк костюм, бір түсті көйлек , галстугімен классикалық үлгіде киіну ;
Қыздар қара, қара-көк мектеп формасы, ақ блузка, бір түсті свитер, суық күні шалбар, мойны бар жейде киюге рұқсат етілсін. 
Мектеп директоры:                        С.Қ.Байбатшанов
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru