2022-2023 "Адал ұрпақ" клубының І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы мәлімет » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 "Адал ұрпақ" клубының І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы мәлімет
09
январь
2023

2022-2023 "Адал ұрпақ" клубының І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы мәлімет

 «Адал ұрпақ» еріктілер клубының  
өткізген іс-шараларының І жартыжылдық қорытындысы
2022-2023 оқу жылына арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәдениетін қалыптастыру» бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы Алакөл аудандық білім бөлімінің 1.09.2022ж Б№528-Ө бұйрығы негізінде, мектеп директорының 1.09.2022 ж №190-ө бұйрығы шығарылып, мектепте «Адал Ұрпақ» және «Парасатты азамат» бұрышы құрылып, рухани адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспары мектеп директорымен бекітіліп, ұйымдастырылды. 
Сыбайлас  жемқорлықпен  күрестің мақсаттары мен міндеттері:
  • Азаматтардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету.
  • Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативтік –құқықтық базаны жетілдіру.
  • Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-әрекеттердің формаларын, әдістері мен құралдарын  оңтайландыру.
  • Қазақстанның  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастығын кеңейту  және жандандыру.
Қыркүйек айының басында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысын сайлау жиыны 5-11 сыныптар (онлайн) өткізіліп, мектепте «Адал ұрпаақ»  ерікті  мектеп  клубының  мүшелері 7 адамнан құралды:
Аты-жөніАтқаратын міндеттері
1Рамазан НұржанКлуб  басшысы
2Саметай АйаужанМүшесі
3Меңғали АзатМүшесі
4Мықтыбек АқсұнқарМүшесі
5Әшімхан ДосымжанМүшесі 
6Асуланқызы БұрымМүшесі 
7Тұралық ІңкәрМүшесі
Қыркүйек айында  ұйымға жауапты қызметкерлермен бірлесе отырып, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жылдық жоспары құрылды.
Модернация бойынша Ұлттық коммиссия отырысында мақұлданған «100 нақты қадам- Ұлт жоспарының»   қадамдарын практикалық тұрғыдан іске   асыру жөніндегі  іс шаралар жоспарының 13-қадамының 9 тармағын орындау шеберінде рухани – адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контексінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты  клубтың  жұмыс жоспары   жасалды. 
Жоспарларда іс-шаралардың атаулары, олардың орындалуына жауаптылары, қатысушылары, орындалу мерзімдері болуы  ескерілді. Ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Патриотизм, отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, құқықтық негіздерді білу және құрметтеу сияқты жеке тұлғаның қасиеттерін дәріптеу ұсынылады. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті-құқықтық сананы қалыптастыру Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істегенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымда қалыптастыру болып табылады. 
Іс-шараның атауыМерзіміЖауапты
1«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жылдық жоспарын құру, бекітуҚыркүйекЕ.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов
2«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысын сайлау жиыны 5-11 сыныптар Қыркүйек Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов Клуб  мүшелері
3«Парасатты  азамат»  бұрышын ұйымдастыруҚыркүйекЕ.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов Клуб  мүшелері
4Оқушылардың адамгершілігі мен құқықтық мәдениетін жоғарылатуға бағытталған тақырыптық «Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында сынып сағаттарын өткізуҚыркүйекЕ.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов Клуб  мүшелері
Сынып жетекшілер
5«Құқық әлемінде» тақырыбында айлық өткізу, атсалысу /фото, видеолар жасау/1-30.10Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов Клуб  мүшелері
6Аудандық ІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның қызметкерлерімен түнгі кезекшілік рейдтар ұйымдастыруҚазан Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов 
7«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі»  онлайн сурет байқауын ұйымдастыруҚарашаСынып жетекшілер
Клуб  мүшелері
89-11 сынып оқушылары арасында «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді»  шығарма байқауын ұйымдастыруЖелтоқсанҚазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Сынып жетекшілер Клуб  мүшелері
9«Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты тақырыбында онлайн ата-аналар жиналысыҚаңтар Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов 
Сынып жетекшілер
10«Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным»  тақырыбында мемлекеттік қызметкерлермен кездесуАқпанЕ.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов Клуб  мүшелері Сынып жетекшілер
11«Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз» сынып сағаты 8-9 сыныптарНаурызСынып жетекшілер
Клуб  мүшелері
12«Жемқорлыққа қарсы күрес-бала көзімен» әңгіме жүргізу.     5-6 сыныптарСәуір Сынып жетекшілер
Клуб  мүшелері
13«Корупцияға жол жоқ» флеш-моб СәуірДене шынықтыру пәні мұғалімдері
14«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрайық» сурет байқауыМамыр Сынып жетекшілер
Клуб  мүшелері
 Сонымен қатар, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының «Парасатты  азамат»  бұрышы ұйымдастырылып, оқушыларға халыққа әділетті, қоғамға тең қарайтын ұрпақ, парасатты азаматтар тәрбиелеу деген мақсатта мектебіміздің кіре берісіндегі стенд үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» атты бұрыш бойынша білім алушыларға түсіндіру жүмыстары жүргізілді.
 Сыбайлас жемқорлққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменттің 18.08.2022 жылғы №134 хаты негізінде «Сыбайлас жемқорлқ-қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбына байланысты  қыркүйек айының 5 күні 1-11 сыныптар арасында «Адалдық сағаттар» өткізілді.
Тақырыпқа байланысты сынып сағаттары мен тәрбие сағаттары уақытылы, сапалы, оқушылардың толық қатынсуымен өткізілді.
М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша аудандық білім бөлімінің 30.09.2022 ж №603-ө бұйрығы негізінде мектеп директорының 3.10.2022 ж №235/1-ө бұйрығы шығарылып, бұйрықтың негізінде «Бала құқығы-асыл қазына» айлық жоспар құрылып, мектеп директорының мөрімен бекітілді. Сол жоспар аясында өткен «Құқық-әділет пен парасат жолы», «Ата-ананың құқығы мен міндеті» тақырыбындағы стендтерді толықтыру жұмыстары уақытылы жүргізілді.
      Сондай-ақ, айлық барысында «Бала құқығы-адам құқығы», «Құқық әлемі» тақырыптарында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.
Айлық барысында кәмелетке жасы толмағанда арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілер 7-11 сынып оқушыларымен АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан және Екпінді ауылдық округінің жастар нұсқаушысы Ибраймов Нұрландардың қатысуымен «Мен және менің полицейім», «Менің құқығым-менің бағдарым»  тақырыбында онлайн кездесулер ұйымдастырылып, өз деңгейінде өтті. Онлайн кездесу арқылы оқушыларға құқықбұзушылық кодексінің баптанымен танысу және сондай-ақ, қылмыстың жасалу себептерін өмірмен байланыстыра отырып және зиянды заттардың адам ағзасына кері әсерлері туралы оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Айлық барысында жоспарға сәйкес 1-11 сынып оқушылары «Заң зердесі» тақырыбында қабырға газеттері шығарылып барлық қабырға газеті үздік деп танылды. 
      «Бала құқығы-асыл қазына» айлық жоспар аясында әрбір дүйсенбі күнгі тәртіп жиынында тарих-құқық пәні мұғалімдері Ш.Б.Оралханов,  Г.К.Байкелова, Ә.Қ.Тоқтақметовалар «Бала құқығы туралы»,   БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдармен таныстыру жұмыстары жүргізіп отырылды.
  Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
 Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Заңы (2022.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттік саясаттың мақсаттары
7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөніндегi өкiлеттiктерi
7-1-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институты
7-2-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл
3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
9-бап. Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету
15-бап. Баланың білім алуға құқығы
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы
17-бап. Баланың мемлекеттік көмекке құқығы
18-бап. Мемлекеттік ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу
19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
20-бап. Баланың мiндеттерi
4-тарау. Бала және отбасы
3-31 қазан аралығында «Жедел жастар» ұйымының жетекшісі Т.Ж.Қасымбеков түнгі кезекшіліктің  кестесі жасалып, бөлінген адамдар түнгі кезекшіліктерін атқарды, рейд барысы күнделікті тіркеу журналына жазылды. Рейд барысында ешқандай   келеңсіздік жағдайлар орын алмады. Уақытында ақпараттар берілді. 
 3-31 қазан аралығында «Бала құқығы-асыл қазына» айлық жоспар аясында «Бала құқығы неге бұзылады?»   «Ұшқыр оймен шешен тіл» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті клубы мүшелері және «Жерұйық» дебат клубы мүшелерімен дебат өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатырған игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту және құқық бұзушылықтан бойларын аулақ ұстауға баулу
Дебат барысында командалар жолдастарының пікірлерін сыйлауды ұмытқан жоқ. Оқушылар тақырыптарды бұдан да жан-жақты қарастыруға болатындығын ескерді.
  Атқарылған іс-шаралар толықтай әлеуметтік желілерге уақытылы жүктелініп отырылды         Оқушылар арасында тәртіпсіздіктің, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 8- 11- сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнамада   оқушылардың  сынып оқушыларымен, басқа сынып оқушыларымен қарым-қатынастары туралы сонымен қатар оқушылардан моральдық тұрғыдан немесе күш арқылы қысым көрсетулердің болуы туралы, бопсалау әрекеттері, бұзақылық жасауға ниеттілер туралы сұрақтар қарастырылды. Сауалнама жасырын болғандықтан, оқушылардың аты-жөндері жазылмады. Сауалнама оқушылардан бір мезетте алынып, нәтижелері шығарылды.                     
 Сауалнама нәтижесі:
1. Мектепте бопсалау әрекеті бар ма? Кімдер тарапынан?б)жоқ
Бұзақылық жасауға ниеттілер бар ма ?д ) жоқ
 2.Соңғы уақытта сіздің намысыңызға қатты тиіп немесе ұрып, қорқытқан адамдар барма, кімдер?Жоқ.
3 Сізге моральдық тұрғыдан, күш арқылы қысым көрсету болды ма?Жоқ  
 4.Сізге кімдер тарапынан күш көрсетушілік жағдайлар болды?Болған жоқ
 5. Мектепте насыбай, темекі, ішімдік пайдаланатындар барма, кімдер?Ондай жоқ.
   Сауалнама қорытындысы бойынша оқушыларда ешкімнің тарапынан күш арқылы және моральдық тұрғыдан қысым көрсетушілік болмағандығын және сонымен қатар бопсалау әрекеттерінің жоқ екендігі және мектепте насыбай, темекі, ішімдік пайдаланатын оқушылардың жоқ екендігі  анықталды.
01 қазан мен 01 қараша ақпан аралығында «Жедел жастар» ұйымының жетекшісі С.Бекбосынов айлыққа байланысты түнгі кезекшіліктің  кестесі жасалып, бөлінген адамдар түнгі кезекшіліктерін атқарды, рейд барысы күнделікті тіркеу журналына жазылды. Рейд барысында ешқандай   келеңсіздік жағдайлар орын алмады. Уақытында ақпараттар берілді. 
  Қараша айында  «Алакөл-адалдық алаңы» тақырыбында адалдық алаңдарын құрылып, 8.11 күні «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында онлайн сурет байқауы өткізілді. Сурет, плакат байқауы өз дәрежесінде өткізіліп жақсы салынған суреттер мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.   

Желтоқсан айында оқушылардың адамгершілігі мен құқықтық мәдениетін жоғарылатуға бағытталған тақырыптық «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын» сынып сағаттарын өткізіліп, «Адал  ұрпақ» еріктілер  клубының  жылдық  жұмыс жоспары негізінде   желтоқсан  айының 23 күні мектептің  9-11 сынып оқушылары арасында мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен «Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді» тақырыбында сырттай шығарма байқаулары  өткізілді. 
Қаңтар айында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты тақырыбында онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді. 
Бүгінгі «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сай  «Сыбайлас жемқорлық деген не?» атты тақырыбында баяндама төмендегідей ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиналыста  мәлімделді. Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. 
 Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
   Жетісу облысы, Алакөл ауданы, «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жыл-Балалар жылына орай желтоқсан айының 23-і күні «Азамат» ұлдар ұйымының 9-11 сынып оқушыларымен педагог ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б. Оралханов «Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында адалдық сағатын өткізді. Адалдық сағатын өткізудегі мақсат: «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Адалдық сағатына мектеп директоры С.Қ.Байбатшанов және директордың тәрбие ісіжөніндегі орынбасары Е.Ш. Окпебаев қатынасып, қоғамды жайлаған «Сыбайлас—жемқорлық» тақырыбында өз ойларын айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, қатынасқан оқушылар топқа бөлініп, әр топқа ситуациялық жағдайлар беріліп, оқушылар топ ішінде талқылап, сахналап, сұрақтарға жауап берді. Атқарылған іс шаралар әлеуметтік желілерге жүктелінді.
 
 
 
Ұйымдастырушы мұғалім:                   Ш.Б.Оралханов
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru