2022-2023 оқу жылында ІІ оқу тоқсанында атқарылған тәрбиелік іс-шаралардың есебі (7.11-30.12.2022ж) » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылында ІІ оқу тоқсанында атқарылған тәрбиелік іс-шаралардың есебі (7.11-30.12.2022ж)
11
март
2023

2022-2023 оқу жылында ІІ оқу тоқсанында атқарылған тәрбиелік іс-шаралардың есебі (7.11-30.12.2022ж)

2022 оқу жылында «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ бойынша
 ІІ  оқу тоқсанында (7.11-30.12.2022ж)  атқарылған тәрбиелік іс-шаралардың есебі
Облыстық білім басқармасының 04.11.2022 жылғы №42-42/273 бұйрығы, Алакөл аудандық білім бөлімінің 07.11.2022 жылғы №726 бұйрығы негізінде М.Әубәкіров  атындағы орта мектебінде «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында онкүндік өткізу туралы 07.11.2022 жылғы №251/1-ө мектеп бұйрығы шығарылып, 10.11 күні онкүндіктің іс-шаралар жоспары жасалып, мектеп директорының мөрімен және қолымен бекітілді. Сондай-ақ, сынып жетекшілер мен оқушыларға таныстырылды. 
Онкүндікте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев және сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел»  тақырыбында  ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылып, бала құқықтары жайлы таныстырылып, өтілді. 
 Сонымен қатар, онкүндік барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Е.Шинадилова,   Л.А.Абилкаир,  М.Айдаболовалар 9-10 сыныптар арысында «Құқығым бар» тақырыбында эссе байқауы өткізді.
 Онкүндік жоспар аясында «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында балалардың жеке жетістіктері туралы, әрбір дүйсенбі күнгі тәртіп жиынында тарих-құқық пәні мұғалімдері Ш.Б.Оралханов, Г.К.Байкелова, Ә.Қ.Тоқтақметовалар «Бала құқығы туралы» заңдармен таныстыру жұмыстары жүргізіп отырылды. Сонымен қатар, мектебіміздің алғашқы әскери дайындық мұғалімі Т.Ж.Қасымбеков тәртіп жиындарында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын уақтылы түсіндіріліп отырды.  
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша 2022 жыл Балалар жылына орай 10-20 қараша аралығындағы «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында онкүндік барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Е.Шинадилова,  Л.А.Абилкаир,  М.Айдаболовалар 9-10 сыныптар арысында «Құқығым бар» тақырыбында эссе байқауы өткізді.
 
Онкүндік жоспар аясында Екпінді ауылдық округіне қарасты учаскелік инспекторы, полиция капитаны Алдабергенов Шалқар Алдабергенұлы және Ақжар ауылдық кругіне қарасты учаскелік инспекторы, полиция капитаны Дюсенбинов Жеңіс Қайратұлы 8-11 сынып оқушыларымен олардың құқықтары мен міндеттері туралы «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары» кездесу жұмыстары ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
  10-20 қараша аралығында өткен «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбындағы онкүндіктің аясында «Жедел жастар» ұйымының жетекшісі Т.Ж.Қасымбеков түнгі кезекшіліктің   кестесі жасалып, бөлінген адамдар түнгі кезекшіліктерін атқарды. Рейд барысында ешқандай  келеңсіздік жағдайлар орын алмады. 
 Атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желіге жүктелініп отырылды.
Жетісу облысы Алакөл ауданы М.Әубәкіров атындағы орта мектептің кітапханасында "Балалар жылы аясында" және "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша "20минут оқы да, 3мин эссе жаз" атты кітап оқу акциясы 3-9 сынып аралығында желтоқсан айында өтті.
 
13.12.2022ж күні мектебіміздің «Қызғалдақ қыздар» ұйымының жетекшісі А.Ж.Умиралиеваның жетекшілігімен 16 желтоқсан- Тәуелсіздіктің 31 жылдығы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 36 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 
Мақсаты: оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарасын қалыптастыру,
 еліміздің тәуелсіздік жолындағы ата бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандары мен желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ерлігін көрсету . Оқушылардың елімізге, тәуелсіздікке деген сүйінпеншілігін , патриоттық сезімдерін арттыру .
Сонымен қатар, желтоқсан оқиғасына қатынасқан әріптестерімізге арналған «Қазақ елінің-Тәуелсіз Қырандары» және желтоқсан оқиғасына барысында қайтыс болған Қайрат Рысқұлбеков т.б аға-әпкелерімізге арналған «Желтоқсан құрбандарына мың тағзым» тақырыбында бұрыштар ұйымдастырылды.
 
 
14 желтоқсан күні 9-11 сынып оқушыларымен желтоқсан оқиғасына ауылымызда қатынасқан Екпінді ауылдық округі әкімі Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы, география пәнінің мұғалімі Майқынова Гүлнар Жаңбырбайқызы және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қоңырбаева Жанат Сәрсенқызымен "Қуанышым, қасіретім, мақтанышым-Желтоқсан" тақырыбында кездесу кеші өтті. 
Кездесудің мақсаты - 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы жайлы жастарға түсінік беру, желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың өмір жолдарымен танысу, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу болды. 
Кездесу барысында желтоқсаншыларға сұрақтар қойылып, оқиғаның басталуына түрткі болған жағдайлар, желтоқсаншылардың талаптары, оқиғаның шиеленіскен сәті және оқиғаның салдары баяндалды. Кездесу соңында оқиға куәгерлері тарихқа шынайы бағасын бере отырып, қазіргі Тәуелсіздігімізді қадірлеп,оны келер ұрпаққа аманат қылуды ұлағат етті. Тәуелсіздік біздің бар байлығымыз екенін жастарға ұғындырып, өз бастарынан өткен қиыншылықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, жиынға жиналған қауым желтоқсан оқиғасына қатысушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, тілектерін жеткізді. Тәуелсіздік қарсаңында өткен бас қосу жастарға айтарлықтай ой салып, патриоттық сезімдерін оятты.
 
Мектептің кітапханасында кітапханашы Назарова Ж.Х жетекшілігімен "Балалар жылы аясында" және "Тәуелсіздік таңы мәңгілік - 16 желтоқсан" атты тақырыпта Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары өз өлеңдерін арнады. 
Мақсаты: Оқушыларға бостандық,теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке 31 жылда қалай жеткендігі жолдарын баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
"1986 жыл- Желтоқсан оқиғасының 36 жылдығы", "Тәуелсіздіктің 31 жылдығы" мерекесіне байланысты 15 желтоқсан күні «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы және ұйымдастырушы педагог Ш.Б.Оралхановтың ұйымдастыруымен 1 сынып оқушыларын «Жас Қыран», 5-9 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымына ант қабылдау, жиын рәсімі өткізілді. Жиын барысында 2022 жылы жетістікке жеткен оқушылар мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.
 
 
 
 
М.Әубәкіров атындағы орта мектептің кітапханасында "Балалар жылы аясында" және "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша "Өзің оқып, өзгеге ұсын" атты буккроссинг бұрышы өткізілді. 15 минуттық үзіліс кезінде оқушылардың бос уакытта кітап оқуын қадағалап, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудамыз.
 
 
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жыл—Балалар жылына орай желтоқсан айының 23-і күні «Азамат» ұлдар ұйымының 9-11 сынып оқушыларымен педагог ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б. Оралханов «Сыбайлас жемқорлық—қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында адалдық сағатын өткізді. 
Адалдық сағатын өткізудегі мақсат:«Сыбайлас—жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Адалдық сағатына мектеп директоры С.Қ.Байбатшанов және директордың тәрбие ісіжөніндегі орынбасары Е.Ш. Окпебаев қатынасып, қоғамды жайлаған «Сыбайлас—жемқорлық» тақырыбында өз ойларын айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, қатынасқан оқушылар топқа бөлініп, әр топқа ситуациялық жағдайлар беріліп, оқушылар топ ішінде талқылап, сахналап, сұрақтарға жауап берді.
 
27.12.2022 ж күні сағат 11.00-13.00 аралығында «Қош келдің,Жаңа Жыл-2023» мерекесі «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйымдастырушы педагог Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілердің жетекшілігімен МАД, 1 сынып және кәсіподақ балаларына және сағат 14.00-17.00 аралығында 7а,б -8 а,б сынып оқушылары арасында минибалмаскарад ұйымдастырылып өткізілді. Шара барысында Аяз ата-Ақша қар мен қатар бірнеше кейіпкерлер оқушылардың көңілдерін көтерді.
 
 
 
29 желтоқсан күні сағат 10-00-де 5-6 сынып оқушыларымен "Қош келдің, Жаңа жыл-2023" жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. "Жас Ұлан" бастауыш балалар ұйымының өнерлі жастарының дайындаған ертегі кейіпкерлерінің қойылымы, мерекелік концерті көрсетіліп, әр сыныптың дайындаған мерекелік шашуларымен жалғасын тапты. Мектеп директоры Сырым Құсайынұлы және ата-аналар атынан Ахатова Жақсыбала оқушыларға жаңа жылдық құттықтау тілектерін арнап, батасын берді.
 
 
Желтоқсан айының 28-і күні 2-4 бастауыш сыныптар мен мектептің «Жасұлан» Бастауыш балалар ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің жаңа жыл-2023» жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Шырша мерекесінде мектеп директоры Байбатшанов Сырым Құсайынұлы құттықтау сөз сөйлеп, І жарты жылдық қорытындысы бойынша өнерімен көзге түскен аудандық байқауларға қатынасып, жүлделі орын алған оқушыларды мақтау қағаздарымен марапатады. Ата-аналар кеңесі мүшелерінің атынан Есенбаева Лора Өмірзаққызы құттықтау тілегін айтып өтті. Жаңа жылдық шырша мерекесі 2, 3,4а,және 4б сыныптарының дайындаған ертегі көріністері, ән шашулары мен билері қойылып, ата-аналардың, кеш қонақтарының ризашылығына бөленді.
 
29 желтоқсан күні сағат 15-00-ден 18-00 аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында «Қош келдің, Жаңа жыл-2023» жаңа жылдық бал кеші өткізілді.«Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілген кеш қызықты өтті. Кеште ән, би, түрлі ойындар ойналып, мектептің жайдарманшы «BRAND» тобының жаңа жылдық әзілдері көрсетілді. Кеш соңында мектеп директоры Байбатшанов Сырым Құсайынұлы оқушыларға жаңа жылдық құттықтау тілегін арнап, оқу жылының 1 жарты жылдығындағы «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымының атқарған жұмысына мектеп әкімшілігі атынан ризашылығын білдіріп, балалар ұйымының жұмыс бөлмесіне компьютер сыйға тартты. Кештің қорытындысы бойынша «ҮЗДІК КЕЙІПКЕР», «ҮЗДІК ӨНЕР» номинациясы бойынша көптің көзайымы болып, иеленген оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады.
 
 
 
 
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                           Е.Ш.Окпебаев
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru