"М.Әубәкіров атындағы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы "Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес жүргізуге" арналған бірлескен іс-шараларының І жартыжылдық мәліметі » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "М.Әубәкіров атындағы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы "Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес жүргізуге" арналған бірлескен іс-шараларының І жартыжылдық мәліметі
17
январь
2022

"М.Әубәкіров атындағы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы "Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес жүргізуге" арналған бірлескен іс-шараларының І жартыжылдық мәліметі

"М.Әубәкіров атындағы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  

2021-2022 оқу жылындағы "Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес жүргізуге" арналған  бірлескен іс-шараларының І жартыжылдық мәліметі


         Қыркүйек айында мектеп директорының 1.09.2021 ж №117-ө бұйрығы шығаралып, сол бұйрықтың негізінде "Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес жүргізуге" арналған  АІІБ ЮПТ бірлескен іс-шаралар жоспары құрылып, Алакөл АІІБ ЖПК бастығы полиция майоры Е.Ж.Маржимбаевпен бекітілді.  

            Іс-шара жоспары негізінде терроризм актісі қатерінің туындауы туралы оқушылар мен   ата-аналарға хабардар етудің   комииссия мүшелері құрылды.   Комиссия мүшесінің құрамы: 

Мүшелері:

  1. Г.К.Нусупова - кеңес төрағасы, мектеп директоры
  2. Б.С.Долдаханова- кеңес  мүшесі,   директордың  оқу ісі жөніндегі   орынбасары
  3. Е.Ш.Окпебаев– директордың тәрбие жөніндегі орынбасары
  4. Ш.Б.Оралханов –ұйымдастырушы мұғалім
  5. С.Қ.Байбатшанов –интернат меңгерушісі
  6. Н.Қасен–ата-аналар комитетінің төрағасы
  7. Н.Н.Байбатшанова-  мектеп психологы  
  8. Т.Жұмаханов–учаскелік инспектор

Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мектеп директорының  «Үйірме  сағаттарды бөлу туралы» бұйрығы негізінде   мұғалімдерге үйірме сағаттары бөлініп берілді: 

Онлайн форматында өткен сыныптың ата-аналарға «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің  және халықты хабардар етудің  мемлекеттік жүйесінің  ұйымдастырылуы  мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы ҚР Президентінің  2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 жарлығы» таныстырылды. 

Қыркүйек айында мектебіміздің шаруашылық меңгерушісі С.Ибраев оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп оқушыларына санитарлық талаптарды сақтай отырып,  мектептегі бейне бақылау камераларының орналасуымен таныстырып өтті.

Қыркүйек айының 13-і күні сағат 800-де мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Т.Ж.Қасымбековтың және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Апатты жағдайдағы іс-қимыл» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында мектеп жиынында ақпарат берілді. Сағат 800-ден 840 аралығында сыныптың тәрбие сағатында мектептің эвакуациялық жоспары, дабыл қағу түрлері жайында және жер сілкінісі кезінде қандай аралықтарды паналау жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Сағат 1000-де апатты дабыл соғылып, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына эвакуация жоспарына сәйкес мектептен шығару жаттығулары жүргізілді. 

21-қыркүйек күні   «Имандылық-инабаттылық» тақырыбында ауылдық мешіттің имамы Қауыш Бақытбек, Екпінді ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскері Н.Ибраймов, М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің дінтану пәнінің мұғалімі Г.К.Байкелова мектебіміздің зейнеткер ұстаздарымен 9-11 сыныптар арасында онлайн форматында кездесулер өткізілді. Ауыл имамдары дін туралы оқушыларға кең көлемде түсіндіріп, мағлұмат берді. Оқушылардың жекелей сұрақтарына толықтай жауап берді. Сұрақтар қоя отырып оқушылар өз сұрақтарына толықтай жауап ала алды. 

Шараның басты мақсаты: Оқушыларға дін және терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып террорлық, ланкестік және діни экстремистік бағытта араңдатуға жол бермеу. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын  және мейірімділік пен ізгіліктің адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстаным екенін ұғындыру. 

Алакөл аудандық білім бөлімінің 1.10.2021 ж №419-ө бұйрығы негізінде М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 1.10-.1.11 аралығында мектеп директорының 1.10.2021 ж №149-1-ө бұйрығы шығарылып «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында құқық айлығы өтті. М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде мектеп директорының 1.10.2021 ж №149-1-ө бұйрығы негізінде  «Құқық әлемінде» тақырыбында құқық айлығының іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Әр сыныптың сынып жетекшілері құқық айлығына байланысты іс-шараларды жоспарлап, бекіттіріп, 1-4 сыныптар аралығында «Баланың құқықтары мен міндеттері», 5-9 сыныптарда «Балам бол, басқа бол бәріңе заң ортақ», 10-11 сыныптар бойынша «Құқық және міндет» тақырыбында сынып және тәрбие сағаттарын өткізді. 

Айлық барысында тарих және құқық пәні мұғалімі Ә.Қ.Тоқтақметова 5-8 сынып оқушылары арасында «Біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді толықтай білеміз бе? дөңгелек үстел өткізді. Әр сыныптан 5 оқушы қатысты, барлық оқушы сұрақтарға белсене қатысып өз ойымен бөлісті. Тақырыпқа байланысты белсене қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Олар: 

5 сыныптан-Урозбай Шапағат, Серікқызы Аяна

6а сыныптан- Жабайхан Аружан, Асуланқызы Әлия

6б сыныптан- Серкибай Балжан, Қасан Аружан

7а сыныптан - Асуланқызы Бұрым

7б сыныптан- Манатқызы Айзада

8 сыныптан- Базаргелдинова Салтанат, Жұмеке Ажар

19.10 күні Әлеуметтік педагог А.Мұсанов «Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу және   оқушылардың мінез-құлқы мен тәртібін қадағалау» мақсатында ата-аналармен, оқушылармен дөңгелек үстел өткізді.

Айлық барысында кәмелетке жасы толмағанда арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілер 7-11 сынып оқушыларымен АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан және Екпінді ауылдық округінің жастар нұсқаушысы Ибраймов Нұрландардың қатысуымен «Мен және менің полицейім» «Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?» тақырыбында онлайн кездесулер ұйымдастырылып, өз деңгейінде өтті. Онлайн кездесу арқылы оқушыларға қылмыстың жасалу себептерін өмірмен байланыстыра отырып және зиянды заттардың адам ағзасына кері әсерлері туралы оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек тұлғаларды анықтау   мақсатында  оқушылардан сауалнама алынды.

Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың  өзінің және басқа сынып оқушыларымен қарым-қатынастары жақсы, толық түсінущілік қарым-қатынаста,  ешкімнің тарапынан күш арқылы және моральдық тұрғыдан қысым көрсетушілік болмағандығын көрсетіп сонымен қатар бопсалау әрекеттері  жоқ екендігін көрсетті.

Айлық барысында мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова «Конституция кемел-келешектің негізі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Конституция туралы әр оқушы білуі керек, әр оқушының міндеті. Ата Заңымызға байланысты түрлі кітаптарды қоя отырып, 1-11 сыныптар аралығында шағын көрме ұйымдастырды. Оқушыларға өздерінің құқықтары туралы мәліметтер айтылды. Қатысқан оқушылар өз сұрақтарын қойып, кітаптарды көру арқылы өз жауаптарын толықтыра түсті. Көрме өз дәрежесінде өтті. Оқушылар белсенділік танытты, ойларын қосты.

15.10 күні тарих және құқық пәні мұғалімі Ә.Қ.Тоқтақметова 7-8 сынып оқушылары арасында «Құқық әліппесі» викториналық сайыс өткізілді. Әр топта 3 оқушы қатынасты. Сайыста әр топ алған ұпайларының қорытындысы бойынша әділқазы алқаларының шешімі бойынша 8 сынып 1-орын 26ұпаймен жеңіске жетті. 7а- сынып 14-ұпаймен  2- орын алды. 7б сынып 10 -ұпай  3-орын алды. Мақтау қағазымен марапатталды.

Айлық барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев пен ұйымдастырушы - мұғалім  Ш.Б.Оралханов АІІБ-нің ЮПТ-ның қызметкерлерімен және учаскелік инспектор Т.Жұмахановпен бірлесе отырып, кешкі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Рейд барысында ешқандай келеңсіз оқиғалар болған жоқ.

Желтоқсан айында әрбір сыныптарда "Терроризмге қарсымыз", "Терроризмге жол жоқ" тақырыбында сынып сағаттары өтілді.  Сынып сағаттарының мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып террорлық, ланкестік және діни экстремистік бағытта араңдатуға жол бермеу. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын  және мейірімділік пен ізгіліктің адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстаным екенін ұғындыру. 

2021-2022 оқу жылындағы М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша діни бірлестіктерге қатынасатын оқушылар мен отбасылары және хиджаб киетін оқушылар туралы:

Діни бірлестіктерге қатынасатын оқушылардың аты-жөні

Туған жылы

Сыныбы 

Отбасы саны 

Ата-анасының 

аты-жөні

Ата-анасының жұмыс орны

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

0

0

0

0

0

0

0

0


Оқушылардың аты-жөні

Туған жылы

Сыныбы 

Отбасы саны 

Ата-анасының 

аты-жөні

Ата-анасының жұмыс орны

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

0

0

0

0

0

0

0

0

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде бүгінгі күнде намаз оқитын және діни бірлестіктерге қатынасатын оқушылар мен отбасылары және хиджаб киетін оқушылар мен мектеп ұстаздары жоқ.



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                            Е.Ш.Окпебаев



Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru