Республикалық ''Мектепке жол'' акциясы » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық ''Мектепке жол'' акциясы
27
июль
2022

Республикалық ''Мектепке жол'' акциясы

«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ-де   «Мектепке жол» акциясы 

аясында тамыз айының 1-10 күндері аралығында атқарылған шаралар туралы 

мәлімет

Қазақстан Республикасы Жетісу облысы Талдықорған қаласы «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 14.07.2022 жылғы №42-42/5 «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру бойынша хаты, Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің 13.07.2022 жылғы №443-ө «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын өткізу туралы бұйрығы негізінде мектеп директорының 15.07.2022 жылғы №161-ө бұйрығы шығарылып, іс-шаралар жоспары құрылды.    Іс-шара жоспары негізінде «Мектепке жол» жалпы республикалық акция жұмысын ұйымдастыру комитетінің құрамы төмендегі құрамда бекітілді:

  1. Мектеп директоры Г.К.Нусупова –комитет төрағасы
  2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.С.Долдаханова
  3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев
  4. Ұйымдастырушы педагог Ш.Б.Оралханов
  5. Әлеуметтік педагог А.М.Мұсанов
  6. Интернат меңгерушісі С.Қ.Байбатшанов
  7. Мектеп психологы Н.Н.Байбатшанова
  8. Сынып жетекшілер: 

МАД  сныбы Б.Ө.Омарғазинова

1 сынып Б.Ж.Курманбекова

2 сынып Ж.Ж.Айдаболов

3 сынып Ә.М.Шерубекова

4 сынып Д.Бексолтанова

5 сынып А.Ә.Төреханова

6 сынып Л.Абилкаир

7а сынып Ә.Қ.Тоқтахметова

7б сынып Л.С.Абзолдаева

8а сынып Г.Қ.Байкелова

8б сынып А.Н.Аубакирова

9 сынып Г.Е.Шинадилова

10а сынып А.Ж.Умиралиева

10б сынып М.Айдаболова

11а сынып А.М.Мұсанов

11б сынып Р.Ә.Баукебаева

 Ұйымдастыру комитеті мүшелеріне тапсырмалар берілді. 

Сынып жетекшілер ата-аналар комитеті мүшелерімен  бірлесе отырып, қолдауды қажет ететін оқушылар мен отбасыларды анықтап, тізімін нақтылады. 

Іс-шара жоспары негізінде ауылдың   кәсіпкерлеріне, ел ағаларына, демеушілерге «Мектепке жол» акциясына демеушілік білдіруге инстограмм (https://www.instagram.com/p/CggZe6QgQL_/?igshid=MDJmNzVkMjY=), фейсбук (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid021UwxWMPuZmyv6u4BeqMpQbQq4aSm6nwadqEw3HttjvM6mqdUduaGSv2o8jjnrMfDl&id=100014675710459), ауылдық чаттардағы ватсап желілері арқылы ҮНДЕУ ХАТ таратылды. 

 Жекелеген кәсіпкерлерге үндеу хат қолдарына табысталынып, түсіндірме үгіттеме жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде анықталған тізімдегі оқушыларға демеушілер анықталынып, бекітілді.  

 Тамыз айының 2-сі күні Екпінді ауылының тумасы Қажынов Ерлан мен жұбайы Мырзаханова Зәуреш отбасының атынан 26 ер балаға костьюм шалбар, 6 қыз балаға костьюм, юбка, шалбарын (үштігін) әкеліп, барлығы 32 киімді мектеп әкімшілігіне табыстады. 

2022-2023 оқу жылында   бастауыш сыныптың 1-3 сыныптарында оқитын көп балалы отбасының 23 баласына, жалғызбасты ана, жалғызбасты әке  тәрбиесіндегі 3 балаға және аз қамтылған отбасының 5 баласына таратылып берілді. Барлығы 32 оқушыға 450 000 теңге көлемінде киімдей көмек көрсетілді.



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:    Е.Ш.Окпебаев


Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru