Тәрбие саласы бойынша ІІІ тоқсандық есеп » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2022

Тәрбие саласы бойынша ІІІ тоқсандық есеп

2021-2022 оқу жылында М.Әубәкіров атындағы орта мектебі 

бойынша тәрбие саласында ІІІ тоқсандық есеп

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің тәрбие жұмысында ҚР Білім туралы Заңы, Қазақстан Балалары бағдарламасы, ҚР Бала құқықтары туралы Заңы, Білім және Ғылым Министрлігінің «Қазақстан  Республикасы  үздіксіз   білім  беру  жүйесіндегі   тәрбие  тұжырымдамасы» басшылыққа алынған.

Мектеп директорының  «Сынып жетекшілерін тағайындау туралы» 01.09.2021 жылғы    № 78-ө  бұйрығы негізінде   2021 жылдың   01  қыркүйегінен бастап  төмендегі мұғалімдер сынып жетекшілер  болып тағайындалды. 

Р/с

Сынып жетекші

Сын

Білімі

Мамандығы 

Санаты

1

Омаргазинова Б.У.

МАД

жоғары

Бастауыш сынып

-

2

Айдаболов Ж.Ж.

1

жоғары

Бастауыш сынып

-

3

Шерубекова А.М.

2

жоғары

Бастауыш сынып

І

4

Бексолтанова Д.Н.

3

Жоғары

Бастауыш сынып

ІІ

5

Құрманбекова Б.Ж

4

Жоғары

Бастауыш сынып

-

6

Абилкаир Л.А.

5

Жоғары

Қазақ тіл мен әдебиеті

ІІ

7

Мұсанов А.М.

Аяқ жоғары

Информатика

ІІ

8

Абзолдаева Л.С.

Жоғары

Информатика

І

9

Байкелова Г.Қ

жоғары

География 

І

10

Аубакирова А.Н

Жоғары

Химя

І 

11

Шынадилова Г.Е.

8

Жоғары

Қазақ тіл мен әдебиеті

І

12

Бекбосынов С.Е

Жоғары

Денешынықтыру

-

13

Умиралиева А.Ж

Жоғары

Шет тілі 

І

14

Қабдығалиева Н.Қ

10а

Жоғары

Қазақ тіл мен әдебиеті

-

15

Баукебаева Р.А.

10б

Жоғары

Орыс тілі мен әдебиеті

І

16

Тойшыбекова Ж.С

11а

Жоғары

Математика

жоғары

17

Төреханова А.А.

11б

Жоғары

Орыс тілі мен әдебиеті

І


Ақпан айының 15-25.02 күндері аралығында  Алакөл аудандық білім бөлімінің  7.02.2022 жылғы №54-ө бұйрығы негізінде,  М.Әубәкіров атындағы орта мектебі директорының 7.02.2022 жылғы №42-1-ө бұйрығы шығарылып, соған сәйкес «Тәртіпсіздіктің алдын алу» онкүндігінің   іс-шаралар жоспары  жасалып, іс-шараға жауапты  ұстаздар бекітіліп, мектепішілік тәртіп жиынында онкүндіктің іс-шаралар жоспарымен  мектеп оқушыларына  таныстырылды. 

Жеке құжаттары, тұрғылықты мекен-жайы, тіркелмеген оқушылар жоқ.

15-25 ақпан аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілер, қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан рейдтар ұйымдастырылды. Рейд барысында  Аудандық ІІБ-нің ЮПТ-нің және мектепішілік есепте тұрған, «қауіп» тобының, сәтсіз отбасылар анықталмады.

17.02 күні кәмілетке жасы толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын–алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Олжас Мұратұлы келіп, «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу-басты міндет», және «Қылмыстың алдын алу жолдары» өз баяндамасын оқып, оқушылармен қылмыстың жасалу себептерін өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

15-25 ақпан аралығында «Жедел жастар» ұйымының жетекшісі С.Бекбосынов онкүндікке байланысты күндізгі және түнгі мәдени, сауда орындаыр мен мейрамханаларға кезекшілік жасалып, бөлінген адамдар түнгі кезекшіліктерін атқарды, рейд барысы күнделікті тіркеу журналына жазылды. Рейд барысында ешқандай  келеңсіздік жағдайлар орын алмады.

15-25 ақпан аралығында «Тәртіп –қоғам тыныштығының кепілі» тақырыбында 1-9 сыныптармен сынып сағаттары, 10-11 сыныптар мен сынып  жетекшілер «Біз, сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»  сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті үндейтін тәрбие сағаттарын өткізді дөңгелек стол т.б іс-шаралар ұйымдастырылды.

Онкүндік барысында 1-11 сынып оқушылары «Заң зердесі» тақырыбында қабырға газеттері шығарылып 6, 8, 9 сынып оқушыларының қабырға газеті үздік деп танылды. Мақтау қағаздармен дүйсенбі күнгі тәртіп жиынындада марапатталды. 

Онкүндік барысындамектеп психологі Н.Н.Байбатшанова «Тәртібі қиын, аудандық және мектепішілік есепте тұрған» оқушыларды анықтап оқушылармен тренингтер өткізу жұмысы тапсырылды.  Жұмыс барысында ондай оқушылар анықталмады. 


Сонымен қатар онкүндік барысында мектеп жанындағы интернат тәрбиешілері А.Қазнабаева мен  О.О.Мұсанов мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерімен «Құқықтық тәрбие берудегі ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында  8-11 сынып  оқушыларымен дөңгелек стол өткізді.

25 ақпан күні «Тәртіпсіздіктің алын алу»   онкүндігінің  қорытындысы дүйсенбі күнгі лездемеде шығарылып, қорытындыланды. 

Ақпан айының 15 күні Ауған соғысының аяқталуына 33 жыл толуына орай «Ауғанның отты жалыны» атты  ауылымздағы ауған соғысының ардагерлері Жакипов Омар Бейсембекұлы және Сүлейменов Мейрамбек Белгібекұлымен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешін мектеп президенті 9а сынып оқушысы Меңғали Мақсат жүргізді.

Кештің мақсаты: Ауған соғысының аяқталуына 33 жыл толуына орай айтулы күнді атап өту. Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту. Тарихи оқиға туралы мәліметтер беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сонымен қатар, кешімізге қонаққа  ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері, ауылдық әкімшілік, ауылдық кітапхана меңгерушісі және 5,6a,6б,9а және 9б сынып оқушылары қатынасты.

Кездесу кешіміз бүгінгі арнаулы кешіміздің қонақтарымен танысудан басталып, лед экраннан Ауған оғысы туралы видеолар, оқушыларды дайындаған шағын көріністері, және мектебіміздің өзін өзі басқару ұйымының Ауған ардагерлері туралы жинаған мәліметтері лед экраннан көрсетілді.

Сонымен қатар, кездесу кеші соңында «Ашық микрофон» әдісі арқылы  Ауған ардагерлеріне сұрақтар қойылып, естелік суреттерге түсті. Атқарылған шара әлеуметтік желіге жүктелінді.

Алакөл аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің 1-наурыз - «Алғыс айту күніне» арналған іс-шаралар жоспары жасалып, мектеп директорының қолымен бекітілді. 25.02.2022 ж күні оқушылар мен сынып жетекшілерге таныстырылды.  

1-наурыз - Алғыс айту күніне байланысты 28.02 күні «Аялаған біздерді, сіздерге алғысымыз шексіз» атты 1-11 сыныптар арасында, сынып сағаттарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

1-наурыз - Алғыс айту күніне байланысты 5-6 сынып оқушылары сынып жетекшілердің жетекшілігімен «Алғыс жүректен шығады» тақырыбында сыр сұхбат, видеоролик, ватсап құттықтаулар жүргізілді.

1 наурыз күні мектебіміздің 1-ші қабатындағы кізі залда сағат 12:00-де 1-наурыз - Алғыс айту күніне байланысты «Ризашылық мейірімділік бұлағы» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Сонымен қатар сабақтар арасында мектептің АКТ залында, 2-ші және 4-ші сабақтардан кейінгі үлкен қоңыраулар кезінде «Мен алғыс айтамын!…» тақырыбындағы флешмоб билері өткізілді.

Мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова 26.02-1.03 аралығында «Мың алғыс қазақ халқына» тақырыбында мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырды. 

Мақсаты:

1.      Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.

2.      Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.

3.      Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.

Бұл жайма шуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан Сара Алпысқызының бастамасымен аталынып, өткізіліп келеді.

Атқарылған жұмыстарды БАҚ-на, әлеуметтік желілерге, сайтқа жүктелінді. Атқарылған іс-шаралар туралы АББ-не ақпарат берілді. 

Алакөл аудандық білім бөлімінің жылдық жоспары негізінде М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде  8-наурыз - «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған 2-6 наурыз  күндері аралығында өткен «Аялайық ананы» тақырыбындағы апталықтың іс-шаралар жоспары 24.02.2022 ж күні жасалып, мектеп директорының қолымен бекітілді. 25.02.2022 ж күні оқушылар мен сынып жетекшілерге таныстырылды.

      1-5.03 күндері аралығында «Азамат» ұлдар ұйымыныңы қатысуымен «Ана мәңгілік жыр дастан» тақырыбында және сынып жетекшілердің жетекшілігімен «Аялайық ананы» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында мерекелік альбом мен мерекелік  қабырға құттықтау газеттері  шығарылып, ілінді.

03.03 күні сағат 1230-да «Ана – өмірдің шуағы» тақырыбында мектептің   5-11 сыныптарының қыздарын, ұстаз аналарды, зейнеткер аналарымызды, мектептің қызметкер аналарын құрметтеу мақсатында мерекелік құттықтау, салтанатты жиын өткізілді. Жиын барысында мектеп директоры Г.К.Нусупова мектеп қыздарын, ұстаз аналарды, зейнеткер аналарымызды, мектептің қызметкер аналарын құрметтеп, жылы лебізін білдіріп, кейбір қыздар марапатталды. Соңы концерттік құттықтауларға ұласты.

04.03-05.03 күні соңғы сабақтарда «Аялайық ананы» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 

05.03 күні сағ 1500-де ауыл әкімшілігі, аналар кеңесі, мектеп ұжымының бірлескен Екпінді ауылдық округі әкімшілігінің «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай    салтанатты жиыны өткізілді.салтанатты жиында округ әкімі Ә.К.Қыстаубаев пен ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ә.Д.Шариғатовтар округ аналарымен қыздарын мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, кейбір аналар мен қыздар округ әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

08.03-10.03 күні аралығында «Жедел жастар» тобының жетекшілігімен М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша демалыс кезіндегі мектепте тәртіп пен жылу режімін дұрыс сақтау және демалыс кезіндегі кәмелетке толмағандардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық, қылмыс, оқыс оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында 6-8 наурыз аралығындағы “8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні” мерекесіне орай мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің мектепішілік күндізгі және түнгі кезекшілік кестесі жасалынып, уақытында кезекшілік атқарылды.

Күні 

Уақыты

Жауапты кезекші

Кезекшілер 

6.03.2022



900-1300


Дюсеков Асан 

Бейсенулы

Е.Ш.Окпебаев 

М.К.Кошкимбаев 

1300-1700

Ш.Б.Оралханов

Ж.Ж.Айдаболов

7.03.2022

900-1300


Касымбеков Беделхан Аблайханович

О.О.Мұсанов

Т.Ж.Қасымбеков

1300-1700

С.Т.Ибраев

8.03.2022

900-1300


Жапаргалиев Жандаргали Жумагалиевич

А.М.Мұсанов

С.Е.Бекбосынов

1300-1700

Е.С.Нусупов

Е.М.Ахатаев



Күні 


Уақыты


Судың бергі жақ беті


Судың арғы жақ беті

6.03.2022


2000-2300

Е.Ш.Окпебаев 

Ш.Б.Оралханов

С.Е.Бекбосынов

Ж.Ж.Айдаболов

7.03.2022


Т.Ж.Қасымбеков

О.О.Мұсанов

С.Т.Ибраев

8.03.2022

Е.С.Нусупов

А.М.Мұсанов

Е.М.Ахатаев

М.К.Кошкимбаев


11.03.2022 ж күні 8 -наурыз - «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған 2-6 наурыз  күндері аралығында өткен «Аялайық ананы» тақырыбындағы апталық қорытындыланып, АББ-не ақпар жіберілді.

2022 жылы «Наурыз» мерекесін атап өту бойынша Алматы облысының білім басқармасының іс-шаралар жоспары негізінде , мектептің іс-шара жоспары жасалынып, мектеп директорымен бекітілді. Іс шара жоспары наурыз айының 11-і күні сынып жетекшілерге таныстырылып, жауапты мұғалімдерге жүктелді. 

11-17 наурыз күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  «Ұлы Наурыз-жаңа жыл басы!», «Наурыз тойы», «Ұлттық дәстүр»   тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Эссе байқауына 5-11 сыныптар арасында 15 оқушы қатынасты. Комиссия мүшелерінің шешімімен қорытындысы шығарылып, 11 сынып оқушысы Самадияр Айдын 1 орын, 8 сынып оқушылары Мерекеқызы Альбина, Төлеуқажықызы Жанналар 2 орын, 7 сынып оқушысы Асуланқызы Бұрым, Жұмабай Аяулы, Тұралық Іңкәрлар 3 орынды иеленді. 

11-17 наурыз күндері аралығында «Бақ дарытар құт Наурыз!» атты 1-11 сынып оқушыларынан  жас суретшілер байқауы ұйымдастырылып, көрме ұйымдастырылды. Көрме қорытындысы шығарылып, қорытындысы бойынша 

11-17 наурыз күндері аралығында «Көркем еңбек» пәні мұғалімдері С.Қ.Байбатшанов,  Л.Асқарқызы, О.О.Мұсанов және Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  «Берекелі Наурыз» атты мектеп оқушыларыныңм қолөнер шеберлері байқауы өткізілді. Байқауға 1-11 сыныптың ___________ оқушылары қатынасты. 

16 наурыз күні зейнеткерлік жастағы аға буынның  еңбек жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау , оларды қастерлеу мақсатында «Азамат» ұлдар ұйымының жетекшісі А.М.Мұсанов пен мектептің «Жасұлан» Бастауыш балалар ұйымының президенті 9а сынып оқушысы Меңғали Мақсаттың  ұйымдастыруымен «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың» атты қарттармен кездесу өткізілді. 

Кездесуге Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, зейнеткер ұстаз Ж.Д.Тұрсынбаева, ауылшаруашылығына елеулі еңбек еткен зейнеткер Байбатшанова Оралхан, Қасымбаев Шариполда және 40 жылға жуық ауылдық амбулаторияда медбике болып қызмет атқарған зейнеткер Б.Нұрқадамова  және мектептің 9-10 сынып оқушылары қатынасып, өздерінің өмір жолдары жайлы  кәсіби маман ретінде бастарынан өткен қызықты жайттарымен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жақсы кездесу өтті.   


18-наурыз күні Мәлгеждар Әубәкіров атындағы орта мектебінде"Қош келдің, Әз-Наурыз" мерекесі өтті. Мерекелік шара барысында мектептің 1 қабат дәлізінде оқушылар шығармашылығынан сурет көрмесі, қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылып, мереке қонақтарының назарына ұсынылды. Көрмелер байқауының қорытындысы шығарылып, мерекелік салтнатты жиында марапатталды. 

Мерекелік шара салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты жиынға ата-аналар, мектеп оқушылары және "Жоңғар Алатау" ұлттық паркі қызметкерлері қатынасты. Мерекелік салтанатты жиын мектеп оқушыларының дайындаған шағын концертіне ұласты.

Мерекелік шараның екінші бөлімінде "Жоңғар Алатау" ұлттық паркімен бірлескен табиғатты қорғау мақсатында " Парктер шеруі-2022" акциясы аясында " Бір сынып бір ағаш" атты көшеттер отырғызу акциясы өтті.

Үшінші бөлімінде " Қош келдің, Әз-Наурыз" тақырыбындағы МАД, 1-11 сыныптарының ашық тәрбие сағаттарына ұласты. Ата-аналар мен оқушылардың қатынасуымен өткен мерекелік іс шара жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді.
 
 

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru