«Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйымының І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы мәлімет » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйымының І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы мәлімет
29
декабрь
2021

«Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйымының І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы мәлімет

2021-2022 оқу жылында М.Әубәкіров атындағы орта  мектебінде

«Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйымының

 І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы мәлімет


Мақсаты: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлған қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында республика бойынша барлық өңірлерде «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жандардыру.

Міндеттері: 

  • Жасұландықтардың қоғамдық белсенділіктерін дамыту;
  • Оқушылардың танымдық қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру;
  • Оқушыларды қоғамдық пайдалы шараларға тарту;
  • Балаларды заманға сәйкес дамытып, оларды жаңа қатерлер мен зиянды әрекеттерден қорғау

«Жас Ұлан» ұйымы қызметінің бағыттары:

  1. Отан-елін, жерін құндылықтарын сүю, қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыру бағыты;
  2. Зерде-интеллектуалдық даму, зерделі түрде алдына нақты мақсат қоя білу, оған жете білу, жобалар жасап, жүзеге асыруға жетелеу бағыты;
  3. Руханият-оқушыларды жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, көркем-эстетикалық қасиеттерге тәрбиелеу, волонтерлік қызметті дамыту бағыты;
  4. Салауат-салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға бағыт беру, денешынықтыру мәдениеті мен психикалық денсаулығын қалыптастыру бағыты;
  5. Еңбек-мектеп қабырғасынан кәсіби мамандыққа бағдар беру, кәсіби үйірмелерде жұмысқа тарту, еңбекке деген құрметті сіңіру бағыты;
  6. Экоәлем-қоршаған ортаны аялау, жан-жануарларға қорған болуға, экологияны жақсартуға бағытталған жобалар жасауға баулитын бағыт;
  7. Жеті жарғы-құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жас азаматтарға өздерінің құқықтар мен міндеттерін түсіндіруге арналған бағыт.

Қыркүйек:

2021 жыл 1.09.2021 ж күні «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымын құру туралы» мектеп директорының № 129-ө бұйрығы шығарылып, «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымынның жылдық жоспарлары құрылып, бекітілді. 

2021 жыл 1.09.2021 ж күні «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымының ұланбасы, ұйым мүшелерін сайлау №І жиыны онлайн форматында өтті. Жиын барысында 2020-2021 оқу жылында онлайн форматында сайланған оқушылар бір ауыздан сайланып, өз жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болды. 

Мектеп президенті

Мектеп парламентінің құрамы

Сынып 


Атқаратын қызметі

1

Амангелді Төлеухан  


11б

Мектеп президенті

2


Ахмет Дарын

11а

Ұлдар бастығы

3


Қабылхамит Елназ 

11а

Қыздар бастығы

4


Мықтыбек Ақмаржан

10б

Білім министрі

5


Қалиахмет Айзат

11б

Тәртіп министрі

6


Саметай Айаужан 

10а

Тазалық министрі

7


Бисеит Аршагүл 

10а

Мәдениет министрі

8


Базрғажы Дарын 

11а

Спорт министрі

9


Тоғанбай Данияр

10б

Экология министрі

«Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспары негізінде, қыркүйек айының 30 күні мектеп психологі Н.Н.Байбатшанова 5-11-сынып оқушыларымен «Кибербуллинг туралы әңгімелесейік» тақырыбында қашықтықтан слайдтар, видеороликтер, кеңестер жіберіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстың мақсаты:  Оқушылардың желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оқушыларға кибербуллинг туралы мағлұмат беру. Кибербуллинге тап болған жағдайда неістеу керек, егер оқушының өзінің басқа біреуді кибербуллинге ұшыратқан жағдай орын алған кезде неістеу керек екендігі туралы ақпарат, кеңестер беру.

Жұмыс түрі: слайд, видеоролик, кеңестер

Кибербуллинг дегеніміз не? 

Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желілерде  яғни электоронды желі арқылы  вконтакт, ватсап, инстаграмм, фейсбук арқылы жасалған агрессивті қасақана әрекет қорлау немесе қудалау. Ол бірнеше рет қайталанатын байланыс нысандары. Егерде:

Саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электорнды хаттар (еmfil) жазса 

Сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса

Әлеуметтік желілерде сенің атыңнанжалған аккаунттар құрып, онда ерсі фотосуреттерді орналастырса

Сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса

Саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе

Жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса

Сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.

  Кез келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егерде сенімен мұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.

Неліктен адамдар бұлай істейді? 

Адамдар неліктен басқа біреуді ренжіткісі келетінін айту қиын. Кейде өзіміз қаламасақта, біреудің көңіліне келетін қылық жасап, сөздер айтып жатамыз. 

Телефон арқылы немесе интернетте адамды әдейі ренжіту, қорлау оңай болып көрінеді. Ренішті хабарлама жіберу сондай оңай ғой! Бұны істеген адам басқаның жанын ауыртқанын сезбейді.

Егерде сен интернет технологияларды біреуді әдейі ренжіту, қорлау немесе ызасын келтіру үшін пайдалансаң, онда бұл  - кибербуллинг. Тіпті сен біреу туралы ренішті постқа лайк бассаң да, немесе ренішті постты жіберсең, бұл да кибербуллинг. Біреудің сені қорлауы немесе сенің біреуді қорлауыңа құқығың жоқ.

Егер сен кибербуллинге тап болсаң, не істеу керек?

Кибербуллингке тап болған жағдайда сен қорқып, абыржып қалуың мүмкін. 

Ондай кезде мынадай әрекеттер жаса:

әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта 

әлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір (әдетте ол үшін «report» батырмасын басу жеткілікті)

ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ұшығуы мүмкін 

осы хабарламаларды/посттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса 

бұл жағдайда сені қолдап, не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын ересектерге – ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе,  мектепке айт 

біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс (велосипед теп, қыдыр, кино көр, кітап оқы, достарыңмен, ұстаздармен, мектеп психологімен әңгімелес). 

      Сен өзің басқа біреуді онлайн қорласаң ше?

Не істеп жүргенің жайлы ойлан.  Сен туралы біреу ренішті сөздер жазса, сенің қандай күйде болатының жайлы ойландың ба? Алғашқы қадам – ол сенің буллинге жол бергеніңді мойындау. Бәріміз де кейде қателесіп жатамыз, дегенмен бұл сенің жаман адам екеніңді білдірмейді.

Біреумен ақылдас. Өзің сенетін ересек адаммен – анаңмен, әкеңмен, қамқоршыңмен, мұғаліміңмен, психологпен сол жайында бөліс. Олар саған қандай әрекет жасауға болатыны жайлы кеңес бере алады.

Жазған/жариялаған нәрсені жой. Барлық ренішті, қорлаушы посттарды, твиттерді және сын сөздерді жойып таста.

Басқаларды тоқтауға көндір. Буллинге қатысы бар басқа адамдармен сөйлес, одан бас тартуға көндір. Бір адам көп нәрсені өзгерте алады.

Кешірім сұра. Ренжіткен адамнан кешірім сұра, көмек ұсын. Бұл ол адам үшін өте маңызды болуы мүмкін.

Бұдан өзің үшін сабақ ал. Кейде біз ойланбастан бір әрекетке барамыз. Болашақта ондай жағдай қайталанбас үшін біз болған оқиғадан сабақ алуымыз керек.

Егер басқа біреу кибербуллинге ұшыраса ше?

- Біреуді онлайн қорлаған жағдайға куә болсаң, бұны тоқтатуға көмектес.

- Ондайда жасауға болатын әрекеттер:
 осы ренішті суреттерді, фотосуреттерді, хабарламаларды, посттарды біреуге жіберіп, ары қарай таратпа
 -  қорлауды қолдама және оған қатыспа.
 -  ол топтан/чаттан шығып кет
 -сол адамға жәбірлеушіні бұғаттауда көмектес және әкімшіге постқа шағымдан
 -сол адамға қолдау көрсет: жылы сөз айтып, көмегіңді ұсын.

Жұмыстың нәтижесі:

Оқушылардың желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оқушыларға кибербуллинг туралы мағлұмат беру. Кибербуллинге тап болған жағдайда неістеу керек, егер оқушының өзінің басқа біреуді кибербуллинге ұшыратқан жағдай орын алған кезде неістеу керек екендігі туралы ақпарат, кеңестер беру, оқушылардың арасында кибербуллингтің алдын –алу мақсатында оқушыларға видеороликтер, слайдтар жіберіліп, кеңестер берілді.

Сонымен қатар, М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша өзін-өзі басқару ұйымының қатысуымен және мектептің оқу тәрбие жоспарына сәйкес 28.09-5.10 аралығында «Ұстаз аты-мәңгілік» тақырыбындағы мектепішілік апталықты ұйымдастыру үшін мектепішілік мектеп директорының бұйрығы шығарылып, іс-шаралар  жоспары құрылып, бекітілді. Іс-шара жоспары сынып жетекшілер мен оқушыларға  таныстырылды.   

Жоспарға сәйкес апталық барысында ұстаздар мерекесіне арналған құттықтау қабырға газеттері шығарылып ілінді. 

Апталық аясында ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстаз аты-мәңгілік» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, «Жас Ұлан ББҰ-ның» мүшелері мектептегі ұстаздар қауымын өз қолдарымен жасаған түрлі-түсті гүлдер мен құттықтау қағаздарымен құттықтады. Сынып сағаттары барысында түсірілген видео сабақтар мен құттықтаулар әлеуметтік желілерге жүктелінді. 

Апталық барысында мектебіміздің жас ұстаздары тарапынан «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында мерекелік челленджін ұйымдастырып, челлендж барысында түсірілген құттықтау видеолар әлеуметтік желілерге жүктелінді және «Алакөл тәрбие» ортақ ватсабына жіберілді.

Сондай-ақ, 11 сынып бітіруші түлектер мен 1-10 сынып оқушыларының және сынып жетекшілерінің ұйымдастырумен «Ұстаз аты-мәңгілік» және «Ұстазым-ұлағатым, үлгі өнегем» тақырыбтарында мектеп ұстаздары мен зейнеткер ұстаздарды құттықтау мақсатында интернет желілері арқылы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған концерт мектеп ұстаздарының ортақ ватсабына және зейнеткер ұстаздардың да жеке ватсаптарына жүктелінді. Қарт ұстаздар оқушылардың ұйымдастырған құттықтауларына алғыстарын білдірді.  

М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша мектептің оқу тәрбие жоспарына сәйкес 28.09-5.10 аралығында ұйымдастырылған «Ұстаз аты-мәңгілік» тақырыбындағы мектепішілік апталық уақытында және өз дәрежесінде өткізілді.

Қараша: 

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 1-6.11.2021 ж  күзгі каникул кезіне байланысты 1-11сынып оқушыларының бос уақытттарын тиімді пайдалану мақсатында мектеп директорының 27.10.2021 ж №161-ө бұйрығына сәйкес танымдық мәдени және спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. 

Күзгі каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты ата-аналармен байланыс дәптерлері толтырылып, оқушылардан қауіпсіздік парақшалары таныстырылып, қолдары қойылды, сынып бөлмелері ретке келтірілді

3.11 күні Бексолтанова Д.Н 3 сыныбымен «Күзгі композиция» жасау, 5.11 күні Ж.Ж.Айдаболов 1 сыныбымен «Қызықты тапсырма» математикалық интеллектуалды тапсырма, 5.11 күні 2 сыныбымен   Ә.М.Шерубекова «Күз кереметі» сурет сайысы, және мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова 1-11 сынып оқушыларымен   «Бәріміз кітап оқимыз» үздік оқырман сайысы,  «Рухани жаңғыру: кітапханалық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру» тақырыптарында көрме, кітапханаға саяхат сабақтарын өткізді.

Сонымен қатар, «Буллинг жағдайына ұшыраған және өзі біреуге қысым көрсетіп жүрген тәрбиешілерді анықтау, буллинг жағдайында не істеу керектігі туралы бағыт-бағдар беру» мақсатында 08.11.2021 ж күні  «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспары негізінде мектеп психологі Н.Н.Байбатшанова 5-9-сынып оқушыларымен «Сен буллинг жағдайын басыңнан өткердің бе?» тақырыбында сауалнама жүргізді. 

Жұмыстың мақсаты:   буллинг жағдайына  ұшыраған және өзі біреуге қысым көрсетіп жүрген тәрбиеленушілерді анықтау, буллинг жағдайында не істеу керектігі туралы бағыт –бағдар беру.

Жұмысты кім жүргізеді: педагог-психолог

Жұмыстың барысы:   Оқушыларға сауалнама парақтары таратылып беріліп, жауап беру сұралды.

Жұмыстың нәтижесі:

5-9 сынып оқушыларынан - буллинг жағдайына  ұшыраған және өзі біреуге қысым көрсетіп жүрген тәрбиеленушілерді анықтау, буллинг жағдайында не істеу керектігі туралы бағыт –бағдар беру мақсатында сауалнама алынды. 

Сауалнама  қорытындысының көрсеткіші:

1.Буллинг туралы білесізбе?

  

Қорытынды: Зерттелушілердің буллинг туралы мағлұматтары бар, буллинг жағдайына ұшырамаған, ондай жағдайлар орын алмағандығын көрсетіп отыр,  буллинг жағдайы кезінде қажетті мамандарға, ата-аналарына айтатындықтарын көрсетіп отыр. Оқушылар өздері тарапынан ешкімге қысым көрсетіп, мазалап, қорлап жүрмегендіктері анықталды. Жалпы оқушылардың буллинг жағдайы туралы толық мағлұматтары бар, ондай жағдай орын алған жағдайда не істеу қажет екендігі туралы біледі. 

«Өз ағашыңды отырғыз» акциясы аясында жаппай ағаш отырғызуды ұйымдастыру және өткізу мақсатында 22 қазан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер бірыңғай ұйымының жылдық жоспары негізінде қазан айындағы «Өз ағашыңды отырғыз» жаппай ағаш отырғыру акциясы өз дәрежесінде өткізілді. Акция аясында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер бірыңғай ұйымының мүшелерімен қатар мектеп қызметкерлері мен мектеп жанындағы интернат қызметкерлері де белсенді атсалысты.

20 түп алма ағаштарының мектеп пен мектеп жанындағы интернат маңайына отырғызылуына мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушісі 5 сынып оқушысы Балшабек Ғипаның ата-анасы, Қоңыр ауылының тұрғыны Нұрмұхамедова Бағдагүл   демеушілік көрсетті.

Қазан айының 27-28 күндері «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер бірыңғай ұйымының жылдық жоспары негізінде 8-11, 1-4 сыныптар арасында «Күз береке, молшылық» тақырыбында алтын күз мерекесі аталып өтілді. 

27 қазан  күні сағат 1500-де 8-11 сыныптар арасында   «Алтын күз» мерекелік кеші өтті. Кештің бағдарламасында:  

  1. «Өнерлінің өрісі кең» топтың өнері (жайдарман, ән, би, көркем сөз оқу, өз шығармашылығы және т.б)
  2. Қызықты ойын
  3. Күзгі вальс. 

Оқушылар белсенді  қатынасып, жоғары дәрежеде өтті. 

28 қазан күні сағат 1400-де МАД, 1-4 сыныптар арасында «Күз-береке, молшылық» тақырыбында мерекесі өтті. Қатынасқан МАД,   1-4  сыныптардың ата-аналары, сынып оқушылары өте белсендіи қатынасты.   Мерекенің  бағдарламасында: 

  1. «Біз біргеміз» топты таныстыру
  2. «Өлең сөздің патшасы» өлең жол шумақтары
  3. «Күз көркі» сән үлгісі
  4. «Өнерлі өрге жүзер» өнер сайысы
  5. Ханзада мен ханшайым. 

Кеш қорытындысы бойынша, МАД сыныбының оқушылары   Жеңісқызы Айдай мен Сердалы Ернар «Күз ханшайымы мен ханзадасы» атағын жеңіп алды. 1-4 сынып оқушылары арасынан 2 сынып оқушысы  Жандарбек Томирис  «күз ханшайымы» атағын, 3 сынып оқушысы Мүтән Айдын   «күз ханзадасы» атағын жеңіп алды. 

Сыныптар бойынша «Ең өнерлі» топ номинациясын 1 сынып, «Шығармашыл» топ номинациясын 2 сынып, «әншілер» тобы  номинациясын 3 сынып, «Білімділер» тобы номинациясын  4 сынып иеленді. 

ҚР конституциялық заңдылық және құқық тәртібі, адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын насихаттау, патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді нығайту мақсатында тарих, құқық пәні мұғалімі Ә.Қ.Тоқтақметова 5-8 сынып оқушыларымен "Біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді толықтай білеміз бе? "дөңгелек үстел, пікірталас өткізді. 

Ондағы мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру.Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Барысы 7 бөлімнен тұрды:

І Құқық туралы жалпы түсінік

ІІ«"Біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді толықтай білеміз бе? "» (пікірталас)

ІІI Мен заңды қаншалықты білемін?

ІV Заңсыз арал

V «Қызыл,сары-көк ауыл» ойыны

VI Қылмыскер бала қайдан шығады?

VII Қорытынды

Дөңгелек үстел өз дәрежесінде өтті.

Ж. Аймауытов:  “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр. “Жаңа әлемде жаңа Қазақстан” атты жолдауында Н.Ә. Назарбаев жастар болашағына үлкен сенім артатынын атап көрсетті.

 «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспары негізінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланбасын-президентін» сайлау 26 қараша күні өтетіндігі туралы   8 қараша күні мектептің таңертеңгі тәртіп жиынында оқушыларға ескертілді. Мектеп президенттігіне 9 және 8 сыныптардан 6 үміткер өз бағдарламаларын дайындап, өздерін президенттікке үміткер ретінде ұсынды. Олар:

  1. Әділханұлы Бірлән    9бсынып  
  2. Меңғали Мақсат        9а сынып 
  3. Әшімхан Досымжан  9а сынып  
  4. Меңғали Азат             8 сынып 
  5. Жүмеке Елнұр            8 сынып 
  6. Мерекеқызы Альбина 8 сынып  

Мектептің кіре беріс залына үміткерлерге арналған стенд жасалынып, суреттері мен бағдарламалары  ілінді.

26 қараша күні « Жас Ұлан » балалар мен жасөспірімдер бірыңғай ұйымының  президентін сайлауға арналған салтанатты жиынның өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік ГИМН-мен басталып, Мемлекеттік ГИМН-мен аяқталды. Жиын барысында Тұңғыш президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « ... жас Қазақстандықтар арасында жұмыстарды жандандыру қажет.  «Жас Ұлан» ұйымын құрып, мемлекетіміздің жастарын біріктіру керек, сонымен қатар, балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру мәселесін қарастыруды партияға жүктеймін»,-деп балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына ерекше көңіл бөлуі біздің жұмысымызға жаңа серпіліс енгізілуі жайлы мағлұматтар берілді. 

Жиын барысында мектеп директоры Нусупова Гүлнар Қасымбайқызы үміткерлерге жақсы тілектері мен сайлаудың әділ өтетіндігіне тілегін білдірді. 

Сайлаудың дұрыс, әділ өтуін қадағалау мақсатында сайлау комиссиясы құрылды. Ол кісілер: Сайлау комиссиясының төрайымы мектеп директоры Нусупова Гүлнар Қасымбайқызы,  мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Окпебаев Ербол Шерниязұлы, ұйымдастырушы мұғалімі Оралханов Шалқар Базаргелдіұлы, дефектолог Кошкимбаев Мақсат Кемелханұлы, әлеуметтік педагог Мұсанов Айбек Манарбекұлы.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен ұстаздар арасынан сайлаудың дұрыс өтуін қадағалау мақсатында бақылаушылар тағайындалды. Олар: «Қызғалдақ» қыздар клубының жетекшісі Умиралиева Айда Жұмағалиқызы, мектеп психологі Байбатшанова Нургуль Наксбекқызы, мектебіміздің логопеді Лаура Асқарқызы.

Сайлау 26 күні таңертең 9.00-де басталып, 12.00-де аяқталды. Сайлау барысында келеңсіз оқиғалар болған жоқ. Барлығы бір қалыпты уақытылы өтті.

Сағат 12.00-де әр сыныптың белсенді оқушыларымен бірлесе отырып мектеп президенттігіне үміткерлерге берілген дауыстар саналынды.

Қорытындысы бойынша мектебімізде өткен жалпы президенттігі сайлауында  35 мұғалімнің 20-ы, 166 оқушының 147-сі барлығы 201  сайлаушының 167-сі з дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.

Сонымен, бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде әр кандидатқа берілген дауыс саны:

  1. Әділханұлы Бірлән    9бсынып  .............43........ дауыс, ...............%
  2. Меңғали Мақсат        9а сынып ............70......... дауыс, ...............%
  3. Әшімхан Досымжан  9а сынып  ...........5.......... дауыс, ...............%
  4. Меңғали Азат             8 сынып ............9......... дауыс, ...............% 
  5. Жүмеке Елнұр            8 сынып ............14......... дауыс, ...............%
  6. Мерекеқызы Альбина 8 сынып  ...........24.......... дауыс, ...............%
мектеп президенті лауазымына, атап айсақ 70 пайыз дауыс жинаған 9а сынып оқушысы Меңғали Мақсат Асланұлы сайланды.

Ал, сағат 12.30-да «Ұланбасын ұлықтау рәсімі» өткізілді.

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде қараша  айының 23-30   күндері аралығында Алакөл аудандық білім бөлімінің 19.11.2021 ж № 527-ө бұйрығы негізінде мектеп директорының   бұйрығы шығарылып  2021 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің күні Мемлекеттік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары   жасалынып бекітілді.

22 қараша күні мектепішілік жиын өткізіліп, 23-30 қараша күндері аралығында   1-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің күні Мемлекеттік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.

23-30-қараша күндері аралығында  М.Әубәкіров   мектебінде «1 желтоқсанында Қазақстан  Республикасы Президентінің күні» Мемлекеттік мерекесі қарсаңында мектеп ауласы мен мерекелік іс-шара өтілетін орындарда  безендіру жұмыстары талапқа сай жүргізілді.

29 қараша күні 1-11 сыныптар арасында «Менің тұңғыш Президентім» атты сынып сағаттары /1-4 сыныптар/, «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбындағы сынып сағаты /5-11 сыныптар/ арасында сыныптарында өткізілді. 

Сонымен қатар 29-30 қараша күндері  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Егемен елдің кемеңгер басшысы»   тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысы   1-4 сынып арасында және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысы  5-8 сынып арасында өткізілді. Жеңімпаздар мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бас жүлде: 6а сынып оқушысы Жабайхан Аружан

І орын: 6а сынып оқушысы Жарахмет Назым

ІІ орын: 7 сынып оқушылары: Сексенбек Жасұлан, Ахметхан Жанерке

                8 сынып оқушылары: Төлеуғажықызы Жанна, Мерекеқызы Альбина

ІІІ орын: 7 сынып оқушылары: Абдолда Ақерке, Манатқызы Айзада, Серік Камила

                 8 сынып оқушылары: Жүмеке Елнұр  

30 қараша күні сағат 1230-да  Екпінді ауылдық округі бойынша ауылдық әкімшілікпен бірлескен «1 желтоқсан - Қазақстан   Республикасы   Тұңғыш Президенті  күні   Мемлекеттік  мерекесін»  мерекелеуге   арналған  «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты салтанатты  жиын өткізілді. Салтанатты жиынға Екпінді ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Г.Н.Аубакирова, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ә.Д.Шариғатов, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы    Баядилов Қазығұл Бекжанұлы қатынасты.    

Салтанатты жиын үш бөлімнен жоспарланды. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай атап өткелі отырған   салтанатты  жиында баяндама оқу  тарих  пәнінің мұғалімі Байкелова Гүлбану  Құрбанбекқызына берілді.

Екпінді ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Г.Н.Аубакирова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Долдаханова Бағила Серікқызы,  мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы   Баядилов Қазығұл Бекжанұлы  құттықтау сөз сөйлеп, Н.Ә.Назарбаевтың Президенттікке сайланғалы бері өмір жолына тоқтала келіп, заманымыз тыныш, Елбасымыздың салған сара  жолымен жарқын болашаққа бет алайық» деп үндеу тастады. 

Екінші бөлімде бүгінгі күні мектебімізде де облыстық және аудандық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген, оқуда озат, мектептегі өткізіліп жатқан білім сайыстарының, іс-шаралардың ұйтқысы болып жүрген  5 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жас Ұлан» тобына, 1 сынып оқушыларын  «Жас Қыран» тобы қатарына қабылдау рәсімін өткізілді.  

Соңынан мектебіміздің жас ақындары аудандық жыр мүшайраларының жүлдегерлері  11 сынып оқушысы Серікбол Диана,  өзінің  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арнаған» арнау өлеңдерін оқыды.   Артынан мектеп оқушыларынан дайындалған «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты оқушылардың әндерімен жалғасты.

23-30-қараша күндері аралығында  мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова «Елбасы-кемеңгер көшбасшысы» атты  кітап көрмесін және  бастауыш сынып мұғалімдері сыныптарымен «Егемен ел және Елбасы» кітапханаға саяхат жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар, апталық барысында  мектепішілік 1-11 сыныптар арасында «Балалық шағымның  аспаны» сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауының  қорытындысы шығарылып, мектепішілік жиында І орын алған 4 -сынып, ІІ орын алған 10-сынып, ІІІ орын алған 7 сынып оқушылары марапатталды.   

АББ-нің 21.12.2021 ж №593-ө «Жаңа жыл мерекесін өткізу» туралы бұйрығы негізінде мектеп директорының бұйрығы шығарылып, жаңа жылдық жоспары жасалынып, мектеп оқушылары мен сынып жетекшілерге таныстырылды.

Істелінетін шаралар

Мерзімі

Жауапты   адамдар

1

«Қош келдің, Жаңа жыл-2022» мерекесінің өтілу жұмыс жоспарын жасап  бекіту.

23.12.2021ж

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов

2

Мектептің кіре берісін залын  безендіру. 

23-24.12.2021ж

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов Т.Ж.Қасымбеков

А.М.Мұсанов

Л.А.Абилкаир

С.Т.Ибраев

10а,10б, 9а, 9б сыныптар

3

Шыршаны орнату

23-24.12.2021ж

С.Т.Ибраев

4

Электрлік шамдарды , гирляндаларды жағу, орнату

23-24.12.2021ж

С.Т.Ибраев

5

Газет көрмесін ұйымдастыру 1-11 сыныптар

23-27.12.2021ж

Сынып жетекшілер

6

Пән кабинеттерін безендіру; 


23-24.12.2021ж

1-11 сыныптар және сынып жетекшілер

7

МАД, 1-11 сыныптардың     «Қош  келдің, Жаңа  Жыл -2022» мерекелік  тәрбие сағатын өткізу.

27.12.2021ж

1-11 сыныптар және сынып жетекшілер

8

Әр сыныптың Жаңа жылдық құттықтауларын жасау. /бейнеролик  2-3 минуттық/

27-29.12.2021ж

Сынып жетекшілер

9

Аудандық, облыстық     президенттік қашықтықтан өтетін онлайн шыршаға оқушыларды қатынастыру. 5 сынып оқушылары  Аблайханов Нұрсұлтан,  Азамат Ақбота

28.12.2021 ж

Сағ 1000-де

Сынып жетекшісі Л.Абилкаир

10

Мереке      күндеріне пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі тарапынан  кезекшілік кестесін жасау. 

23.12.2021

Ш.Б.Оралханов

11

Мереке күндері түнгі көшеге «Жедел жастар» тобы рейдінің  кезекшілік кестесін жасау

27.12.2021 жыл

Т.Ж.Қасымбеков

12

Жаңа жыл мерекесінің өтілуі туралы аудандық білім бөліміне ақпарат беру, әлеуметтік желілерге жүктеу

30.12.2021 жыл

Е.Ш.Окпебаев     Ш.Б.Оралханов

Жоспары бойынша мектептің кіре берісін залын мен сынып бөлмелерін безендіру жұмыстары толықтай «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және сынып жетекшілердің бақылауымен жүргізілді. 

Мәдениет министрі 8 сынып оқушысы Жүмеке Елнұрдың және сынып жетекшілердің жетекшілігімен 1-11 сыныптар арасында газет көрмесі ұйымдастырылды.

27.12.2021 күнгі сынып сағатарында МАД, 1-11 сыныптардың  «Қош  келдің, Жаңа   Жыл -2022» мерекелік  тәрбие сағаттарын жоғары деңгейде, сапалы түрде өткізді. Жаңа жылдық мерекеге орай мектеп директоры Г.К.Нусупова, «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және бітіруші түлектердің қатысуымен әр сыныптарға сынып сағатарына Аяз ата мен ақшақар және әртүрлі ертегі кейіпкерлері кіріп, құттықтауларын айтып, оқушылардың мерекелік көңілдерін көтеру жұмыстары жүргізілді. 

Ұйымдастырушы мұғалім    Ш.Б.Оралханов

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru