М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында, құқық қорғау органының өкілдерімен, аймақтық полициямен, учаскелік инспектормен құқық бұзушылықтың алдын-алуына бірлескен іс- шаралардың І жартыжылдық есебі » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында, құқық қорғау органының өкілдерімен, аймақтық полициямен, учаскелік инспектормен құқық бұзушылықтың алдын-алуына бірлескен іс- шаралардың І жартыжылдық есебі
29
декабрь
2021

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында, құқық қорғау органының өкілдерімен, аймақтық полициямен, учаскелік инспектормен құқық бұзушылықтың алдын-алуына бірлескен іс- шаралардың І жартыжылдық есебі

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде  2021-2022 оқу жылында, құқық қорғау органының өкілдерімен, аймақтық  полициямен,   учаскелік  инспектормен  құқық   бұзушылықтың алдын-алуына   бірлескен іс- шаралардың І жартыжылдық есебі


М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде  2021-2022 оқу жылында мектеп директорының 1.09.2021ж №105-ө бұйрығы негізінде «Құқық қорғау органының өкілдерімен, аймақтық  полициямен,  учаскелік   инспектормен  құқық  бұзушылықтың алдын-алуына  бірлескен іс- шаралар жоспары»  жасалынып, мектеп директорының және Алакөл АІІБ-нің ЖПК-ң бастығы, полиция майоры Е.Ж.Маржимбаевпен бекітілді 

Қыркүйек айында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, педагог-ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов, АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан, учаскелік инспектор Т.Жұмахановтармен бірлескен «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айы бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Б.С.Долдаханова мен Е.Ш.Окпебаевтың жетекшілігімен мектеп оқушыларының міндеті, құқығы, мектеп оқушыларының ережесі және төменгі сынып оқушыларының «Жолда жүру ережесі» сынып жетекшілермен мектеп оқушыларына таныстырылды. Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 23.09.2021 ж күні АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан, АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция майоры Н.В.Менжулина, және Екпінді ауылдық округінің участкелік инспекторы Жұмаханов Талғат бастауыш 1-4 сыныптармен сынып жетекшілері «Жолда жүру ережесі» тақырыбында  тәрбие сағаттарын өткізіп, жолда жүру қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Оқушылардың күнделіктеріне «Мектептен – үйге» схемасы сызылып,  жолда жүру ережесімен таныстырылды. Сонымен қатар 14 жасқа толмаған   оқушыларға жол бойында велосипед, мотоцикл, мопед көліктерімен  жүруге қатаң тыйым салынатындығы жөнінде ескертілді.  

Мектеп мебдикесі  Р.Е.Әбілқасымова 10.09.2021 жыл, онлайн ватсап желісі арқылы 9-11 сыныптарға «Нашақорлықтың, маскүнемдіктің және шылым шегу-бүкіл қоғамның қасіреті» тақырыбында дәріс оқыды. 

Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ләззат алу үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Демек, алғашқыда ляззат алу үшін күніне 0,1 грамм кететін болса, кейін 0,2 грамм қолдануы керек болады. Сөйтіп, дозаны бірден өсіріп алады да, денелерін улап тастайды нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды. Марихуана – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі. Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.

Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған. Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кете.ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексі: аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген. Есірткінің қазір көп тарап отырғаны героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде  ләззат алады, сосын ағза тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады, буын-буыны сырқырыйды. Сөйтіп, бара-бара тек ауырмау үшін іздейді. Адамның өз-өзінен бұзылып кетпейтіні белгілі ғой. Біреуге әйтеуір ықпал етеді.  Жастардың арасында  «мода» деген түсінік бар. Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді. Қазір не көп түнгі клуб көп. Бірулерін пайдаланса, адамның көңілі көтеріледі, үнемі қоғалғысы келіп тұрады, біреін ішіп алса шаршамайды, таңға дейін билегу бар. Әуелі осындай жеңіл түрінен бастайды, соңында  бірте – бірте ақ ұнтаққа көшеді.

Қазан айынада «Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек тұлғаларды анықтау»  мақсатында   оқушылардан сауалнама алынды.

Сауалнама қорытындысы бойынша:

22-қазанда    Педагог- психолог оқушылар арасында тәртіпсіздіктің, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнамада  оқушылардың   сынып оқушыларымен, басқа сынып оқушыларымен қарым-қатынастары туралы сонымен қатар оқушылардан моральдық тұрғыдан немесе күш арқылы қысым көрсетулердің болуы туралы, бопсалау әрекеттері, бұзақылық жасауға ниеттілер туралы сұрақтар қарастырылды. Сауалнама жасырын болғандықтан, оқушылардың аты-жөндері жазылмады. Сауалнама оқушылардан бір мезетте алынып, нәтижелері шығарылды.                     

                                                    Сауалнамаға қатынасқан оқушы саны:

8

10а

10б

11а

11б

20

20

15

9

6

5

6


                                                                    Сауалнама нәтижесі:

Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың  өзінің және басқа сынып оқушыларымен қарым-қатынастары жақсы, толық түсінущілік қарым-қатынаста,  ешкімнің тарапынан күш арқылы және моральдық тұрғыдан қысым көрсетушілік болмағандығын көрсетіп сонымен қатар бопсалау әрекеттері  жоқ екендігін көрсетті.

Алакөл аудандық білім бөлімінің 1.10.2021 ж №419-ө бұйрығы негізінде М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 1.10-.1.11 аралығында мектеп директорының 1.10.2021 ж №149-1-ө бұйрығы шығарылып «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында құқық айлығы өтті. М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде мектеп директорының 1.10.2021 ж №149-1-ө бұйрығы негізінде  «Құқық әлемінде» тақырыбында құқық айлығының іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Әр сыныптың сынып жетекшілері құқық айлығына байланысты іс-шараларды жоспарлап, бекіттіріп, 1-4 сыныптар аралығында «Баланың құқықтары мен міндеттері», 5-9 сыныптарда «Балам бол, басқа бол бәріңе заң ортақ», 10-11 сыныптар бойынша «Құқық және міндет» тақырыбында сынып және тәрбие сағаттарын өткізді. 

Айлық барысында тарих және құқық пәні мұғалімі Ә.Қ.Тоқтақметова 5-8 сынып оқушылары арасында «Біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді толықтай білеміз бе? дөңгелек үстел өткізді. Әр сыныптан 5 оқушы қатысты, барлық оқушы сұрақтарға белсене қатысып өз ойымен бөлісті. Тақырыпқа байланысты белсене қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Олар: 

5 сыныптан-Урозбай Шапағат, Серікқызы Аяна

6а сыныптан- Жабайхан Аружан, Асуланқызы Әлия

6б сыныптан- Серкибай Балжан, Қасан Аружан

7а сыныптан - Асуланқызы Бұрым

7б сыныптан- Манатқызы Айзада

8 сыныптан- Базаргелдинова Салтанат, Жұмеке Ажар

19.10 күні Әлеуметтік педагог А.Мұсанов «Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу және   оқушылардың мінез-құлқы мен тәртібін қадағалау» мақсатында ата-аналармен, оқушылармен дөңгелек үстел өткізді.

Айлық барысында кәмелетке жасы толмағанда арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілер 7-11 сынып оқушыларымен АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан және Екпінді ауылдық округінің жастар нұсқаушысы Ибраймов Нұрландардың қатысуымен «Мен және менің полицейім» «Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?» тақырыбында онлайн кездесулер ұйымдастырылып, өз деңгейінде өтті. Онлайн кездесу арқылы оқушыларға қылмыстың жасалу себептерін өмірмен байланыстыра отырып және зиянды заттардың адам ағзасына кері әсерлері туралы оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айлық барысында мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова «Конституция кемел-келешектің негізі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Конституция туралы әр оқушы білуі керек, әр оқушының міндеті. Ата Заңымызға байланысты түрлі кітаптарды қоя отырып, 1-11 сыныптар аралығында шағын көрме ұйымдастырды. Оқушыларға өздерінің құқықтары туралы мәліметтер айтылды. Қатысқан оқушылар өз сұрақтарын қойып, кітаптарды көру арқылы өз жауаптарын толықтыра түсті. Көрме өз дәрежесінде өтті. Оқушылар белсенділік танытты, ойларын қосты.

15.10 күні тарих және құқық пәні мұғалімі Ә.Қ.Тоқтақметова 7-8 сынып оқушылары арасында «Құқық әліппесі» викториналық сайыс өткізілді. Әр топта 3 оқушы қатынасты. Сайыста әр топ алған ұпайларының қорытындысы бойынша әділқазы алқаларының шешімі бойынша 8 сынып 1-орын 26ұпаймен жеңіске жетті. 7а- сынып 14-ұпаймен  2- орын алды. 7б сынып 10 -ұпай  3-орын алды. Мақтау қағазымен марапатталды.

01 қазан мен 01 қараша ақпан аралығында «Жедел жастар» ұйымының жетекшісі С.Бекбосынов,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев пен ұйымдастырушы - мұғалім  Ш.Б.Оралханов АІІБ-нің ЮПТ-ның қызметкерлерімен және учаскелік инспектор Т.Жұмахановпен бірлесе отырып, кешкі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Рейд барысында ешқандай келеңсіз оқиғалар болған жоқ.

«Құқық әлемінде» тақырыбында құқық айлығының қорытындысы шығарылып әлеуметтік желілерге уақытында әлеуметтік желіге уақытында жүктелінді.

Қараша айында педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов «Қылмыстық әрекеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу» мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен «Қиын бала қайдан шығады?» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. 

Желтоқсан айында «Қиын бала»  және отбасы,   мектеп арасындағы қарым-қатынас тақырыбында мектеп психологі  Н.Н.Байбатшанова 9 сынып оқушыларының ата-аналарына дәріс оқыды. 

Мақсаты: ата-аналарға баланың тәрбиесіне отбасының, ата-анасының әсері мол екендігін түсіндіру, ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты ой салу.

Дәріс барысында ата-аналарға ой-түрткі ретінде ақпарат берілді. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сонда болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екендігі белгілі. 

Әсіресе отбасында қалыптасқан микроклимат (жанұя мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, үй тіршілігін әрқайсысының шама-шарқына қарай бөлісіп атқаруы, адамгершілік қадір қасиеті, қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы олардан алатын әсерлері мен күнделікті әдет дағдылары) баланың мінез-құлқының жақсы не жаман болып өсуіне ықпал етеді. Өкінішке орай жанұя біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. Дұрыс жанұя болса да, бала тәрбиесіне бақылау жасай алмай қалатындары да кездеседі.   Біраз жанұяларда мораль принциптеріне сай келмейтін жағымсыз қылықтар және т.б орын алатындығы туралы айтып өтті.   Сонымен қатар қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар туралы ата-аналарға мағлұмат берілді. Сынып жетекшісі сөз соңында сынып ата-аналарына оқушылардың мінез-құлқы, бір-бірімен қарым-қатынасы, тіртіптері, сабақ үлгерімі жайлы мағлұмат беріп, ата-аналарды баланың тәрбиесіне мұқият қарауға, мектеппен тығыз байланыста болып, балаларды үнемі қадағалап отыруды сұрады. 





Педагог-ұйымдастырушы:                        Ш.Б.Оралханов



Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru