Интернат тарихы » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2023

Интернат тарихы

Интернат тарихы


                                                                                                                                                 Интернатта оқып жүр, 

                                                                                                                                                       Талай қазақ баласы –

        Жаңа өспірім, көкөрім, 

                                                                                                                                   Бейне  қолдың саласы.

А.Құнанбаев 


    1930  жылы  Екпінді ауылында  бастауыш мектеп ұйымдастырылды. Ол Екпінді  және  Бірлестік колхозының балаларын оқуға тартты.  1935 жылы сәуірде Алматыда өлкелік партия ұйымының  VІІІ – конференциясы болып өтті. Конференцияда   БК (б) П Орталық  Комитетінің  тікелей нұсқауымен Қазақстанда  ата тілінде   оқитын орта мектептер ұйымдастыру туралы қабылданып, осы 1935 жылы  Екпінді орта мектебі құрылды. Алғашқы жылдардағы 7 жылдық мектептердің бірі Жыланды 7 жылдық мектебінің диреторы Қалқабаев Әдікәрім Екпінді ауылында ұйымдасатын жаңа мектептің директоры болып тағайындалды. Жыланды мектебінің   жанындағы интернат Екпінді орта мектебіне көшіріліп жоғарғы класс оқушыларының байанды оқып шығуына толық жағдай жасалды.

1936 жылдын басынан 1940 жылдың аяғына дейін 8-10 класс оқушыларна 64 сомнан стипендия берілді. Мемлекет есебінен киім және тамақпен қамтамасыз етілді. Интернатта Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарынан  келген балар оқып білім алды, тәрбиеленді. Жетім балалар көп болды да олардың тұрмыс жағдайларына, білім алуына үлкен қамқорлық жасалды. Алғашқы интернаттың меңгерушісі Ерғожанов Қанатай. Ұлы Отан соғысының сұрапыл кезеңдерінде де интернат өз жұмысын тоқтатпай жұмыс істеп, оқушылар мемілекетіміздің қамқорлығымен бір күн де сабақтан қалған жоқ.  Интернаттың жеке мал шаруашылығы, шағын бау-бақшасы болды, сонымен күндерін көрді. Демалыс және каникул күндерінде оқушылар масақ жинады, егістік жерлердегі зиянкестер- шегіртке, тышқандарды жойды.Шөп шауып өздерінің жеке шаруашылықтарындағы малдарына қысқа арнап пішен дайындады. Соғыс кезіндегі құрғақшылық және ауылшаруашылық техникаларының жетіспеуіне қарамастан қар астындығы дәндерді жинап, тамақ өнеркәсібі орындарына мыңдаған тонна астық өткізуге өздерінің қомақты үлестерін қосты.

Ауыр өмір олардың қабырғасын ерте қатайтып есейтті. Осындай қиын қыстау кездердегі ауыртпалықтарға, жоқшылыққа қарамай балалрға деген мемлекетіміздің үлкен қамқорлығын көріп өскен интернат түлектері елімізге танымал, ардақты да қастерлі азаматтар болып өсті. Олар әлем таныған  жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Дж. Неру атындағ халықаралық сыйлықтың лауреаты болған Әнуар Әлімжанов, ақындар Тұрсынбек Жабаев, Қастек Баянбаев, жазушы Темірхан Мизамбеков,танымал журналист, Жоғарғы Кеңеске депутат болған Қанат Асқаров, 


     Қазақстанның ауылшаруашылығына еңбек сіңірген Сәкен Алпысбаев, хирург Рахымұлы Жарымхан, ұзақ жылдыр білім беру саласында жемісті еңбек етіп, мектеп басқарғандар Жақан Әлсейітов, Мәкетай Жақыпбеков, Дүйсембеков Зиқап, Темірхан Кемелов, ұстаздар Тұяқбаев Бекіш, Мұсаханов Айт, Арғынов Қалиакпер, Оразханов Рашат, Сайлыбаев Болат Асқарұлы.

Шаруашылықтарды басқарған: Рамазанов Құттыбек, Даулет Қартабаев, Серік Ахметов,Әділбек Манатбаев экономист- Матабайұлы Ерхасым, өндіріс және ауылшаруашылықытың басшы орындарында істегендер Өтебаев Шынарбек, Абрахманұлы Қалибек, Мұсаханұлы Абдолла, Оспанбекұлы Аппас. Есепшілілер: Рахымжанұлы Кәрім, құқық қорғаушылар – Шүкетаев Есімхан, Қасымбеков Сағынтай, Рақышұлы Шынболат т.б көптеп саналады.

Тарихы сонау 1936 жылдан басталған интернат қазіргі уақытта дейін өз жұмысын , тыныс – тіршілігін үздіксіз жалғастырып, аға ұрпақтар ізін басатын және жалғастыратын жас жеткіншектерге тәрбие беруде. Алғашқы интернатың меңгерушісі Ерғожанов Қанатай,одан кейінгі әр жылдарда Ақыш, Қажыкен, Қошқаров Базарбай, Қазыбаев Әукен, Долдаханов Серік, Қанабеков Болат  интернат меңгеруші болып істеді.

Қазіргі кезде 1989 жылдан бастап интернатты «Қазақ ССР халых ағарту ісінің озық қызметкері» Қыстаубаев Серік  Кәкенұлы 2018 жылға дейін басқарып келеді.  

Обылыс бойынша 1994 жылы өткен байқауда ІІ орынды иеленді, 2000 жылы облыстық «Таңдаулы интернат 2000ж» байқауда Алакөл ауданы бойнша қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Қазіргі кезде  М.Әубәкіров атындағы орта мектебі жанындағы интернат 1987 жылы пайдалануға берілген, типтік үлгіде салынған, екі қабаттық ғимаратта орналасқан жалпы алаңы – 2617 шаршы метр, тиімді алаңы 1000 шаршы метр.

Интернат жатаханасында 14 жатын бөлме бар, барлық бөлмеде таза су құбыры жұмыс істейді . Әр бөлмеде жеке жуынытын орын бар.Ғимараттың бірінші қабатында сыртқы аяқ киімдерін қоятын бөлме, киім үтіктейтін бөлме, кір жуатын,  жуынатын және өрт қауіпсіздігін сақтау бөлмесі, шағын шеберхана, қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін жеке жылу жүйесі орналасқан.  Екінші қабатында оқу залы, демалыс бөлмесі, шағын спорт бөлмесі, уақытша сауықтыру бөлмесі,қыз балаларға арналған гигиеналық бөлме, зат сақтайтын қоймалар орналасқан. Интернат ғимараты пайдалануға берілгеннен бергі уақыт ішінде 2009 жылы интернат жатақханасының жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.

2011 жылы жатын 14 бөлмелерге 2 қабаттағы оқу залына, демалыс бөлмесіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген.Осы жылы жатын бөлмелерге қатты жиһаздар атап айтқанда 14 киім шкафтары, 14 бөлме үстөлдері және 55 дана ағаш төсектері алынды.

2013-2014 оқу жылының жаз кезінде мектептегі күрделі жөндеу жұмысының барысында интернат ғимаратының шатыры толық ауыстырылып жөнделді, кіреберіске 


сыртқы аяқ киімдерін қоятын бөлме салынды.Ауладағы гүл отырғызылатын орын темір шарбақтармен  жаңадан қоршалды. Балалар тамақтанатын орын және ас үй, азық- түлік сақталатын бөлме, ыдыс-аяқ жуатын бөлме қүрделі жөндеуден өтіп жаңартылды. Су ысытатын екі дана  «Арестон» және тамақ дайындайтын тоқ пеші орнатылды.

Тәрбиеленушілер сенбі, жексенбі күндері үйлеріне қайтарылады.Бұл күндері ата-аналары малшы –шопан болып алыс қыстақтарда жұмыс істейтіндердің балалары болады. Оларға арнап интернат жанындағы шағын монша жағылып жуынулары қамтамасыз етіледі. Интернат тірбиеленушілер арасында жол апатынан, жарақаттардан  және кездейсоқ жағдайлардан сақтандыру, алдын алу мақсаттарында түрлі әңгіме лекция жұмыстары жүргізіледі. Жол қауіпсізідігі ережелерімен таныстырылып, техникалық қауіпсіздік журналдарына қолдары қойылып, ата-аналарына ескертіліп отырылады.Сенбі, жексенбі  күндеріне байланысты тәрбиеленушілер үйлеріне арнайы рұқсат журналына қол қойып, тәрбиешілердің  бақылауымен қайтарылады.

Интернатқа жыл сайын 55 тәрбиеленуші қабылданады. Тәрбиеленушілер  негізгі мектептері бар  Көкжар, Шынжылы, Төңкеріс, Байзерек, Қарлығаш  ауылдарынан


10-11 сыныптарды оқу үшін келеді. Тәрбиеленушілердің негізіг құрамы ата-аналары малшы-шопан болып жұмыс істейтін және әлуметтік жағынан аз қамтылған, көп балаы от басынын шықан, жартылай асыраушылары жоқ оқушылар. Байзерек мектебінен келіп осы интернатта тәлім тәрбие алған Мендібаева Гулмира Серікқызы 2012 жылы  «Алтын белгі» иегері және 2013 жылы Мелісова Ақниет «Алтын белгі» иегері атанды.

2018 жылы мектеп жанындағы интернат жатаханасының меңгерушісі зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты С.К.Қыстаубаевтың орнына Байбатшанов Сырым Кусайнович келді. Сырым Кусайнович келгелі еңбекқорлығымен тынымсыз жұмысының арқасында интернат жатханасында көптеген өзгерістер болды. Атап айтсақ кәріз, су, жарық жүйелері жасалынды. 2022 жылы Сырым Құсайынұлының  аталған мектептің директоры лауазымына отыруына байланысты, мектеп жанындағы интернат жатахнасының меңгерушісі Мұсанов Айбек Манарбекұлы қазіргі уақытқа дейін қызмет атқаруда. 





Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru