2022-2023 оқу жылы 30.10-6.11.2021 күзгі каникул күндері аралығында оқушылармен жүргізілген іс –шаралар туралы МӘЛІМЕТ » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылы 30.10-6.11.2021 күзгі каникул күндері аралығында оқушылармен жүргізілген іс –шаралар туралы МӘЛІМЕТ
07
ноябрь
2022

2022-2023 оқу жылы 30.10-6.11.2021 күзгі каникул күндері аралығында оқушылармен жүргізілген іс –шаралар туралы МӘЛІМЕТ

2022-2023 оқу жылындағы бастауыш 1-4 сынып және 5-11 сыныптар арасындағы
30.10-6.11.2021 күзгі каникул күндері аралығында оқушылармен жүргізілген 
іс –шаралар туралы    МӘЛІМЕТ
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 30.10-6.11.2022 ж  күзгі каникул кезіне байланысты 1-11сынып оқушыларының бос уақытттарын тиімді пайдалану мақсатында мектеп директорының 27.10.2022 ж №245-ө бұйрығына сәйкес танымдық мәдени және спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. 
Күзгі каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты ата-аналармен байланыс дәптерлері толтырылып, оқушылардан қауіпсіздік парақшалары таныстырылып, қолдары қойылды, сынып бөлмелері ретке келтірілді
Күзгі демалыс кезінде 4 «А»˗сынып оқушылары арасында 2 қараша күні «Математика әлемі» викториналық сайыс өтті. 
Мақсаты: әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін  одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу , шапшаңдыққа қабілеттерін дамыту.  Сайыс сабағымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер берілді. Солардың жауаптарын дұрыс айтулары керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға әділ - қазылар алқасы бағалап отырды.  Сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрды: 
І кезең – «Бәйге» 
II кезең –«Жорға» 
III кезең –«Сыйқырлы  әріптер» 
Сайысқа   екі топ қатысты. Бірінші топ «Қырандар» және екінші топ «Тұлпар» тобы. Әр кезеңнің тапсырмалары әр түрлі болды. Логикалық есептер, сұрақ-жауап, шатасқан әріптер, тест тапсырмалары болды. Екі топта өте белсенді болды. 
«Тұлпар» тобы  12 ұпаймен  жүлделі 1˗інші орынды, ал «Қыран» тобы жүлделі  2˗орынды иеленді. 
Сонымен қатар, күзгі демалыс кезінде 3˗сынып оқушылары арасында 2 қараша күні «Көңілді математик» викториналық ойыны өтті. 
Мақсаты: әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін  одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сабағымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер берілді. Солардың жауаптарын дұрыс айтулары керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға әділ - қазылар алқасы бағалап отырды.  Сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрды:
І кезең – «Таныстыру» 
II кезең –«Табиғат тазалау» 
III кезең –«Ағаш отырғызу» 
IV кезең − « Гүл өсіру» 
V кезең − «Құстармен дос болу» 
Сайысқа   екі топ қатысты. Бірінші топ «Алғырлар» және екінші топ «Білгірлер» тобы. Әр кезеңнің тапсырмалары әр түрлі болды. Логикалық есептер, ребустар, сөзжұмбақтар, тест тапсырмалары болды. Екі топта өте белсенді болды.
«Алғырлар» тобы  37 ұпаймен  жүлделі 1˗інші орынды, ал «Білгірлер» тобы жүлделі  2˗орынды иеленді. 
3.11 күні 1 сыныбымен Б.Ж.Курманбекова «Күз кереметі» сурет сайысын өткізді. Сурет салу редакторымен сурет салу.
4.11 күні 4б сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Н.С.Дүйсебаева күзгі демалыс кезінде 3˗сынып оқушылары арасында 4 қараша күні «Жұмбақтар әлеміне саяхат» сайыс сабақ өтті. 
Мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова 1-11 сынып оқушыларымен  «Бәріміз кітап оқимыз» үздік оқырман сайысы,  «Рухани жаңғыру: кітапханалық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру» тақырыптарында көрме, кітапханаға саяхат сабақтарын өткізді.  
2-4.11 күндері 5-11сыныптар арасында волейболдан, 5-11 сыныптар арасында дойбы және баскетболдан спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жарыстарға сынып оқушыларынан командалар құрылып барлығы тегіс қатынасты. Волейболдан өткен жарысқа 4 команда қатынасты. «Ұлар, қыздар» командалары барлық ойында жақсы ойын өрнегін көрсеткен 10 сынып оқушылары 1 орын алса, 2-3 орындарды 9 сынып және 11 сынып командалары өзара бөлісті. Дойбыдан өткен жарыста 7 сынып оқушылары командалық есепе  І орын алса, ІІ орын 6 сынып командасы, ІІІ орынды 5 сынып оқушылары алды.  Тәртіп жиынында марапатталды.
 Ұйымдастырушы мұғалім: Ш.Б.Оралханов
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru