2022-2023 оқу жылы 31.12-8.01 қысқы каникул күндері аралығында оқушылармен жүргізілген іс –шаралар туралы МӘЛІМЕТ » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылы 31.12-8.01 қысқы каникул күндері аралығында оқушылармен жүргізілген іс –шаралар туралы МӘЛІМЕТ
09
январь
2023

2022-2023 оқу жылы 31.12-8.01 қысқы каникул күндері аралығында оқушылармен жүргізілген іс –шаралар туралы МӘЛІМЕТ

2022-2023 оқу жылындағы бастауыш 1-4 сынып және 5-11 сыныптар арасындағы
31.12-8.01 қысқы каникул күндері аралығында оқушылармен жүргізілген 
іс –шаралар туралы  МӘЛІМЕТ
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 31.12-8.01 қысқы каникул кезіне байланысты 1-11сынып оқушыларының бос уақытттарын тиімді пайдалану мақсатында мектеп директорының 28.12.2022 ж №314-ө бұйрығына сәйкес танымдық мәдени және спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. 
Қысқы каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты ата-аналармен байланыс дәптерлері толтырылып, оқушылардан қауіпсіздік парақшалары таныстырылып, қолдары қойылды, сынып бөлмелері ретке келтірілді
27-29 желтоқсан аралығында әр сыныптың сынып жетекшілері тарапынан сынып оқушыларын қысқы демалыс кезеңінде қауіпсіз жағдай жасау мақсатында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар: оқушыларға автомобиль жолдарындағы тәртіп ережелерін, көшеде бей берекет құлақ қаппен ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу туралы (жүріп келе жатқан көліктің сигналдарын естімей қалуы мүмкін) ескерту жұмыстары жүргізілді.
  Сондай-ақ оқушылармен сыныптарда, мұзда, жолдарда, қоғамдық орындарда, өрт кезінде, электр аспаптарын пайдалану, пеш пен жылыту жәнет. б. қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы профилактикалық әңгімелесулер өткізілді. 
Қысқы каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты 28-29 желтоқсан  күндері аралығында  ата-аналармен байланыс дәптерлері толтырылып, сынып бөлмелері ретке келтірілді.
30 желтоқсан күні мектептің ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ватсап чаты құрылып, ата-аналарға қысқы каникул кезіндегі ережелер түсіндірілді.
  31.12-1.01 аралығында «Жаңа жылдық» мерекеге байланысты ата-аналар мен оқушылар ватсап чатында онлайн «Жаңа жылмен құттықтаймыз, отбасылық тілек сыйлаймыз!» құттықтау тілектері бейнеролиг түрінде жіберілді. 
2-4.01 қаңтар аралығында «Жаңа жыл-отбасылық мереке» тақырыбында фотоколлаж байқауы ұйымдастырылып өткізілді. 
  4-5.01 күні бастауыш сыныптардың сынып жетекшілері сыныптарымен оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түстен кейінгі уақытта «Шынығып шымыр болайық» тақырыбында салауатты өмір салтын насихаттау барысында тауда шана тебу іс-шараларын оқушылар өздерінің сынып жетекшілері және ата-аналардың жетекшілігімен қысқы демалыстарын жақсы өткізді. 
 https://www.instagram.com/reel/CnGbFZaBTgX/?utm_source=ig_web_copy_link
5.01 күні Ж.Ж.Айдаболов 2 сыныбымен «Қызықты домино», Н.С.Дүйсебаева 4а,б сыныбымен «Қыс» тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқудан және 3 сыныптың сынып жетекшісі Ә.М.Шерубекова «Қыс кереметі» тақырыбында сайыс, 6.01 күні 1 сынып жетекшісі Б.Ж.Курманбекова «Сіріңкемен берілген логикалық есептер» сұрақ-жауап іс-шараларын қызықты және уақытында оқушыларымен өткізді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асыру мектеп кітапханасының кітапханашысы 4.01 күні  «Кітаппен өткен демалыс қызықты» атты қысқы демалыс кезінде қашықтықтан кітап оқу марафонын ұйымдастырды. Оған 4-9 сынып оқушылары белсенділік танытып, оқыған кітаптары туралы алған әсерлерін және ойларымен бөлісті. Сонымен қатар олар басқа оқушыларды марафонға қолдау көрсетіп, бос уақытында кітап оқуға шақырды. Марафонның мақсаты: оқу белсенділігі, сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін және сөздік қорын байыту, сауатты жазу дағдыларын, есте сақтауы мен қиялын дамыту, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
   5.01 күні «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында «Бір отбасы-бір кітап» акциясы өтті. Акцияның мақсаты: отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, оқырмандардың жан дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты дамыту,оқырман отбасын анықтау. Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда отбасындағы ересектерден алған үлгіге байланысты екеніне ата- ананың көзін жеткізу мақсатында өткен акцияға мектеп оқушылары мен ата- аналары белсене қатысты. Акцияға 4-10 сынып арасындағы кітапхананың белсенді оқушылары қатысты. Өткен шара бойынша  мәлімет мектебіміздің инстаграм парақшасында жүктеледі.
   6.01 күні оқушылардың ауыз екі сөйлеу стилін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылықтарын ашу, өз ойларын нақты және тиянақты жеткізуге тәрбиелеу мақсатында «Менің сүйікті кітабым» тақырыбы бойынша оқушылар қысқы демалыс кезінде қашықтықтан тыс өткізілген шараға кітапхана оқырмандарына өздерінің сүйікті кітаптарын несімен ұнағанын және кітап жайлы мағлұматтар береді. Шараға 8-сынып оқушылары белсене қатысты. Манатқызы Айзада өзінің сүйікті кітабы Өгей бала туралы қызықты деректерімен бөлісті және Тұрсын Нұрай Батырлар жыры туралы деректерімен бөлісті. Ал Асуланқызы Бұрым Ақиқат пен Аңыз туралы өзінің сүйікті кітабы екенін алға тартып, оқырмандарға ұсынды.
  5-6.01 күндері 5-11сыныптар арасында волейболдан ұлдар-қыздар спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жарыстарға әр сынып оқушыларынан командалар құрылып барлығы тегіс қатынасты. Волейболдан өткен жарысқа 4 команда қатынасты. 
«Ұлар, қыздар» командалары барлық ойында жақсы ойын өрнегін көрсеткен 9 сынып қыздар құрамасы 1 орын алса, 2-3 орындарды 10 сынып және 7-8 сыныптардан құрылған командалары өзара бөлісті. 
  Атқарылған іс шаралар толықтай әлеуметтік желілерге жүктелініп отырылды.
Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары    Е.Ш.Окпебаев
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru