М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылындағы төтенше жағдайдың алдын-алудың І жартыжылдық есебі » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылындағы төтенше жағдайдың алдын-алудың І жартыжылдық есебі
29
декабрь
2021

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылындағы төтенше жағдайдың алдын-алудың І жартыжылдық есебі

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде  2021-2022 оқу жылындағы төтенше жағдайдың алдын-алудың І жартыжылдық есебі


М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде  2021-2022 оқу жылы бойынша мектеп директорының 1.09.2021ж №102-ө бұйрығы негізінде төтенше жағдайдың алдын-алудың  жылдық жоспары жасалынып, мектеп директорының мөрімен бекітілді.

Төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің мектепішілік кезекшілік кестесін құрылып, бекітілді. 

Апта күні 

Жауапты кезекші

Этажы

Түске дейінгі кезекшілер

1

Дүйсенбі

ДТІЖО Е.Ш.Окпебаев

Кітапханашы

Ж.Х.Назарова

Мектеп медбикесі К.М.Искакова 

І

ІІ

ІІІ

А.А.Төреханова

Ж.Айдаболов Р.А.Баукебаева


2

Сейсенбі

Мектеп директоры Г.К.Нусупова

Дефектолог М.К.Кошкимбаев 

Мектеп медбикесі К.М.Искакова

І

ІІ

ІІІ

А.Аубакирова

Е.Молдажанов

Г.Е.Шинадилова

3

Сәрсенбі

ДОІЖО

Б.С.Долдаханова

Логопед

Л.Асқарқызы 

Мектеп медбикесі К.М.Искакова

І

ІІ

ІІІ

С.Е.Бекбосынов

Д.Н.Бексолтанова Г.Қ.Байкелова

4

Бейсенбі

 АӘД Т.Ж.Қасымбеков

Мектеп психологы Н.Н.Байбатшанова

Мектеп медбикесі К.М.Искакова

І

ІІ

ІІІ

А.Ж.Умиралиева

Л.А.Абилкаир

Н.Қабдығалиева

 5

Жұма

Педагог-ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов

Әлеуметтік педагог А.М.Мұсанов

Мектеп медбикесі К.М.Искакова

І

ІІ

ІІІ

Б.Омарғазинова

Ә.М.Шерубекова

Ә.Қ.Тоқтақметова

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев пен мен педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілермен бірлесе отырып, оқушыларды мектепішілік жалпы ережесімен таныстыру /мектеп формасын сақтау, мектеп ғимаратында бейберекет шуламау, жүгірмеу, сабақ кезінде бейберекет жүрмеу, үлкенге-құрмет, кішіге-ізет т.б әртүрлі ережелер/ жұмыстары жүргізілді. 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ   МІНДЕТТЕРІ:

 - Оқушылар мектепке мектеп формасымен келеді:

а)Қыз балалар үшін тізеге дейін сия көк юбка, сия көк түсті күрте және ақ кофта, қара түсті аяқ 

киім,  6 см биік болмауы тиіс.

ә) Ұл балалар үшін: классикалық үлгідегі сия көк шалбар, сия көк түсті күрте және ақ, сұр түсті /бір түсті/ жейде, қара түсті аяқ киім.

-  Дене шынықтыру сабақтарында және сабақтан тыс спорттық іс-шаралар  өткізген уақытта оқушылар спорттық киімдер киюге міндетті: футболка, спорттық костюм және аяқ киім.

- Сыныптан тыс іс-шараларды өткізген уақытта оқушыларға өз қалауынша киім стилін қалауына болады.

     - Тыйым салынады:

  • Бас киім киіп жүруге /хиджабтар, орамалдар, тақиялар/;
  • Киімге металдан жасалған әшекейлер, бижутерия тағуға.

Мектеп оқушылары құқылы:

  • Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сай тегін білім алуға;
  • Өзінің бейімділігімен қажеттеріне қарай қосымша білім алуға;
  • Тегін медициналық қызметті пайдалануға;
  • Қоғамдық ұйымдардың және мектептің өзін-өзі басқару жұмыстарына қатысуға;
  • Денсаулықты қорғауға, санитарлық нормаларды сақтауға;
  • Өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
  • Өзінің адамдық қадір-қасиетін құрметтелуіне;
  • Спорт, оқу акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;
  • Оқудағы табыстары үшін көтермеленуге.

 Оқушылардың мектептегі міндеті:

  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, басқармашылық органдарының шешімі мен мектеп директорының бұйрығын сақтауға;
  • Басқа оқушылардың, мектеп қызметкерлерінің намысы мен абыройын, құқықтарын сыйлауға, олардың қызығушылықтарын шектемеуге, кішіге көмек көрсетуге;
  • Тәртіпті болуға, мектепте және мектептен тыс қоғамдық тәртіпті сақтауға, мектеп формасының талаптарын ұстануға;
  • Оқуға саналы түрде қарауға, сабақтары мен басқа да жұмыстарға уақытында келуге, жұмыс орнында тәртіп сақтауға, сабақты босатқан жағдайда мекемеден   ресми құжаттар әкелуге;
  • Мектеп мүлкін сақтауға, басқа адамдардың еңбегінің нәтижесіне, отырғызылған көкке ұқыптылықпен қарауға;
  • Электр көзін, суды, химиялық препараттар мен басқа материалдарды үнемділікпен жұмсауға;
  • Жарғыға жатқызылатын бөлік бойынша, мектеп қызметкерлерінің талаптарын орындауға;
  • Өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегіне қатысуға, сынып және мектеп бойынша кезекшілердің міндетін атқаруға. (Мектеп бойынша кезекшілік сабақ басталғанға дейін 20 минут бұрын басталып, сабақ аяқталғаннан кейін  20 минуттан соң аяқталады);
  • Мектептің жылдық жоспары негізінде сенбіліктерге қатысуға.
  • Мектеп оқушыларына тыйым салынады:
  • Қаруды, оқ-дәріні, электресеңгірткішті, газ баллонды, пиротехникалық құралдарды, спирттік сусындарды, темекі, уытты және есірткі заттарын әкелуге, қолдануға, беруге;
  • Мектеп мекемесінде және оның аумағында темекі шегуге;
  • Кез-келген жарылыс пен өртке әкеп соғатын заттар мен құралдарды қолдануға;
  • Мектеп   Жарғысын, мектепте қоғамдық тәртіпті бұзуға;
  • Оқу барысында мектеп мекемесінде мобильді байланыс құралдарын қолдануға;
  • Оқушының өзіне және айналасындағыларға қауіп тудыратын кез-келген бөгде қылық көрсетуге;
  • Әңгіме барысында балағат сөз қолдануға;
  • Арақатынасты анықтауға, қорқытып, үркітуге күш қолдануға;
  • Осы ережелерді бұзғаны үшін оқушыларға тәртіптік жазаның түрлі шаралары қолданылады:
  • Баласының тәртібі жайында ата-аналарын хабардар ету;
  • Айналасындағыларға зиянын тигізетін тәртібін жою туралы шешім шығару үшін ата-анасын мектепке шақыру;
  • Ескерту жариялау, сондай-ақ оны оқушының жеке ісіне еңгізу;
  • Ата-анасының есебінен материалды шығынды өтеу;
  • Оқушы мен ата-анасын педагогикалық кеңеске, әкімшілік кеңеске шақыру, мектептен шығару. Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда оқушы мен оның ата-анасы әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Қыркүйек айында мектебіміздің шаруашылық меңгерушісі С.Ибраев оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп оқушыларына санитарлық талаптарды сақтай отырып,   мектептегі бейне бақылау камераларының орналасуымен таныстырып өтті.

 

Үнемі оқушыларға үйден мектепке дейінгі және мектептен үйге дейінгі жол қауіпсіздік ережесімен таныстыру жұмыстары жүргізіліп отырылады. 

Сонымен қатар 1-4 сынып оқушыларына күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы демалыс кезіндегі  оқушылардың өмір қауіпсіздігі жөніндегі қауіпсіздік ережелері уақытылы таныстырылып отырады. Оқушылардың қауіпсіздік ережелерімен танысқандығы жөніндегі мәліметті білдіретін әр сыныпта дәптер басталып, қолдары қойылып алынған, ата-ананың қауіпсіздік ережелерімен танысқандығын білдіретін  қатынас дәптерлері бар.  

2021-2022 оқу жылының қыркүйек айы бойынша «Жолда жүру ережесі» сынып жетекшілермен мектеп оқушыларына таныстырылды. Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 23.09.2021 ж күні АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан, АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция майоры Н.В.Менжулина, және Екпінді ауылдық округінің участкелік инспекторы Жұмаханов Талғат бастауыш 1-4 сыныптармен сынып жетекшілері «Жолда жүру ережесі» тақырыбында  тәрбие сағаттарын өткізіп, жолда жүру қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Оқушылардың күнделіктеріне «Мектептен – үйге» схемасы сызылып,   жолда жүру ережесімен таныстырылды. Сонымен қатар 14 жасқа толмаған   оқушыларға жол бойында велосипед, мотоцикл, мопед көліктерімен  жүруге қатаң тыйым салынатындығы жөнінде ескертілді.  

Пән бөлмелеріндегі /физика, химия, технология, дене шынықтыру, информатика/ техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, техникалық қауіпсіздік дәптерлері  толтырылған.

2021-2022 оқу жылында үнемі есірткі құралдарын, психотроптық заттарды қолданудың алдын-алу жұмыстары жүргізілді. Мектептің ұйымдастырушы мұғалімі Ш.Б.Оралханов жоғары сынып оқушыларымен оқушыларға жат насыбай, темекі, есірткі, электронды темекілердің адам ағзасына зияны туралы таныстырып өтті. Кездесу арқылы оқушыларға жаман әдеттің  жасалу себептерін өмірмен байланыстыра отырып және зиянды заттардың адам ағзасына кері әсерлері туралы оқушыларға кеңінен түсіндіріліп, оқушылардың өз ойларындағы сұрақтарына толық жауап алды.

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 1-6.11.2021 ж  күзгі каникул кезіне байланысты 1-11сынып оқушыларының бос уақытттарын тиімді пайдалану мақсатында мектеп директорының 27.10.2021 ж №161-ө бұйрығына сәйкес танымдық мәдени және спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. 

Күзгі каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты ата-аналармен байланыс дәптерлері толтырылып, оқушылардан қауіпсіздік парақшалары таныстырылып, қолдары қойылды, сынып бөлмелері ретке келтірілді

3.11 күні Бексолтанова Д.Н 3 сыныбымен «Күзгі композиция» жасау, 5.11 күні Ж.Ж.Айдаболов 1 сыныбымен «Қызықты тапсырма» математикалық интеллектуалды тапсырма, 5.11 күні 2 сыныбымен   Ә.М.Шерубекова «Күз кереметі» сурет сайысы, және мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова 1-11 сынып оқушыларымен   «Бәріміз кітап оқимыз» үздік оқырман сайысы,  «Рухани жаңғыру: кітапханалық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру» тақырыптарында көрме, кітапханаға саяхат сабақтарын өткізді.  

2-5.11 күндері 5-11сыныптар арасында волейболдан, 5-11 сыныптар арасында дойбы және баскетболдан спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жарыстарға сынып оқушыларынан командалар құрылып барлығы тегіс қатынасты. Волейболдан өткен жарысқа 4 команда қатынасты. «Ұлар, қыздар» командалары барлық ойында жақсы ойын өрнегін көрсеткен 10 сынып оқушылары 1 орын алса, 2-3 орындарды 9 сынып және 11 сынып командалары өзара бөлісті. Дойбыдан өткен жарыста 7 сынып оқушылары командалық есепе  І орын алса, ІІ орын 6 сынып командасы, ІІІ орынды 5 сынып оқушылары алды.  

Сонымен қатар, үнемі ата-аналарға оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыстарындағы қауіпсіздіктің алдын-алу мақсатында ата-анаға үнемі түсіндіру жұмыстары мен  оқушылармен күнделікті санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға байланысты әңгімелер жүргізу /жалпы мектепішілік тазалықты сақтау/ жүмыстары атқарылып отырады. 




Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                  Е.Ш.Окпебаев


Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru