2022-2023 оқу жылы І оқу тоқсанындағы тәрбие жұмысының есебі » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылы І оқу тоқсанындағы тәрбие жұмысының есебі
11
ноябрь
2022

2022-2023 оқу жылы І оқу тоқсанындағы тәрбие жұмысының есебі

І оқу тоқсанындағы тәрбие саласы бойынша атқарылған тәрбиелік шаралардың есебі
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің тәрбие жұмысында ҚР Білім туралы Заңы, Қазақстан Балалары бағдарламасы, ҚР Бала құқықтары туралы Заңы, Білім және Ғылым Министрлігінің «Қазақстан  Республикасы  үздіксіз   білім  беру  жүйесіндегі   тәрбие  тұжырымдамасы» басшылыққа алынған.

Мектеп директорының   «Сынып жетекшілерін тағайындау туралы» 01.09.2022 жыл                                                   №173-ө   бұйрығы негізінде   2022 жылдың   01  қыркүйегінен бастап  төмендегі мұғалімдер сынып жетекшілер  болып тағайындалды. 

Р/сСынып жетекші

Төлену пайызы

Сыныбы
1Курманбекова Б.Ж50%1
2Айдаболов Ж.Ж.100%2
3Шерубекова А.М100%3
4 Көшкімбаева Ә.Ж50%
5Дүйсебаева Н50%
6Хумархан Айнаш100%5
7Абилкаир Л.А.100%6
8Тоқтақметова А.Қ100%
9Абзолдаева Л.С.50%
10Шинадилова Г.Е.100%
11Аубакирова А.Н.100%
12Байкелова  Г.К.100%9
13 Умиралиева А.Ж.50%10а
14Айдаболова М100%10б
15  Мұсанов А.А50%11а
16Баукебаева Р.А50%11б
17Курманбекова Б.Ж50%1
Тәрбие  жұмысының мақсаты:
  • Оқушылардың жалпы дамуын, мәдени  дағдыларын  игерту   нәтижесінде коммуникативті   мәдениетін қалыптастыру. Жеке   тұлғаны әлеуметтік  мәнді,  жеке   қасиеттерін  қалыптастыра  отырып,   нәтижеге  бағытталған  тәрбие   беру.
Келелі мәселесі:
  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында жеке тұлғаны әлеуметтік мәнді, жеке қасиеттерін жан-жақты қалыптастыра отырып, нәтижеге бағытталған тәрбие беру» 
Тәрбие саласының 2022-2023 оқу жылына міндеттері:
  • Жас маман мен тәлімгер жұмысын жандандыру.
  • Ата-аналар кеңесі, қамқоршылық кеңесімен біріккен тәрбиелілік  іс-шаралар ұйымдастыру (ашық есік  күні, әкелер мектебі, аналар мектебімен іс-шаралар)
·Тәрбие үрдісіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану және тарату, тәжірибе алмасу мақсатында мектепішілік сынып жетекшілердің апталығын  ұйымдастыру.
  • Сынып жетекшілер бірлестігі әдістемелік кеңес қызметінің мазмұнын жаңғырту. 
  • Жаңа жүйе бағдарламасы негізінде сынып жетекшілік курстан өтіп сертификатталған  мұғалімдердің теориялық және тәжірибелік түрде озат тәжірибелерін  жинақтау, насихаттау және тарату. 
  • Жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізілген біліктілікті арттыру курстарынан сынып жетекшілерді толықтай қамту
  • Педагогтарға курстан кейінгі қолдау көрсету бағытында мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, мектеп тәжірибесін жақсартуда әдістемелік қызметті белсендіру.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды ескере отырып, жаңа оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басым бағыттары қарастырылды. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу болып табылады. 
Осы міндеттерді жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін негізге алына отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 10 қосымшасына сәйкес үлгіде мектептің тәрбие саласы бойынша жылдық тәрбие жоспары жасалды.  
2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жоспарының ерекшелігі «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілі енгізілді. Бұл бағдарлама білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, олардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге, экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Мектеп бойынша 17 сынып. Сынып жетекшілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 10 қосымшасына сәйкес үлгіде сыныппен атқарылатын жылдық тәрбие жоспарын  жасап, мектеп директорымен бекітіп, жүйелі жұмыс жүргізуде. Мектепте және мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерімен атқарылатын тәрбиелік іс-шаралар  8 бағыт бойынша жоспарланып  жүргізіді.
Әр аптаның дүйсенбі күнгі 1 сабағында 1-4 сыныптар және 5-11 сыныптар тәрбие сағаттарын жылдық жоспарына сәйкес  өткізуде. 
2022-2023 оқу жылында ӘНХ негізінде мектебімізде мынадай жобалар іске асырылатын болып, іс-шаралар жоспары құрылды:
1.    «Мектептің өзін-өзі басқаруы» жобасы, жетекшісі педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов
2.    «Дебат» қозғалысы   жобасы , жетекшісі педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов, тарих пәнінің мұғалімі Г.Қ.Байкелова
3.    «Оқуға құштар мектеп» жобасы , жетекшісі мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова
4.    «Отбасы – мектеп» жетекшісі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев 
5.     «Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы, жетекшісі педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов 
6.    «Дәстүр мен ғұрып» жобасы , жетекшісі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев 
7.    «Еңбек – елдің мұраты» жобасы, жетекшісі педагог ұйымдастырушы Ш.Б.Оралханов
8.    «Қоғамға қызмет» әлеуметтік еріктілер жобасы,  жетекшісі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің 25.08.2022 жылғы №18-4/2814-И хаты,  2022-2023 оқу жылының басталуына арналған   1 қыркүйек Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізу тұжырымдамасы негізінде М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.  
Салтанатты жиынға аудандық өкіл, Екпінді ауылдық округінің әкімі Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы , мектепте жеткіншек жастарға тәлім тәрбие беріп, еңбегімен көп жылдар бойы еленіп, зейнеткерлік жасқа жеткен ардагер ұстаз аналарымыз және  ата-аналар  қатынасты.
 Жиынды мектеп директоры Нусупова Гүлнар Қасымбайқызының құттықтау лебізімен басталды. Өз сөзінде ата-аналар, мектеп оқушыларын және ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, өткен оқу жылының қорытындысына шолу жасады. 
Келесі құттықтау сөзді Екпінді ауылдық округінің әкімі Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, өзінің тілегін айтты. 
2022-2023 оқу жылы мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1- сынып оқушылары өздерінің жыр шумақтарын айтып, Білім күнінің алғашқы қоңырауын соғу құрметі Жеңісқызы Айдай мен Сердалы Ернарға тапсырылды. 
Жиынның соңында мемлекеттік гимн ойналып, аяқталды. 
Мерекенің ІІ бөлімі 1-11 сыныптарда «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары  өткізілді. 
1 қыркүйек Білім күніне байланысты атқарылған шаралар туралы мәлімет инстограмм 
(https://www.instagram.com/p/Ch9g-iXgFvR/?igshid=YmMyMTA2M2Y=) және фейсбук (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02tapNypK6hCoqmfTc2aPsDdp8zj9jwPXJ2UxhwraXsLKzYknoFZBEtaSM7Lfd4oWcl&id=100014675710459 )  желілеріне жүктелінді. 
Әлеуметтік желілерде әр сынып төмендегі тақырыпта 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру жоспарланды. Жоспар бойынша (
  • 1 сынып білім алушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы күнім»;
  • 2-4 сынып білім алушыларына арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым», «Білім саған жол ашады»;
  • 5-8 сынып білім алушылары үшін –«Менің саяхатым»;
  • 9 сынып  «Менің үлкен сыныптастарым»,
  • 10 сынып «Менің ойларым, армандарым, үміттерім»,
11 сынып «Білімнің адам өміріндегі рөлі»; тақырыптарында бейнероликтер жасалды. 
1 қыркүйек Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» республикалық онлайн-акциясы аясынды 10б сынып жетекшісі А.Умиралиеваның жетекшілігімен білім алушылар Байбатшанова Мейірім мен Белгібек Даналардың арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық «Менің ойларым, армандарым, үміттерім» тақырыбында  бейнероликтер түсірілді.
https://www.instagram.com/p/Ch9h3J1A-SF/?igshid=MDJmNzVkMjY=
2022-2023 оқу жылы бойынша апта сайынғы «Тәртіп» жиыны барысы уақытылы аптаның 1 күнгі сабағы алдында Мемлекеттік Гимнімен басталып, уақытылы өткізіліп отырылады.  
Сонымен қатар, әрбір дүйсенбі күнгі тәрбие сағаттары барысында мектеп әкімшілігімен бірлескен дәптер, кітап, күнделік рейдтері және сынып бөлмелерінің санитарлық жағдайын тексеру жұмыстары да жүргізіліп отырады.
14.09. Мектеп жанындағы интернат жатаханасында тәрбиеленуші қыз балалармен «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
          Интернатта «Тіл мәртебесі ел мәртебесі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Оған 19 тәрбиеленуші қатысты. Алдыға қойған мақсатқа жету үшін видео ролик көрсетілді, сұрақ жауап және мақал- мәтелдер сайысы ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілердің ойлары тыңдалды.
Тәрбие сағатының мақсаты:  Тәрбиеленушілерді  қазақ тілін қадір – қасиетін түсіндіру, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, құрмет-қасиеттерін арттыру, сөйлеу икемділігі мен дағдыларын дамыту . Ана тілін, Отанын, елін, жерін, тарихын, салт-дәстүрін, туған тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбие сағат соңында      Тіл –байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл- бізідің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ  «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» Ана тіліміздің мерейі үстем бола берсін! 
2022 жыл Балалар жылына және Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күнін атап өтуіне орай мектебімізде «Отбасы-рухани жаңғыру негізі» тақырыбындағы апталықтың іс-шара жоспары құрылды. Апталық жоспар аясында мектептің «Жасұлан» бастауыш балалар мен өзін-өзі басқару ұйымының президенті Меңғали Мақсаттың және мүшелерінің ұйымдастыруымен 15.09.2022 ж күні «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында алғашқы болып мектеп директоры С. К. Байбатшанов құттықтау тілегін білдіріп өтті. Соңынан «Жас қыран» және «Жас ұлан» ұйымының мүшелерінің дайындаған мерекелік-9 сынып оқушыларынан құралған «Жайдарман» тобының әзілдері мен жас өнерпаздардың ән-би, жыр шумақ өлеңдеріне ұласты.
https://www.instagram.com/p/CihhUy-AeEL/?utm_source=ig_web_copy_link
      15.09.   Мектеп жанындағы интернат жатаханасында тәрбиеленуші ұл балалар арасында
«Спорт-денсаулық кепілі»  атты футбол ойынынан жарыс өткізілді.
     Тәрбиеленушілерге салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығын күте білуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу. Еліміздің болашағы жастардың қолында екендігін айта отырып болашақта салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу.
1.Ұйымдастыру
2.Төрт топқа бөлу
3.Жеңімпаз көманданы анықтау
4.Қорытынды.
Тәрбиеленуші ұл балалар арасында футбол ойынынан жарыс  ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы қатынасқан тәрбиеленушілер саны – 23. Интернат тәрбиеленушілерімен өткізілген футбол ойынында тәрбиеленушілер төрт командаға бөлінді. Бірінші «Қайсар», екінші «Сұңқар», үшінші «Қыран», төртінші 
«Тарлан» командалары құрылды. Жарыс қорытындысы бойынша барлық командалар белсенді қатынасты. Командалар ішінен бірінші орынды «Қайсар» командасы иеленді.

Жетісу облысының департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасымен бірлескен 2022 жылдың 19 қыркүйек күнгі №22-н/№84-н/34-н бұйрығы, Жетісу облысының Санитариялық – эпидемиологиялық  бақылау департаментінің «Акция жүргізу туралы» хаты негізінде «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі» КММ-де 20 қыркүйек күні «Педикулез жұқпасының алдын алу» тақырыбында  мектептің «Азамат» ұлдар ұйымының жетекшісі АӘД пәнінің мұғалімі Қасымбеков Төлеген Жәлелханұлы және  «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жетекшісі , физика пәнінің мұғалімі Умиралиева Аида Жумағалиқызы   жиын өткізіп, жиында мектеп медбикесі   Жүмәділ Тоғжан «Тазалық денсаулық  кепілі» тақырыбында презентация слайдпен таныстырды.
      Мектеп жанындағы нтернат тәрбиеленуші ұлдармен тәрбиеші Мұсанов Орманбек Оңдабекұлы «Ұлан» ер балалар ұйымының жиналысы өтті. Қатынасқан тәрбиеленушілер саны-23. Жиналыста екі мәселе қаралды: 
1.Ер балалардың тәртібі мен тазалығы 
2. «Бас битінен қалай құтыламыз?» тақырыбында баяндама
Бірінші мәселе бойынша тәрбиеші Мұсанов Орманбек Оңдабекұлы «Тазалық денсаулық  кепілі» тақырыбында  баяндама оқып,  тәрбиеленушілерге интернат тәртібі туралы кеңінен түсіндіріліп өтті. Жаман әдеттерден аулақ болып таза,тәртіпті жүру керек екендігін  ескертті.
Екінші мәселе бойынша интернат медбикесі Жүмәділ Тоғжан тәрбиеленуші ер балаларға «Бас битінен қалай құтыламыз?» тақырыбында баяндама оқып, ұлдардың жеке бас тазалықтарына және бөлме тазалықтарына тоқталып өтті. 
Мектеп жанындағы интернаттың «Қызғалдақ» қыздар ұйымы мүшелерімен тәрбиеші Қазнабаева Айгүл Саинқызы  «Тазалық –денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқып, педикулездің алдын алу жөнінде мағлұмат берді. 

М.Әубәкіров атындағы орта мектебі бойынша аудандық білім бөлімінің 30.09.2022 ж №603-ө бұйрығы негізінде мектеп директорының 3.10.2022 ж №235/1-ө бұйрығы шығарылып, бұйрықтың негізінде «Бала құқығы-асыл қазына» айлық жоспар құрылып, мектеп директорының мөрімен бекітілді. Сол жоспар аясында өткен «Құқық-әділет пен парасат жолы», «Ата-ананың құқығы мен міндеті» тақырыбындағы стендтерді толықтыру жұмыстары уақытылы жүргізілді.
  Сондай-ақ, айлық барысында «Бала құқығы-адам құқығы», «Құқық әлемі» тақырыптарында 1-11 сыныптар арасындасынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.Айлық барысында кәмелетке жасы толмағанда арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Окпебаев, ұйымдастырушы мұғалім Ш.Б.Оралханов және сынып жетекшілер 7-11 сынып оқушыларымен АІІБ-нің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Кульбеков Асан және Екпінді ауылдық округінің жастар нұсқаушысы Ибраймов Нұрландардың қатысуымен «Мен және менің полицейім», «Менің құқығым-менің бағдарым»  тақырыбында онлайн кездесулер ұйымдастырылып, өз деңгейінде өтті. Онлайн кездесу арқылы оқушыларға құқықбұзушылық кодексінің баптанымен танысу және сондай-ақ, қылмыстың жасалу себептерін өмірмен байланыстыра отырып және зиянды заттардың адам ағзасына кері әсерлері туралы оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Айлық барысында жоспарға сәйкес 1-11 сынып оқушылары «Заң зердесі» тақырыбында қабырға газеттері шығарылып барлық қабырға газеті үздік деп танылды.      
      27.09. Мектеп жанындағы интернат жатаханасында тәрбиеленушілерімен «Ұлтың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» атты танымдық кеш өткізілді.
          Интернатта  «Ұлтың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» атты танымдықкеш өткізілді.
 Оған 38 тәрбиеленуші қатысты. Алдыға қойған мақсатқа жету үшін Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны таныстырылып, шығармашылығы  арасынан өздеріне ұнаған өлең жолдарын жатқа айтты. Сұрақ жауап ұйымдастырылды. Ұстаздың адам өмірінде алатын орыны зор екенін , ұстаздарды құрметтеу , сыйлау және қадірлеу керектігі жайлы айтылды.

 

 04.10. оқу жылы  интернат тәрбиеленушілерімен  5-11 сыныптар аралығында 2 командаға бөлініп,  24  тәрбиеленуші   қатысты.  Қонақтардан және интернат тәрбиешілер арасынан әділқазы алқасы сайланып, тәрбиеленушілер арасында әділ  топтық сайыс өтті.
Тәрбиеленушілерімізді спортқа баулуға, Қазақстанымыздың керемет табиғатын сақтауға, ұйымшылдыққа, бауырмашылыққа тәрбиелеу, топен жұмыс істеуге үйрету және адамдар оқыс жағдайда, жарақат алып қалғанда оған   бірінші көмек көрсетуін меңгерді. 
Жарыс аяғында әр командаға «Жоңғар Алатауы» МҰТПРММ бас директоры А.Сейсембековтан   мадақтама грамоталарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.  Бұл сайыс барысында тәрбиеленушілер көп нәрсені үйренді, ең бастысы қиын жағдайда бір-біріне көмек қолын сөзу, табиғатқа, аңдарға, құстарға тағы басқа біздің кіші бауырларымызға  жанашырлықпен, жауапкершілікпен  қарауды үйренді. 
 «Бала құқығы-асыл қазына» айлық жоспар аясында әрбір дүйсенбі күнгі тәртіп жиынында тарих-құқық пәні мұғалімдері Ш.Б.Оралханов,   Г.К.Байкелова, Ә.Қ.Тоқтақметовалар «Бала құқығы туралы»,  БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдармен таныстыру жұмыстары жүргізіп отырылды.
3-31 қазан аралығында «Жедел жастар» ұйымының жетекшісі Т.Ж.Қасымбеков түнгі кезекшіліктің   кестесі жасалып, бөлінген адамдар түнгі кезекшіліктерін атқарды, рейд барысы күнделікті тіркеу журналына жазылды. Рейд барысында ешқандай  келеңсіздік жағдайлар орын алмады. Уақытында ақпараттар берілді. 
3-31 қазан аралығында «Бала құқығы-асыл қазына» айлық жоспар аясында «Бала құқығы неге бұзылады?»  «Ұшқыр оймен шешен тіл» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті клубы мүшелері және «Жерұйық» дебат клубы мүшелерімен дебат өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатырған игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту және құқық бұзушылықтан бойларын аулақ ұстауға баулу
Дебат барысында командалар жолдастарының пікірлерін сыйлауды ұмытқан жоқ. Оқушылар тақырыптарды бұдан да жан-жақты қарастыруға болатындығын ескерді.
Атқарылған іс-шаралар толықтай әлеуметтік желілерге уақытылы жүктелініп отырылды.
Сағат 810-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің   Жетісу облысы бойынша департаментінің 18.08.2022 жылғы №134 хаты негізінде  5 қыркүйек күні 1-11 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында  «Адалдық сағаттары» өткізіледі. 
Адалдық сағаттарын өткізудің мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жолдарын оқушылар бойына сіңіру, түсіндіру.
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімдері мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мүшелері бірлесе отырып, 2022 жыл Балалар жылы және Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына және 5-қыркүйек “Қазақстан халқы тілдері күні” мерекесіне орай өткізілген апталықтың аясында 08.09 күні мектептің 5-10 сыныптар арасында “Ұлтымның Ұлы ұстазы” тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыста 16 бала қатысып, нәтижесінде 8 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. 
Атап айтсақ:
Байбатшанова М- 1-орын; Жабайхан А-1- орын;Абдолда А-2- орын; Мерекеқызы А-2-орын;
 Рахым А-2-орын;Әшімхан А-2-орын;Жарахмет Н-3-орын; Төлеуғажықызы Ж- 3- жүлделі орындармен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/CiemLtiARlj/?utm_source=ig_web_copy_link
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімдері Шинадилова Гүлнұр, Абилкаир Лаззат және Айдаболова Маржандар мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мүшелері бірлесе отырып, 2022 жыл Балалар жылы және Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына және 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген апталықтың аясында 7.09 күні мектептің 5-9 сыныптар арасында «Тілім барда-тірімін мен, мәңгімін…» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. 
Ондағы мақсат: оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту, қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Эссе қорытындысы бойынша жақсы жазылған эссе мектеп директорының мақтау қағазы және бағалы силықтармен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/CiP7OE5sWzl/?utm_source=ig_web_copy_link
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова мен «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мүшелері бірлесе отырып, 2022 жыл Балалар жылы және Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына және 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында «Тіл-әр халықтың байлығы» тақырыбында мектептің кіре беріс залында кітап және сурет көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбек жолы және ақын-жазушылардың тілге байланысты нақыл сөздерімен, кітаптарымен танысты.
https://www.instagram.com/p/CiPEwHHAnLu/?utm_source=ig_web_copy_link
Балалар ұйымы және сынып жетекшілердің бірлескен мереке күндері қабырға газеттері уақытында шығарылып, қадағалау жұмыстары жүргізіліп отырылды.
 18 қазан «Балалар жылына» орай мектебіміздің «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мен бастауыш 1-4 сынып жетекшілері бірлескен «Берекелі, мерекелі алтын күз» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында ертеңгілік ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты: Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың қызығушылығын, ынтасын арттыру. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Мерекелік шара барысында мектебіміздің басшысы  Байбатшанов Сырым Құсайынұлы  күздің кереметі мен байлығына тоқтала отырып, оқушылар мен ата-аналарға өзінің жылы лебізін білдірді.
Ертеңгілік барысында күзге байланысты әндер айтылып, билер биленіп, ойындар ойнатылды. Ертеңгілікті тамашалауға келген ата-аналар сынып жетекшілері мен ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді.
https://www.instagram.com/p/Cj8MB4kMV4O/?utm_source=ig_web_copy_link
 19 қазан  күні «Жас Ұлан» бастауыш балалар ұйымы мен 5-8 сынып жетекшілері бірлескен «Аяулы күз, Алтын күз» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында мерекелік сайыс ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты: Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
 Мерекелік шара барысында мектебіміздің басшысы  Байбатшанов Сырым Құсайынұлы  күздің кереметі мен байлығына тоқтала отырып, оқушылар мен ата-аналарға өзінің жылы лебізін білдірді.
 «Аяулы күз, Алтын күз» тақырыбындағы сайысымыз 5 кезеңнен тұрды:
1)«Таныстыру»
           2)«Үздік өнер»
         3)«Ханзада мен Ханшайым» өнері
         4)«Күзгі сән үлгісі-2022»
         5)«Үздік ойын» — кезеңдері арқылы бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша 8а сынып «Алтын дән» тобы «Үздік таныстыру»,«Үздік Ханзада мен Ханшайым», 7б сынып «Қызанақ» тобы «Үздік өнер», 7а сынып «Үздік сән үлгісі-2022», 8б сынып «Күзгі жапырақ» тобы «Үздік ойын» номинацияларын жеңіп алып, мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.
Кеш барысында күзге байланысты әндер айтылып, билер биленіп, ойындар ойнатылды. Тамашалауға келген ата-аналар сынып жетекшілері мен ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді.
https://www.instagram.com/p/Cj9vrhoM064/?utm_source=ig_web_copy_link
М.Әубәкіров атындағы орта мектебіндегі 2022-2023 оқу жылында «Жас Ұлан» балалар мен жасөпірімдер ұйымының «Экоәлем» (экологиялық) бағыты бойынша жылдық жұмыс жоспары негізінде және «19 қыркүйек-Халықаралық тазалық күні» қарсаңында 17 қыркүйек күні мектеп ұжымы арасында тазалық жұмысы мен 19 қыркүйек күні сынып сағаттарында «Эко-квест» 5-9 сыныптар арасындағы қалдықтарды бөлек жинау акциясы өткізілді. Мектеп ұжымы мен мектеп ауласы қоқыстан тазартылса, 5-9 сыныптар арасында қалдық заттардан /түрлі түсті қағаз, пласмас ыдыстар, т.б/ қолдан әртүрлі заттар жасалынды.
М.Әубәкіров атындағы орта мектебіндегі 2022-2023 оқу жылының қазан айы барысында мектеп оқушыларына мектеп медбикесі Т.Жұмадил «Дұрыс тамақтану-болашақ ұлт денсаулығын сақтау» тақырыбында дәрісін оқып, артық тамақ, фаст-фуд тағы басқа тамақтардың адам денсаулығына зиян екендігі туралы айтып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
15 қазан  күні М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде  ұлағатты ұстаз, математика пәнінің мұғалімі Омаров Мұрат Омарұлын   еске алуға арналған волейболдан турнир өткізілді. 
20.10.  Интернат жатақханасында  тәрбиеленушілерарасында  «Дені саудың жаны сау» тақырыбында тәрбиеленушілер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылыпөткізілді.  Қатысқан тәрбиеленушілер саны  - 18.   Екі топқа бөлінді.
1. Сұңқар тобы      2.Қырандар тобы.
       Мақсаты:   Интернат тәрбиеленушердің  спортқа деген көз қарастарын өзгерту, жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету  және топпен бірігіп жұмылым жеңіске жетуге мақсат қойып оған қол жеткізуге дағдыландыру  және шынығуға, денсаулықты сақтауға баулу.
    Спорт – денсаулық кепілі, ол әр адамның өз қолында. «Шынықсаң - шыңға жетерсің» деген сөзді бекер айтпаған дей келе бізде  спорттық сайыс үйымдастырылды. Мақсатымыз интернатымызда тек дені сау,  мықты шыныққан және  өз алдына қойған мақсатына жете алатын, жаңа заман  талаптарына сай өз ойы, түсінігі  бар  тұлға қалыптастыру екенін бәріміз білеміз. Жеңіске жеткен   «Қырандар» тобы  -  І орын мен марапатталды.«Сұңқарлар» тобы -  ІІ орын мен марапатталды.
М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 30.10-6.11.2022 ж  күзгі каникул кезіне байланысты 1-11сынып оқушыларының бос уақытттарын тиімді пайдалану мақсатында мектеп директорының 27.10.2022 ж №245-ө бұйрығына сәйкес танымдық мәдени және спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. 
Күзгі каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты ата-аналармен байланыс дәптерлері толтырылып, оқушылардан қауіпсіздік парақшалары таныстырылып, қолдары қойылды, сынып бөлмелері ретке келтірілді
Күзгі демалыс кезінде 4 «А»˗сынып оқушылары арасында 2 қараша күні «Математика әлемі» викториналық сайыс өтті. 
Мақсаты: әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін  одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу , шапшаңдыққа қабілеттерін дамыту.  Сайыс сабағымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер берілді. Солардың жауаптарын дұрыс айтулары керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға әділ - қазылар алқасы бағалап отырды.  Сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрды: 
І кезең – «Бәйге» 
II кезең –«Жорға» 
III кезең –«Сыйқырлы  әріптер» 
Сайысқа  екі топ қатысты. Бірінші топ «Қырандар» және екінші топ «Тұлпар» тобы. Әр кезеңнің тапсырмалары әр түрлі болды. Логикалық есептер, сұрақ-жауап, шатасқан әріптер, тест тапсырмалары болды. Екі топта өте белсенді болды. 
«Тұлпар» тобы  12 ұпаймен   жүлделі 1˗інші орынды, ал «Қыран» тобы жүлделі  2˗орынды иеленді. 
Сонымен қатар, күзгі демалыс кезінде 3˗сынып оқушылары арасында 2 қараша күні «Көңілді математик» викториналық ойыны өтті. 
Мақсаты: әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін  одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сабағымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер берілді. Солардың жауаптарын дұрыс айтулары керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға әділ - қазылар алқасы бағалап отырды.  Сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрды:
           І кезең – «Таныстыру» 
II кезең –«Табиғат тазалау» 
III кезең –«Ағаш отырғызу» 
IV кезең − « Гүл өсіру» 
V кезең − «Құстармен дос болу» 
Сайысқа  екі топ қатысты. Бірінші топ «Алғырлар» және екінші топ «Білгірлер» тобы. Әр кезеңнің тапсырмалары әр түрлі болды. Логикалық есептер, ребустар, сөзжұмбақтар, тест тапсырмалары болды. Екі топта өте белсенді болды.
«Алғырлар» тобы  37 ұпаймен   жүлделі 1˗інші орынды, ал «Білгірлер» тобы жүлделі  2˗орынды иеленді. 
3.11 күні 1 сыныбымен Б.Ж.Курманбекова «Күз кереметі» сурет сайысын өткізді. Сурет салу редакторымен сурет салу.
4.11 күні 4б сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Н.С.Дүйсебаева күзгі демалыс кезінде 3˗сынып оқушылары арасында 4 қараша күні «Жұмбақтар әлеміне саяхат» сайыс сабақ өтті. 

Мектеп кітапханашысы Ж.Х.Назарова 1-11 сынып оқушыларымен   «Бәріміз кітап оқимыз» үздік оқырман сайысы,  «Рухани жаңғыру: кітапханалық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру» тақырыптарында көрме, кітапханаға саяхат сабақтарын өткізді.  
2-4.11 күндері 5-11сыныптар арасында волейболдан, 5-11 сыныптар арасында дойбы және баскетболдан спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жарыстарға сынып оқушыларынан командалар құрылып барлығы тегіс қатынасты. Волейболдан өткен жарысқа 4 команда қатынасты. «Ұлар, қыздар» командалары барлық ойында жақсы ойын өрнегін көрсеткен 10 сынып оқушылары 1 орын алса, 2-3 орындарды 9 сынып және 11 сынып командалары өзара бөлісті. Дойбыдан өткен жарыста 7 сынып оқушылары командалық есепе  І орын алса, ІІ орын 6 сынып командасы, ІІІ орынды 5 сынып оқушылары алды.  
  Тәртіп жиынында марапатталды.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru