Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 4 а сынып Қолөнер (үйірме) » М.Әубәкіров атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әубәкіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-96-04
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2022

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 4 а сынып Қолөнер (үйірме)

Түсінік хат



     Бастауыш білім беретін сыныптарда "Қолөнер" үйірмесі әртүрлі өнер түрлерімен, көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру,көркемдеу әрекеттермен ерекшеленеді.

Оқушылар үйірме жұмыстары арқылы рухани құндылықтарды,мәдиниетті,қолөнерді дамытып,әсемдікті өз қолдарымен жасай отырып,өзіндік қабілеттерін арттырады.       "Қолөнер" үйірме жұмысы оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылуға беріледі.

Бағдарламаның бағытталуы "Қолөнер"көркем эстетикалық бағыттағы үйірме жұмысы ұзақ мерзімде жүргізілетін бағдарлама болып есептеледі.Бастауыш буынның              2 - 4 сынып оқушыларына арналған.Аптасына 1сағаттан ,жылына 36 сағатты құрайтын бағдарламада оқушылар қолөнер туралы терең білім ала отырып,іс жүзінде қолдана 

алуды меңгереді. Бағдарлама 2 - 4сынып оқушыларына арналған көркем еңбек оқулықтарын, әдістемелік қралдарын негізге ала отырып,дайындалды.

     Бағдарламада қолөнердің жасалу заңдылықтары,әртүрлі заттармен жұмыстану,еңбек пен және бейнелеу өнерінде қолданылатын басқа да құралдарымен жұмыс жасау,қолөнер түрлерін меңгере отырып,қолдану  тәсілдерін оқып,үйренетін болады. Еліміздің танымал қолөнершілерінің жұмыстарымен танысып,қолөнер бұйымдары бойынша талдау жүргізіп, күнделікті өмірде қолдануды меңгереді.

    Бағдарламның маңыздылығы берілген тақырыптардың өмірмен байланысты болып келуінде.Қазіргі таңдағы тұлғаның қолөнерменайналысып,өз ойын,идеясын тереңнен жеткізе алатындай болуы қажет.

    Мен өз бағдарламамда қолөнер үлгісіндегі қажет ететін тұлғаға бағытталған жұмыс түрін ұсынғым келеді.

    Әр алуан ортаның әсемдігін түсініп,көріп,мәдени көз - қарас қалыптасып,көркемдік - эсте тикалық талғамын дамытып,еңбекқорлық және қолөнер белсенділігін арттырып, мақсатқа жетуде табандылық,көмек көрсету,сонымен қатар,тұлғаның өзін- өзі дамытуға арналған тақырыптар бойынша жұмыс жасауға бағытталған іс- әрекеттер жиынтығынан құралады.

     Бағдарлама оқушыларға халықтың тұрмыс - тіршілігімен танысуға,қолданылған әдістерді оқып,үйренуге, құрбыларының алдында өзінің қолқнер жұмысын көрсете алып,өзіндік идеяның маңыздылығын түсініп,өзіне және сыныптастарына баға бере алуына мүмкіндік береді. Оқушының абстрактілі,логикалық және эмоционалды ойлау,көңіл бөлу,бағалау және елестету қабілеттері дұрыс бағытта дамыған жағдайда тәрбие процесінің оң нәтижесін көруге болады.Осы орайда бағдарлама тақырыптарымен жүргізілетін жұмыстар маңыздылығы ескерілді.

   "Қолөнер"үйірме жұмысы математика,көркем еңбек, әдебиет оқу пәндерімен байланыстыра отырып оқытылады.

Бағдарламаның басты мақсаты:

     Халқымыздың қолөнері бойынша оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, білімін,шеберлігін көрсету.Оқушының бойындағы шығармашылық орындаушылық әрекеттерін байқау,байқай отырып,шығармашылық қабілеттерін, мететанымын , бейнелеу,безендіру,құрастыру,шеберліктерін шыңдау арқылы қолөнерге деген икемділіктерін арттыру.Әртүрлі материалдармен (қағаз, бояу, мата, ермексаз,табиғи материалдармен және т.б)жұмыс жасаудың техникалық тәсілдерін меңгерту.





     Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

   *Қызығушылығын ояту,құралдармен жұмыс жасау,қолөнердің түрлерімен танысу,алған білім дағдыларын бекіту және қолдану аясының кеңдңгін көрсету;

   *Көркемдік-шығармашылық  - сыныи ойларын іске асыруда шығармашылықпен ойластыру және елестету,түстерді қолдану,оқушылар үшін қожетімді техникалармен сурет салу тиімділігін анықтау.

    Еңбексүйгіштікке , ұқыптылыққа,тазалыққа,әсемдікке сүйсіне білуге,талғампаздыққа тәрбиелеу.

Бағдарламаны оқытуда күтілетін нәтиже:


     Қолөнердің барлық әдіс - тәсілдерін танып білген тұлға өз жұмысының жетістігін көріп,оны критерилер арқылы бағалай алатындығында.Олар керемет қолөнерші болып,кереметтей қолөнер жасамаса да еңбекқорлығымен қажетті жетістікке жетуге жұмыстанатындығында.

     Әр түрлі дәстүрлі емес техникаларды меңгере отырып,қолөнердің адам өміріндегі орнын анықтай алуы.





























Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 

4 а сынып

Қолөнер (үйірме)

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Қауіпсіздік ережесімен танысу

1

02.09

2

Қолөнер түрлерімен танысу,ой бөлісу

1

09.09

3

Қолөнер түрлерін жазу,топтастыру

1

16.09

4

Түстердің түрлері танысу,топтастыру

1

23.09

5

Жылы түстер

1

30.09

6

Суық түстер

1

07.10

7

Жақын түстер

1

14.10

8

Қарама - қарсы түстер жұбы

1

21.10

9

Менің сүйікті түстерім таңдай отырып,сурет салу

1

28.10

10

Акварель бояуын пайдаланып түстерді қосу,ерекшелігін байқау

1

11.11

11

Натюморт,композиция ұғымдарына түсінік

1

18.11

12

"Гүл шоғы"натюморт салу

1

25.11

13

"Гүл шоғы"композиция құрастыру

1

02.12

14

"Себеттегі жемістер"натюморт салу

1

09.12

15

"Себеттегі жемістер"композиция құрастыру

1

16.12

16

Пейзаж

1

23.12

17

Әбілхан Қастеевтің өмірі мен өнері

1

30.12

18

Иван Шишкин туындылары

1

13.01

19

Алакөл жағасында сурет салу

1

20.01

20

Портрет

1

27.01

21

Жеке портрет

1

03.02

22

Жұптық портрет

1

10.02

23

Топтық портрет

1

17.02

24

Автопортрет туралы түсінік

1

24.02

25

Макет ұғымына түсінік

1

03.03

26

Менің үйім макет жасау

1

10.03

27

Біздің мектеп макет құрастыру

1

17.03

28

Біздің ауыл макеті

1

31.03

29

Фетр қағазы

1

07.04

30

Фетр қағазынан үкі жасау

1

14.04

31

Фетр қағазынан Балық жасау

1

21.04

32

Фетр қағазынан ою өрнектер ою

1

28.04

33

Фетр қағазынан ою өрнектер ою


05.05

34

Фетрдан шығармашылық жұмыстар

1

12.05

35

Көрме ұйымдастыру,озық туындыларын марапаттау

1

19.05

36

Қайталау

1

26.05


Барлық сағат саны:

36



Қолданылатын әдебиеттер:



1. Аруана баспасы "Сен білесің бе?"атты    этнографиялық кітап


2.Ә.Қастеев.Альбом.Алматы.1978ж


3.Әлмұханова Г "Шығармашылық деңгеймен жұмыс жасау


4.Ералин Қ,Халмуратов Ж."Қазақстанның бейнелеу өнері шеберлері"Алматы.М-Талант фирмасы"1997ж


5.Ералин Қ.Тастемиров К."Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру".


6.Әлмұхамбетов Б,Бакенов Ж.Сурет салу және боямен жұмыс істеу әдістері.- А.1987


7. "Өнерлі өрен"балаларға арналған танымдық журналы


8."Көркем еңбек"оқулықтары мен,мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар                   (1- 4сыныптар)


9.Әлеуметтік желідегі ,қолөнер сайттары.





















Түсінік хат 


       Бағдарламаны мектептің оқу - тәрбие үдерісінде ендіру кезінде балалардың                 ой - өрісін дамытып,ізгі қасиеттерді дарытып,адамгершілік мінез - құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді,ол - өскелең  ұрпаққа адамзаттың өткен ғасырлардағы өмірінен мол мағлұмат беріп,әдет - ғұрпымен таныстыруға көмектеседі.

       Психолог - ғалымдардың пікірінше,бала білімді төрт түрлі жағдайда алады:дайын білімді қабылдап алу,зерттеу барысында жаңалық ашу,әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау.Міне,ертегі негізінде бастауыш сынып оқушыларға рөлдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерлерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі жағдаяттар мен мәліметтерді талдап,сараптап,зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.

      Бесік жыры,тұсау кесу жыры,санамақ,жаңылтпаш,жұмбақ,мазақтама,тақпақ,жырлар мен ертегілер,аңыз әңгімелер бәрі де тілді,ой - өрісін,зеректігін дамытып,ұлттық тәлім - тәрбие беріп,дүние танытатын ұлттық құндылықтар - бағдарламаның тәрбиелік тірек -негізі болып табылады.

      "Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек  адам.Біздің қазіргі балаларымызға әжелері,не шешелері ертек айта бермейді.Содан қорқам!Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді.Бесікте жатқанда анасының әлдиі әні сіңбеген баланың көкрегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын", - деп кезінде жас балалардың   рухани мүгедектене бастағанына жаны күйзеле қынжылған Б.Момышұлының  нақыл сөзі,бағдарламаның өзектілігін айқындайды.

Бағдарламаның мақсаты:

       Оқушылардың кітап оқуға құмарлықтарын арттыру арқылы теріс әрекеттреден   алдын - ала сақтандырады,рухани - адамгершілік қасиеттерін ,сындарды ойлау және таным дағдыларын қалыптастырады.

        Бағдарламаның міндеттері:

       - Оқушыларға ертегілерді өздігінен оқуға бағыт - бағдар беру;

       - Оқыған ертегілерін мазмұндау арқылы,сөйлеу тілдерін дамыту

       - Ертегілерді рөлге бөліп оқыту,сахналау;

       - Кейіпкерлерінің іс - әректтріне,мінез - құлықтарына өзіндік баға беру;

       - Ертегілердің негізгі ойын ,мақал - мәтелдермен ,нақыл сөздермен қорытындылауға      

         үйрету.

       - Оқушылардың қызығушылықтарын,сындарлы ойлау қабілеттерін оятатын заманауи , 

         белсенді әдістерді іздену және зерттеу жұмыстарын жүргізу;

















Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 

4 б сынып

"Зерек бала"(үйірмесі)

Тақырыбы

Оқу мақсаты

Сағат саны

Мерзімі


Қазақ халық ертегілері 12 сағат

1

"Кітап - рухани қазына" Кіріспе сабақ

4.1.4.2сөйлеу барысында иллюстрациялар     /көрнекіліктер/ фото/ суреттер қолдану, презентация/ видиоролик жасау

1

01.09

2

Ертегілердің түрлері М.Әуезовтың қазақ ертегілері жайында зерттеулері

4.2.4.1аңыз,шешендік сөз,батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

1

08.09

3

Хайуанат жайындағы ертегілер Түйе,арыстан, қасқыр,түлкі

4.2.4.1шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/теріп/шапшаң оқу

1

15.09

4

Хайуанат жайындағы ертегілер Бес ешкі

4.2.8.1эпизодтер мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру

1

22.09

5

Хайуанат жайындағы ертегілер Ақ қасқыр

4.1.4.2сөйлеу барысында иллиюстрациялар /көрнекіліктер/фото/суреттер қолдану ,презентация/видиоролик жасау

1

29.09

6

Хайуанат жайындағы ертегілер Түлкі мен маймыл

4.2.6.1кейіпкердің/кейіпкерлердің іс -әрекеті ,мінез - құлқының өзгерту себептерін мәтіннен тауып,салыстырып бағалау

1

06.10

7

Тұрмыс - салт ертегілер Түс көрген патша

4.1.3.1шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау,оның себебін түсіндіру

1

13.10

8

Тұрмыс - салт ертегілер Ғажайып бақ

4.2.6.1кейіпкердің/кейіпкерлердің іс- әрекеті ,мінез -құлқының өзгерту себептерін мәтіннен тауып,салыстырып бағалау

1

20.10

9

Тұрмыс - салт ертегілер Қаңбақ шал

4.1.3.1Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау,оның себебін түсіндіру

1

27.10

10

Айбалта арманына қалай жетті?(Заманауии ертегі) Әлдихан     Қалдыбаев

4.1.4.1сөйлеу барысында мақал - мәтелдерді /өлең жолдарды /нақыл сөздерді /шешендік сһздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

1

10.11

11

Қиял - ғажайып ертегілер Алтын сақа

4.1.3.1Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау,оның себебін түсіндіру.

4.2.6.1Кейіпкерлердің /кейіпкерлердің  іс - әрекеті ,мінез - құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,салыстырып бағалау

1

17.11

12

Қиял - ғажайып ертегілер

Ағашшы мен темірші

4.2.6.1кейіпкердің/кейіпкерлердің іс - әрекеті ,мінез - құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,салыстырып бағалау

1

24.11



Аңыздар 4 сағат



13

Аңыз ертегілер Ақсақ құлан

4.2.4.1аңыз,шешендік сөз,батырлар жыры,фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

4.1.5.1өз ойы мен сезімін,көзқарасын өмірде болған /өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен  салыстыра отырып білдіру

1

01.12

14

Қорқыт

4.2.3.1шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау,автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

1

08.12

15

Асанқайғы

4.1.2.1шығарма мазмұнын  түрлі баяндау тәсілдерін (Інемесе ІІІ жаққа өзгертіп,жағдаяттар қосып,оқиғаларды өрбітіп)қолданып,шығарманы қысқаша /толық ішінара мазмұндау

1

15.12

16

Алдар Көсе мен  Шықбермес Шығайбай 

4.2.1.1шығарманы дауыстап түсініп/рөлге бөліп/мәнерлеп теріп шапшаң оқу

1

22.12


Мысал жанры 4 сағат

17

Бала - Патша

4.2.1.1шығарманы дауыстап түсініп /рөлге бөліп /мәнерлеп /теріп/шапшаң оқу

1

29.12

18

Арыстан  мен тышқан

4.2.1.2шығарманы іштей көз жүгіртіп/ шолып/түртіп алып/сұрақтар қоя отырып /қажетті ақпаратты тауып/белгі қойып оқу/сын тұрғысынан бағалап оқу

1

12.01

19

Тойған ит

4.2.3.1шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау,автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

1

19.01

20

Бүркіт пен қарға

4.2.6.1кейіпкердің/кейіпкерлердің іс -әрекеті,мінез - құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,салыстырып бағалау

1

26.01


Әлем балалар әдебиетінің  інжу - маржандары  10сағат

21

Орыс ертегілері Алтын ацйдарлы  әтеш

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп,/рөлге бөліп/мәнерлеп  /теріп /шапшаң оқу

1

02.02

22

Шығыс ертегілері Алладиннің сиқырлы шамы (Араб ертегісі)

4.2.6.1кейіпкердің/кейіпкерлердің іс - әрекеті,мінез -құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,салыстырып бағалау

1

09.02

23

Етік киген мысық (француз ертегісі) Шарль Перро

4.2.1.2 шығарманы іштей көз жүгіртіп/түртіп алып/сұрақтар қоя отырып/қажетті ақпаратты тауып/белгі қойып оқу/талдау жасап оқу/сын тұрғысынан бағалап оқу

1

16.02

24

Сараң Док (корей ертегісі)

4.2.3.1шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау,автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

1

23.02

25

Фин фол,клористі Антти Аарненің ертегілері 

4.1.1.1шығарманың мазмұнын толық түсіну ,кейбір тұстарын нақтылау,оқиғаның себеп- салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру

1

02.03

26

Ағайынды Гримдер ертегілері Жеті қарға

4.2.8.1эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру

1

09.03

27

Г.Х.Андерсен Ұсқынсыз үйрек

4.1.1.1шығарманың мазмұнын толық түсіну,кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп -салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауапберу

1

16.03

28

К.И.Чуковский Дәрігер Айболит

4.1.2.2сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/фото/суреттер қолдану

1

30.03

29

Сары Ләйлек Қытай ертегісі

4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру

1

06.04

30

Алиса ғажайыптар әлемінде Льюис Кэррол

4.1.5.1өз ойы мен сезімін,көзқарасын өмірде болған /өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру

1

13.04


Жұмбақ - сөз образының кілті 4 сағат

31

Қазақтың қара жұмбағы - сан ұғымын оқыту жарағы

4.2.2.1шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

1

20.04

32

Қазақтың қара жұмбағы - сан ұғымын оқыту жарағы

4.3.3.1шығармашылық жұмысын сызба/диафильм түрінде ұсыну

1

27.04

33

Жұмбақ - өлеңдер

4.1.4.1сөйлеу барысында мақал -мәтелдерді /өлең жолдарды /нақыл сөздерді/шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

1

04.05

34

"Жұмбақ" өлеңдер

4.1.4.1сөйлеу барысында мақал -мәтелдерді /өлең жолдарды /нақыл сөздерді/шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

1

11.05

35

"Жұмбақ"өлеңдер

4.1.4.1сөйлеу барысында мақал -мәтелдерді /өлең жолдарды /нақыл сөздерді/шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

1

18.05

36

"Жұмбақ  кейіпкер"Қорытынды сайыс сабақ 

4.2.6.1кейіпкердің /кейіпкерлердің іс- әрекеті ,мінез - құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,салыстырып бағалау

Үйірме мүшелерін марапттау

1

25.05


Барлық сағат саны:



36




























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.



1.Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы Асыл сөз кітабы

2.Әуезов М.ертегілер.Қазақ халқының ауыз әдебиеті,Бірінші кітап, - Алматы:Қазмем көркем әдебиет баспасы,1957 - 76 бет

3.Ахметов Ш қазақ совет балалар әдебиеті .- Алматы Мектеп 1976-228 бет

4.Қапасова Б Қазақ әдебиетіндегі балалар лирикасы (60-90ж.ж)

5.Қалиев с Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі.-Алматы Мектеп 1987-80б

6.Табылдиев Ә Қазақ этнопедагогикасы - Алматы ;Санат,2001 320 б

7.Ақ сандық,көк сандық.- Алматы;Жазушы ,1998 - 256 б

8.Көңілді тоқсан (Өлеңдер,тақпақтар,ертегілер,мысалдар,ойындар,жаңылтпаштар,өтірік өлеңдер) -Алматы ;Жалын ,1985 - 111б

9.Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы .- Алматы ;Балауса 1992 - 526 б.

10.Табылдиев Ә. Алтын қала - Алматы;Жалын ,1986 - 111б.

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Екпенди, улица Казахстанская 55
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әубәкіров атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru